19-Дәріс Тақырыбы: Арнайы ЭЕМ-дер. Жоспар: Жоғары деңгейдегі өндірістік әмбебап және арнайы ЭЕМ
Арнайы есептегіш комплекстер архитектурасы, бағдарламалық жабдықтауға бағытталған архитектура
Дербес компьютерлер - бір қолданушыға және бір адам басқаруға есептелген, кез келген жұмыс орынға тағайындалатын кіші габаритті есептегіш машиналар. Дербес компьютер пайдаланушымен диалогтік режимде жеке жұмыс істеу үшін арналған. ДК негізінен қарапайым құжаттардан бастап, баспа беттеуіне дейін әр түрлі мәтін дайындау, есептеулерді орындау, деректер базасын жасау, ақпарат іздеу және т.с.с. жұмыстарға арналған.
Дербес компьютерлердің кең таралуы мен қолданылуына келесідей сипаттамалары ерекше ықпал етті:
1) адамның компьютермен қатынас жасау тәсілінің қолайлылығы;
2) құнының арзандығы;
3) көлемінің шағындығы мен қоршаған орта жағдайына арнайы талап қоймайтындығы;
4) құрылымының―ашықтығы нәтижесінде пайдаланушылар әр түрлі шалғай құрылғылар қосып және компьютер қуатын жетілдіре отырып, ДК-нің мүмкіндіктерін кеңіте алады.
5) жаңа нұсқалары мен модельдерінің бағдарламалық және құрылғылық үйлесімділігі;
6) әр түрлі қолдану салаларына арналған бағдарламалық құралдарының мол болуы;
7) жұмыс істеудегі жоғары сенімділігі.
Атқаратын қызметі бойынша дербес компьютерлерді үш топқа бөлуге болады:
Тұрмыстық ДКжалпы тұтынушыға арналған, сондықтан олар мейлінше арзан, сенімді және базалық конфигурациясы өте қарапайым болуы тиіс. Тұрмыстық ДК үй жағдайында ермек үшін (бейне ойындар), оқу және жаттығу үшін қолданылады. Дегенмен бұл машиналардың құрылымы оларды байланыс арналарына қосуға, шалғай жабдықтарының жиынын кеңейтуге мүмкіндік береді. Біраз жаңартулар енгізсе, бұл модельдер мәтін өңдеуге, шағын ғылыми және инженерлік есеп шығару үшін қолданылуы мүмкін.
Жалпы мақсаттағыдербес компьютерлер ғылыми-техникалық және экономикалық сипаттағы есеп шығару үшін, сондай-ақ оқу жаттығу үшін қолданылады. Олар пайдаланушылардың жұмыс орнында: кәсіпорындарда, мекемелерде, дүкендерде, қоймаларда және т.с.с. орналастырылады.
Бұл класс машиналарының жедел жадының сыйымдылығы мейлінше үлкен және иілгіш, қатқыл магниттік дискілерде сыртқы жадысы, меншікті мониторы болады. Интерфейстер көптеген шалғай құрылғылар мен есептеу желісінің құрамында жұмыс істеуге арналған құралдарды қосуға мүмкіндік береді. Жалпы мақсаттағы дербес компьютерлерді, негізінен компьютердің арнайы маманы емес жалпы пайдаланушылар қолданады. Сондықтан олардың құрамында: операциялық жүйелер, алгоритм тілдерінен аударғыштар, қолданбалы бағдарламалар жасауын қамтитын, жетілдірілген бағдарламалық жасауымен жабдықталған.
Аппаратура құрамына мәтіндік те, графикалық та материалдарды шығаруға арналған құрылғылар, басу сапасы жоғары принтерлер кіреді.