Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет9/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82
Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 
 
Үй тапсырмасы: 
Отбасыларыңа команда болу үшін не көмектеседі? 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
10 
3-сабақ 
Тақырыбы: Команда. 
Ұғымдар: команда, өзара әрекеттесу, командалық жұмыс, синергия. 
Сабақтың мақсаты: «командалық жұмыстағы синергия» ұғымын анықтау; командалық 
өзара әрекеттесу принциптерін меңгеру.
Әдістері: шағын дәріс, жаттығулар. 
Ресурстар: теориялық блок және жаттығу материалдары, маркерлер, плакаттар. 
 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт: 5 минут 
 
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап
орындау. 
Уақыт: 5 минут 
Теориялық материал. Командалық өзара әрекеттесу, синергия туралы әңгімелесу 
Уақыт: 15 минут 
Материалдары: жұмыс дәптері 
Процесі: 
Командада жұмыс істей білу – бұл көшбасшының маңызды дағдысы.
Сендер қаздардың үшбұрыштап ұшқанын көрдіңдер ме? Бірлесіп ұшса, бір құсқа қарағанда 
сегіз есе көп қашықтыққа ұша алатынын білдіңдер ме? Мұның бәрі ынтымақтастық туралы.
Құстардың отарында ең мықтылары алдында ұшып, ауаны бөліп отырады. Ортасындағылар 
көшбасшыларды айғайларымен қолдайды. Егер бір құстың күші таусылса, онда отардың 
ішіндегі біреуі міндетті түрде онымен бірге жерге түседі. Олар бірге қиын уақыттың өткенін 
күтіп, келесі отарға қосылады.
Адамдар да ынтымақтастықтан пайда көре алады. Мәселелерді шешуде әртүрлі адамдардың 
көзқарастары мен бірегей тәжірибелері неғұрлым көп қолданылса, сәттілік мүмкіндігі 
соғұрлым жоғары болады. Сондықтан қазір әлемде әртүрлілік, төзімділік пен басқа адамдарға 
құрмет туралы көп айтылады.
Біз түрлі тәсілдермен үйренеміз, ойлаймыз, әлемге басқаша қараймыз және бұл 
айырмашылықтар күш-жігерді біріктіре алатындарға көмектеседі. Адамдардың әртүрлі екенін 
түсіну өте маңызды және бұдан ешбір адам артық не кем болмайды.
Айырмашылықтар арқылы өзара көмек пен бірлескен шығармашылық үшін мүмкіндік табуды 
үйреніп, осы қуатты әрі таңғажайып құралды қолдана білген жөн! Оны синергия деп те 
атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет