Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет6/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
«Келісім» жасау 
Уақыт: 5 минут 
Материалдары: плакаттар, маркерлер, жұмыс дәптері 
Процесі:
Балалар осы топта мүмкіндігінше тиімді жұмыс істеуге көмектесетін белгілі бір ережелерді 
бірге жазсын. Оқушылардың бәрі әртүрлі және әркімнің өз әдеттері бар екенін, бірақ топтағы 
жұмыс нәтижелі болуы үшін бастапқыда белгілі бір ережелерді айту керектігін түсіндіріңіз. 
Егер топқа қиын болса, мысал келтіріңіз.
Тренер ой-талқы ережелері бойынша «Келісімдер» жазады. 
Егер қажет деп санасаңыз, топтың келісімімен өз идеяларыңыз бен ұсыныстарыңызды 
(тармақтарыңызды) енгізе аласыз. Олардан осы келісімдер жазылған плакатқа қол қоюды 
сұраңыз. 
Оқушылар Болжамдар мен Келісімдерді жұмыс дәптерлеріне жазып алады және қажет болса
оларды бір жыл ішінде қайталап жүреді. 
«Егіздер» жаттығуы 
Уақыт: 10 минут 
Процесі: 
 
Оқушылардың тұруын сұраңыз және жаттығу кезінде аудиторияда еркін жүре алатындарын 
айтыңыз. 
«Қазір бір-біріміз туралы көбірек білеміз. Сендерге 3 адамнан тұратын топтарға бөліну керек. 
Мен топқа бірігудің принципін айтамын. Үшеуің бір-біріңе бос уақытта не істегенді 
ұнататындарыңды айтуларың керек.
Үштікке бірігу принципі – алақанның өлшемі. 
Алақандары бірдей үш адам топ болып бірігіп, хобби туралы әңгімелесуі тиіс, үш минут 
беріледі. Бастайық!» 
Талқылау тақырыбы – мен қандай музыка тыңдағынды жақсы көремін. Принципі – киімдегі 
түймелер саны. 
Тақырыбы – мен адамдарды қандай қасиеттері үшін сыйлаймын. Принципі – ағалары мен 
әпкелерінің саны. 
Тақырыбы – менің арманым. Принципі – дүниеге келген кездегі жыл мезгілі. 
Оқушыларға белсенді болғандары үшін рақмет айтыңыз. Тренингтеріңізде әрдайым қызықты 
тақырыптар мен тапсырмалар болатынын және олар өздері және басқалары туралы көп нәрсе 
біліп, көп нәрсе үйренетінін айтыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет