«Фармацевттікөндірістіңтехнологиясы» кафедрасы е 044/270-2021



бет7/68
Дата27.11.2023
өлшемі2,69 Mb.
#129194
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68
Масштабтық модель — ол физикалық табиғаты оригиналдың табиғатымен бірдей, бырақ одан айырмашылығы масштабта болатын жүйе. Масштабтық модельдің әдістемелік негізі ұқсастық теория болып табылады. Ол оригинал мен модельдің геометриялық ұқсастығын және олардың параметрлері үшін сәйкес масштабтарды сақтауды көздейді.
Аналогтық модельдер деп физикалық табиғаты оригиналдан өзгеше бырақ оригиналмен жұмыс жасау үрдістері ұқсас жүйелерді атайды. Бұл жағдайда міндетті шарт – зерттелетін объект пен оның моделінің параметрлерінің арасындағы бір мәнділік сәйкестік, және сонымен қатар, оларда өтетін үрдістердің өлшемсіз математикалық сипатталуларының бірдейлілігі болып табылады. Аналогтық модельді құру үшін зерттелетін жүйенің математикалық сипатталуының бар болуы қажет. Аналогтық модельдер ретінде механикалық, гидравликалық, пневматикалық жүйелер пайдаланылады, бырақ ең кең қолданысқа электрлі және электрондық аналогтық модельдер ие болды. Оларда тоқ күші немесе кернеу табиғаты басқа болатын физикалық шамалардың аналогтары болып табылады. Аналогтық модельдердің ерекшелігі олардың иілгіштігі және модельденетін жүйенің сипаттамалары мен параметрлерінің сандық мәндерін өлшеуге және өзгеруіне бейімделу қарапайымдылығы болып табылады. Аналогтық модельдерді есептеуіш техника құралдарын логикалық элементтер және электрлі тізбектер деңгейінде зерттеу барысында және сонымен қатар, жүйенің жұмыс жасау мысалы дифференциалдық немесе алгебралық теңдеулермен сипатталатын жүйелік деңгейде пайдаланады.
Математикалық модельдер. Математикалық модель жүйені абстрактілі тіл арқылы, жеке жағдайда, жүйенің жұмыс жасау үрдісін бейнелейтін математикалық қатынастар көмегімен формаланған сипаттау болып табылады. Модельді құрастыру үшін кез-келген математикалық құралдарды пайдалануға болады — алгебралық, дифференциалды және интегралдық есептеуді, жиындар теориясын, алгоритмдер теориясын және с.с. Кең мағынада бүкіл математика объекттер немесе үрдістердің модельдерін құрастыру және зерттеу үшін құрылған.
Сонымен қатар, жүйелерді абстрактілі сипаттау құралдар қатарына химиялық формулалар тілі, схемалар, сызбалар, карталар, диаграммалар жне с.с. жатады. Модель түрін таңдау зерттелетін жүйенің ерекшеліктеріне және модельдеу мақсаттарына байланысты, себебі модельді зерттеу белгілі сұрақтар тобына жауап алуға мүмкіндік береді. Басқа ақпаратты алу үшін модельдің басқа түрі қажет болуы мүмкін.
Модельдеу мақсаттары мен оригиналға тән сипаттар қорытындыда модельдің бір қатар басқа ерекшеліктерін және оларды зерттеу әдістерін анықтайды. Мысалы, математикалық модельдерді детерминді және ықтималдық (стохастикалық) түрлерге жіктеуге болады. Біріншілері модельдің параметрлері мен сипаттамалары арасында бірмәнділік сәйкестікті орнатады, ал екіншілері – сол шамалардың статистикалық мәндері арасында. Модель түрін таңдау кездейсоқ факторларды есепке алу қажеттілік дәрежесіне тәуелді. Математикалық модельдер арасында оларды зерттеу әдісі бойынша аналитикалық, сандық және имитациялық модельдерді ерекшелеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет