Сигнальдық адаптациясы бар жүйелерде өзіндік баптау эффектіге басқарушы құрылғының параметрлерін өзгертпестен компенсациялаушы сигналдар көмегімен қол жеткізіледі. Өзінде адаптацияудың екі түрін де үйлестіретін жүйелер комбинирленген жүйелер деп аталады. Олар бейсызықты жүйені немесе параметрлері ауыспалы жүйені басқару үшін пайдаланылады. Мұндай жүйелер қатарына, мысалы, асинхронды машиналарды, магниттік жастықтағы транспорт құралдары, магниттік подшипниктер және с.с. жатқызады. Механикалық жүйелер арасынан инверстік маятник, көтергіш транспорттық машиналар, роботтар, қадамдап жүруші машиналар, су астында жұмыс жасаушы аппараттар, ұшақтар, ракеталар және басқарылатын жоғары дәлдікті қару түрлерін және с.с. атауға болады.
Сонымен, басқару жүйелердің тиімділігін жоғарылату мақсатында адаптивті басқару жүйелері идеясы жетілдіріледі. Адаптивті басқару жүйелерінің параметрлері фиксацияланған жүйелерден негізгі айырмашылығы – олар объекттердің өзгеретін сипаттамаларына және олардың ішінде өтетін үрдістерге бейімделіне алады (дәлірек бапталана алады) (сурет 14.1). Реттегіштерді баптаудың негізгі екі тәсілі бар:
тікелей байланыспен баптау (ажыратылған цикл бойынша адаптация);
кері байланыспен баптау (тұйықталған цикл бойынша адаптация).
Егер сыртқы кіріс факторларға (тікелей өлщеуге қолжетерлік) тәуелді реттегіш қалай бапталуы тиіс екендігі белгілі болса, онда баптаудың тікелей әдісін пайдалануға болады.
Объекттің динамикалық қасиеттерін тікелей бағалау мүмкін болмаған жағдайларда кері байланысы бар баптауды нмемесе тұйықталған контур бойынша адаптациялауды пайдалануға мәжбүр боламыз. Бұл кезде объект туралы ақпараттың қажетті минимумын кіріс және шығыс сигналдарды өлшеулерді өңдеу арқылы алады. Адаптацияны пайдалану құрылымды көз қарастан екінші кері байланысты және сәйкесінше екінші тұйықталған контурды енгізумен тең күшті.
А – баптау алгоритмі, Р – реттегіш, О – басқару объекті, w – берілген айнымалының векторы,
ew – басқару қателігі ew =w – y.
Сурет 14.1 – Адаптациядағы құрылымдық идентификаттау
Барлық адаптивті реттегіштерді екі класқа жіктеуге болады: өзіндік оптимизацияланатын реттегіштер және эталондық моделі бар реттегіштер.
Реттегіштері бар немесе эталондық моделі бар реттегіштері бар басқару жүйелерде адаптациялау үрдісі үш кезеңде өтеді: объектті (эталондық модельді) немесе басқару жүйені тұтасымен идентификаттау; реттегішті есептеу; реттегішті баптау.