Ғылыми жоба тақырыбы: Қазақ батырлар жырындағЫ Әулие-әнбиелер бейнесі мазмұНЫ: Кіріспе



бет2/13
Дата08.11.2022
өлшемі75,49 Kb.
#48431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Жұмыстың зерттеу әдістері.
Жоба тақырыбы мен мазмұнына өзек болған мәселелерге байланысты тарихи-салыстырмалы, жүйелі сипаттама, салыстыру, талдау және жинақтау әдістері басшылыққа алынды.
Жұмысының ғылыми болжамы.
Қазақ халқының қалыптасу кезеңдеріне тән түрлі діни наным-сенімдердің көрінісін Батырлар жырында кездестіреміз. Атап айтсақ, көне наным-сенімдер, тәңірлік ұғымдар, діни ұғымдар молынан ұшырасады. Яғни оқиға желісі барысында осы атаулар мол көрініс береді. Бұл атаулардың жырда қылаң беруі – халықтың Жаратушыға деген сенімінен туындаса керек. Жырда әулие-әмбиелер батырдың дүние келуіне жәрдемші әулие ғана болмай, оған жол сілтеуші, көмекші есебінде де көрінеді. Жырдағы әулие-әнбиелер батырдың өз басын ғана қорғамайды, батыр жоқта елге төнген қауіпті де алдын-ала сездіреді. Демек, әулие-әнбие, пірлер қызметі батырлар жырының рухына сәйкес ел мүддесіне бағындырылған.
Сондықтан батырлар жырының көркемдік әлемін сөз ету барысында діннің алар орнының орасан зор екеніне көзіміз жетті. Жырдағы айтылатын әрбір оқиғаның, әрбір іс-әрекеттің Алланың атымен басталу, оған әулие-әнбиелердің себепші болуы өлеңнің көркемдік табиғатын одан әрі көркейте түседі. Дініміздің діңгегінің мықты болуы – ең алдымен адам бойындағы иманға байланысты. Сол иманды күшейтуге фольклорлық мұралардың, оның ішінде батырлары жырының берер пайдасы өте мол. Өйкені ондағы әрбір оқиға (әулие-әнбиелерге байланысты) жас ұрпақты тәрбиелеуге, имандылықты үйретуге жол ашатын рухани көпір болып саналады.
Зерттеу жұмыcының құрылымы. Жұмыc кiрicпeдeн, eкi тараудан, қoрытындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдeбиeттeр тiзiмiнeн тұрaды.
І. І. Қазақ әдебиетінде әулие-әнбиелердің көрініс табуы



    1. Әулие-әнбие ұғымы, шығу тегі және дамуы

Бүгінгі таңда «әулие» ұғымының шығу тегі мен дамуын қарастырудың бірнеше себептері бар. Біріншіден, кеңес дәуірі кезеңінде өз тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды деректері яғни ауызша деректер ғылыми айналымға дер уақытында түспеді. Соның салдарынан ғылыми зерттеулер мен көпшілікке арналған оқулықтарда жаңсақ пікірлер пайда болды. Екіншіден, қоғамымызда кездесетін түрлі кедергілерге байланысты әулие мәселесі ислам дінімен бірге ғана зерттеліп, арнайы зерттеу нысаны ретінде қаралмады.


Әулие - ислам діні келгенге дейін ата-бабаға табыну, оның арғы жағы Тәңірі, Ұмай, Жер-Судан бастау алса да, қазақтардың өміріне ислам дінінің дендеп енуіне орай мұсылманшылық сипатқа ие бола бастады. Бұл жөнінде ғалым-этнограф Ә.Т. Төлеубаев былайша пікір білдіреді: «Ортаазиялық аймақ территориясына ислам дінінің таралуы кезеңінде мұсылмандық пен исламға дейінгі культ тығыз араласып, синкреттеліп кеткендігі сондай, исламға дейінгі және исламдық арасына нақты шек қою қиынға соғады, тіпті кейде мүмкін емес» [1,6].
Ислам діні Құдайды тану жолдарын ұсынса, сопылық ілім адамның өзін-өзі тану жағдайларын алдыңғы орындарға шығарады. Өзіңді өзің тану жағдайларын жоғары дәрежеде меңгерген, шариғат, тарихат және мағрипат жолынан сәтті өтіп, хақиқатқа жету жолын іздеген білімді жандар – әулиелер болған деп есептеледі [2, 109].
«Әулие» - уәли деген арап сөзінің көпше түрі, қазақша қасиетті деген мағынаны береді. Бұл сөз Құран Кәрімде Алла мен пайғамбарға қатысты жебеуші, жарылқаушы деген мәнде кездеседі. Ал, хадистерде жақын болу деген мағынада, яғни «Уәли Аллаһ» - «Аллаға жақын», «дос», «Алланың мейірі түскен» деген ұғымда ұшырасады. Қазақ тілінде бұл сөз әулие-әнбие түрінде қосарланып та айтылады, бұндағы «әнбие» - арабша нәби, яғни пайғамбар деген сөздің көпше түрі болып келеді. Әйткенмен бұл тіркес ел түсінігінде тек қана әулие деген бір ғана мағынаны білдіреді [5, 270] - дейді ғалым Қ.Ахметжан.
Ал, бүгінгі күні «әулие» ұғымын жаңаша көзқараста қарастырудың бірнеше себептері бар. Біріншіден, кеңес дәуірі кезеңінде өз тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды деректері яғни ауызша деректер ғылыми айналымға дер уақытында түспеуі себебінен ғылыми зерттеулер мен көпшілікке арналған оқулықтарда жаңсақ пікірлер пайда болды.
Екіншіден, қоғамымызда кездесетін түрлі кедергілерге байланысты әулие мәселесі ислам дінімен бірге ғана зерттеліп, арнайы зерттеу объектісі ретінде қаралмады.
Енді хал-қадірімізше бұл атауларға топталып өтсек. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «әулие» атауына мынадай анықтама береді: әулие: – 1. Құдай жолын қуып, дін уағыздаушы адам. 2. Айтқаны келетін сәуегей адам. Ал әулие-әнбиеге: «әулие-әнбие» діни – барлық қасиетті аруақтар, - деп екі түрлі анықтама береді.
Атақты Хаким Термези «Пайғамбар тек Аллаға ғана емес, әулиенің демеуіне де иек артады, себебі әулие пайғамбардан төмен болғанымен оның сайрап тұрған қызыл тілі ұдайы Алла Тағаланы еске түсіруге қызмет етеді, ал лүпілдеген жүрегі Алланың нұрымен нұрланған», [6, 24] - деп жазады.
Көптеген аңыз-әпсана, деректерде Алтын Орда империясының билеушілерін сопылық бауырластық өкілдері алғаш рет ислам дінімен таныстырып, содан кейін бұл алып мемлекеттің ресми діні - исламға айналғаны көрініс табады. Мысалы, Берке ханды Кубравия бауырластығының өкілі Сайфиддин Бахарзи, Өзбек ханды Иасауия жолын ұстанушы Сейид-ата ислам жолына түсірген деген мәлімет бар.
Осындай тарихи-әлеуметтік нақтылы себептерге байланысты қазақ халқының арасында да «әулие» туралы түсінік ислам дінімен жапсарлас жайылып, киелі сипатқа ие болып, әулиелік туралы аңыз-әпсаналар молынан таралып кетті. Бір сөзбен айтқанда, «әулие» ұғымы ел санасында берік орныққан деуге болады. Ғылымда анықталғандай «әулие» ұғымы әсіресе ресми діннің орталығынан шеткерілеу аймақтарда тұрғылықты халықтың байырғы наным-сенімдерімен, салт-дәстүрімен, ырым-жораларымен тығыз сабақтастықта қалыптасатыны анық. Түйіндеп айтқанда, «әулие» ұғымының орнығуына жергілікті халықтың табиғат нысандарына табыну жорасы (Мысалы: көрікті тау-тас, сырлы үңгір, шипалы көл-бұлақ т.б. ), шаманистік мифологиясы, аруақтарды ұлықтау рәсімдері өзгеше лепте үндесіп, айырғысыз тұтастықта ұштасып, әбден кірігіп кететіні байқалады. Сайып келгенде, мұның бәрі халықтық исламның сомдаған төл түсінігі болып табылады және осы ілімге сүйенген ел әулиені таңғажайып керемет иесі (карама), береке-ырыздықтың бастау көзі, тілекті қабыл етіп жарылқаушы, әр түрлі кәсіптің жебеуші иелері, қамқоршысы бейнесінде таниды.
Көзі тірісінде елді рухани тура жолға бастаған әулиелердің қайтыс болғаннан кейін де қадір-қасиеті арта түседі, себебі олардың қабіріне кесене тұрғызылып, бұл қасиетті дүрбе мұсылмандардың тұрақты зиярат ететін киелі мекеніне айналды. Мәселен, Қазақстандағы Баба түкті Шашты Әзіз (Ықылас), Арыстанбап, Ысқақ бап, Шайқы Ибраһим, Иасауи, Әулие ата, Қоңыр әулие, Бекет ата т.с.с әулиелердің сағаналарына халық жиі тағзым етуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет