«нәрселердің ащы шындығына» сүйенеді. Саясат – бәрінен бұрын билікті алу және оны ұстап қалу үшін күрес. Саясат – ол қоғамның тұтастығын сақтау үшін, әртүрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін келістіруі. Саясаткер мүмкіндігінше ізгіліктен ажырамауға, бірақ қажет болса, жамандықтан да шошымауға тиіс. Бірақ, дегенмен сая- сатты мораль шектерінде ұстап тұру мүмкін емес. Қашанда өзінің іс- әрекеттерінде мораль талаптарына сүйенетін саясаткер, ақырында, өз қабірін өзі қазған болып шығады.
Н.Макиавеллидің саясат жайындағы жоғарыда келтірілген ой- пікірлері кейіннен философия, саясаттану тарихында «макиавел- лизм»ұғымын тудырды. «Макиавеллизм» деп арсыз саясат, алдап- арбау, зұлымдық, фактілерді бұрмалау әрекеттерін түсіну керек, яғни жалпыадамзаттық адамгершілік нормаларын аяққа басу туралы сөз болып отыр, өкінішке қарай, әлемдік саясатта ондайлар әлі күнге дейін орын алып келеді.
Біз Н.Макиавеллидің философиясын «макиавеллизмнен» ажыра- тып көрсетуге тиіспіз, өйткені ол кез келген күш көрсету, саясаттағы зұлымдық атаулыдан аулақ болды. Алайда саясатта әртүрлі жағдайлардың, «нәрселердің ащы шындығының» қысымымен саясаткердің күш қолдануға мәжбүр болатын сәттері кездеседі. Бұндай жағдайда ол қорқытып-үркітумен әуестенбеуге тиіс. Сая- си қарсыластарын тез тізе бүктіріп, күш қолдануды тоқтатуға әрекет етуі керек. Бірақ ол кезде, ойшылдың пікірінше, қатарынан екінші рет күш қолданудан сақтану керек. Іс жүзінде қазіргі заманғы сая-
сат технологтары да осына айтады. Саясаткер бір мезгілде арыстан да, түлкі де болуға, қажеттілігіне қарай сақ болумен қатар, батыл да болуға тиіс дегенге келсек, онда бұл қағидат бүгінгі күні де өзекті бо- лып табылады. Демек, Н.Макиавелли адамгершілікке негізделген сая- сатты жүргізу қажеттігі туралы айтқан.
XX ғасырдың екінші жартысында ғана Н.Макиавеллидің шығармашылығын терең зерттеу негізінде одан «азғын саясаттың ақтаушысы» деген қорлық таңба алынып тасталды. Н.Макиавеллидің шығармашылық мұрасын терең зерттей келе, көрнекті ағылшын фи- лософы Бертран Рассел оны «Қайта өрлеу дәуірінің ең терең ақыл- ойы» деп атады. Бүгінгі күні Батыста Макиавелли «қазіргі заманғы саясаттанудың әкесі» саналады. Ал біздің ойымызша, бұл бағаға әбден лайық деп араб ойшылы Ибн-Хальдунды айтуға болады, өйткені ол Макиавеллиден тұтас бір ғасыр бұрын өмір сүрді ғой. Алайда бұл адамзаттың философиялық ойы тарихындағы Н.Макиавеллидің ала- тын орны мен маңызын ешбір кемсітпесе керек.