Факультеті Бағдарламалық қамтамасыз ету



бет39/60
Дата27.12.2022
өлшемі2,27 Mb.
#59900
түріКонспект
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60
Пайдаланылған әдебиеттер
1. А. Б. Медешова, Д. Ғ. Ғадуллаев Компьютер архитектурасы: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011
2. В. Яворский, А. Әміров. Операциялық жүйелер: Оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2008
3. О Сейқұлов. Есептеуіш жүйелер, желілер және телекоммуникациялар: Оқу құралы. – Шымкент: «Нұрлы Бейне», 2012
4. Гук М. Аппаратные средства IBM PC Әнциклопедия – спб.:«Издательство Питер», 2011
18-Дәріс
Тақырыбы: Сервер және жұмыс станциялары.
Жоспар:

  1. Сервер және жұмыс станцияларының архитектурасы

  2. Жергілікті желілердегі желілік жұмыс станциясы



Электрондық почта сервері
Netware-ның басқаруымен MHS (Massage Handlіng Servіce) электрондық почта шлюзі жұмыс атқарады. MHS электрондық почта мен байланыс сымдарының әртүрлі шлюздері арқылы өтетін мәліметтерді маршруттау, жеткізу мен жинауды басқарады. MHS-пен әртүрлі жұмыс станцияларындағы электрондық почтаның 200-ден аса пакеті қоян-қолтық жұмыс істей алады.
Мәліметтер қорын басқару сервері
Netware сұраныстардың екі түрлі технологиясын клиент-файл мен клиент-серверді қолдайтын мәліметтер қорын басқару жүйесінің жұмысын қамтамасыз етеді. Клиент-файл типіндегі МҚБЖ –де сұраныстар қолданбалық программалар арқылы мәліметтер қорына жеткізіліп, жұмыс станцияларында өңделеді, ал файлдық серверде технологиялық және индекстік файлдар сондай-ақ мәліметтер қорының файлдары сақталады.
Клиент-сервер типіндегі МҚБЖ-де сұраныс файлдық сервердегі NLM – модульдері түрінде болатын МҚБЖ серверіне беріледі. Мұнда сұраныс жеткізіліп орындалады. Жұмыс станциясына тек орындалған сұраныстың нәтижелері ғана қайта жіберіледі. Мұндай типтегі МҚБЖ үшін желілік трафиктің кеміп, желінің жүктелу қабілетінің артуы қалыпты жағдай болып табылады.





Жергілікті желілердегі желілік жұмыс станциясы
Novell Netware немесе Wіndows NT басқаруындағы жергілікті желіде әртүрлі жергілікті операциялық жүйелердегі жұмыс станциялары жұмыс істей алады. Ол үшін Wіndows90 басқаруымен жұмыс істейтін жұмыс станцияларында конфигурациясы желілік торап жағдайына байланысты өзгеретін желілік клиент орнатылуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет