БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
14
5-сабақ
Тақырыбы: Көшбасшылық.
Ұғымдар: көшбасшы, көшбасшының портреті.
Сабақтың мақсаты: «көшбасшы» ұғымына анықтама беру; көшбасшының қасиеттерін
анықтау.
Әдістері: ой-талқы, шағын дәріс, жаттығулар, презентациялар.
Ресурстар: плакаттар, маркерлер.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы
сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт: 5 минут
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап,
орындау.
Уақыт: 5 минут
«Көшбасшы деген кім?» ой-талқысы
Уақыт: 15 минут
Материалдары: плакаттар, маркерлер
Процесі:
2 шағын топ құрыңыз (оқушылардан бейтарап ұғымдарға: алма мен апельсинге, Бэтмен мен
Супермэнге, қызыл мен көкке, батыс пен шығысқа бөлінулерін сұраңыз...).
Әр шағын топтың міндеті – «Көшбасшы деген кім?» тақырыбы бойынша өз көзқарастарын
плакатта бейнелеу.
Орындау уақыты – 7 мин. Шағын топтардың плакаттарды көрсетуі – 1-2 мин.
Топ үшін «көшбасшы» ұғымының бірыңғай анықтамасын жазуды ұсыныңыз. Шежіреші және
модератор ретінде көмектесіңіз.
Теориялық блок
Уақыт: 5 минут
Көшбасшы – ол адамдардың басын қоса алатын және оларды қандай да бір мақсатқа жетуге
бағыттайтын адам. Сонымен бірге, «көшбасшы» және «мақсат» бір-бірінен ажырамайтын
ұғымдар. Алайда алдыңа мақсат қойып, оны жоспарлы түрде жалғыз жүзеге асыру – басшы
болу деген сөз емес. Әрбір көшбасшының артынан еретін жақтаушылары болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: