Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет8/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82
 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт: 5 минут 
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, 
орындау. 
Уақыт: 5 минут 
 
«Команда дегеніміз не?» ой-талқысы 
Уақыт: 5 минут 
Материалдары: жұмыс дәптері 
Процесі: 
4 шағын топ құрыңыз. Топ болып, командалық жұмысты бейнелейтін шағын қойылым қою 
керектігін айтыңыз. Ол кез келген мысал болуы мүмкін.
Дайындыққа берілген уақыт – 10 минут. 
Презентация. 
Қатысушылармен бірге қойылымдарды талқылаңыз. 
Теориялық материал. Командада өзара әрекеттесудің төрт негізі 
Уақыт: 5 минут 
Материалдары: плакаттар, маркерлер 
Процесі: 
Өз пікірін білдіру. Команданың әр мүшесі қорлау мен қателіктерден қорықпай, шынайы, ашық 
және нақты сөйлейді. 
Ынтымақтастық. Әр қатысушы ортақ мақсаттарды көздейді, ақпаратпен бөліседі, өз үлесін 
қосуға тырысады және кері байланыс алады. 
Тәжірибе жасау. Сәтсіздіктер болып тұрады, ең бастысы – қателіктерден сабақ алу, жұмыс 
барысында жаңа әдістер іздеу және табу. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 

Талдау. Команда жұмыс нәтижелерін үнемі түсінеді, қорытынды жасайды және келесі циклде 
пайдалы әрекеттерді енгізуге тырысады. 
«Қарындаштар» жаттығуы 
Уақыт: 20 минут 
Материалдары: қатысушылардың санына сәйкес келетін қаламдар немесе қарындаштар 
Процесі:
 
Қарындаштарды немесе қалпақшалары жабылған қаламдарды бір-біріне жақын тұрған 
оқушылардың саусақтарының арасына қыстыру.
Алдымен оқушылар дайындалып көреді: жұпқа бөлініп, бір-біріне 70-90 см қашықтықта 
қарама-қарсы тұрады және қарындашты сұқ саусақтарымен көлденең ұстауға тырысады. 
Қарындаштарды тек сұқ саусақтарының жұмсақ жағымен ұстау керек, басқа адамдарды 
ұстауға болмайды (яғни, бір-бірін басқа саусақпен ұстауға, қолдарынан ұстауға және т.б. 
болмайды).
Тапсырма: қарындаштарды түсіріп алмай, қолды жоғары-төмен, оңға-солға қозғалту. 
Дайындықты аяқтағаннан кейін топ шеңбер құрып тұрады (оқушылар арасындағы 
арақашықтық 50-60 см), қарындаштарды көрші тұрған қатысушылардың сұқ саусақтарының 
арасына қысып ұстау керек. Бүкіл топ қарындаштарды түсірмей, тапсырманы бірге 
орындайды. 
Қолды көтеру, түсіру, бастапқы күйге оралу. 
Қолды алға созу, артқа қарай апару. 
Бір қадам алға, екі қадам артқа, бір қадам алға қозғалу (шеңберді кеңейту және тарылту). 
Алға еңкею, артқа шалқаю, тік тұру. 
Сәл отыру, тұру. 
Талқылау:
- Шеңбердегі қарындаштар құламауы үшін қатысушылардың әрқайсысы қандай әрекет 
орындауы тиіс?
- Осы әрекеттерді орындаған кезде нені басшылыққа алу қажет?
- Айналадағы адамдармен өзара түсіністікті қалай орнату қажет, басқа адамды қалай 
«сезінуге» болады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет