Ф.ғ. к., доцент Қалшабеков А. Б



бет7/8
Дата08.06.2023
өлшемі86,16 Kb.
#99864
1   2   3   4   5   6   7   8
ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен, Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани ізденістері нәтижесінде туындаған шығармалары жалпы адамзаттық мәселелерді тереңінен толғаған, берері мол құнды дүние. Ойшылдың мұраларында берілген идеяларының төркіні қазіргі рухани жаңару заманында таптырмас бұлақ. Тек сол рухани бұлақтың көзін ашып, сусындау өзін-өзі жетілдіруді көздеген әрбір адамға таптырмас қазына десек артық айтқандық емес.


Алаштың абзалы Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыз өзінің тағылым тұнған туындыларында Алланың ақ жолын барынша насихаттап, ұлтымыздың әділет ұранына айналдырды. Ол өзінің бай мұраларында қасиетті Құранды және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистерін баяндай отырып, ұрпақты қазақтың ата танымынан, тарих тамырынан ажырамауға үндейді.
Шәкәрім дүниетанымының басты ерекшелігі – дін мен руханият мәселесін қарастыру және рухани-құндылық категориялар жүйесін ұсыну. Ойшылдың рухани ізденісі бүгінгі күн талабы тұрғысынан қарасақ та, құнды рухани мұра. Ол адамдардың наным-сенім, діни және рухани тазалық мәселелеріне қатысты бірқатар ұсыныстар мен тұжырымдар жасады. Шәкәрім де өз шығармаларында рухани ұстазы Абай мен оның замандастары сияқты адам мен қоғам дамуының даңғыл жолын жан-жақты іздестірді, діннің ақ жолын қоғам дамуының рухани негізі ретінде көрсетіп, бұл әр адамның өмірлік бағдарын айқындайтынын тұжырымдаған. адалдық пен имандылық заңдарын басшылыққа алып, сенім мен білімге сену керек. рухани туындылар.
Қорыта айтқанда, Алаштың абызы Шәкәрім атамыз исламның Хақ жолын өз еңбектерінде терең зерделеп өткен. Ақынның ислам дініне, жаратушы Аллаға сенімі, оның ойшылдығымен жалғасып, дүниеге көзқарасындағы бірлік, біртұтастықты танытады. Шәкәрім дүниедегі «сансыз кереметті кім жаратса - тәуірі сол» - дейді. Тәңіріні іздеу, жаратқан Аллаға сену - ақиқатты іздеу, сол арқылы «ең түпкі жаратушы - мінсіз ие» - деп түйіндеуінен айқын аңғара аламыз. Адам Атадан бастап жер бетіне келіп-кеткен барлық пайғамбарлар Ұлы Жаратушының барлығы мен ақыреттің еш күмәнсіз хақ екендігін жар салса, жүрегі нұрланған күллі ғалымдар мен ұлы ойшылдар бұл сенімге бекем иланып, мына жалған уақытша өмірлерінің ағысын сол бір мәңгі өмірге қарай реттеп, бағыт түзеп ғұмыр кешкен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет