Фармакология негіздері


А) Жүрек гликозидтері Б) Гликозидті емес кардиотоникалық әсерлі дәрілер. А) Жүрек гликозидтері



бет49/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   80
А) Жүрек гликозидтері
Б) Гликозидті емес кардиотоникалық әсерлі дәрілер.
А) Жүрек гликозидтері өсімдіктен алынған жүрек жеткіліксіздігінде қолданатын күрделі органикалық қосылыстар.
Жүрек гликозидтерінің әсері: систолалық және минуттық қан көлемін арттырады, жүректің жиырылу жылдамдығын төмендетеді, тамырлардағы қысымды азайтады, артериялық қысымды қалпына келтіреді, жүрек қан-тамырларында қан айналымын жақсартып, диурезді күшейтеді, асқазан-ішекте сіңу мен жылжыту қызметі жақсарып, салмақ азаяды. Мидағы және жалпы қан айналым жақсарып оттегі тапшылығы төмендейді. Тыныс орталығының қозуы төмендеп, ентігу азаяды.
Жүрек гликозидтері қолданылады:

  • Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде және оның алдын алу үшін;

  • суправентрикулярлы тахикардияда;

  • жыпылық аритмиясында;

  • пароксизмальды тахикардияда;

  • жүрекше (трепетание предсердий) дірілінде;

Дәрілері:

  1. Ұзақ әсерлі жүрек гликозидтері: Дигитоксин (Digitoxinum) - әсері 2-3сағаттан соң басталып, 14 күнге дейін созылады;

0,0001таблетка; 0,00015г ембалауыз түрінде шығарылады.

  1. Орташа әсерлі жүрек гликозидтері: Дигоксин (Digoxinum) әсері 30минут\ -1 сағатта басталып, 2-4 күнге созылады.

Дәрілік түрлері: 250мкг таблетка және 0,025%- 1мл ампула. Целанид (Celanidum) әсері 10-20минутта басталып, 2 сағатқа созылады. Дәрілік түрлері: 250мкг таблетка және 0,02%- 1мл ампула. Ұзақ және орташа әсерлі жүрек гликозидтері созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде қолданылады.

  1. Қысқа және тез әсерлі жүрек гликозидтері: Коргликон (Corglyconum) әсері 2– 3минут, Строфантин (Strophantinum K) әсері 5-10 минутта басталып, 1-1,5 сағатта толық әсер беріп, 2 күнге дейін созылады. Дәрілік түрі: Коргликон 0,06%- 1мл ампула. Строфантин 0,025%- 0,05%- 1мл ампулада.

Коргликон 0,06% ерітіндісі ересектерге 0,5-1,0мл, 2-4 жасар балаларға 0,2-0,5мл, 6-12 жасар балаларға 0,5-0,75мл-ден 10-20мл 20%-40% Глюкоза ерітіндісімен араластырылып көктамырға баяу 5-6 минут ұзақтықта енгізіледі. 8-10сағаттан кейін қайта енгізуге болады. Строфантин 0,025%- 1мл ерітіндісін 10-20мл 5%, 20%,40% Глюкоза ерітіндісімен немесе 0,9%-10-20мл натрий хлорид ерітіндісімен араластырылып көктамырға баяу 5-6 минут ұзақтықта енгізіледі. Жылдам енгізген жағдайда шок болады. 0,9%-100мл натрий хлорид ерітіндісімен немесе 5%-200мл Глюкоза ерітіндісімен араластырылып көктамырға тамшылатып енгізуге болады. Бұлшықетке енгізу керек болса, енгізетін аймаққа алдын ала 2%-5мл Новокаин енгізіп, сол ине арқылы басқа шприцте Строфантин мен 2%-1мл Новокаин араластырып енізіледі.

Жүрек гликозидтеріне қарсы көрсеткіш: брадикардия, жүрек өткізгіштігінің бұзылуы, гипокалиемия, гиперкальциемия, қарынша тахикардиясы, өкпе ісінуі, кардиогенді шок.
Жүрек гликозидтерімен интоксикация болғанда білінеді: жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылыстары, іш түйілу, анорексия, құсу, лоқсу, бас ауру, шаршау, алаңдаушылық, қобалжу, ұйқысыздық, апатия, көз көруінің бұзылыстары.
Интоксикацияға әкелетін қатерлі факторлар: кәрілік, жүрек жеткіліксіздігінің асқынулары, миокард инфарктісі, миокардтағы аумақты ишемия.
Интоксикация болғандағы көмек:

  • Жүрек гликозид препараттарының мөлшерін азайту немесе доғару, асқазан шаю, іш жүргізетін тұзды ерітінділерді қолдану (ішуге, клизмамен).

  • атравентрикулярлы өткізгіштіктің бұзылысы мен созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі болмаса калий препараттарын қолдану.

  • Дифенин (Фенитоин) 100мг көк тамырға баяу, сосын 100мг 4-6 рет ішуге.

  • Лидокаин 100мг көк тамырға болюсті.

  • атравентрикулярлы блокадада - β-адреноблокаторлар қолдану

  • II- III дәрежелі атравентрикулярлы блокадада - атропин 0,5- 1мг көк тамырға

  • 5%- 500мл Декстрозаға 6 ӘБ инсулин қосып, калий хлориді -1,5г, магний сульфаты- 2,5г.

Интоксикацияны болдырмас үшін жүрек гликозидтерінің элиминациясын есептеп, әр пациентке қолданылатын жеке дозаны анықтайды.
Жүрек гликозидтерін басқа дәрілермен біріктіргенде болатын жағымсыз кері әсерлер:

  • Диуретиктермен, глюкокортикоидтармен біріктіргенде гипокалиемия дамиды;

  • Кальций препараттарымен көктамырға бірге салғанда аритмия, тіпті жүрек тоқтауы мүмкін;

  • Хинидин, Верапамил, Нифедипин, Амиодарон дәрілері қандағы Дигоксиннің концентрациясын ұлғайтады;

  • Антацидтер, гастропротекторлар асқазан ішек жолдарында жүрек гликозидтерінің сіңуін тежейді;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет