I. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді.
II. Өткен материалды қайталау. Мұғалім оқушылармен жаңа тақырыпты меңгеру үшін қажетті ұғымдарды қайталайды. Мұғалім оқушыларға келесі тапсырмаларды ұсынады:
«Тосын сый»
Оқушылар «Үшбұрыш», «Тіктөртбұрыш», «Паралеллограм» топтарына сұрақтар арқылы бөлінеді. Қорғайды.
«Кім білгір?» Трапеция дегеніміз не?
Трапецияның табаны дегеніміз не?
Трапецияның биіктігі дегеніміз не?
Трапецияның орта сызығы дегеніміз не?
Трапецияның қандай түрлерін білесіңдер?
III. Сабақ мақсатын қою. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.