Ғылыми жоба тақырыбы: Қазақ батырлар жырындағЫ Әулие-әнбиелер бейнесі мазмұНЫ: Кіріспе


Батырлар жырындағы әулие-әнбиелер бейнесіндегі ұқсас сарындар



бет7/13
Дата08.11.2022
өлшемі75,49 Kb.
#48431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
2.2. Батырлар жырындағы әулие-әнбиелер бейнесіндегі ұқсас сарындар
мен көркем баяндау

Батырлар жыры немесе эпостың ежелгі дәстүрмен сабақтастығының тағы бір көрінісі, ежелгі жазба ескерткіштерде кездесетін сөздердің сөйлем стилін қолданудағы және көркемдік тәсілдердің ұқсастығынан да байқалады.


«Күлтегін» жырындағы ерлікті, елдікті мадақтаған эпикалық дәстүр қазақтың батырлар жырымен өз жалғасын тапқан. Орхондағы шешендік арнау, ойлы мақал, азалы жоқтау, жойқын соғыстардағы ерлік үлгілері мен салт-дәстүрге байланысты ұқсастықтар кездеседі.
Мысалы, түс көру мотиві, алда болатын оқиғаларды болжау сияқты үйлесетін тұстары да көп. «Күлтегін», «Алпамыс батыр» жырларында Тайшық ханның түсі немесе Гүлбаршынның түсі т.б.
Мен бүгін бір түс көрдім,
Түсімде жаман іс көрдім.
Жібек баулы ақ сұңқар
Қондырыппын қолыма,
- деген жолдар дәлел. Батыр, не қасиетті адамның дүниеге келуі, анасының арыстан, жолбарыс, көкжал қасқырдың етіне жерік болуы немесе алып адамның ерекше жағдайда өсетіні туралы сюжеттер де бар. Мәселен, Қорқыт дүниеге келерде бірнеше күн аспан түнеріп, аура райы өзгеріп, анасы қиналып, ел қорқытты, содан атын Қорқыт қояды деген аңыз бар. Батырлар жырындағы Алпамыс пен Қобыландының ерліктері Күлтегін, Алып Ер Тоңғаға ұқсас.
Қазақ халқының түрлі сенімге байланысты садақа беру, бата және сүйінші беру сюжетпен байланыстырған. Мысалы, «Алпамыс батыр» жырында Алпамыстың елімен қауышуын қарындасы Қарлығашқа бір адам келіп сүйінші сұрайды.
«Жалғыз ағаң келді деп,
Сүйінші сұрап бір адам
Қарлығашқа білдіріп,
Қарлығаш та келеді.
[37, 34].
Осы жырда Аналық пен Байбөрі бала сұрап, әулие-әнбиелерді жағалайды. Әзіреті Сұлтанға бармақшы болады.
Әзіреті Сұлтанға,
Екеуміз де баралық. [38, 90].
Сонан соң бүкіл әулие-әмбиелерді аралап, көңілге медет сұрап, жалбарынады.
Самарқанда сансыз бап,
Отырарда Арыстан бап,
Сол уақыттар болғанда Аналық түс көріп, түсінде бір диуана аян береді:
Көк есегі астында,
Ақ сәлдесі басында.
Сырлы аса қолында,
Өзі ақтық жолында, - дейді.
Бұл Шашты Әзіз екен:
Әй, бейшара, көзіңді аш,
Жарылқады Жаратқан.
Ұлыңның аты Алпамыс,
Қызыңның аты Қарлығаш.
Атса мылтық өтпейді,
Шапса қылыш кеспейді, - деген.
Сол сәттерде Байбөрі мен Аналық диуананың қолынан иіскеп, тонынан ырымдап жыртып алады, диуана ғайып болып кетеді.
Адам атадан бар сопылық ілімде Алланы мойындау басты назарда болады. Мұсылмандықты мойындаған Байбөрі мен Аналық қасиетті әулие-әнбие қағидаларын ата-баба дәстүрімен ұштастырып отыр. Аллаға деген сүйіспеншілікті орындап, рухани тазалық арқылы мінәжат айтып, Аллаға жақындаудың жолын іздеп, бір балаға зар болуын жырда осылайша берген.
Жаратылыстың ғажайып сырларын танып, пайымдауда халқымыздың діни танымдық көзқарастары болған. Батырлар жырында әулие-әнбиелерге сену, философиялық ой-толғам, өмірге деген көзқарас байқалады. Сонымен бірге, батырлар жырында әулие-әнбиелер бейнесіндегі ұқсас сарындар мол. Жырда Алланы мойындау фәни мен бақи дүние жалғастығын мойындайтын сарындар басым. Жыр сюжетінде діни дүниетаным мен адамдар сезімдері, ақ сақалды қарт бейнесінде аян беріп, көмекке келеді. Атап айтқанда, Имам, Ағзам, Аюб, Мұхаммед пайғамбарлар, әулие-әнбиелерді айта отырып, фәни дүниенің, мансаптың да өткіншілігіне баға береді.
«Қобыланды батыр» жырында Тоқтарбай мен бәйбішесінің бір балаға зар болуы, әулие аралап, жеті пірге түнеуі, садақа беріп жалбарынуы нәтижесінде бір ұл, бір қыз (Қобыланды мен Қарлығаш) дүниеге келеді. Жырдағы Қорасан ата әулие бейнесін:
Тоқтарбай мен Аналық,
Әулиеге ат айтып,
Қорасанға қой айтып,
Шыбын жанын және айтып... [39, 40]
- деп, пайғамбарлар Мухаммед, Ғұмар, Ғұсман, Қауыс, Қияс т.б. атап:
Ықылас ата Шашты Әзіз,
Осы кеткен қозымды,
Тек тапсырдым қолыңа.
Осы келтірілген үзінділерден ең алдымен халықтың әулие-әнбиелерге сенімі аса күшті көрінетін жаратылыс құбылыстарына образ жасағаны көрініп тұр. Әулие-әнбиелердің батырға не оны дүниеге әкелген ата-анасына кездескен жерін суреттеп, аса бір мейірімді етіп, мифтік фантастикаға апарады. Мұнымен қатар, жыршы олардың образын оның өз сөзімен жасайды. Әулие-әнбиені батырмен не ата-анасымен диалог түрінде байланысқа түсіреді. Бұған Алпамыс пен Қобыландының дүниеге келуі, ата-анасына аян беруін мысалға алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет