Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер


-Дәріс. Ғылыми танымның құрылымы



бет73/122
Дата20.11.2023
өлшемі1,12 Mb.
#125008
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   122
7-Дәріс.
Ғылыми танымның құрылымы (1с.)


1. Ғылым білім жүйесі ретінде. Ғылыми танымның түрлері.
2. Ғылымда теориялық пен эмпириялық, фундаменталдық пен қолданбалы түрлері.


Дәріс мақсаты:. Ғылыми білімнің табиғатына тоқтау. Ғылыми білімнің көптүрлігін және одан тыс білімнің түрлерін көрсету. Ғылыми білімнің құрылысы: эмпирикалық негіз; ғылыми теория, оның құрылысы және функциялары; ғылыми білімнің құрылысының философиялық негізін ашу. Эмпирикалық білімнің құрылысына назар аудару. Теоретикалық білімнің құрылысына тоқтау.
Негізгі терминдер: абстактілі /дерексіз/ объект, жалпылау негізі, абстракция аралығы /интервалы/, модель /үлгі/, бақылау, ғылыми заң, жалпылау, құрал, теориялық білім, ғылыми білімнің деңгейлері, факт, эмпириялық білім.
Өзекті ұғымдар:
Абстактілі /дерексіз/ объект – теорияда когнитивті түрде көрсетіліп қоршаған ортаның мәндік жақтары мен қасиеттерін, заттар мен құбылыстардың ара қатынасын шағылыстратын ғылыми танымның объектісі. Қазіргі ғылыми танымда абстрактілі объект тек эмпириялық тәжірибенің сонша көп объектілерін емес, тағы да абстракцияның алғашқы деңгейіндегі абстрактілі объектілерін де ұсынады.
Жалпылау негізі – жалпылаудың шарттар жиынтығы. Жалпылау процедурасының шартына - эмпириялық фактілерді бекітетін протоколдық пікірлер мен сөйлемдер; класстардың абстрактілі өкілдері туралы пікірлер /«Локктың ережесі» үшін/; жалпылау жүргізуге арналған еркін өзгергіші бар формула; анықтамалар, анықтамалар конфигурациясы және теориялар - жатады.
Абстракция аралығы /интервалы/ - бұл ұғым анау әлде басқа абстракцияның рационалдылығының дәлелдеу шегін және оның «пәндік ақиқаттылығың» және эмпириялық, логикалық тәсілдермен алынған, бағдарлама арқылы анықталатың қолдану шекті көрсетеді. Методологияға «абстракция аралығы» деген ұғымды еңгізуінің қажетті себептеріне ғылыми абстракцияны дәлелдеу идеясы, соған қоса, абстракциялау процесстері мен нәтижелері. Зерттеуші таным процесінде абстракциялауға қажетті ережелеремен, нақты қойылған мақсатымен жетеді. Ғылымда әр алаңдаушылық акт ақиқатқа жету мақсатпен негізделген сон, танымдық іс-әрекетте де адамның абстракцияға деген қабілетінің ерекшелігін ескеруді қажет етеді. Бірінші, объектті тану процесінде абстракцияның нәтижесі үшін сол алаңдау заттан жат болып, ал абстракталған объекттің мазмұның толтыруші релевантті болу керек. Екінші, зерттеуші білу керек қандай шекке дейін алаңдаудың заңды күші белсенді. Үшінші, күрделі объектілерді зерттеу барысында оның шектерінің көп өлшемді кеңістіктегі проекция жиынының концептуалды жайылуын шығару қажет. Төртінші, нақты бір кезеңде абстракциялау аралығына қатысты концептуалдық жиынды ортақ конфигурацияға біріктіріп, осы объектінің келешек көріністерінен алаңдау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет