Маньчужур аралия тамырлары – корни аралии маньчужурской -
Radces Araliae mandchuricae
Маньчужур аралия - Аралия маньчужурская - Aralia mandchurica
Аралиялар тұқымдасы – семейство аралиевые –Araliaceae
Сипаттамасы. Маньчужуриялық аралия сырт көрінісі бойынша пальма тәрізді. Ағаштың биіктігі 3-5 м жіңішке тармақты діңгегінің жоғары ұшындағы 45 см-ге дейінгі қалың сыпырғыға жиналған. Жемісі жиде тәрізді, көкшіл-қара түсті 5 сүйегі бар. Шілде-тамызда гүлдеп, қыркүйекте жеміс береді.
Таралуы. Аралия табиғи жағдайда, Қытайда, Амур облысының оңтүстік шығыс аймақтарында, Хабаровск пен Приморск аймақтарының оңтүстік бөліктерінде өседі.
Дәрілік шикізаты. Тамырларын (Radces Araliae mandchuricae) күзде алғашқы аязға дейін дайындалады. Кептіргіштерде 300С жылуда немесе жақсы желдетілген бөлмелерде кептіреді.
Химиялық құрамы. Аралия тамырларында аралозидтер А,В,С деп талатын тритерпенді сапониндер бар, бұдан басқа дәрілік заттар минералды және ақуызды заттар мен көмірсулар смолалар, эфир майы бар.
Қолданылуы. Ғылыми медицинада тұндырмасы астенияда, гипотонида, депрессияда, тұмау алдындағы кезеңде, жүйке жүйесі мен эндокринді бездердің қызметінің бұзылуында қолданылады. Халық медицинасында өсімдікті экземада, нейродермитте, псориазда қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |