Олигополия жағдайындафирмалар салалық пайда максималды болатындай шығарылым көлемін қамтамасыз етуді өз алдына мақсат етіп қояды. Өзара әрекеттесудің өзі кооперативтік стратегия формасында жүзеге асуы мүмкін, яғни бұл жағдайда бірігу фирмалардың баға мен өндіріс көлемі туралы өзара келісімге келуі арқылы қол жеткізіледі және әрекет ету кооперативтік емес стратегияны қолдану кезінде орын алуы мүмкін, яғни бұл жағдайдағы координация бәсекелік әдістер жолымен жүзеге асырылады. Кооперативтік іс-әрекеттер кезінде фирмалар біртұтас монополия ретінде мінез-құлық танытып, бағаны жоғары белгілейді және өнім көлемін де тым шектейді. Ал кооперативтік емес іс-әрекет кезінде фирмалардың мінез-құлқы жетілген бәсекеге ұқсас болып келеді және олардың пайдасы да кооперативтікке қарағанда төмен болады. Монополияға қарсы аясат ХІХ ғасырдың аяғында Батыстың өнеркәсібі дамыған елдерінде, ең алдымен, АҚШ-та монополиялық күштерге белгілі тосқауылдар қоюдың қажеттілігі мойындала бастады. Біз білетініміздей, монополиялық билік нарықты жаулап алу, нарықты бөлісу мен бағалар туралы ашық және құпия келісімдерге бару, жасанды тауар тапшылығын жасау сияқты әрекеттерден орын алады. Монополияға қарсы заңдылық экономиканың тиімді жұмыс істеуі үшін іскерлік белсенділік пен бәсекелестікті шектейтін осындай әрекеттердің қанат жаюына жол бермеуге бағытталады. Монополияға қарсы бағытталатын заңдар әр елде әртүрлі болып табылады және олардың өзіне ерекшеліктері де бар. Мұндай ерекшеліктер мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қатысты экономикалық жағдайларының айырмашылықтарын көрсетеді. Монополияға (тресттерге) қарсы жасалған ең алғашқы заңдылық- тар АҚШ-та орын алды. Олар негізгі үш заңдылықтан құралып, «үш кит»деген атауға ие болды: