Фгз оқу –өндірістік тәжірибесідан өтуі туралы күнделік-есеп


Мия тамырлары- корни солодка – Radice Glycyrrhizae



бет33/57
Дата09.05.2022
өлшемі335,17 Kb.
#33654
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57
Мия тамырлары- корни солодка – Radice Glycyrrhizae

    Жалаң мия  - Солодка голая – Glycyrrhiza glabra .

   Бұршақтар тұқымдасы – семейство бобействые –Fabacae

     Сипаттамасы. Биіктігі 50-200 см көп жылдық шөптесін өсімдік. Тамырсабағы қалың, ағаштанған. Жапырағы кезекті, дара қауырсынды жапырақ күлтелері бар. Гүлдері ақ-күлгін түсті, бос үлпілдек гүл шашақтарына жиналған. Жемісі жалтыр немесе без – түкті бұршақ екі бүйірінен қысылыңқы. Шілде-тамызда гүлдейді, тамыз-қыркүйекте піседі. 

  Таралуы. ТМД-ның Европалық бөліктерінде, Кавказда, Орта Азия мен Қазақстанда далалы жерлерде, шалғындарда, өзен аңғарында өседі. 

   Дәрілік шикізаты. Тамырларының (Radice Glycyrrhizae) ұзындықтары мен қалыңдықтары әртүрлі кесінділер. Жалаң мияның тамырлары мен тамырсабақтары сырт жағынан қарағанда сұр-қоңырқай түсті, ал оралдық мияның тамырлары мен тамырсабақтары қызғылт-қоңырқай түсті. Сынығынан қарағанда түсі ашық - сары, талшық тәрізді.

   Химиялық құрамы. Тамырларымен тамырсабақтарында глюкоза (0,6-1,52%), фруктоза (0,3-4,1%), сахароза (0,3-2,03% ), мальтоза (0,1-0,6% ) крахмал (34%-ға дейін), органикалық қышқылдар, эфир майы, глицерризин қышқылы, фенолкарбон қышқылы және олардың туындалары, кумариндер, иілік заттар, флавоноидтар, спирттер бар. Жер үсті бөлігенде көмірсулар, органикалық қышқылдар, эфир майы, тритерпеноидтар, стероидтар, тритерпенді сапониндер, азотты қосылыстар, кумариндер, иілік заттар, флавоноидтар, жемістерінде иілік заттар бар.

    Қолданылуы. Ғылыми медицинада жалаң мия көптеген лдердің фармакопеясына енгізілген. Өт жолдарының ауыруында, созылмалы іш қатуында, кант диабетінің алғашқы түрлерінде, артериялық қысымның аздап көтерілуі кезінде, жоғарытыныс жолдарының ауыруларында, гастритте, жарада, экземада, аллергиялық дерматиттерде қолданылады. Халық медицинасындақақырық түсіргіш, несеп айдайтын, іш жүргізетін, өт айдайтын және геморойға (көтеруге) қарсыәсер ететін қайнатпалардың құрамында қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет