Факультеті Бағдарламалық қамтамасыз ету



бет42/60
Дата27.12.2022
өлшемі2,27 Mb.
#59900
түріКонспект
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60
Кәсіптік компьютерлердің жоғары шапшаңдығы, ақпараттың үлкен көлемді жиымын тиімді жіберуді, жедел жадтың айтарлықтай сиымдылығын талап ететін күрделі ақпараттық және өндірістік мәселелерді шешу үшін ғылым саласында пайдаланылады.
Кәсіптік ДК-ні пайдаланушылар, әдетте кәсіби-бағдарламалаушыер болып табылады, сондықтан бағдарламалық жасауы мейлінше бай, икемді, құрамында бағдарламалық құралдардың аспаптары болуы тиіс.
Шалғай құрылғылардың көп түрін қосудың арқасында ДК-нің функциональдық мүмкіндіктері едәуір кеңейеді. Олар көп міндетті режимде, жоғары деңгейлі алгоритмдік тілдермен және есептеу желілерінің құрамында жұмыс істей алады. Өзінің функциональдық мүмкіндіктері бойынша кәсіптік көппрцессорлық ДК үлкен ЭЕМ-дердің алдыңғы буындарының мүмкіндіктеріне жақындап қана қоймай, олармен толық бәсекелесе алады. Қазіргі кезде ДК-лердің конструктивтік орындалуы немесе өлшем типтері бойынша жіктелуінің жаңа белгілері пайда болады:
Стационарлық немесе үстел үстіне қоятын компьютерлер өте кең тараған.
Тасымалданатын компьютерлер (әдетте оларды шағын деп атайды) алып жүруге қолайлы. Оларды ұзақ уақыт іссапарда, жол үстінде болатын кәсіпкерлер, коммерсанттар, кәсіпорындар мен ұжым басшылары пайдаланады. Тасмалданатын компьютерлер төмендегідей болып бөлінеді: шағын, блокноттар, қалтаға салынатын, электрондық (хатшылар) және электрондық жазба кітап.
Шағын компьютермен жұмыс орны лайықталмаған жерде де жұмыс істей беруге де болады. Жеңілдігі мен көлемінің шағындығы LAPTOP (―тізелік компьютерлер) NOTEBOOK (компьютер-блакнот) HANDHELD (қол компьютері) деп аталатын компьютерлер бар.
LAPTOP – компьютерде пернетақта мен жүйелік блок бір корпуста орындалған, ол жоғары жағынан қақпақ сияқты өзінің электрондық негізімен ажыратылмайтындай жалғастырылған сұйық кристалды монитормен жабылады. Монитормен ЭЕМ арасындағы байланыстырушы сымдар корпусқа жасырылған. Компьютерді тасымалдау оңай және пайдаланушының тізесіне қойып жұмыс істей беруіне болады. Бұл модельдер өздерінің техникалық параметлері бойынша үстелдік ДК-ден кем түспейді. Олар i80386МП-де құрылған, құрамдас жинақтауыш иілгіш магнитті дискілері (ЖИМД) мен қатқыл (ЖҚМД) дискілері бар.

Сурет - 19.1. НР LAPTOP компьютері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет