«Фармацевттікөндірістіңтехнологиясы» кафедрасы е 044/270-2021


Экспериментті ротатабельді жоспарлау (ЭРЖ)



бет30/68
Дата27.11.2023
өлшемі2,69 Mb.
#129194
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68
Экспериментті ротатабельді жоспарлау (ЭРЖ)
Екінші аталуы - Бокс-Хантер жоспарлары. Ортогональды жоспарлар ротатабельділік қасиетіне ие емес. ЭРЖоспарлау ОКЖоспарлаумен салыстырғанда дәлірек математикалық модельді алуға мүмкіндік береді. Бұл жоспар орталығындағы тәжірибелер санын көбейтумен және жұлдыздық α йығын арнайы таңдау арқылы іске асырылады. ЭРЖ сипаттамалары 6.8 кестеде келтірілген.
Кесте 6.8.
Тәжірибелер санын есептеу

Саны

α мәні

факторлар - k

тәжірибелер

ТФЭ

жұлдыздық нүктелерде

жоспар ортасында – N0

барлығы - N




2

4

4

5

13

1,414

3

8

6

6

20

1,680

4

16

8

7

31

2,000

5

32

10

10

52

2,378

Регрессия теңдеуінің кэффициенттері өзара корреляциялған, сондықтан, матрицалық (5.14) өрнекті пайдалана отырып оларды табуға болады, яғни, матрицаны айналдыру амалын орындау керек. Бырақ осы матрицаның ерекше түріне байланысты ЭРЖоспарлауда регрессия теңдеуінің коэффициенттерін және олардың дисперсияларын есептеу үшін аналитикалық өрнектерді алуға болады. Олардың түрі:
(6.15)
, (6.16)
мұндағы аi мәндері 6.9 кестеде келтірілген.
Кесте 6.9

k

N

N0

α

a1

a2

A3

a4

a5

a6

a7

2

13

5

1,412

0,2000

0,1000

0,1250

0,2500

0,1251

0,0187

0,1000

3

20

6

1,682

0,1663

0,0568

0,0732

0,1250

0,0625

0,0069

0,0568

4

31

7

2,000

0,1428

0,0357

0,0417

0,0625

0,0312

0,0037

0,0357

5

32

6

2,000

0,1591

0,0341

0,0417

0,0625

0,0312

0,0028

0,0341

Ұдайы өңдіру дисперсиясын жоспар орталығындағы тәжірибелер бойынша анықтайды:


.
Қалдық дисперсия келесі формула бойынша анықталады:
.
Регрессия теңдеуінің адекваттылығын Фишер критериі бойынша анықтайды:
,
мұндағы адекваттылықтың дисперсиясы:

Егер болса, мұнда: . теңдеу адекватты болады
Коэффициенттердің мағыналығын Стьюдент критериі бойынша анықтайды, бырақ, егер квадраттық критерийлердің біреуі мағынасыз болып қалса, онда оны алып тастағаннан кейін регрессия теңдеуінің коэффициенттерін қайта есептеп шығу керек.

Бақылау сұрақтары


1 экспериментті жоспарлаудың негізгі принциптері;
2 бөлшек факторлық эксперимент;
3 экспериментті ортогональды жоспарлау.

Негізгі әдебиет



  1. Ахназарова С.Л., Кафаров В.В. Методы оптимизации эксперимента в химической технологии: Учебное пособие для вузов. - 2-е изд., перераб. и дополненное. -М.: Высшая школа, 2015. -327с.

  2. Построение математических моделей химико-технологических процессов. Под ред. Дудникова Е.Г. - Л.: Химия, 1970. –312 с.

  3. Практикум по автоматике и системам управления производственными процессами: учеб. пособие для вузов /под ред. И.М.Масленникова. -М.: Химия, 2016. -336с.

Қосымша әдебиет



  1. Толчеев В.О., Ягодкина Т.В. Методы идентификации линейных одномерных динамических систем. -М.: Изд-во МЭИ, 2007

7 лекция Идентификациялаудың жалпы мәселелері. Негізгі анықтамалар.
Мақстаы: лекцияда уақыттық қатарлардың негізгі сипаттамаларын, идентификаттаудың жалпы мәселелерін, негізгі анықтамаларды, басқару объектілерін корреляциялық талдау әдісімен идентификациялауды қарастыру.


Тезистер
Уақыттық қатарлардың негізгі сипаттамалары
Толығырақ ([1-4] қара). Негізгі түсініктер: кездейсоқ шама (КШ) және кездейсоқ урдіс (КҮ), уақыттық қатар (ҰҚ), жүзеге асыру, ансамбль, стационарлы КҮ, эргодикалық КҮ, баға. Стационарлы КҮ математикалық күтімі мен дисперсиясы тұрақты.
Уақыттық қатар (немесе динамика қатары) — ол кейбір еркін айнымалы шаманың уақыт бойынша реттелген мәндерінің тізбектілігі. Сонымен, уақыттық қатардың деректердің жай сұрыптамасынан айырмашылығы маңызды. Берілген айнымалының әр жеке мәні уақыттық қатардың есепке алынуы (санағы) (элементтер деңгейі) деп аталады.
Сонымен қатар, сұрыптау – белгілі бір процедура арқылы зерттеуге қатысу үшін бас жиынтықтан таңдап алынған жағдайлардың жиынтығы (сынақталатын объекттер, оқиғалар, үлгілер).
Уақыттық қатарларды талдау – уақыттық қатарлардың құрылымын айқындауға және оларды болжауға арналған математика-статистикалық талдау әдістерінің жиынтығы. Бұлардың қатарына, жеке жағдайда, регрессиялық талдау әдістері жатады. Уақыттық қатардың құрылымын айқындау талданатын уақыттық қатардың көзі болып табылатын құбылыстың математикалық моделін құру үшін қажет. Уақыттық қатардың болашақ мәндерін болжау шешімдерді тиімді қабылдау үшін пайдаланылады.

Сурет 7.1 – Уақыттық қатар мысалы
Уақыттық қатарлар екі элементтерден тұрады:

  • Сол аралықта немесе сол мезгілдегі күй бойынша сандық мәндер келтірілетін уақыттың периоды;

  • Қатардың деңгейлері деп аталатын кейбір көрсеткіштің сандық мәндері.

Уақыттық қатарлар келесі белгілері бойынша жіктеледі:

  • деңгейлерді бейнелеу түрлері бойынша:

    • абсолютті көрсеткіштер қатарлары;

    • салыстырмалы көрсеткіштер қатарлары;

    • орташа шамалар қатарлары.

  • Уақыттың әр моментінде олар үшін деңгейлері анықталатын көрсеткіштер саны бойынша: бірөлшемді және көпөлшемді уақыттық қатарлар;

  • Уақыттық параметрдің сипаты бойынша: моменттік және интервалдық уақыттық қатарлар. Моменттік уақыттық қатарларда деңгейлер уақыттың белгілі бір моменттеріндегі күйі бойынша көрсеткіштің мәндерін сипаттайды. Интервалдық қатарларда деңгейлер уақыттың белгілі бір периодтарында көрсеткіштің мәндерін сипаттайды. Абсолютті шамалардың интервалдық уақыттық қатарларының маңызды ерекшелігі барлық деңгейлерді қосындылау мүмкінділігінде. Абсолютті шамалардың моменттік қатарларының жеке деңгейлері қайталап есептеу элементтерін қамтиды. Бұл моменттік қатарлардың деңгейлерін қосындылауды мағынасыз етеді.

  • Даталар мен уақыт интервалдары арасындағы ара-қашықтық бойынша бір-бірінен ара-қашықтықтары бірдей – тіркеу немесе периодтардың аяқталу даталары бірінен кейін бірі бірдей интервалдармен ілесетін болғанда; және толық емес (бір-бірінен ара-қашықтықтары бірдей емес) – бірдей интервалдар принципі сақталмаған жағдайда;

  • өткізіп алынған мәндердің бар болуы бойынша: толық және толық емес уақыттық қатарлар;

  • уақыттық қатарлар детерминді және кездейсоқ болады: біріншілерді кейбір кездейсоқ емес функция мәндерінің негізінде алады (айдағы күндер саны туралы тізбектелген деректер қатары); екіншілері кейбір кездейсоқ шаманың жүзеге асырылу нәтижесі.

  • негізгі тенденцияның бар болуына тәуелді стационарлы қатарларды – оларда орташа мән және дисперсия тұрақты және бейстационарлы - дамудың негізгі тенденциясын қамтитын қатарларды ерекшелейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет