Тезістер Математикалық модельдер классификациясы Объектілер мен жүйелерді классификациялаудың түрлі әдістері ұсынылуы мүмкін, олардың арасында негізгілерін қарастырайық.
Физикалық модельдер. Классификациялау негізіне оригиналдан модельді абстракциялау дәрежесі қойылған. Алдын-ала барлық модельдерді екі топқа жіктеуге болады: материалдық (физикалық) және абстрактілі (математикалық). Әдетте физикалық модель деп оригиналға эквивалентті немесе ұқсас жүйені, немесе жұмыс жасау үрдісі оригиналдағыдай және физикалық табиғаты дәл сондай немесе басқа болатын жүйені атайды. Физикалық модельдердің келесі түрлелір ерекшелеуге болады: натурал, квазинатурал, масштабтық және аналогтық.
Натурал модельдер— ол нақтылы зерттелетін жүйелер. Оларды макет немесе тәжірибелік үлгілер деп атайды. Натурал модельдер жүйе-оригиналмен толығымен адекватты, сондықтан ол модельдеу нәтижелерінің жоғары дәлділігі мен шынайлығын қамтамасыз етеді. Есептеуіш жүйелерді жобалау үрдісі көбінесе тәжірибелік үлгілерді сынақтаумен аяқталады. Квазинатурал модельдер натурал және математикалық модельдер жиынтығы болып табылады. Модельдердің бұл түрі жүйенің бір бөлігінің математикалық моделі қанағаттанарлықсыз болған жағдайларда (мысалы, адам-оператор моделі) немесе жүйенің бір бөлігі басқа бөліктермен өзара әрекеттесуінде зерттелуі тиіс, бырақ олар әле жоқ немесе оларды модельге кірістіру қиын немесе қымбат болған жағдайларда пайдаланылады. Квазинатурал модельдердің мысалы ретінде оларда түрлі жүйелердің программалық қамтамасыз етілуі орындалып тексерілетін есептеуіш полигондар немесе сәйкес өндірістердің математикалық модельдері мен бірге зерттелетін нақтылы АБЖ қызмет атқара алады.