Ғылыми жоба тақырыбы: Қазақ батырлар жырындағЫ Әулие-әнбиелер бейнесі мазмұНЫ: Кіріспе


ІІ. Батырлар жырындағы әулие-әнбиелер бейнесінің сипатталу ерекшелігі



бет6/13
Дата08.11.2022
өлшемі75,49 Kb.
#48431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Қазақ батырлары жыры әулие әнбие көрінісі

ІІ. Батырлар жырындағы әулие-әнбиелер бейнесінің сипатталу ерекшелігі


2.1. Батырлар жырындағы ғажайып бейнелер және оның тарихи негізі


Батырлар жыры – халық ауыз әдебиетінің көнеден келе жатқан саласының бірі. Мұндай жырлардың көпшілігі, негізінде, халықтың тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туған. Халық өзінің тұрмыс-тіршілігінде елеулі орын алған жағдайларды батырлық жырлар арқылы баяндауға тырысқан. Яғни, сол кездегі халықтың әдет-ғұрпы, тілі, діні, наным-сенімдері осы жырларда баяндаған. Осы негізден алғанда, бізді қызықтыратыны – батырлық жырлардағы діни сарын мен әулие-әнбиелер бейнесі. Осыған орай, жырларды оқып отырғанда кездесетін діни ұғымдар, діни қайраткерлер (әулие-әнбие), түсініксіз діни сөздер мен терминдердің мәнін, мағынасын, анықтамасын білуге, ұғынуға талпындық.
Зерттеу мақсатымыз - ұлттық дәстүріміз бен құндылықтарымыздың қайнар көзі болып саналатын ата-бабаларымыздың мол мұрасындағы осынау діни ұғымдар мен сөздердің мағынасын терең ұғынып, сол арқылы олардың ұстанған дінін, мәдениетін біліп, түсіну, балашақ ұрпаққа үлгі ету.
Олай болса, «Алпамыс батыр» жырынан үзінділер келтіріп, ондағы діни сарынның байыбына барып, мағынасын ашып көруге тырысалық. «Батырлар жырының» басында үнемі қайталанатын:
Бисмиллә сөздің анасы,
Күллі сөздің данасы. («Алпамыс батыр» жыры).
немесе:
Жақсылар дастан бастайын,
Әуелі Алла сыйынып,
Екінші кәміл піріме («Қамбар батыр» жыры).
- деген жолдармен басталады. Мұндай жолдар көбінесе осы жырды туғызушы немесе орындаушы ақын-жыршыларға тиесілі. Себебі, сөздің басын бисмилләдан немесе Құдайға сыйынып бастау - мұсылман діні келгеннен бастап, беріге дейін жалғасқан. Бізді қызықтыратыны - неге көптеген эпостағы басты кейіпкердің ата-анасы бір перзентке зар болып, қартайған шағына дейін әулие-әнбиелерді тегіс аралап, зиярат ете жүріп, күні-түні жылап, Құдайдан бала тілейді?
Мысалы, «Алпамыс батыр» жырының Майкөт-Сұлтанқұл нұсқасында Байбөрінің:
Әзіреті сұлтанға
Екеуміз де баралық.
Әулие қылса керемет,
Болар ма екен жаңалық.
Бермесе Құдай не шара,
Далада өліп қалалық,
- деп, ең соңғы үмітті әулиеге артуында не сыр бар? Одан әрі Байбөрі мен Аналық Құдайдан бата тілеп, әулиелерді зиярат етуге шығады.
Отырарда отыз баб,
Сайрамда бар сансыз баб,
Бабтардың бабы Арыстан баб,
Бәріне бір түнеді.
Әзіреті Қаратау,
Өзен, сайын тастамай,
Бәріне бір түнеді.
Әзіреті Ысқақ баб
Бабатада дер еді...
Дәл осындай жәйт «Қобыланды батыр» жырында да кездеседі. Онда да Қобыландыны ата-анасы:
Әулие қоймай қыдырып,
Етегін шеңгел сыдырып,
Әулиеге ат айтып,
Қорасанға қой айтып...,
- жүріп тілейді. Сол сияқты «Қамбар батыр» жырында да:
... Бір бала беріп Құдайым,
Көңілін тапты раушан...
... Ағайыны қуанып,
Аллаға шүкір қылады...,
- немесе:
Көп сұрап алған Құдайдан
Әлімбай ханның құлыны...
- деген жолдар бар. Неліктен бұлай? Сонда бұлардың күні-түні азаптанып, қиындық көрген үміті ақталады ма? Жалпы осы эпостардағы мұсылман кейіпкерлері қысылған кезде немесе сын сағаты соққанда Құдайға қоса әулие-әнбиені, пірлер мен ғайып ерен қырық шілтенді ауызға алып, солардан медет-көмек сұрауының сыры неде? Енді осы мәселелерді талдаймыз.
Мысалы, «Алпамыс батыр» жырының Майкөт-Сұлтанқұл нұсқасында Алпамыс алданып, зынданға түсіп қамыққанда да:
... Жад еттім әуел, бір Құдай,
Құдіретіңе көңілім сай,
Адам ата, Хауа Ана,
Жаралдың әуел Нұрменен,
Аршыға әуел жазылды,
Каппенен, сын, нонменен,
Жүз жиырма төрт мың пайғамбар
Ажырар қашан сор менен.
Мәдинеде Мұхаммед,
Түркістанда құл Қожа Ахмет,
Самарқанда палуан Ахмет,
Ғайып ерен қырық шілтен,
– деп, Құдайдан, пайғамбарымыздан, онан соң пірлер мен ғайып ерен қырық шілтеннен жәрдем тілеуі неліктен? Бұған қоса «Қамбар батыр» жырындағы:
Әумиін деп қол жайып,
... Арыстан аман келгей деп,
Бәрі де дұға қылады...
- деген жолдардағы Қамбардың аттаныс алдындағы іс-әрекетін қалай түсінуге болады?
Енді осындай сансыз сауалдың жауабын іздеп, талдау жасап көрейік. Эпостағы басты кейіпкер анасының бір перзентке зар болуы - қазақ ертегілерінде де кездесетін жәйт. Бұл - сол уақыттағы халықтың еліне, жеріне пана болатын қаһарман, батыр ұлды аңсауын, армандауын білдірсе керек. Осы орайда, «Қамбар батыр» эпосындағы басты қаһарманның ата-анасының Құдайдан перзент сұрап, басқа емес, әулие-әнбие, машайық-пірлерді аралап кетуінің себебін, олардың үміті ақталатынына дәлелді жырдың өзінен табасыз. Мысалы, «Алпамыс батыр» жырының Ә.Байтұрсынов нұсқасына назар салайық. Мұнда Байбөрі мен Аналық әулиеден әулие қоймай, зиярат етіп келе жатып, бір көлдің жағасындағы қалың шеңгелдің арасына түнеп жатады. Әрі қарай жырдан үзінді келтірейік.
Сахар уақыты жеткен соң,
Көк есегі астында,
Ақ сәлдесі басында,
Бір диуана келеді.
Баба Түкті бабаң – мен,
Басыңды көтер, балам-ай.
Дәргейіне Алланың
Жақсылық күнің таянды.
Жарылқап Жаппар бір қыз бен
Бір бала берді баянды.
Өмір жасы болды ұзақ
Бұл жырда перзентсіз пақырлардың әулие-әнбие, машайық, пірлерді жағалап, жәрдем тілеуінің өзіндік сыры бар екен. Олар (әулиелер) – пендесінің мұң-мұқтажын, тілегін Жаратушыға жеткізуші, сол тілектің орындалуын Құдайдан жалынып сұрайтын ақ жүрек, ізгі жандар. Нақтылап айтсақ, адам баласын Алла Тағаламен жалғастыратын елші десек болады. Олар тек Құдайдан перзент сұрағанда ғана емес, қаһармандарының басына қандай іс түскен сын сағатында да көмек қолын созып, демеу болады. Кейіпкерлердің қысылған шағында ауызға әуелі Алладан соң әулие-әнбие, машайық, пірлерді алуы сондықтан болса керек.
Енді осы жырларда кездескен әулие-әнбие, машайық, пірлердің өзге де ашылмаған қырлары мен жоғарыға келтірілген үзінділердегі асты сызылып көрсетілген тұлғалар, ұғымдар мен сөздердің түсінігі, мағынасы туралы сөз етеміз.
Ең әуелі, батырлар жыры басталғанда бисмиллә сөзінің мағынасына үңілейік. Алла елшілерінен қалған деректерге қарағанда, «бисмиллә» сөзі (толық нұсқасы Бисмилләһир-Рахманир-Рахим) Алла әмірімен жазылған тұңғыш сөз екен. «Бисмиллә – сөздің анасы» («Алпамыс батыр») болатындығы сондықтан. Ал, Алла сөзіне анықтама берер болсақ, Алла - Жаратушы иеміздің мағынасын өзінен басқа ешкім білмейтін, мүлде құпия сақталатын, бүкіл сипатына лайық келетін, ең Ұлық, ең Ғазиз есімі. Сондықтан, біз бәрінен бұрын ең әуелі Аллаға, екінші пірлерімізге сыйынамыз. «Пір» дегеніміз – қажы, қазірет, ишан сияқты ірі дінбасыларға байланысты қолданылатын ұғым. «Пір» ұғымы парсы тілінен аударғанда «ұстаз» дегенді білдіреді. Көп жағдайда пір - әулие атанып, аскеттік өмір сүреді. Діни ұғымдарда пір-қолдаушы, аруақ туралы түсінікке жақындайды.
Атақты М.Ж.Көпеев: «Шайхы Бұрқы диуананың ерекше кереметтерінің бірі - перзентсіз ата-анаға ұрпақ сыйлайтын қасиеті екендігін айтады. Ал диуана шыр көбелек айналып билеу арқылы экстазға кіріп, Жаратушымен жақындасуға ынтық болады, - [35, 252] деп өз ойын тұжырымдайды. Қ.Халид еңбегінде: Шайх (шейх) – арабша – шал, кейде ұстаз, кейде пір, кейде әулие ретінде кездеседі. Шайхы – ескі діни ұғым бойынша шарапаты тиетін қасиетті диуана, - [36, 5] деп «Диуана» ұғымына жан-жақты түсінік беріп, дәлелдер келтірген.
«Алпамыс батыр» жырында Байбөрі мен Аналық екеуі Әзіреті Сұлтаннан бастап, Отырардағы отыз бап, Сайрамдағы сансыз бап, Баптардың бабы – Арыстан бап, Бабатадағы Ысқақ бапқа дейін барлығы перзент сұрап, зиярат етпекші болады. Мұндағы Әзіреті Сұлтан – Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың құрметті бір есімі. Яғни, әзірет (хазірет) – жоғары дәрежелі дін иелеріне берілетін атақ.
Әзірет атағы – лауазым иесінің дін қағидаларына жүйрік, ғұлама адам екендігін аңғартады. Сонда Әзіреті Сұлтан дегеніміз – күллі ғұлама, әулиелердің көсемі деген мағынаны білдіреді. Байбөрінің әулиелердің ішіндегі ең әуелі Әзірет Сұлтанға тағзым етуі тегін емес. Одан әрі Байбөрі – Отырардағы отыз баптан бастап, Ысқақ бапқа дейінгі баптарды шұбыртып шығады. Сонда бап дегендеріміз өздері кімдер? Бап (арабша «баб» - қақпа) деп – пайғамбарымыздың көзін көрген адамды (сахабаны) атаған. Олар – ілім-білімнің қақпасы, қайнар көзі. Мұндай діндар ғұламалар қазақ топырағында өте көп болған. Ал, Арыстан бап бабамыздың баптардың бабы аталуы – пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. - көзін көргендігінен.
Енді бір Құдайды жад ету деген тіркестің астарына үңілейік. Жад – деген сөз қазақ тілінде «ес» деген сөздің мағынасын білдіреді (жадыңа тоқып ал). Сонда жад ету – «еске алу» деген сөздің мағынасын беретін болып шығады. Мұнан өзге – Құдайдың дәргейі (арабша «дәргаһ» - табалдырық, мекен-жай) деген сөз - Құдайдың табалдырығы, мекен-жайы дегенді білдіреді. Адам Ата, Хауа Ата, жаралдың әуел Нұрменен деген жолдарды түсіндіру үшін, ертеден келе жатқан санамызға сіңген аңызды еске түсірсек жеткілікті. Аталарымыз айтып отырушы еді: «Құдай тағала Адам атаны әуелі топырақтан жаратып, оған өзінің нұрын үрлеп тірілтті. Хауа анамызды сол Адам атаның қабырғасынан оған да нұрдан үлес беріп жаратты», - деп.
Діни аңыздар бойынша Мұхаммед с.ғ.с.-нан бұрын адам баласына 124 000 пайғамбар жіберілген екен. Мәдинада дүниеге келген Мұхаммед с.ғ.с. - ең соңғы пайғамбар болып есептеледі. Соңғы пайғамбар тұсында Ислам діні гүлденіп, күллі әлемге нұрын шашып тұрды. Пайғамбарымыздың, оның ізінен ерген халифтері мен сахабаларының көзі кеткен соң, бұл дін құлдырауға бет ала бастады. Алланың соңғы елшісі бақилық болғанына 400 жыл өткен соң, жоғарыда айтқанымыздай пайғамбарымыздың Арыстан бапқа аманатқа қалдырған қасиетті құрмасын Түркістанда туған Қожа Ахмет Ясауи бабамыз алған соң, Ислам діні түркі топырағында далалық даналықпен ұштасып, қайта өркендейді. Осы дінді тарату мақсатында Ясауи Қаялық еліне Самарқанда туған өзі аттас Ахмет сопыны жіберіп, ол сол жерде діннің қанат жаюына үлес қосады. Алпамыс батырдың зынданға түскен кезде, Мәдинадағы Мұхаммедті, Түркістандағы Қожа Ахметті, Самарқандағы палуан Ахметті еске алуы сол себептен болса керек.
Батырлар жырындағы Жаратушыдан кейін ең жиі еске алынып, кейіпкерлердің жәрдем тілейтін бейнесі – ғайып ерен қырық шілтен. Бұл туралы профессор Б.Сағындықұлы: «Ғаламның ғажайып сырлары» атты кітабында былай пікір білдіреді: «Ғайып ерен қырық шілтен – арабтың, көне түркінің және парсының сөздерінен құралған ғажап тіркес. Арабтың – «ғайыбы» - «жоқ болып кету», «көзден тасалану», «Құдайлық іс», «адам» деген мағыналарда жұмсалады. «Шілтен» - парсы тілінде «қырық тән немесе қырық дене» деген ұғымды білдіреді.
«Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» эпостық жырларында әулие-әнбиелердің болуы, жырдан орын алуы кездейсоқтық емес. Қазақ батырлар жырындағы әулие-әнбиелердің бітім-болмысы ғана ортақ емес, сонымен бірге жырдағы оқиғалардың ұқсас болып жатуы – батырлар атқаратын жұмыстардың біркелкі болуында. Жырдың әр нұсқасында жырлаушы немесе айтушының қиялына байланысты оның мазмұны өзгермегенмен, нұсқалары өзгеріп отырған.
Қорыта айтқанда, қазақ батырлар жырындағы әулие-әнбиелер бейнесі өз көркемдігін, рухани құндылығын қай кезеңде де жоймайды. Өйткені, жырлардағы салт-дәстүрлер, діни наным-сенімдер, әлі күнге қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасып жатыр. Қазақ халқы бар жерде әулие-әнбиеге сыйыну, оларға тәу ету дәстүрі жалғасуда. Ал біздің айтпағымыз қазақ халқының «Батырлар жырында» кездесетін оқиғалардың барлығының тек аңыз емес, ақиқаттан да тұратынын ғылыми тұрғыдан талдап, таразылау болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет