Фгз оқу –өндірістік тәжірибесідан өтуі туралы күнделік-есеп


Жұпаргүл шөбі – трава душицы – Herb Origani



бет31/57
Дата09.05.2022
өлшемі335,17 Kb.
#33654
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57
Байланысты:
кунделик 2021-2022 фгнозия практика УПП (1) (3)

Жұпаргүл шөбі – трава душицы – Herb Origani

      Кәдімгі жұпаргүл – Душица обыкновенная -  Origanum vulgare Тауқалақайлар тұқымдасы – семейство яснотковые -  Lamuaceae

    Cипаттамасы. Биіктігі 35-60 см, сүйкімді иісі бар, көпжылдық шөптесін өсімдік. Тамырсабағы тармақталған. Сабағы тік өскен, сыртын түк басқан төрт қырлы. Жапырағы жұмыртқа тәрізді, шеттері тісті, сағақты. Гүлдерінің түсі күлгін түсті, сыпырғы гүл шоғырын құрайды, гүл тәжі қос ерінді күлгін-қызғылт түсті. Жемісі төрт жаңғақшадан тұрады. Шілдеден бастап қыркүйекке дейін гүлдейді.

Таралуы. Қазақстанның барлық жерлерінде кездеседі. Әсіресе, Тобылдың, Есілдің, Ертістің жағалауларында, Семей ормандарында, Көкшетауда, Ақтөбе облысында, Алтайда, Тарбағатайда, Жоңғар мен Іле Алатауларында таралған. Өсімдік құрғақ ашық жерлерде, дала шалғындарында, бұта араларында, орман алқаптарында өседі.

    Дәрілік шикізаты. Шөбін (Herb Origani) гүлдеп тұрған кезінде шілде мен тамыздың алғашқы жартысында жинайды. Өсімдіктің жоғары бөлігін 20 см биіктікте кесіп алады. Шикізатын шатыр астында жақсы желдетілген көлеңкелрде қағазға немесе матаға жұқалап жайып кептіреді.

   Химиялық құрамы. Шөбінің құрамында 1,2% эфир майлары, илік заттар, аскорбин қышқылы, флавоноидтар бар. Эфир майының құрамында ароматты фенолдар (тимол корвакрол), сесквиттерпендер, еркін спирттер мен геранилацетат бар.

    Қолданылуы. Медицинада шөбінен алынған тұнбаны қабыну кезінде қақырық түсіргіш дәрмек ретінде, ішке атониясында, тәбет болмағанда ішеді. Халық медицинасында жұпаргүлдің шөбін тер айдайтын және несеп жүргізетін, асқазан ішек жолдарының ауыруларында, құяңда, қояншықта, туберкулезде жинақ құрамында пайдаланады. Жұпаргүл препараттары гипертониялық дертте, атеросклерозда қолданылады.


Білім алушының қолы _______Жасталапова Әсима Ғаділжанқызы 2021ж."6"қаңтар        ________________________________________________________________ 

(кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі)Кабулов.Б 

2021ж. "6"қаңтар

2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары __________________________________________________________________ 

__________________________________________________________________ 

3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары 

__________________________________________________________________ 

Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы 

_________________________________________ 

2021ж. "6"қаңтар



Техникалық және қауіпсіздік,орта 

білімнен кейінгібілім беру

 ұйымдары үшінкәсіптік

 практиканы ұйымдастыру мен

 өткізуқағидаларын және

 практика базалары ретінде

кәсіпорындарды(ұйымдары)

айқындау қағидаларына

2-қосымша






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет