Ғылыми жоба тақырыбы: Қазақ батырлар жырындағЫ Әулие-әнбиелер бейнесі мазмұНЫ: Кіріспе


Енді, әулие-әнбие атауының қай жерлерде көп кездесетініне тоқталсақ



бет3/13
Дата08.11.2022
өлшемі75,49 Kb.
#48431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Қазақ батырлары жыры әулие әнбие көрінісі

Енді, әулие-әнбие атауының қай жерлерде көп кездесетініне тоқталсақ.
Қазақтың әпсана-мифтерінде әулие кереметті көрсетуші, тылсым сырды шешуші, жоқтан барды жасаушы, батырларды жебеуші пір, дін жолында құрбан болушы бейне ретінде дәріптеледі. Оның мұндай қызметтері, әлбетте, өңірдегі табиғат нысандарымен тікелей байланыста болып келеді.
Мәселен, қазақ мифтерінде төмендегідей типологиялық сарындар тұрақты кездеседі. Елге белгілі әулиелер (Масат ата, Укаша ата, Түлкібас, Азанұр әулие, Шілтер әулие т.б.) намаз оқып тұрғанда аңдып жүрген аяр жаулары оған аяқ астынан қастандық жасайды да, олар қаза тапқаннан кейін марқұмның денесінен (қанынан, ізінен, түкірігінен) жергілікті жағрапиялық нысандардың түр-түсі, кескін-келбеті пайда болып қалыптасады. Ал атса оқ өтпейтін қасиетті әулиенің осал тұсын дұшпанға айтып берген опасыз келіні (кейде тоқалы) қарғыстан меңіреу тасқа айналады.
Енді бұл жайттарға нақтылы мысалдар келтірсек: «Баяғы өткен заманда Шілтер деген бір әулие кісі болыпты. Құдайға құлшылықтан жазбаған, істеген ісі ақ, көңілі сүттей пәк, ниеті адал, сөзі түзу адам екен. Бір күні жолаушылап келе жатып, қасындағы қырық кісімен бірге Қазығұрт тауының етегіне келіп түседі. Дәм ішіп, дамылдағаннан кейін бесін намазын оқуға кіріседі. Намаз оқылып жатқан кезде таудан түскен қарақшы дұшпандар әулиені серіктерімен қоса өлтірмекке бекініп, тап береді. Шілтер мен қасындағы қырық жолдасы намаздарын бұзбай оқи береді. Намаз үстінде әулие Алладан былай деп тілепті:
- Иә, құдайым, бізді жау қолына түсіре көрме, жау қолына түскенше тас мүсінге айналдырып, қатыра көр, - деп тілейді.
Жарықтық қасиетті Шілтердің тілегі қабыл болып, серіктерімен бірге тасқа айналып, қатып қалады. Сонан көпшілік бұл жерді Қырық Шілтер әулиенің жері деп атап кетеді. Қазір бұл жерде біріне-бірі қарама-қарсы үш бұлақ ағып жатыр. Үшеуінің дәмі де үш түрлі, емі де үш түрлі. Біреуі іш ауруларына, екіншісі көз ауруларына, үшіншісі құлақ ауруларына дәру деседі», [9, 29]- сол жерге медет тілеп барған адамдар.
Әдетте бұндай оқиғалардан кейін пайда болған делінетін әулиеге қатысты жағрапиялық нысандар елді емдеп-домдайтын, сауықтыратын, ақ тілегін қабыл ететін құтты да шипалы орынға айналады. Ондай өлкелер Оңтүстік Қазақстанда, Маңғыстауда, Сыр бойында көптеп кездеседі. Мысалы, Укаша әулиенің қаза тапқанда домалаған басы еніп кеткен таудың қуысында киелі құдық пайда болса, Көзата қабірінің қасынан жанарды емдейтін бұлақ ағып шығады, Түлкібас әулие түкіріп қалғанда он екі қарсыласы езіліп кетеді, сол жерде он екі шипалы бұлақ пайда болған деген аңыздар бар. Масат ата бұлағы да бар. Машат (башат) деген сөз қырғыз тілінде бұлақ деген ұғымды білдіреді. Демек, бұл қазақша машат (башат) масақ, яғни бастау деген мағынаны білдіреді деген пікір бар.
Демек, бұл мифтерде халықтың ислам дініне дейінгі табынып келген табиғат нысандары туралы ежелден бері айтып жүрген әпсана-хикаялары енді әулиенің қасиетті өмірбаянымен етене ұштасып, басқа сипатта жаңғырып, киелі өзен-су, тау-тас жаңа діннің күшті насихат құралына лайықталғаны және соның арқасында осындай көрікті мекендер мұсылмандардың діни жоралғы өтеп, жиі-жиі зиярат ететін орнына айналғаны байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет