Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ  5  1-сабақ



Pdf көрінісі
бет5/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 

1-сабақ 
Тақырыбы: Кіріспе сабақ. 
Ұғымдар: барлық топ мүшелерімен танысу және оларға құрмет білдіру.
Сабақтың мақсаты: бүкіл топ мүшелерімен танысып, достасу; өзін таныстыру және өзі 
туралы айту; топта жайлы атмосфера құру.
Әдістер: әңгімелесу, өзі туралы айту, практикалық жұмыс, дәптерлерімен жұмыс істеу. 
Ресурстар: жаттығулар, жұмыс дәптері, топтық өсу кестесі, плакаттар, маркерлер. 
 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу) 
Уақыт: 5 минут 
Кіріспе бөлім. Курс, тақырыптар және сабақта жұмыс істеу нысандары туралы айту.
Уақыт: 5 минут 
Адам аттары туралы ойын: «Қарлы кесек»
Уақыт: 5 минут 
Процесі:
Мұғалім оқушылардан шеңбер бойынша өз аттарын айтуды сұрайды. «Тамаша, енді, өз 
атымыздың бірінші әрпіне жақсы сын есім ойлап табайық. Мысалы, менің атым Асылхан
онда сын есім «ақылды» болады. Келесі адам менің атым мен сын есімді қайталайды және 
өзінің есімін және оған тиісті сын есімді атайды, үшінші адам менің атымды + сын есімді, 
екінші адамның атын + сын есімді және өзінің атын атайды + сын есімді атайды. Осылайша, 
шеңбердің соңына дейін».
Қарлы кесек қағидаты – ақпарат біртіндеп өседі. Оқушыларды жігерлендіріңіз, сын есімдерді 
еске түсіруге көмектесіңіз. Маңызды жайт, шеңберді мұғалім-тренер аяқтауы керек, яғни 
барлық қатысушылардың есімдері мен сын есімдерді тағы бір рет айтады. Бұл беделіңізге оң 
әсер етеді және тренингтер мен сабақ арасындағы айырмашылықты көрсетеді. 
Нұсқалары: адам атының бірінші әрпіне келетін қала аты, жеміс, түс, қимыл, т.б. 
 
«Болжам» жасау 
Уақыт: 5 минут 
Материалдары: плакаттар, маркерлер, жұмыс дәптері 
Процесі:
Оқушылардан мұнда не үшін келгендері және осы сабақтардан не күтетіндері туралы 
ойлануын сұраңыз. 
Оларға осы факультативке топ ретінде өз мақсаттарын қоя алатындарын айтыңыз. Балаларға 
бірнеше мысал келтіре отырып көмектесіңіз: «жаңа дос табу», «көшбасшылық қасиеттерді 
үйрену» және т.б. Енді оқушылар өз идеяларын айтсын, оларды жазып алыңыз. Бұл үшін топқа 
5 минут берілетінін айтыңыз. 
Оқушылардың жасын естеріне салыңыз. Жасы кіші қатысушылар үшін болжамдар оңайырақ 
болуы мүмкін. Бірақ тұжырымдардың дәлдігі туралы ұмытпаңыз. Сіздің міндетіңіз – 
қатысушылардың ойларын мүмкіндігінше дәл тұжырымдау, сонда соңғы сабақта 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 

барлықтарыңыз не болатынын нақты түсінесіздер. Мысалы, «бір нәрсені үйрену» тұжырымы 
анық емес. Болжамды айтқан оқушының идеясын нақтылау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет