Ғабиден мұстафин



Pdf көрінісі
бет22/26
Дата06.03.2017
өлшемі2,21 Mb.
#7800
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

 
II 
 
Түнгі  сағат  бірдің  кезі.  Ардақ  оңаша.  Үстінде  жұмыс  халаты,  алдында 
бірнеше  кітап, беттерін  сызып,  жазып тастаған.  Құныға  қарап отыр  қағазға. 
Ерге  шықты,  балалы  болды.  Институтта  сырттан  оқитын.  Бір  жыл  кеш 
бітіруге  тура  келді.  Қазір  қазақ  прозаларын  зерттеп  отыр.  Бұрынғысынан 
толыпты. Қауызынан жаңа түскен ақ бидайдай. Әлі боянбаған, сырға, білезік, 
жүзік салмаған. Кішкене қол сағаты стол үстінде жатыр... 
Екінші бӛлмеден есікті ептеп ашып, Шекер шықты. Иығында кең қазақы 
шапан.  Күндігі  жоқ,  жаулықшаң.  Шыққан  бетінде  тұрып  қалып,  қайта  ене 
бергенде: 
— Апа-ау, әлі ұйықтаған жоқсыз ба?— деді Ардақ. 
— Ойыма әрнемелер түсіп, ұйықтай алмадым. 
— Не түсті? 
— Мылжыңдап кетсем, оқуыңа бӛгет болмайым ба? 

261 
Sauap.org
 
— Айта беріңіз. 
Шекер жақын келіп, жайланып отырды. 
— Дүние  бірқалыпта  тұрмайды,—  деп  бастады  сӛзін.—  Жастық  ӛтеді. 
Кәрілік  жетеді.  Кәріліктен  бұрын  жететін  қиын  күндер  де  болады.  Соны 
ойлайсыңдар ма? 
— Ойлаймыз, aпa! 
— Ойламайсыңдар. Екеуің бірден қызмет істейсің. Осы тӛрт бӛлме үйде 
қақиған  тӛрт  бес  орындықтан  ӛзге  не  бар?  Біреу  келсе  бетімнен  отым 
шығады. Жұрт сендерді болып отыр дейді. Бәйтеннің тӛрінің алдында да бір 
кілем жатыр. Жаман айтпай жақсы жоқ, бас ауырып, балтыр сыздаса, қызмет 
деген  қыл  үсті  —  аяқ  тайып  кетсе  қайтесіңдер?  Анау  Маусымбай,  біздің 
уайымсыздар  мал  ішінде.  Тым  құрығанда,  Болатжанға  ырым  қылып,  бірер 
қара  қоспайсыңдар  ма?  Кісі  келіп,  кететін  үй  осындай  бола  ма?  Оны  да 
ойлаңдар... 
Тыңдап  отырып,  Ардақ  жымиып  қана  күлді.  Күлкісі  «қартайған  адам 
бала мінезді» деген сияқты еді. Сӛзі де солай шықты: 
— Апа,  осының  бәрі  ескі  ақыл,  тастау  керек.  Бұл  күнде  малы  қанша, 
мүлкі  қанша?—деп  сұрамайды.  Оқуы  қалай,  кәсібі  қалай?—  деп  сұрайды. 
Бұл жағынан біз онша кедей емеспіз ғой деймін? 
— Құдайға шүкір, қарғам. 
— Онда  бай  кісіміз.  Киім,  тамақ,  жатар  орын  сай.  Ардақ  дүние,  артық 
бейнет емес пе? 
— Сонда да... 
— Білем,  апа,  білем.  Сіз  бастан  кешкен  қара  күндерді  ойлайсыз.  Біздің 
тұсымызда,  еңбек  адамына  қара  күн  жоқ.  Еңбекке  жарамай  қалсақ,  қазына 
кӛмектеседі. Ал, Болатжанның болашағы біздікінен де кӛркем... Сондықтан, 
қазына байлығын жасап жатыр жұрт. Мүлік жинау, тамақты үйден ішу, үйге 
қызметші ұстау сізге байлық кӛрінсе де, кедейліктің қалдығы. Қазына әбден 
байығанда  оның  бірі  болмайды,  бәрі  дайындандырады.  Мейрамға  салсаңыз, 
Болатжанды қазірдің ӛзінде балалар үйіне бақтырмақ... 
— Бетім-ай,  енді  не  дейін!—  деп  бетін  шымшып  алды  Шекер. 
Естіртпеңдер бұл сӛзді маған. Болатжанды кӛзден таса қылып отыра алман. 
Алып кӛрсін, бауырымнан шырылдатып... 
Басқа  сӛздің,  бәрі  қалды.  Шекер  сӛйлеген  күйі  еніп  кетті  бӛлмесіне. 
Пыс-пыс  ұйықтаған  баланың  қасына  келіп,  айналып-толғанып  тұр.  Бас 
кемшілігін кӛрген қарт әйелдің осынау жас бала жалғандағы жалғыз тынысы 
сияқты. 
Ардақ  есік  сыртынан  тыңдап  елжірей  күледі.  Қамқор  ана,  қамсыз 
нәресте  бірікен-бірі  ӛткен  қызық.  Мінездерін  Мейрамға  айтып,  күнде  бір 
рақаттанатын.  Бүгін  айтқанша  асығып,  тықыр  естілсе  елең  етіп,  бой  жазып 
жүргенде Мейрам қайтты қызметтен. 
Қасында Ермек бар. Бұрынғы Ермек емес, тұйық мінезі жазылған, жүзі 
жайраң,  шешініп  келіп  отырды.  Тіпті,  кербез.  Аяғында  ақ  бүрки,  жағада 

262 
Sauap.org
 
галстук, үстіндегі қаракӛк бастон костюмный, қыры да сынбаған. Бір кезде ақ 
жағалының бәрін бай десе, енді ӛзі олардан асып кетті. 
— Тамағың, арағын, бар ма?— деді Мейрам. 
— Бар,—  деп  асханаға  енді  Ардақ.  Бәйбішені  де,  ұйықтап  қалған 
қызметші  Надяны  да  оятпастан  дайын  асты  ӛзі  қамдады.  Дастарқан  үстінде 
Ермек жымың етіп, әзілдеп қойды Мейрамға: 
— Бір  баланың  әкесі  болғанда,  самайың  ағарыпты,  екіншіде  түсе 
бастамасын шашың. 
— Біріншіде-ақ  түсе  бастады,  Ереке,—  деп  еді  Ардақ,  Мейрам 
күлімсірей, дауысын соза: 
— Иә,— деді,— уақыт бәрін ӛзгертеді. Қылымсыған Ардақтар қақпасша 
қақылдап отыр, міне. Түйе мінезді Ерекеңдер, түлкідей ойнақы болыпты. 
Үшеуі бірден күлді. Мейрам рюмкасын кӛтерді: 
— Ерекеңнің  оқу  бітіріп  келгені  үшін  ішкенбіз,  енді  қызметі  жемісті 
болуы үшін ішеміз. Қалдырмай ішелік. 
Қалдырмастан  ішіп  қойысты.  Ермек  кейінгі  үш-тӛрт  жылда  Свердлов 
қаласында  болып,  Промакадемияны  бітіріп  келген.  Жаңада  ғана  бірінші 
шахтаға бастық боп барды. Ӛзі кеткелі ӛндіріске енген ӛзгерістерді құмарта 
әңгімелеп отыр: 
— Кӛмір  бұрын  қолбұран,  атбарабан,  бу  күшімен  шығатын  еді.  Енді 
электр  шығарып  жатыр.  Шахтада  қол  еңбек  қалуға  айналған.  Бәрі  машина 
болып кетіпті... 
— Жаңа  техника  еңбекті  байытып  қана  қойған  жоқ,  адамның  ойын  да 
байытып барады,— деді Мейрам.— Козлов ойлап шығарған электрлі лебедка 
әр  лавадан  алты  вагонші  қысқартып,  Қарағанды  кӛлемінде  жүздеген  адам 
күшін  үнемдетті.  Лапшин  кӛмірді  бункерден  вагонға  тікелей  құю  әдісін 
тапты. Елу-алпыс тонналық вагондарды экскаватормен толтырғанша сағаттан 
артық  уақыт  кететін.  Қазір  бункер  арқылы  жиырма-ақ  минутте  толып 
шығады. Стаханов жержүзілік рекорд жасаса, Әкімдер одан да асты... 
— Әшірбектің ашық шахтасына қалай қарайды горком? 
— Щербаков кӛнбей жүр. 
— Кӛнбегені  жақсы,—  деді  Ермек.—  Бұл  жердің  қары,  бораны  кӛп. 
Ашық  шахта  қар  мен  судың  астында  қалады.  Әшірбек  қанша  дәлелдесе  де 
поезд  забойға  енеді  дегенге  мен  сенбеймін.  Ауа  райы  қолайлы,  бай 
тәжірибелі Донбастың ӛзінде шахталар жабық қой. 
— Донбас  та  кӛмір  техникасының  шегіне  жеткен  жоқ.  Зады  ғылымда, 
ӛнерде шек бар ма? Әшірбек ұсынысы сәтсіздікке ұшыраған күнде де құнды 
тәжірибе болып қалмай ма? 
— Он  сегізінші  шахтаның  арғы  жағында  қара  тӛбе  тұр.  Ол  күнде  оны 
«Қара  забой»  дейтінбіз.  Ағылшындар  ашық  шахта  жасамақ  болып,  ештеңе 
шығара алмады сонан. 
Мейрам  ойланып  қалды.  Ермек  пен  Щербаковтың  сӛзі  бір  жерден 
шықты. Әшірбекті Чайков қолдайды. Ашық шахта мәселесі созылып барады. 

263 
Sauap.org
 
Мыңдаған  тонна  коксіленетін  кӛмір  паровозға,  қазандарға...  отынға  кетіп 
жатыр.  Ашық  шахтаның  кӛмірі  соларға  жарар  еді  де,  сапалы  кӛмір  коксіге 
қалар еді. Шахта, техника ӛскен сайын жаңа ұсыныс, жаңа пікірлер де кӛбейе 
түсті. Мейрамның басына қазір соның бірнешеуі келіп тұр: 
— Овчаренко целик қалдырмау керек дейді. Бұған не айтасыз? 
— Одан  мыңдаған  тонна  кӛмір  үнемделеді.  Ағылшындар  тұсында 
алғанымыздан  қалдырғанымыз  кӛп  болатын.  Ол  ысырапты,  олақтықты 
жоятын кез жетті. 
— Әшірбектің темір тіреуімен таныстыңыз ба? 
— Таныстым.  Ұзартып,  қысқартуға  болады.  Онша  ауыр  да  емес.  Егер 
осы  айтқанындай  болып  шықса,  бұрынғы  тіреулердің  бәрінен  қолайлы. 
Қаншама ағаш, қаншама жұмыс уақытын үнемдейді. 
— Козловтың комбайнына қалай қарайсыз? 
— Ештеңе айта алмаймын. Бірақ, Әшірбек пен Әкім қуаттап, тіпті күні 
бұрын қабылдап жүр. 
— Сергей  Петрович  осылардың  әлі  бірін  қабылдаған  жоқ!—  деді 
Мейрам.  Аржағын  айтпаса  да  ұнатпағаны  әнтек  шытынған  қабағынан 
байқалды. Әңгімеге Ардақ араласты: 
— Ол кісі кӛзі жеткенде ғана қабылдайды. 
— Кӛзі жеткенше күн етіп барады. 
— Сонда  ғылымдық,  техникалық  мәселелерді  зерттемей,  дәлелдемей 
қабылдай бер демекпісің? 
— Жақалықты қабылдауға қорықпа, батыл бол демекпін. 
— Сақтық — қорқақтық емес, соқыр батылдық — ерлік емес, айыра білу 
керек. 
Ардақ  әрдайым  еріне  осылай  ой  тастап,  ӛзі  жоқтың  сӛзін  сӛйлейді. 
Бүгінгі  кеш  тараған  техникалық  мәжілісте  Щербаковтің  сӛзін  ұнатпады 
Мейрам. Кӛп алдында оның беделін сақтап ештеңе айта алмады. Енді Ардақ 
басса да бой бермей барады: 
— Жаңағы мәжілісте «ойдан ӛмір озып кетті» дегені не сӛз?— Ой сонда 
кӛшке  ерген  күшік  болғаны  ма?  Ой  ӛмірден  туса  да,  ӛмірдің  ӛзін  бастап 
отырған  жоқ  па?  Рухани  күш,  материалдық  күшке  айналғанын  күнде  кӛріп 
отырмыз  ғой!  Сергей  Петровичтің  сӛзінен  материалдық  күшті  ғана 
кӛргендігі, жасалғанға қанағат қылғаны байқалады. 
— Саяси  бірдеме  жапсырғалы  келеді,—  деп  күлді  Ардақ.—  Бәрін  ӛзі 
жасаған  болады  кейде.  Сергей  Петрович  шағын  адам  болса,  Қарағанды 
мұнша зораймас еді. 
Ермек қостай жӛнелді Ардақты: 
— Зерттеп  алмайынша,  неғайбілге  бармайтын  әдеті  ол  кісінің.  Сен, 
«осылай»  деп  дәлелдеп  тұрсаң,  ол:  «бұлай  болса  қайтесің?»  деп  мәселені 
керісінше  қояды.  Меніңше  бұл  қорқақтық  емес,  адамды  қатеден  қорғау, 
сақтық... 

264 
Sauap.org
 
Ермек сӛйлегенде Мейрам басын шайқап қойып, күлімсіреп отырды. Ол 
болысымен: 
— Жақсы,  жақын  деген  адамдардың  да  жарамсыз  жағы  болады.  Соны 
кезінде  кӛре,  ӛздеріне  кӛрсете  білу  керек,—  деді.—  Сергей  Петровичтің 
сақтығы, зерттеуі кейде тым ұзаққа созылып кетеді. Уақыт оған шыдамайды. 
Уақыт, соған сай қарқын шешеді бәрін. 
Құйылған рюмкалар ішусіз тұр. Ыстық тамақ суығанмен әңгіме суыған 
жоқ. Ардақ мысқылдайды: 
— Ереке, алыңыз. Ол ұйқысырағанда да «Кӛмір» деп ұйқысырайды. 
— Тамақ  ұмыт  қалыпты-ау!—  деп  рюмкасын  кӛтерді  Мейрам.  Ендігі 
әңгіме  Жанабілге  ауды.  Жақын  жолдастың  жағымды  мінезі  ұмытыла  ма. 
Кезек-кезек  еске  түсіреді.  Сағыныштарын  айтып,  келуін  асыға  күтеді. 
Жанабіл  Москвада,  жоғарғы  дәрежелі  партия  мектебінде  оқиды.  Одан  хат 
келген сайын бұлар бір рақаттанады. 
— Ӛжет  қой,  антұрған!—  деді  Ардақ.—  Кейінгі  хатында,  «шай 
кушайттан»  бастасам  да  орыс  тілінде  отлично  оқып  жүрмін,—  депті. 
Ерекеңдер  «қайла  безиден»  бастап,  промакадемияны  бітіріп  келіп  отыр. 
Біздің Мерекең «ӛс» деп үгіттейді. Ӛзі ӛспейді. 
Мейрам басын шайқап, қызараңдай күлді: 
— Сендегі уақыт маған берілсе, ендігі доктор болар едім. 
— Уақыт  таппаудың  ӛзі  олақтық  не  салақтық  дейтінің  қайда? 
Кандидаттық диссертация бұнша созылғанда, докторлық ӛмірге жетер. 
— Ереке, осы мұғалімдеріңіз қазымырлау,— деді Мейрам қалжыңдап.— 
«Жаңбыр-жаңбырдың  арасымен  келдім»  деп  Қожанасыр  айтпақшы,  жұмыс-
жұмыстың  арасында  диссертация  жазып  жүрсем  де  жақпаймын.  Ӛзі  бір 
мезгіл сабақтан соң бос. Мен боспын ба?.. 
— Жо-жоқ! Сенікі теріс,— деп қолын кӛтерді Ермек. Ауыр, қолақпандай 
қолын  түсірмей  тұр.—  Жанабіл  екеумізге  де  жұмыс  кӛп  кӛрінетін.  Ардақ 
«қазымыр» болмаса, мүмкін, ол жынды циркте, мен әлі забойда жүрер едім. 
Ешқайсымыз  ғылымды  Ардақтай сүймейміз.  Қарағым,  мен  саған  ӛмір бойы 
борыштымын.  Жанабіл  соққан  ол  борыштан  құтылыпты:  «екеуін  тӛлеген 
мен» деп жүр. 
Үшеуі  кӛзден  жас  аққанша  күлді.  Бірінің  ойы,  бірінің  бойы  жас, 
Қарағандының  ӛзі  жас  кездерде  талай  оқиғалар  ӛтіпті  бастан.  Оқып  білген 
тарихтан  ӛзің  жасаған  тарих  қызық-тағы.  Ұтылай  айтса  да  тауыса  алмады 
бұлар. Сағат үшті соққанда ғана Ермек үйіне қайтты. Ол кеткен соң, Шекер 
мен бала жатқан бӛлменің есігін ептеп ашып, сығалап тұрды Мейрам. Ардақ 
келіп қолынан тартты. 
— Жүр,  олардың  бүгінгі  қызығын  айтайын,—  деп  құралай  кӛзі 
күлімдегенде,  бәрінен  де  ӛзі  қызық  тәрізді  еді.  Екеуі  қолтықтаса  ұйқы 
бӛлмесіне енді... 
 
III 

265 
Sauap.org
 
 
Шахта  конторында  Ермек,  Әкім,  Сейтқалы,  Ысқақ,  Әсет,  Семенов, 
Ержановтар  кеңесіп  отыр.  Ескі  жолдас,  ескі  достардың  тілегі  бір  болса  да, 
сӛздері біріккен жоқ. Жәй, шүңкілмен басталған әңгіме қызып барады... 
—...Техника  жаңа.  Лаваларда  жұмыс  ұйымдастыру  әдісі  ескі!—  деп 
столды  қойып  қалды  Ысқақ.  Бәрінен  жасы  үлкен  қарт  забойшы,  әрі  партия 
бюросының секретары болған соң адуын мінезін тежеп отыр екен, шыдамай 
кетті.— Дұрыс емес графиктерің! Қайта жасаңдар! 
Ермек  үндемеді.  Шекесіне  дейін  қызарды.  Графикті  жасаушы  Әшірбек 
екеуі.  Әшірбек  қазір  шахтының  бас  инженері.  Шахта  бұрынғы  трестен 
үлкенірек: кӛмірдің бір аумағын бітіріп, екінші аумағына кӛшкен, тік шахта. 
Жұмыстың кӛбі машинамен істеледі. Бір машина ондаған адамның бергенін 
беріп тұрса да, азсынып, айтысып отыр бұлар. Ысқақ сӛзінен соң бел алып, 
Сейтқалы  дүрілдей  жӛнелді.  Мықыр,  жуан  саусақтары  барбиып  столда 
жатыр... 
— Шахткомның  де  айтатыны  осы.  Қайта  қарау  керек.  Бір  цикл  екі 
сӛткеге  неге  созылады?  Әрине  график  теріс.  Күніне  он  бес  проценттен  кем 
берсек, айына неше мың тонна борыш арқалаймыз? Шахты машинеленгенде, 
сен оқу бітіріп келгенде, күткеніміз осы ма еді? Біздің шахты, ӛмірі мұндай 
олқылыққа ұшыраған емес. Кейінгі бес күнде ел бетіне қараудан қалдық... 
Ермек әлі үнсіз. Емен бедерлес, сарғылт бояумен белуарға дейін боялған 
контор  қабырғасында  екі  штепсель  қатарынан  тұр.  Соның  біріне  стол 
үстіндегі зажигалка сабағын сұқты да шылымын тұтатты. Екінші штепсельге 
вентиляцияның  сабағын  сұқты.  Стол  басы  желдете  бастады.  Жастар  жағы 
бой  бағып  қалыпты.  Әрқайсысының  ойында  бір  түйткіл  тұрса  да  жасы, 
тәжірибесі  үлкен,  бірсыпырасына  ұстаз,  аға  Ермекті  мінеуге  ұялыңқырап 
отырған  сияқты.  Әкім  жапақтап  Ержанға  қарай  береді.  Ержан  шахтының 
комсомол комитетінің секретары. Ермек бұның ӛзін түгіл әкесін де үйреткен 
жұмысқа, сонда да ол ысылғандығын істеді: 
— Неге  айтпайсыңдар?—деп  Ақтановқа  иек  кӛтерді.  Ашылмаған  жас 
механик қызараңдап, екі-ақ ауыз сӛз айтты: 
— Ерекең  техниканы  тым  жайып  жіберді  ме,  дейім.  Басқару  қиындап 
барады. 
Ақтановтың  сӛзін  бағанадан  тықыршып  отырған  Семенов  іліп  әкетті. 
Шапшаң,  ӛткір  жас.  Басын  шалқақ  ұстап,  үшкір,  қайқия  біткен  тұмсығын 
кӛтере сӛйлеп тұр: 
— Ермек  Борантаевич!  Жол  бӛгеттері  де,  порожняк  жетпеуі  де  осыдан 
туып жатыр. Жұмыс тарауларын тым кӛбейтіп жібергенсіз... 
Ермек  ешқайсысына  жауап  қайырған  жоқ.  Кӛнтерлі,  аузы  ауыр  адам 
бәрін  ішіне  жинап,  лықылдап  отырғаны  күреңіте  тырсылдаған  бетінен, 
қызғылт,  уытты  кӛзінің  құйқылжуынан  ғана  байқалады.  Зырылдаған 
вентиляцияны тоқтатып қойып: 

266 
Sauap.org
 
— Салпы  ауыз,  сен  ғой  бәрін  қоздырған!—  деді,  бір  кезде  Әкімге. 
«Салпы  ауызды»  бұрын  сүйіспендікпен  қалжыңдап  айтатын.  Бұл  жолы 
күлмеді  кӛзі.  Тіпті  Әкімге  тура  қарамады.—  Ал,  не  қыл  дейсің?  Ашып 
айтшы! 
Жиналыстарда  тұрып  сӛйлеп  әдеттенген  Әкім  орнынан  тұрды.  Нар 
денесі  толығып,  бұрынғысынан  да  молая  түскен.  Галстугі  қисық, 
шалбарының бір түймесі салусыз қалыпты. Ол сӛйлегенше Ермек бір сынап 
қойды: 
— Галстугіңді түзе, түймеңді сал. 
Әкім  теріс  айналып,  қайта  бұрылғанда,  үлкен  аузын  аша  бұрылды. 
Қатты  кӛмірді  қайламен  кӛп  шапқаны  бетінен  білініп  тұр:  кӛмір 
шашырандылары безеп, әр жеріне кішкене дақ қалдырыпты. Салқам мінезіне 
сыймайтын сӛздер шығады аузынан: 
— ...Ереке,  ӛзіңіз  жақсы  білесіз,  мен  қайла  ұстаған  күннен  бері 
нормамды асыра орындап келем. Машинеге кӛшкелі де алдыма ешкім түскен 
жоқ әлі. Кейінгі бес күн барлық абыройымды жойды... 
— Соған мен бе, кінәлі? 
— Сіз емес. Сіздің графигіңіз. 
— Графиксіз істемекпісің?! 
— График бойынша әр лава күніне бір цикл беру керек. Берген лава бар 
ма? 
— Бермесе, неге орындамайсыңдар? 
— Ағаш  кезінде  келтірілмейді.  Ремонт  кезінде  істелмейді.  Порожняк 
жетпейді.  Толып  жатқан  бӛгет.  Қалай  орындаймыз?  Мен  күніне  бір  цикл 
беріп  келгенде,  рекорд  жасаған  уақыттарымда  әуелі  осы  бӛгеттерді 
жойғамын. 
— Онда  саған  ерекше  жағдай  жасалған.  Жаңа  график  әр  лаваны  сол 
дәрежеге кӛтеруді кӛздейді. Бұған алдымен әр жұмысшының ӛз тапқырлығы 
керек. 
— Білмейсіз, Ереке,— деп Әкім басын шайқады. Шәкіртінің бұл сӛзінен 
Ермектің кӛзі шатынап кетті. 
— Білмесем, үйрет! 
— Сіз  оқуда  болып,  машинеленген  шахтыда  аз  істедіңіз.  Механизм 
бӛлшектерінің тоқсан тоғызы дұрыс, бірі теріс болса, сол бір тоқсан тоғызды 
бӛгейді.  Қайлада  жүргенде  кӛмірді  құлату  шартты.  Қазір  құлаған  кӛмірдің 
тау басына шығуы шарт. Забойдан бастап, темір жол вагондеріне құйылғанға 
дейін кӛмір талай қолдан, талай механизм сақтарынан ӛтеді. Бірі бӛгесе, бәрі 
бӛгеледі. Осы бӛгеттерді жою жағын аз есептегенсіздер. 
— Сен жете есептеген шығарсың, айт. 
— Жол  шаруашылығы  жӛнге  қойылса,  күшті  лебедка  орнатылса, 
штректер  жолы  даңғыл  болса,  вагонеткалар  қатынасы  шапшаңдар  еді, 
«порожняк  бер!»  айқайы  азаяр  еді.  Смена  басталарда,  әр  лавада  жиырма, 
жиырма  бес  вагонетка,  әр  құлатушыға  кемі  —  екі-үш  метр  құлаған  кӛмір, 

267 
Sauap.org
 
тіреу  ағаштар  дайын  тұрса,  кӛмір  жӛнелтудегі  қазіргі  бӛгелістердің  бірі 
болмайды.  Менімше,  үш  сменаның  екеуін  кӛмір  ӛндіруге,  біреуін  ремонт, 
дайындық жұмыстарына қойсақ... 
— Әр смена неше жүз тонна кӛмір беретінін білемісің? 
— Білемін,  Ереке.  Дайындық  жақсы  болса,  екі  смена  үш  сменадан  кӛп 
береді. 
— Былшылдап тұрғанын!— деп, Ермек қарындашын лақтырып тастады 
да,  қолын  қалтасына  салып  жүре  бастады.  Булыға  сӛйлеп  жүр.  Анда-санда 
түкірігі шашырап кетеді. Отты кӛзін қадап-қадап қояды Әкімге.— Жетілген 
екенсің!  Смена  сайын  жүздеген  тонна  кем  бермек.  Үйретеді  тағы, 
«білмейсің»  дейді.  Сен  салпы  ауыз,  мен  жер  кеулегенде  шешеңнің  ішінде 
жатқансың!.. 
Әкім  жым  болды.  Қызараңдап  күле  береді.  Ағалық,  ұстаздық  еңбегі 
сіңген Ермекті қатты сыйлайтын. «Білмейсіз» — дегенін ӛзі де әбес кӛріп: 
— Ӛзіңіз білесіз. Әйтеуір менікі дұрыс,— деп еді. 
— Әй, сен не білуші едің!— деп Ермек жетіп келді қасына. Әкім жылап 
жіберді.  Добалдай  болып  еңкілдейді.  Үлкен  аузы  болжырап,  сӛзі  іріп 
шығады: 
— Айтқызып алып ұрсады. Айтпасаң тағы ұрсады... 
— Жә,  тоқтал,  Ермек!—  деді  Ысқақ.  Ақырып  қалды.  Ерні,  қолдары 
дірілдеп тұр.— Қоздырма сайтанымды! 
Қызу  керіс  су  сепкендей  басылды.  Терезе  тұсына  Әшірбек  машинамен 
келіп  тоқтады.  Тақыр  басы,  үлкен  бүкір  мұрны  кабинкеден  терлей  шықты. 
Күн  ыстық,  шахта  маңы  күйіп  тұр.  Орамалмен  басына  дейін  сүртініп, 
конторға сӛйлей кірді Әшірбек: 
— Мына  күн  Щербаковтен  әрі  қысып  барады  ғой,—  деп  қолындағы 
жұмарлап ораған қағазын Ермекке ұсына берді.— Рұқсат етті, әйтеуір. 
Ысқақ  ақырғаннан  кейін  бәрі  томсарып  қалған.  Енді  қағазға  үймеледі. 
Қағазда темір тіреудің суреті, оның астыңғы жағында: «елу дана жасалсын» 
деген Щербаковтің жазуы бар. 
— Елу дана не болады! 
— Рұқсат осы ма? 
— Елудің  нәтижесін  кӛрген  соң  мыңға  рұқсат  етеді,—  деп  сылқ-сылқ 
күледі  Әшірбек.—  Байқамай  аяқ  басама,  ол  тарлан.  Осының  ӛзін  берерде 
судьядан  әрі  тергеді.  Отырмайық.  Қазір  заводқа  заказ беру  керек.  Бұл  тіреу 
барлық, шахтаға жайылады. Мыңдаған кубометр ағаш үнемделеді. 
— Әшірбек тағы бірнеше мың сыйлық алады, десеңші! 
— Ашық шахта мәселесі не болды? 
— Мейрам  бірдеме  қылмаса,  кӛнер  емес.  Қайдан  кӛнсін,  Ермектің  ӛзі 
бет бақтырмайды. Бірақ, бәрібір мен жеңем... 
Түйілген қабақтар жазылып кетті. Шахтаға енген әр жаңалық қуантады, 
сәтсіздік  ренжітеді,  бұларды.  Ермек  сабасына  түскен  соң,  ыржия  күлген 
Әкімнің қасына келді. Оның салпы ернінен бір жұлқыды да, арқаға қақты. 

268 
Sauap.org
 
— Ренжіп  қалдың  ба!  Ұсынысыңды  ақылдасармыз.  Бір  жерінің  жаны 
бар сияқты. 
Шыр  еткен  телефонный,  трубкасын  кӛтергенде  сұрланып  сала  берді 
Ермек. 
— Қай  жерде?  Жер  астын  хабарла  тегіс!—  деді  де  есікке  ұмтылды.— 
Тӛртінші  учаскеден  ӛрт  шықты!  Құтқарушы,  жәрдемші  команданы 
хабарлаңдар!.. 
Тұра  жүгірді  бәрі.  Ерте  кезде,  бұндайда  шабаш  боздайтын.  Жұрт 
абыржып  жиналып  қалатын.  Қазір  оның  бірі  жоқ.  Жер  астына  жүріп 
жеткенше  қаншама  уақыт  ӛтетін.  Ермек  клеткамен  бірер  минутта-ақ  жетті. 
Дереу  басына  маска  киіп,  вагонеткаларды  ағытып  тастап,  электровозбен 
айдап  барады.  Ӛрт  шыққан  учаске  ең  шетте,  бірнеше  километр.  Жан-жаққа 
тарап  кеткен  қымқуыт  темір  жолдардың  бірінен  қателеспей  бұлт  бұрыла, 
маңдайдағы  жалғыз  кӛзі  жарқырап,  тӛбесінен  кӛк  жалын  шашырай 
қоңыраулатып  келеді  электровоз.  Машинеші  Балжанның  басында  да  маска. 
Сӛздері  ұғымсыз  болғанда  ымдасып  қояды  екеуі.  Қараңғыда  шамдары 
жарқылдап  қашып  бара  жатқан  жұмысшылардың  бірін-бірі  шақырған, 
түгелдеген  дауыстары  естіледі.  Электровоз,  конвейер,  вагонеткалар  тоқтап 
қалған. Вентиляция мен клетка істеп тұр. Үлкен апат, үлкен қауіп тӛнді. Жер 
үстіндегі ӛрттен, жер астындағы ӛрт зияндырақ. Қаншама адам ӛлуі, қаншама 
уақытқа  шахта  тоқталуы  мүмкін.  Алдымен  адамды  құтқару  амалдары 
қолданылып  жатыр.  Кӛмір  ӛртінің  ұлы  түтіні  біртіндеп  жайылып  барады. 
Біреулер  жығылса,  сүріне,  біреулер  бірін-бірі  сүйемелдеп  барады.  Ермек 
басқадан  бұрын  жетті  ӛртке.  Жетсе  де  еш  әрекет  істеген  жоқ.  Мықынын 
таянып, жай тамашалаған кісідей, тиыш қарап тұр. 
Бірақ оның басында тиыштық жоқ: «ылай су құйып ӛшіру керек пе, әуе 
жібермей  тұншықтырып  ӛшіру  керек  пе?»  деген  екі  ой  жеңісе  алмай  тұр. 
Бықси жанған қалың кемір, қою тұман, тұман ішінде жарқылдаған от, құлап 
жатқан тӛбе, маңына жолатар емес... 
Құтқарушы команда, оларға қосыла шахта жұмысшыларынан құрылған 
кӛмекші  команда  келіп  жетті.  Жез  қалпақ,  маска  киген,  ӛрт  аспаптарымен 
қаруланған  ӛңкей  ірі  жігіт.  Қимылдары  батыл,  шапшаң.  Бәрін  еңгезердей 
біреу басқарып жүр. Аз сӛйлеп, кӛп ымдайды. Ӛртке алдымен ӛзі кіріп, отты 
бері  жазыққа  қарай  күрей  бастады.  Жанған  аумақты  бӛліп  тастап,  жазыққа 
шығарып  алып  ӛшірмек.  Серпіп  жібергенде,  боратып  жібереді  шоқты.  Жан 
алып,  жан  берген  ӛжет  қимылдарды  қою  түтін  жӛнді  кӛрсетпейді.  Қайла, 
күрек, сүймендердің тынымсыз тарсылы, шытырлай жанған кӛмір дыбысы — 
адам күші мен мылқау күштің ғажап соғысын сездіріп тұр... 
— Бұлай  ӛшіре  алмайсыңдар!  Әуе  жібермей  тұншықтыру  керек, 
тұншықтыру  керек!—  деді  де  Ермек  тұра  жӛнелді.  Оның  басындағы 
шахтының ӛз ішіндегі жәй маска. Қырық-отыз минуттан артыққа кислороды 
жетпейді.  Құтқарушы  командалардікі  үш-тӛрт  сағатқа  жетеді.  Енді  кешіксе 
Ермектің  ӛзі  тұншығатын  еді.  Асығыс  келе  жатқанда  Балжан  тӛтеден 
қосылып, бір жапырақ қағаз ұстатты да қала берді. «Екі жұмысшы шықпады, 

269 
Sauap.org
 
ӛзгесі құтылды» депті қағазда. Ермек салған күйі тығылатын бӛлмеге келді. 
Маскасын  шешіп,  алқынып  отыр.  Жоғалған  екі  жұмысшы  осында  кӛрінеді. 
Біреуі  шалқасынан  басын  кекжите  жатыр  екен.  Тірілігін  тәутиген  сақалы 
айтып  тұр.  Қозғалып-қозғалып  кетеді.  Дәрігер  әйел  жайраң,  «ештеңе 
етпейдіні» сенімді айтады. 
— Жұмабай ғой мынау! Жұмеке қалайсың?—деп қасына келді Ермек. 
— Шүкір. Басым сынып барады, құданың құдіретімен... 
Екінші жұмысшы сергек. Сусынды ӛзі алып ішті. Тығылатын үйдің егісі 
ұқыпты  қымталған.  Тамақ,  сусын,  дәрі-дәрмек  әзір.  Әуе  тұрба  арқылы 
даладан  келеді.  Бәрі  дәрігердің  бақылауында.  Жер  астындағы  мәдениетті 
аурухана жұмысшыларға осындай халде бірінші кӛмек кӛрсетеді. 
Ермек дәрігермен, аурулармен қысқа сӛйлесіп, ӛз ісіне кірісті. Телефон 
трубкасын ала-сала бұйрық беріп жатыр: 
— Әкімбісің? Ӛрт басына кірпіш, топырақ жеткізіңдер. 
Әкім,  Әшірбек,  Ысқақ,  Сейтқалылардың  қазір  қайда  жүргені  Ермекке 
мәлім.  Күні  бұрын  апатқа  қарсы  шаралар  дайындалып  қойылған.  Кімнің  не 
істейтіні, тіпті қай учаскенің жұмысшысы тысқа қай жермен шығуына дейін 
белгіленген.  Абыржу,  топыр  жоқ.  «Аттан»  шығысымен  әркім  ӛз  жұмысын 
біліп, құтқарушы командаға жәрдемдесіп жүр. Ермек командаға ақыл салмай, 
ӛз  тұсынан  тӛтенше  шаралар  қолданып  жіберді.  Жӛтеле,  ентіге  Щербаков 
енді есіктен. Қасында Әшірбек. 
— Адам аман ба? 
— Аман. 
— Ӛрт бой беретін емес, не ойларың бар? 
— Бӛліп  тастау  керек.  Екі  есікті  бітесе,  тұншығып  ӛзінен-ӛзі  ӛшеді,— 
деді Ермек. Щербаков мүдіре қалып: 
— Таптық!—  деді  де  жауырынға  қақты.—  Ең  дұрыс  амал  осы.  Ал, 
тұрмалық! 
Сусындап, маскаларын жаңартып алып, қайта жӛнелді үшеуі. Булыққан 
улы  түтін  бос  забойларға  лап  беріп,  шахтыға  тез  жайылатын  еді.  Машина 
айдаған  күшті  ауа  желдетіп  кейін  тықсырыпты.  Желден  жеңілген  түтін, 
ӛрттің  аржағынан  тесік  тапқан.  Ескі  шахтымен  жаңа  шахтының  түйіскен 
жерінде  әуе,  кейде  тіпті  адам  ӛтетін  тесіктер  бар.  Сол  жапсардан  ескі 
шахтыға  қарай  ауысыпты.  Әуе  түтінді  қуғанымен  ӛртті  құтыртып  барады. 
Құтқарушы  команда  жауынгерлері  бір  жағынан  ӛртпен  алысса,  екінші 
жағынан метаннан, тозаңнан қатты сақтанып жүр. Бұларға от ұшқыны түссе, 
апат әрекеті ғаламат болмақ. Сондықтан әуенің жылылығын, метан газының 
бар-жоғын оқтын-оқтын бақылап, ӛлшеп қояды. Ӛрт маңындағы жолдардың 
қабырға,  тӛбелері  жүз  елу  метрге  дейін  аппақ:  тозаң  тұтанбасқа  қалың 
қылып,  сланец  порошогін  сеуіп  тастаған.  Команда  бастығы  бағанағы  дәу 
жігіт  әлі  ӛрт  ішінде.  Кӛк  жалыны  аралас,  қызыл  шоқтарды  құлатып,  бері 
шығарып  алып  ӛшіреді.  Суды  ӛртке  құйғызбай,  маңайына,  бӛліп  алған 
шоқтарға  құйғызады.  Әдейі  топырақ  қосқан  ылай  су  тез  ӛшіреді.  Түтін, 

270 
Sauap.org
 
жалын,  бу  араласқан  сарыала  тұман  ішіне  Ермек  кіріп  кетіп,  команда 
бастығын жеке алып шықты. 
— Бой бермейді. Бітеу керек! 
— Қа-қаншама дайындалған кӛмірді тастаймысың!? Болмайды! 
— Дайындалған кӛмірдің кӛбі бержақта. Мына, жолдас Щербаковтің де, 
Әшірбектің де ойы осы. 
Жігіт алқынып тұрса да ойланып тұр. Щербаковтің келгенін жаңа білді. 
Кекеш,  бір  бет,  ӛрт  үстінде  ӛз  әмірін  ғана  жүргізетін  түрі  бар.  Ермектің 
ұсынысы миына енсе керек. Басын бір изеп, тұман ішіне қайта енді. 
— Тоқтаңдар! Тастаңдар!— деген дауыс маска ішінен де қатты естіледі. 
Ендігі шара ӛртті бӛліп тастау, ауа жібермей, булықтырып ӛшіру. Ұзын 
штректің түп жағында ӛрт аумағына қатынайтын екі ауыз тұр. Команда сол 
екеуін бітеуге кірісті. Кірпіш, ағаш, топырақ лезде келіп қалған. Жер астына 
қанық,  ысылған  жігіттердің  қимылына  кӛз  ілеспейді.  Қалап,  сылап  барады. 
Апатпен  күресудің  тәжірибесін  ғана  емес,  ғылымын  да  білетін,  арнаулы 
курстерден  ӛткен  жауынгерлер  от  ішінен  шыққан  соң,  даңғыл  жолға 
шыққандай зулай жӛнелді... 
Әшірбекті  қалдырып,  Щербаков  пен  Ермек  тығылатын  бӛлмеге  қайта 
келді.  Жұмабай  басын  кӛтерген.  Бір  қолында  маска,  екінші  қолында  қойын 
книжкасы, басын шайқап отыр. 
— Маскаңыз бар, қалай уланғансыз?—деді Ермек. 
— Құданың  құдіреті,  осыған  ӛзім  де  қайранмын!  Ӛртті  елден  бұрым 
біліп,  хабарлаған  мен.  Әуе  жылып  сала  берді.  Тынысым  тарылған  тәрізді. 
Кеңірсіген иіс сезіледі. Сонсоң маскамды кие сала жүгірдім. Электровозбен 
Балжан келеді екен. Ести сала кейін шапты. 
— Атпен бе? 
— Жоға тәйірі! Электровозбен. 
— Сонсоң? 
— Сасқалақтап  жүргенде  басқа  бір  жолға  түсіп  кетіппін.  Білмеймін, 
мынаның  ішіндегі  дәрісі  таусылды  ма,  әлде  жүгіріп  алқынғандікі  ме,  әлім 
азайды. Енді жүгірмей, дереу рештакты, рельсті, трубаларды қаға бастадым. 
Сӛйтіп жатқанда бір жауынгер кездесіп, осында арқалап әкеп тастады. 
— Книжкадан не қарайсыз?— деп сұрады Ермек. 
— Бәрін жазып алғам. Керекті жерін таба алмай отырғаным. 
— Ережені жатқа білу керек. 
— Сыя  бере  ме  жұдырықтай  басқа.  Айтпақшы,  аман  екенімді  біздің 
қатын естіді ме? 
— Естімесе, кӛрер. Бүгін бір бозқасқа жейтін шығармыз сіздің үйден. 
— Жӛні келіп тұр, қатын ұнатса. Жанабіл мен Майпаға сақтаған бір қой 
бар  еді.  Щербаков  та  келіпті,  ӛмірі  біздің  үйден  дәм  татқан  емес.  Қайдам, 
қатын біледі, ақыры. 
— Е, қатын сізден асып қайда барады! 

271 
Sauap.org
 
— Ойбай,  мінезі  шәлкес!  Құданың  құдіреті,  кейде  тіпті  қарадан  қарап 
отырып соқтығады. 
Жұмабай  қазір  ескі  жұмысшы  саналады.  Сауатын  ашқан,  жер  астына 
таныс, шахты ӛзінің үлкен үйіндей болып кетті. Аңқау, момын мінезі қалған 
жоқ. Отырған жері күлкі, күлдірейін деген ниеті жоқ, сонда да жұрт күледі. 
Жаңағы  сӛздерін  Ермек  орысшылап  жеткізгенде  Сергей  Петрович  те 
рақаттанып күліп алды. 
— Бәлесін  қарашы!  Сезе  қойып,  тағы  дереу  хабарлап  жүргенін!—деп 
үлкен  Жұмабайды  балаша  қызықтап  отырды  да,  Ермекке  кілт  бұрылды.— 
Бұны атаусыз тастамау керек. Кӛңілдегідей орындап шықса, жауынгерлерге 
де сыйлық берілсін. 
— Олардың ӛз мекемесі, ӛз басшысы бар ғой. 
— Мені  сараң  дейді,  түге.  Нағыз  сараң  сен.  Ең  кӛмірден  целикті  мол 
қалдыруға  аяп,  ӛрт  шығардың.  Ӛртті  ұлғайтпай  ӛшірушілерден  сыйлық 
аяйсың, тағы. 
— Біз  мүлде  целик  қалдырмау  жағындамыз.  Міндеттен  артық  орындау 
жағындамыз. 
— Бұл сӛздің де сараңның қияс мінездерін кӛрсетті. 
Екеуі  қалжыңмен  қағысып  отыр.  Тӛнген  ауыр  апаттан  жеңіл  құтылуға 
кӛздері жеткен сияқты. «Кӛмірді арғы түптен бастап алу керек», «дайындық 
жұмыстарын  күшейту  керек»  деп  ертеден  қақсаған  Әшірбек,  Ермектер  дес 
ӛздеріне  тиген  соң  ойларын  орындапты.  Бірсыпыра  шахтыларда  алдымен 
жақын  кӛмірді  алады.  Күнделік,  айлық  жоспарды  орындауға  құмартып, 
дайындықты ұмытады. Олар осындай апат кездессе мықтап отырар еді. Бұл 
шахты  бірнеше  сағатта-ақ  бұрынғы  қалпына  келгелі  тұр.  Бағана  Ермек, 
ЬІсқақ,  Әкімдердің  түс  шайысуына  да  дайындық  жұмыстарға  кӛңіл  кӛбірек 
бӛлінгеннің, әуелі алыстағы кӛмірді алғанның әсері тиген. Енді сол әсер апат 
зардабын тез жоюға да тиді! 
— Кӛмірді  кеулеп  барып,  арғы  түптен  бері  қарай  алса,  шахтының 
тынысы тарылмайды ғой,—деді Ермек.— Егер жақыннан бастасақ, осындай 
апат,  аварияларда  аржақтағы  кӛмірге  жол  кесіліп  қалған  болар  еді.  Бүгін 
біздің  жігіттер  жоспардың  бескүндігі  орындалмады,  деп  шу  кӛтерді.  Сіз  де 
телефонмен  маза  бермедіңіз.  Мүмкін,  тағы  бес-он  күн  шабандармыз.  Оның 
есесіне  ай  бойы,  жыл  бойы  талмай  шабуға  бармыз.  Кейбіреулер  тай 
шығымындай дыз  етіп, жайыла  қалатын  қарқынына  мәз. Ондайларды  сіз  де 
аз мақтаған жоқсыз. 
— Тек  алысқа  шап,  Ермек  Борантаевич.  Бірақ,  бір  күннің,  нормасы 
кемімесін. 
— Бүгіннің кемін ертең толтыра, ӛрлеген қалай? Ертеңдікін бүгін беріп, 
тӛмендеген қалай? 
— Әрине, тӛмендеу жаман. 
— Біздің  Әшірбек  сол  жаманнан  қашады.  Алғыр  жігіт,  Сергей 
Петрович! 

272 
Sauap.org
 
— Білем, білем. Әттең, еркіне жіберсең айға шабады. Мерт қылып алма, 
тізгінді онша босатпа. 
Жұманияз  енді.  Басындағы  маскасын,  сырт  киімін  шешіп  тастады. 
Ентігіп терлеген. Ашулы. Әдемі қара мұртын сылауды, амандасуды ұмытып, 
келе Ермекке соқтықты: 
— Біледі, біледі дегенге беттеріңмен кетесіңдер! Сондай целик қалдыра 
ма кісі?! Бірің тіпті целик қалдырмаймын, бірің ашық шахты жасаймын, деп 
аспанға қарайсың. Жерге, забойға үңілу керек!.. 
Ермек үндемеді. Щербаков теріс айналып жымыңдап тұр. Жұманияз ескі 
шахтер, ескі слесарь, әрі профсоюздар советінің бастығы. Тез ашуланып, тез 
басылады.  Ешкімнің  бет  ажарына  қарамай,  қатты  айтады.  Ол  арындап 
алғанша қарсы келмейді бұлар. Енді Щербаковтің ӛзіне тиісті: 
— От  шашып  электровоз  жүр.  Сергей  Петрович  кӛріп  отыр.  Қатерден 
сақтануды  ұмытсаңдар,  мен  жұмысқа  бір  жұмысшы  шығармаймын.  Ал, 
шауып алыңдар! 
— Жұмеке!—деді Ермек, Жұманияз басылған кезде.— Қажет болған соң 
үлкен  жолда  бір  ғана  электровоз  жүр.  Ол  жол  қатерсіз.  Басқа  электровоз 
тоқтаған.  Кӛп  целиктің  осалдығында  емес.  Бос  жатқан  кӛмір  үйіндісінен  де 
ӛрт  шығады.  Кӛмірдің  сондай  жанғыш  тегін  күні  бұрын  зерттеп,  біліп  қою 
керек  еді,  біле  алмадық.  Әшірбек  екеуміз  жаңада  келдік.  Соның  салдары 
ғой... 
— Салдары болса, жүмысшылардың бос уақытына ақы тӛлеп кӛр, кӛмір 
бағасы арзандайды сонда. 
— Тӛлейміз,  Жұмеке.  Шахты  да,  жұмысшы  да  күйзелмейді.  Оңай 
құтыламыз апаттан... 
Ермек  ұғындырып,  Жұманияз  әбден  сабасына  түскен  соң  Щербаков 
қалжыңдай сӛйледі: 
— Ақыры келдің-ау, тіпті. 
— Бай  ауылдың  бір  байбалам  шалы  болатын.  Қожайын  сен,  күйетін 
алдымен партия, профсоюз. 
— Мейрам Омарович қайда? 
— Сонда қалды. Телефонмен ӛрт хабарын алған соң мен жүріп кеттім. 
— Плотина бітіп пе? 
— Шлюздері кеше бітіпті. Бүгін жиналған судың ӛзі кішігірім кӛл. 
— Станцияны срогінен бұрын тапсыратын болды бұлар. 
— Үш ай бұрын тапсырады. Неше тоймайтын болсаң да, су мен электрге 
тоярсың. Шахтаны күндізгідей жарқыратып жібер енді... 
— Ия,  Каргрэс  кӛп  ӛзгерістер  енгізеді,—  деп  Сергей  Петрович  кӛзін 
шүйіре ойлап кетті. Тереңде, апаттан тығылатын тар қуыста, ақ бас адам кең 
ойлап отыр... 
Ӛртшілер  қайтты.  Әшірбек,  Лапшин,  Ысқақ,  Әкім,  Сейтқалы, 
жауынгерлердің  бастығы  бағанағы  дәу  жігіт  те  бар.  Шахтының  саяси, 

273 
Sauap.org
 
кӛпшілік,  техникалық  басшылары  түгел.  Үлкен  шаруашылықтың  салалары 
кӛп. Бас инженер Әшірбек барлық жайды баяндай бастады: 
— Бітелді.  Қалап,  сылап  тастадық.  Қызуды,  газды  бақылайтын  адам 
қалды  басында.  Әуе  бармайды.  Енді  тұншығып  тез  ӛшуге  тиісті.  Апат 
уақытында  паника  болған  жоқ.  Адам  аман.  Әркім  ӛз  міндетін  дәл  атқарды. 
Транспорт,  электр,  вентиляция,  су  жолдары  қаз-қалпында.  Енді  желді 
күшейте  түсіп,  шахта  әуесін  тазарту  керек  те,  жұмысты  кешіктірмей  бастау 
керек. 
— Тек,  ӛрт  ауданында  істеуге  әзір  рұқсат  етпеймін!—  деп  команда 
бастығы орнынан тұрды. Жұмабай оны жүгіріп келіп құшақтай алғанда, бойы 
емшегіне де жеткен жоқ. Шұрқырасып жатыр... 
Бірін-бірі жаңа таныды. Қарағанды басталған кезде, Құтжан балуанның 
бригадасында  Әлібек  үшеуі  бір  істепті.  Сонда,  Әлібекке:  «дәуде  болса  сен 
кулаксың»  дейтін  бадырақ  кӛз,  кекеш  бала  жігіт  осы  командир  кӛрінеді. 
Қазір  екі  иығына  екі  кісі  мінгендей,  жігіттің  сырттаны.  Бүгін  Жұмабайды 
жығылып жатқан жерінен тығылатын бӛлмеге әкеп тастаған жауынгер де осы 
екен. 
— Айтжан, қарағым, қарызың кӛп менде, жүр, үйге жүр!—деп Жұмабай 
қалбалақтап тұр. Щербаков келіп Айтжанның қолын қысты. 
— Сізге,  сіз  басқарған  жауынгерлерге  кӛптен-кӛп  рақмет!—  деді  де 
оның  қолына  ӛзінің  қол  сағатын  байлады.—  Дәл  жүреді.  Осы  сағаттай  дәл 
істе. Сыйлық емес, ескерткіш, шырағым... 
Тӛнген үлкен апат осымен аяқталды. Дуылдасып, тығылатын бӛлмеден 
шықты  бәрі.  Темір,  резинка  трубалардан  гулеген  жел  шахты  ішін  сейілтіп 
сала берді... 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет