Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет11/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82
Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 
 
Үй тапсырмасы: 
Достарыңмен қарым-қатынастарыңда синергия бар ма? Ойланып көріңдер. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
12 
«Көшбасшылық» бөлімі 
Мақсаты: оқушыларға өмірдегі көшбасшылық қасиеттердің маңыздылығын көрсету. 
Қалаулы нәтиже: оқушылар көшбасшылық – бұл дағдылар жиынтығы және өзін-өзі 
жетілдіруге деген ұмтылыс екенін біледі; оқушылар өздерінің негізгі көшбасшылық 
дағдыларын дамытқылары келеді; оқушылар әрқайсысы көшбасшы бола алатынына сенімді; 
оқушылар тренингтік оқытуға оң көзқараспен қарайды.
4-сабақ 
Тақырыбы: Көшбасшылық 
Ұғымдар: көшбасшылық, автопортрет. 
Сабақтың мақсаты: адамдар әртүрлі екенін, бірақ олардың басын қосып, біріктіретін нәрсе 
әрдайым бар екенін ұғыну. 
Әдістері: жаттығулар, жеке түрде жұмыс істеу, әңгімелесу-пайымдау. 
Ресурстар: жұмыс дәптерлері. 
 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт: 5 минут 
«Жарыс автомобильдері» сергіту сәті 
Уақыт: 5 минут 
Процесі: 
 
Сендер нағыз автомобиль жарыстарын көрдіңдер ме? Қазір біз шеңберге тұрып автожарыс 
ұйымдастырамыз. Жарыс автомобилінің гүрілін елестетіп көріңдер – «Ррмм!» Бір адам 
«Рррмм!» деп айтып, басын күрт солға бұрады. Сол жақтағы көршісі бірден «жарысқа түсіп», 
өзінің «Рррмм!» гүрілін айтып, келесі көршісіне бұрылады. Осылайша, «мотордың гүрілі» 
толық айналым жасамайынша, шеңбер бойынша жылдам беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет