V. Білімді бекіту. Жеке жұмыс. Практикалық жұмыс (түрлі түсті қағаздардан қиылған трапеция таратылады. Формула арқылы ауданын табады) Мұғалім оқушыларға қиындық туған сәтте көмек береді. Оқушылардың типтік қателері бүкіл сыныппен талқыланады. Мұғалім қажеттілігінше тақта алдында жұмысты орындауды ұйымдастыра алады және сол кезде шешімді дұрыс жазуға назар аудара алады.
Мұғалім оқушылардың жұмысын белгіленген критерийлер бойынша бағалайды.
Жұптық жұмыс Есеп 1. Егер трапецияның табаны 6 см және 8 см, ал биіктігі 5 см болса, трапецияның ауданын тап. Есеп 2. Егер трапецияның орта сызығы 10 см, ал биіктігі 6 см болса, трапецияның ауданын тап. Есеп 3.Егер трапецияның диагональдері 12 см және 14 см болса және де олар өзара перпендикуляр болса, трапецияның ауданын есепте. Есеп 4. Егер трапецияның табандары 11 см және 28 см, ал бүйір қабырғалары — 25 см және 26 см болса, трапецияның ауданын тап. Есеп 5.Табандары 21 см және 17 см, биіктігі 7 см болса, трапецияның ауданын тап. Есеп 6. Теңбүйірлі трапецияның табандары 14 см және 20 см. Периметрі 60 см. Трапецияның ауданын тап. Бағалау критерийлері: Оқушы