Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет15/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   82
 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт: 5 минут 
 
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, 
орындау. 
Уақыт: 5 минут 
«Көшбасшының қасиеттері» ой-талқысы 
Уақыт: 15 минут 
Материалдары: плакаттар, стикерлер, маркерлер 
Процесі: 
Әр оқушы көшбасшының қасиеттерін жапсырмаларға жазуы тиіс: 1 жапсырма – 1 қасиет. 
Жазу уақыты – 5 минут. 
Топ жапсырмаларды плакаттарға жабыстырады: көшбасшының туа біткен және пайда 
болған қасиеттері. 
Туа біткен және пайда болған қасиеттер туралы әңгімені қорытындылаңыз. «Адам көшбасшы 
болып дүниеге келе ме, әлде бұл қасиет уақыт өте келе пайда бола ма?» деген сұрақ қойыңыз. 
«Жылдам әрі ептілер» жаттығуы 
Уақыт: 15 минут 
Процесі: 
Тренер ережені оқиды: 
«Осы сәттен бастап ешкім сөйлемейді. Мен сандар айтамын. Қандай сан айтсам, сонша оқушы 
орындарынан тұруы тиіс. Мысалы, егер «төрт» деп айтсам, төрт оқушы барынша жылдам 
тұруы тиіс. Және мен рақмет айтқаннан кейін ғана орындарына отыра алады. Тапсырманы 
үндемей орындау керек. Тапсырманы орындау тактикасын жұмыс барысында, бір-бірінің 
әрекеттеріне сүйене отырып анықтау керек». 
Талқылау: 
- Жаттығудың қай жері қиын болды? 
- Ол ұжымдық жұмыспен қалай байланысты болуы мүмкін? 
- Тәртіп пен реттілік сақталмаған жұмыстың кесірінен өмірде қиындықтар бола ма? 
- Мұндай жағдайда төзімділік таныту керек пе? 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
17 
Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет