Курстың алғы сөзі Емтихан жұмыстарында, тест есептерін шешуде параметрлі теңдеулермен теңсіздіктер кездескенде оқушылар қиналады. Оның себебі, мектепке арналған оқулықта аталған тақырыпқа берілген есептер мен жаттығулар тым аз. Сондықтан осы тақырыпты таңдау курсында тереңдете оқытса талапкердің зерттеу қабілеті дамып, логикалық ой-өрісі кеңейеді.
Мақсаты: – Геометриялық фигуралар, олардың қасиеттері және аудандары бойынша оқушылардың білім дағдыларын қалыптастыру;
– Геометриялық фигуралардың аудандарын есептеу әдістерін тереңдете меңгерту;
– Қолданбалы есептер шығару және практикада аудандарды есептеу дағдыларын қалыптастыру;
– Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін кеңейту және тереңдету;
– Практикалық қызметте пайдалануға, іргелес пәндерді оқып үйренуге, білім алуды жалғастыруға қажетті нақты математикалық білімді меңгерту.
Міндеттері: – Геометриялық фигуралар және олардың аудандарын табу мақсатында мектеп математикасының теориялық негіздерін есептер шешу барысында тереңдету;
– Дәстүрлі емес есептерді әртүрлі әдістермен шешуді меңгерту;
– Оқушылардың есеп шартының берілгендері бойынша сараптау, салыстыру, теңестіру, жүйелеу және жинақтап қорыту арқылы есеп шығарудың ұтымды жолын таңдау қабілеттерін дамыту;
– Матемтиканы оқып үйренуде өздігінен және топпен жұмыс жасай алатын, оны ұйымдастыра алатын жеке тұлға тәрбиелеу;
– Оқушылардың математикалық мәдениетін дамыту.
1. Кіріспе. (1 сағат)
Геометриялық фигуралар туралы түсінік.
2. Үшбұрыштың ауданы (4 сағат)
Үшбұрыштың ауданы, үшбұрыштың ауданын қабырғасы мен биіктігі арқылы есептеу, екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрыш бойынша есептеу, Герон формуласы, перпендикуляр медианалары арқылы есептеу, іштей және сырттай сызылған шеңбер радиустары арқылы есептеу, тік бұрышты үшбұрыштың ауданын есептеу, үшбұрыш бөліктерінің аудандары. Үшбұрыштың ауданын оның биіктері бойынша және мединалары бойынша есептеу. Үшбұрыштың биіктігін, медианасын және биссектрисасын қабарығалары арқылы есептеу формулалары.
3.Тік төртбұрыштың ауданы (5 сағат)
Тік төртбұрыштың ауданының формуласы
Тік төртбұрыш және оның қасиеттері, симметрия осьтері.
4. Параллелограммның ауданы (6 сағат)
Параллелограмның ауданын есептеу формулалары, қабырғасы мен биіктігі арқылы есептеу, екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрыш бойынша есептеу, диагональдары мен олардың арасындағы бұрыш арқылы есептеу.
Паралллелограмм, оның элементтері, параллелограммның қасиеттері, параллелограмның белгілері, параллелограмның диагональдары мен қабырғалары арасындағы байланыс.
5. Трапеция ауданы (6 сағат)
Трапецияның ауданын есептеу формуласы, орта сызығы мен биіктігі арқылы есептеу, диагональдары мен олардың арасындағы бұрыштары арқылы есептеу, төрт қабырғасы арқылы трапеция ауданын есептеу. Көбелек әдісі. Кезкелген төртбұрыштың ауданын табу формуласы.
Трапеция және оның түрлері, қасиеттері, трапецияның орта сызығы. Трапецияның арифметикалық ортасы, гармониялық ортасы, квадраттық ортасы, геометриялық ортасы.
7.Шеңбер және дөңгелек ауданы (4сағат)
Шеңбер және дөңгелек, олардың элементтері, шеңбердің ұзындығы, шеңбер доғасының ұызындығы, көпбұрышқа іштей сызылған шеңбер, көпбұрышқа сырттай сызылған шеңбер, үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңбердің центрі, шеңберге іштей және сырттай сызылған төрбұрыштардың қасиеттері, ромбыға іштей шеңбер радиусын диагоналдары, қабырғасы және жанасу нүктесімен бөлінген бөліктері арқылы табу формулалары, дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңбердің радиустары. Эллипс. Эйлер шеңбері.
8. Бақылау жұмысы (1 сағат)
9. Қорытынды сабақ (1 сағат)