Факультеті Бағдарламалық қамтамасыз ету


Wіndows желісіндегі жұмыс станциясы



бет40/60
Дата27.12.2022
өлшемі2,27 Mb.
#59900
түріКонспект
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60
Байланысты:
5-Дарис консп

Wіndows желісіндегі жұмыс станциясы
Wіndows NT желісінде жұмыс станциясының параметрлерін анықтау үшін қосылған желілердің тексерілуі жайлы қосымша ақпарат пен тіркеу іске асырылатын домен аты көрсетілетін желілік тораптың сәйкес пункті қолданылады.
Wіndows желісін басқару мен тіркеуде желілік администратордың арнайы утилиттері, және администратор сервері мен қолданушылар пайдаланылады. Server manager компьютерлермен жұмыс топтарын, домендерді басқаруға көмектеседі. User manager Wіndows желісінде жұмыс істеуге қажетті қолданушыларды тіркеу, құқықтары мен басқа да сипаттамаларды басқарады.
NetWare желісіндегі жұмыс станциясы
Желілік жұмыс станциясын конфигурациялау NetWare желілік клиентінің көмегі арқылы іске асырылуы мүмкін. Қолданушылар жұмыс станциясындағы жергілікті желіге қосылу мүмкіндігін алу үшін тіркелуі қажет. Нәтижелі тіркеуге тұру үшін қолданушының аты, паролі және де қосымша мәліметтерді көрсету қажет. Ойдағыдай тіркелгеннен соң желілік торапта қосымша құрылғылар пайда болады. Жергілікті желінің серверлерінде орналасқан құрылғыларға жұмыс столындағы ярлыктар мен Пуск кнопкасындағы пайда болған программалар арқылы мүмкіндік алуға болады.
Клиент орнатылған жағдайда оң жақ төменгі бұрышта қолданушының желіге қосылуының жай-күйін көрсетуге мүмкіндік беретін N значогы пайда болады.
Қолданушы өзінің тіркелуі жайлы сипаттамалармен танысып қана қоймай кейбір параметрлерді де өзгерте алады. Параметрлерін өзгерту мүмкіндігі желілік администратордың қолданушыға берген құқығына байланысты. Қолданушының желіге қосылу параметрлерін өзгерту қызметінің толық мүмкіншілігін NetWare Admіnіstrator арнайы утилиті қамтамасыз етеді.


Пайдаланылған әдебиеттер
1. А. Б. Медешова, Д. Ғ. Ғадуллаев Компьютер архитектурасы: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011
2. В. Яворский, А. Әміров. Операциялық жүйелер: Оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2008
3. О Сейқұлов. Есептеуіш жүйелер, желілер және телекоммуникациялар: Оқу құралы. – Шымкент: «Нұрлы Бейне», 2012
4. Гук М. Аппаратные средства IBM PC Әнциклопедия – спб.:«Издательство Питер», 2011




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет