Фгз оқу –өндірістік тәжірибесідан өтуі туралы күнделік-есеп


Оймақгүл жапырақтары – листья напрстянки – Folia Digitalis



бет38/57
Дата09.05.2022
өлшемі335,17 Kb.
#33654
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   57
Байланысты:
кунделик 2021-2022 фгнозия практика УПП (1) (3)

Оймақгүл жапырақтары – листья напрстянки – Folia Digitalis

    Қара – қошқыл – Наперастянка пупуровая -  Digitalis pupurea L.

    Жасаңшөптер тұқымдасы – семейство норичниковые -  

    Scrophulariaceae

     Сипаттамасы. Digitalis туысына жататын өсімдіктердің 36 түрі анықталған. Оймақгүл екі немесе көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Бірінші жылы тамырсабақтарының жапырақтары пайда болады, ал екінші жылы және одан кейінгі жылдары ірі шашақты гүлдерден тұратын биік сабағы өсіп шығады. Оймақгүлдер 2 секцияға бөлінеді. І-ші секция – Grandiflorae: бұлар қызыл немесе сары гүлдерден тұратын бір жылдық шашақтар; гүл тәжінің түтікшесі қоңырау және оймақ тәрізді; бұларға ірі гүлді оймақгл, қара-қошқыл және кірпікті оймақгүлдер жатады. ІІ-ші секция – Globuliflora: күңгірт немесе ашық – бурыл түсті домалақ, бұларға түкті гүлді және татты оймақгүлдер кіреді.

   Қара- қошқыл оймақгүл - биіктігі 120 см екі жылдық өсімдік. Тамыржапырақтары ұзынша жұмыртқа тәріздес, ұзындығы 30 см ені 15 см. Төменгі сабақ жапырақтары жұмыртқа тәріздесі ұзындығы 20 см, сағақты, жоғарылары отырмалы. Жапырақтарының барлығының шеттері  тегіс емес. Жапырақ тақтасының үстіңгі беті әжімделген қою-жасыл түсті; төменгі бетіндегі талшықтары қөп бұрышты тор құрып шығыңқы орналасқан. Гүлдері бір біріне қарай шашақ құрып орналасқан., гүл тәжі ойық тәрізді ірі, ұзындығы 3-4 см, сыртынан қара-қошқыл түсті, ішінде көптеген ұсақ тұқымдар орналасқан. Қара қошқыл оймақгүлдің отаны – Батыс Европа. Ормандар ашық алаңқайларда, кесілген ағаштарда, шалындарда өседі. Өсімдік қоңыржай климатты, қыс қатты болмайтын орташа жауын-шашынды аймақтарда өседі. Мәдени түрлері жарық сүйгіш  және құрғақшылыққа төзімді Украина мен Солтүстік Кавказда плантацияларда мәдени түрде өсіріледі.

 Дәрілік шикізаты. Жапырақтары (Folia Digitalis)жинап алған соң тез арада 60-700С температурада кептіргіштерде кептіреді де гликозидтер гидролизін болдырмау мақсатында тез аяқтайды. Барлық оймақгүлдері жапырақтарының дәмі ащы иісі өзіне тән сүйкімсіз, Жапырақтарын Б-тізімі бойынша сақтайды.

   Дәрілік құрамы. Медицинада қолданылатын оймақгүлдерідің барлығында дәрілік карденолидтер кездеседі. Бұлардың агликондары бес гениндерден яғни, дигитоксингенин, гитоксигенин, гиталоксигенин, дигоксигенин және дигинатигениндерден тұрады. Жоғарыда аталған гениндердің қантты бөлігі болып дигиталоза, фукоза, глюкоза, глюкометилоза, ацетилдигитоксозалар саналады.

        Тірі өсімдіктерде карденолидтер біріншілік (генуинді) глкозидтер яғни, қант қалдықтарының көп мөлшері бар биосинтездің соңғы өнімі күйінде кезеседі. С-3 байланасында генинмен дигитоксоза байланысқан. Қанттар тізбегінде одан кейін дигитоксоза жалғасқан (1-2 молекуласы); соңғы моносахарид гликоза болып саналады. Жапырағын жинау әсіресе, оны кептіру кезінде ондағы ферментативті процестердің жүру әсерінен қанттар тізбегінің қысқару (гликозаның соңғы молекуласынан басталатын) жүреді. Екіншілік гликозидтер түзіліп, бұдан ары ұзындғы қысқа көмірсулы байланыстардың жай қосылыстары пайда болады. 

     Қолданылуы. Күлгін оймақгүлдің препараттары медицинада жүрек пен қан тамырларрының жұмысын реттейтін дәрмек ретінде кеңінен қолданылады. Препараттары ІІ және ІІІ сатыдағы қан айдаудың бұзылуында, гипертониялық ауыруларда қолданылады. Оймақгүлдің гликозидтері жүрек систоласын күшейтеді және диастоланы тереңдетеді, жүрек қағуын бәсеңдетеді және де зат алмасуын жақсартады. Басқа жүрек гликозидтеріне қарағанда оймақгүлдің препараттарының айқын кумулятивтік қабілеті бар, яғни гликозидтер баяу бөліне отырып ағзада жинап, әдеттегі емдік дозасы ұзақ қолдану барысында ағзаның улануына әкеліп соғады. Осыған байланысты оймақгүлдің препараттарын басқа жүрек дәрі-дәрмектерімен алмастырып отырады. Оймақгүлдің сапонидермен бірге қолдану арқылы оймақгүлдің препараттарыны ерігіштігін жақсартап, олардың сіңірілуін оңайлатады.

   Татты оймақгүлдің препататтары да күлгін оймақгүлдің препараттарымен бірдей әсер көрсетеді, олардың ерекшелігі жүрекке тез әрі жеңіл әсер береді, кумулятивтік қабілеті әлсіз білінеді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет