Тоқсандағы болжамдарды салыстыру Уақыт: 5 минут Материалдары: «Болжамдар» плакаты, маркерлер Процесі: «Болжамдар» плакатын іліңіз. Тізімдегі идеяларды оқи отырып, оқушыларды осы болжамның
қаншалықты орындалғаны туралы талқылауға шақырыңыз. Ол үшін «бас бармақ» әдісін
қолдануға болады.
«Қазір мен сендер жазған болжамдарды рет-ретімен оқимын. Әр тұжырымнан кейін бұл
болжам сендер үшін қаншалықты орындалғанын көрсетіңдер. Ол үшін біз оң қолдың бас
бармағын қолданамыз. Саусақты жоғары көтеру – болжам 100%-ға орындалды, саусақты
төмен түсіру – болжам мүлдем орындалған жоқ, сәйкесінше саусақты бұру арқылы
болжамның «орындалу» дәрежесін өзгерте аласыңдар».
Мұғалім-тренер үшін: болжамдар тізімінен бір сөйлемді оқып шығыңыз, топқа қараңыз және
барлық оқушылардың саусақтарын көтеріп жауап бергеніне көз жеткізіңіз, жалпы балл
шамамен қанша пайыз екенін бағалаңыз. Осы сөйлемнің жанында қызыл маркермен
белгілеңіз: көрсеткіш жоғары бағытталған – 100%, көрсеткіш төмен бағытталған – 0%. Аралық
мәндерді ескеріңіз. Келесі тұжырымға өтіңіз.
«Болжамдар» плакаты бойынша салыстыруды аяқтағаннан кейін топқа алғыс айтыңыз және
тұжырымдардың көпшілігіне қол жеткізілгенін хабарлаңыз. Осы сәтті оқушыларды
факультатив аясындағы жұмысты жалғастыруға ынталандыру үшін пайдаланыңыз.
Кері байланыс сауалнамасын толтыру Уақыт: 5 минут Материалдары: кері байланыс сауалнамалары Процесі: Оқушыларға басып шығарылған кері байланыс сауалнамаларын (КБС) таратыңыз. Оларды
шынайы жауап беріп толтыруды және сізге қайта тапсыруды сұраңыз. Сауалнамалар барлық
факультативті үйлестіру, жалпы есеп беру және бағдарламаны жақсарту үшін қажет екенін
түсіндіріңіз.
Бұл
қатысушылардың
өздерін
бағалауы
емес,
оқушылардың
ұйымдастырушыларға беретін кері байланысы екенін түсіндіріңіз. КБС құрамындағы барлық
деректер құпия болып табылады.