Факультетінің деканы п.ғ. к


Әр түрлі жас кезеңіндегі психикалық дамудың ерекшеліктері



бет70/127
Дата06.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13498
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   127
1. Әр түрлі жас кезеңіндегі психикалық дамудың ерекшеліктері.

Бала туғаннан ересек кезеңге дейін бірнеше жастық кезеңдерден өтеді. Әрбір кезең өзінің психофизиологиялық ерекшеліктерімен, белгілі бір ұзақтығымен өтеді, бұл ерекшеліктерді әрбір ата-ана, мұғалім білуі керек.



Жастық кезеңдерге бөлу – бұл әрбір кезеңнің-айналадағылармен қарым-қатынас, жеке адамдардың психикалық құрылымы, анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жүргізіледі.

1.Нәрестелік кезең – туғаннан бір жасқа дейін. Жетекші іс-әрекеті – эмоциональды қатынас. Осының нәтижесінде балада бағдарлау және сенсорлы-манипулятивті әрекет, көру, есту, қимыл-қозғалыс әрекеттері жүзеге асады. Бұл кезеңде үлкендермен қарым-қатынас қалыптасады.

2. Сәбилік кезең – 1-3 жас. Алғашқы балалық, бөбектік кезең. Жетекші іс-әрекет-заттық іс-әрекет, үлкендердің қатысуымен заттық байланыс. Бұл уақытта баланың тілі шығып, сөйлейді. Көрнекі-іс-әрекетті ойлау қалыптасады.

3. Мектепке дейінгі кезең – 3-7 жас. Жетекші іс-әрекеті – рөльдік ойындар, баланың қимыл-қозғалысы ойын үстінде қалыптасады. Бұл уақыт мектепке дайындық кезеңі.

4. Кіші мектеп жас кезеңі – 7-10 жас. Жетекші іс-әрекеті – оқу. Оқу нәтижесінде, танымдық құбылыстары қалыптасып, заттар, айнала қоршаған орта туралы білімі қалыптасады.

5. Жеткіншектік кезең – 11-15 жас. Жетекші іс-әрекеті – қоғамдық пайдалы еңбекке араласуы. Басты ерекшелігі - өзін-өзі бағалау, айналадағыларға «сын» көзбен қарау, ересектерге еліктеу т.б.

6. Жасөспірімдік кезең – 15-18 жас. Жетекші іс-әрекеті – кәсіби бағдар. Осының нәтижесінде оның өмірге көзқарасы, мамандыққа қызығушылығы, өзіндік сана-сезім, арманы мен мұраты қалыптасады.

Жас кезеңдеріне бөлуді біле отырып, мұғалім мынаны білуі қажет: бала дамуы жай, бірқалыпты және дағдарысты, кризистік жағдайда өтеді. Зерттеушілер баланың кризистік кезеңдері – 3 жаста, жеткіншектік жаста күшті өтетінін анықтаған.

Мұғалім сондай-ақ, баланың әрбір жас кезеңінде психикасының белгілі бір жағының оптимальды даму жағдайда өтетінін атап өтеді. Бұндай кезеңді сензитивті (сезгіштік) кезең деп атады. Мысалы, 1-3 жасқа дейін баланың тіл үйрену кезеңі, яғни тіл дамуының сензитивтік кезеңі. Мектепке дейінгі кезең-мектепке оқуға бейімделу кезеңі т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет