2.1 Шәкәрім Құдайбердіұлының діни-философиялық көзқарастары
Қазақ халқының философиялық – қоғамдық ой пікірлерін зерттеу ХХ ғасырдың басынан қолға алынды. Бірақ бұл зерттеулерде сыңаржақ көзқарас басым. Ол кезде қоғамдық ойдың қалыптасуын таптық тұрғыдан қарастырды. Бұл бағыт, әрине, ғылымның объективті дамуына кері әсерін тигізді. Барлық даналықты батыс ойшылдарынан, басқадан іздеген кезде ұлттық философиялық ой - пікірлердің тарихына көз жіберуге үстемдік еткен тоталитарлық жүйе мүмкіндік бермеді.
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақ халқында өзіне лайықты бай рухани мұрасы бар. Соның негізін философиялық ой тұжырымдар құрады.
Қазақтың рухани мәдениеті мен зор үлес қосқан ойшылдардың бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шәкәрімнің философиялық көзқарасы - ұлттық философияның қалыптасуына зор ықпалын тигізген құбылыс. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты», «Үш анық» аталатын еңбектерін, поэзиясын гуманистік және адамгершілік мұраттарды, демократиялық ағартушылық идеяларды уағыздаған мұра деп бағалау керек. Шәкәрімнің философиялық ойларында өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық көріністері, ақыл – ой ізденістері, талғамды тұжырымдары із қалдырды. Ол қазақ қоғамының рухани өсуіне көмектесуді, жастарды ғылым – білім, өнерге баулуды мұрат тұтты.
Ұлы ойшыл, гуманистік қайшылыққа толы қоғамда өмір сүрді. Шәкәрімнің дүниеге, өмірге, табиғатқа, сан – сала құбылыс көріністерге, дінге көзқарастарында кейбір қайшылықтар кездескенімен, ол ешқашан дінге берілген фанатик, барлығын жоққа шығартып пессимист болған емес. Шәкәрім көбінесе рационализмге, деизмге бейім болды. Бұл философиялық бағыт бойынша дүниені жаратушы бір күш бар дегенді мойындау, оның дәлелі табиғаттың жарасымдылығы, қозғалысы, өмірде ақиқат, шындық, білім – ғылым, ақыл мен сезім дамуы арқылы іске асатынын, адамның болмысты танып білуі адам өзін - өзі жетілдіру арқылы жүзеге асатынын түсінуге болды.
Шәкәрімнің лирикалық шығармашылығының басты ерекшеліктерінің бірі – ойшыл, философ. Оның лирикасында көңіл-күй, ішкі сезім, махаббат тақырыбы елеулі орын алады. Дегенмен, Шәкәрім лирикасында сырлылықтан гөрі ойшылдық басым, философиялық интонация күшті. Шәкәрімнің поэзиясына тән ойшылдық, философиялық ойшылдықтың сыры неде? Оның үстіне көп ізденді, көп оқыды. Ол қазақтың белгілі ақын-жыраулары, ақын-жырауларымен қатар көне түркі ақындарының, араб, парсы, орыс, батыс ақындарының шығармаларын жетік білген. Тарих, философия, дінтану, психология, шығыстану, түркітану салаларындағы түрік, орыс, араб тілдеріндегі ғылыми еңбектерді жалықпай оқыған білімді де кемеңгер тұлға.
Шәкәрім қазақ поэзиясында бұрын дамымаған философиялық лириканың жаңа түрлерін жасап, бұл салаға үлкен жаңалық енгізді. Ойшыл ақын адам ақыл-ойына үлкен мән береді. Ол адамның дүниені, өмір құбылыстарын түйсік арқылы сезіну, сезіну, қабылдау қабілетін, әсер ету қабілетін және көзге көрінбейтін, көзге көрінбейтін нәрселердің ішкі сырын тану қабілетін ажыратады. қол, ой күші, парасат пен логика, мен мұны адамгершіліктің негізгі түйіні деп санаймын. Ақыл, парасат кез келген нәрсені, құбылысты дұрыс түсініп, дұрыс бағалауға, ақ пен қараны ажыратуға мүмкіндік береді. Сондықтан «ақылмен сыналмаған амалдардан сақтану» деп түйінделген.
Дүниетанымның, ғылымның да негізгі тірегі - ақыл–ой, ойлау қабілеттілігінің қуаттылығы, ой – тұжырымдарының логикалық қисындылығы деп санайды. Бар ғылымның түп атасы – таза ақыл мен ойлану.
Шәкәрім ойлау, ойлану деген ұғымға үлкен мән береді, оны өмір – болмыстың, дүниенің ғажап сырларына терең бойлау, не нәрсені болсын ақылмен сынап, ұғып – түсіну мағынасында алып қарайды.
Шәкәрімнің дүниенің, жаратылыстың қозғаушы күші, адам өмірінің, тіршіліктің мәні мен сыры, жан мен тән секілді мәселелерді ғылыми ұғым түсініктермен ұштастыра толғайтын философиялық өлеңдері өз алдына бір тақырыптық арна болып қалыптасты.
Ақынның діншілдігі, жаратушы Аллаға сенімі, оның ойшылдығымен жалғасып, дүниеге көзқарасындағы бірлік – біртұтастықты танытады. Шәкәрім дүниедегі «сансыз кереметті кім жаратса – тәуірі сол» дейді. Тәңіріні іздеу, жаратқан Аллаға сену – ақиқатты іздеу, сол арқылы «ең түпкі жаратушы – мінсіз ие» деп түйіндеуінен айқын аңғара аламыз.
«Тау бойындағы ой» деген өлеңінде дөңгеленген жердің күнді айналып жүретінін көзбен көру арқылы емес, ойлау, топшылау арқылы анықталған дегенді айтады.
«Ей, жастар, қалай десек, бұл дүние» деген және басқа да өлеңінде Шәкәрім дүниеде таңқаларлық және өте көп, алайда бәрінде де заңдылық, қисын бар деген пікір айта келіп, «себебі тойымдының ісі толық» дейді. Яғни, бұдан дүниенің кереметтігі шексіз болса, жаратушының құдіреті те шексіз деген мағына туады. Шәкәрімнің философиялық өлеңдері ой тереңдігі, пікір сынылығымен, танымдық және моральдық адамгершілік мәселелерін ұштастыра, білуімен оқымысты ақынның өнерпаздық тұлғасына сай интелектуалдық сипат алған.
Шәкәрім философиясының негізгі өзегі - адам. «Адамның мәні – оның дүниені танып білуінде, ол тек адамға ғана тән нәрсе», - дейді.
Шәкәрімнің философиялық ой сараптауын «Үш анық» трактатынан көруге болады, ол зерттеушінің 28 жылдық еңбегінің қорытындысы. «Үш анық» қазақ халқының тарихи тағдырына үлкен өзгеріс әкелген жылдары жазылған. Бірінші орыс революциясы, бірінші дүниежүзілік соғыс, ақпан, қазан революциялары және тағы да басқа оқиғалар қазақ жеріне көп әсерін тигізді. Осы жағдайлар Шәкәрімді немқұрайлы тыныштыққа қалдыра алмайды. Халқы туралы толғаным болашағы ойшылды қиналдырып, осы тоқыраудан шығу жолына итермеледі.
Өмірдің мәні не? – деген сұрақпен ол көне ойшылдарға сонымен қоса жаңа дәуірдің діни және философиялық әдебиеттерінен ізденіп, өзінің философиялық ойының тереңдігін көрсетеді.
Шәкәрім – эпик – ақын. Бұл саладағы Шәкәрім көзқарастары ұлы ағартушы Абай идеалымен үндес, өзектес, олай болса орыстың ұлы жазушы – демократтары Белинский мен Чернышевскийдің пікірлеріне сәйкес. Шәкәрімнің көптеген шығармалары әдептілік, мораль мәселесін сөз етіп жастарға ақыл – кеңес, өсиет түрінде айтылады да, патриархалдық, рушылдық салт пен нанымдар сыналады.
Оқу, ағарту, білімділік, мәдениеттілік, ақыл, қабілеттің жетілуі – адамзат тәртібінің сипаты мен қимыл әрекеттерге ақын аяусыз соққы беріп, халықтың мәденипрогреске, ғылым мен өнердің дамуына сәйкес әрекеттерді үлгі тұрарлық ең асыл моральдік қазына деп қарастырады. Яғни, бұрынғы бар ой, идеяларды толықтыра, өзіндік мәнермен жырлай отырып, ақын сана пікірлер айтады. Филоссофиялық ой- қиялға берілуі, өмірдің жеке фактілерін ала отырып, түйіндер жасау – оның философиялық лирикасының деніне тән.
Шәкәрім бойынша, Кеңістік пен Жан ұғымдары макро және микро ғарыштардың пайда болуының негізі болып табылады. Сондықтан да философ боламыз бұл екі ұғымдарды бірінші сатыға қояды.
Уақыт пен сезім нәтижесінде Ақыл ой мен Күн жүйесінің қалыптасып, дүниеге келуіне жағдай туады. Бірақ та Ақыл ой мен Күн жүйесі екі ғарыштық жүйеде де маңызды роль атқарады. Сондай – ақ Шәкәрім соңғы екі ұғымдарды ерекше бағалайды. Себебі екі ғарыштық жүйелер соңғы ұғымдарға тікелей тәуелді екендігі баршамызға аян.
Шәкәрім жаратылыстың негізі – жан, сезім, рух деп есептейді. «Жан» мен «тән» проблема ретінде әлемдік философияда ерте заманнан бері талқыланып келеді. Бұл тақырыптағы ойлар мен даулар ешқашан шешімін таппаған мәселелер. Адам ғаламның басты сыры болса, оның жан мәселесі, жанға байланысты мәселесі келешек ұрпақты да толғандырады. Демек, философия ғылымдары уақыт түсінігіне сай айтылатын мұндай ұғымдардың әлі де болса қатты өзгеріп, құбылып тұратынын екі жақты айта алады.
Жан мен тән дегенде, алғашқысына қарағанда соңғысы түсінікті. Жан деген жоқ дейді материалист ғалымдар. Олар үшін жан метафора. Кей физиолог ғалымдар жанды қан айналымы деп түсіндіреді. Онда бізге жанды ойды мойындамайды, жанды қазір психология ғылымы өз предметіне айналдырған. Біздің айтпағымыз, жанның барлығы, оны Платон субстанция дейді. Яғни жан бар шындық, бірақ көзге көрінер материалдық шындық емес. Мәселенің күрделігі және қиындығы сонда.
Абай хайуанда бар жан мен тән дейді. Ибн Сина өсімдік жаны, хайуан. Демек, Шәкәрім Құдайбердіұлының дүние танымындағы жан және тән проблемалары дегенде сөзді бұл мәселелер туралы тыңнан бастап отырғанымыз жоқ, әңгімені жалғастыру. Шәкәрім де жан мен тән туралы айтылған мол ойларды жинақтап ақиқатын саралауға тырысқан.
Шәкәрім адам өмірінің мағынасы мен мазмұнына терең назар аударған ойшылдардың бірі. Адам дүниеге келеді де кетеді. Өлім ол уақыттаң адамды жеңер. Ақылға салсақ, адам өмірі қарама – қайшылыққа толы.
Мұқтаждық өмір заңы бұл деп,
Мұңайтып ақыл жылатқан.
Жас өмір қызық оны біл деп,
Алдамшы өмір уатқан.
Ендеше, Ақиқат қайда, Ақиқатты қайдан іздеу керек. Ақиқатты адам таза ақыл арқылы танып білмек. Шәкәрімнің өзіндік санасы, оның сыншылдық көзқарастарын да ерекше көрініс тапқан. Ол Шопенгауэр, О. Конт тағы басқа философ ойшылдардың көзқарасын сынай келе, өзінің ой тұжырымдарын ұсынады. Сыншылдық Шәкәрімнің ойшыл ретіндегі өзіндік санасының ерекше көріністерінің бірі болып жойылады. Сыншылдық бұл Ақиқатқа жету жолындағы бұрмалаушылық пен көзбояушылықтан арылудың сара жолы. Ол абстрактілі емес нақты ойлаудың белгісі.
Адам өзіндік санасы толық қалыптасқанда ғана тұлға бола алады. Тылсым дүниенің сырына терең көзқараспен қарайтын ойшылдардың көбісі дүние жалғап, «ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда» (Абай), «сұм өмір», «абақты ғой саналыға» (Мағжан) деп жырлағаны анық. Ой дегеніміз адамның ішкі өмірі. Абайдың тілімен айтқанда, «Қартайдық қайғы ойладық, ұйқы сергек. Ашудың ашыған ой ойын кермек». Ой ащы, кермек татиды. Ол кейбір жағдайда адамға ауру да әкеледі. Ол ауру жәй ғана науқастың ауруы емес, керісінше, ол ауру – дүниенің тылсым құпия сырымен, әлемнің шешілмейтін қарама – қайшылықтарымен қайран дүниенің қайғы мұңымен ауру. Ендеше, бұл әркімнің басына жазылмаған. Ол бір жағынан бақыт та, бір жағынан қайғы. Өзіндік санасы жоғары дәрежедегі адам ғана бар әлемнің тылсым құпия сырымен, дүниенің жынысы мен бірге тыныстап, сол әлемнен өзінің орынын іздемек. Міне, бұндай мәселе ұлы ойшыл Шәкәрім шығармашылығында қайталанбас деңгейде орын табады.
Аурусыз жанға айла жоқ,
Аурулы жанға дәрі бар.
Аурусыз адам қайда жоқ,
Аурудан онда бәрі бар.
Аурусыз жандар – мисыздар
Мисызда ауру бола ма?
Тәні сау, миы науқастар,
Ондайға дәрі қона ма?
Милы да ойсыз күн болмас,
Ауырай миы тұра ма?
Миынан басқа еш қонбас
Ешдейін бе деп сұрама!
Бұл ауру әрбір адамның өзіне ғана тән. Ол өзіндік сана жоғары формаға ие болғанда ғана пайда болады. Адам дүниеге келгенде өмір мен бірге өлім де қоса туады. Кез келген өзіндік санасы жетілген адам өмірінің мағынасы туралы толғанып, дүниедегі өз орнын іздеуге тиіс. Адам өзінің қысқа ғұмырын немен ақтай алады. Бұл тіршіліктің ақтауы бар ма? Әрине ол шығармашылықта. Шығармашылық ол адамның өзіндік санасының ең жоғарғы формаларының бірі болып табылады.
Адам өз өмірін тек адамгершілігімен, ар-ожданымен ақтайды. Оған екі дүниеде де серік болады. Шәкәрім ілімі арқылы рух өзінің қайталанбас формасына енеді. Тәуелсіз өмір сүру мүмкіндігі өз санасын оятқан тәуелсіз адамдарға ғана беріледі. Сондықтан ар-ожданға сай өмір сүре білу – ең басты адамдық парыз.
Сонымен, Шәкәрімнің жақсылық пен зорлық, әділдік пен зұлымдық, ғылым мен имандылық, адам мен уақыт туралы ойлары қазақ философиялық ойының дамуына зор үлес қосты.
Достарыңызбен бөлісу: |