Ғылыми жоба тақырыбы: Қазақ батырлар жырындағЫ Әулие-әнбиелер бейнесі мазмұНЫ: Кіріспе


Тұтастанудың ендігі бір түрі – бір орталыққа топтасу



бет5/13
Дата08.11.2022
өлшемі75,49 Kb.
#48431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Қазақ батырлары жыры әулие әнбие көрінісі

Тұтастанудың ендігі бір түрі – бір орталыққа топтасу деп аталады.
Яғни, жырда ұлы батырдың бірнеше батыры болады.
В.Жирминскийдің ойынша, мұндай тұтастану үлкен феодалдық мемлекеттің пайда болуымен байланысты екен. Жырдағы Ұлы Карлдың, Владимирдің, Баяндырханның, Жоңғардың патшалық сарайлары керемет ұқсас. Бәрінің де өздеріне берілген, адал қызмет ететін жаужүрек батырлары бар. Олардың әрқайсысының қаһармандық іс-әрекеті, тіпті олардың әрқайсысы туралы арнайы жырлар да болуы ықтимал, - [16, 438] дейді.
Қазақтың ауыз әдебиеті халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына байланысты туды десек, мұны батырлар жыры жайында да айтуға болады. Батырлар жырының алғашқы ұсақ үлгілері сонау ерте заманда туа бастаған. Сол кездің тарихта аттары мәлім рулар: үйсін, қаңлы, қоңырат, керей, қыпшақ т.б. өздерінің ру тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күрескен. Мұндай күрестер кезінде әр рудың батырлары өз руларын қарсы жақтың шабуылдарынан қорғап қалу жолында ерлік жасаған. Олардың бұл жолдағы ерлік істері ру арасында өлең-жырға, аңыз-әңгімеге айналған.
Дегенмен, патриархтық - рулық құрылыс кезінде туған батырлар жырының үлгілері толығынан сақталмаған. Оның кейбіреулері, кейіннен, ауыз әдебиетінің басқа түрлерімен қосылып, араласып кеткен. Сондықтан батырлар жырының алғашқы үлгілерінің жалпы жайын, сипатын дәлелдеп айту өте қиын.
Батырлар жырын тудырушы халық десек, енді сол жырлардың халықтық сипаттары қандай болмақ?
Бұл сұраудың да жауабын орыс халқының ағартушылары мен А.М.Горькийдің еңбектерінен табамыз. Олардың айтуынша, қоғам өмірінен, халық бұқарасының тұрмыс-тіршілігінен оқшау тұратын батырлар жыры болмайды. Батырлар жыры қай кезде болса да белгілі бір таптың идеясын, арман мүддесін, қоғамдық көзқарасын білдіріп отырады. Батырлар жыры халықтың тұрмысында, тарихында болған елеулі оқиғаларды көркем бейнесі арқылы жинақтап бейнелейді және ол оқиғаларды халық өзінше бағалайды, өзінің көзқарасын білдіреді. Қоғам өмірінде материалдық игіліктерді, рухани мәдениетті, тарихты жасаушы, оларды алға бастырушы негізгі күш - халық деп үйретеді.
Бұл айтылғандар батырлар жырының халықтық сипатын ұғынуымызға толық мүмкіндік береді.
Оны мынадан байқауға болады. Біз жоғарыда қазақтың батырлар жыры бұрын өткен тарихи оқиғаларды жырлау негізінде туды дедік. Ол оқиғаларды халық жырының бағалауы бір басқа да, феодалдық жырдың топшылауы, бағалауы екінші түрде. Аталған оқиғаларды феодалдық жырлар үстем таптың, халықты езушілердің тұрғысынан бағалайды. Феодалдар мен хандар өздерінің халықты езуін, шапқыншылық, ел талағыштық, қанқұмарлық іс-әрекеттерін «ерлік» деп жырлайды. Сондай-ақ, феодалдық жырлар көбінесе жеке адамдардың істерін суреттеуге, даралықты, жеке меншіктілікті дәріптеуге көңіл бөледі. Жеке адамдарды дәріптегенде, олардың көпшілік үшін атқарған қызметін айтып ардақтамайды, асса ат төбеліндей қанаушылардың, қалса олардың қара басының даңқын көтеру үшін дәріптейді. Осы жолда олардың ел талағыштық, қан-құмарлық, шапқыншылық жорықтарын «ерлік» деп жырлайды, сөйтіп, тарихи шындықты бұрмалайды. Бұған «Ер Сайын» жыры нақты мысал болады.
Өзінің ел-жұртын, халқын сүйген, оларға жан-тәнімен беріле адал қызмет еткен және бұл жолда тамаша ерлік істер жасаған батырлар жайында шығарылған жырлардың халық ауыз әдебиеті тарихынан алатын орны үлкен. Мұны көп ғасыр бойына халықтың ұмытпай сақтап келуінің, сүйе жырлап, сүйсіне тыңдауының өзі-ақ дәлелдей түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет