Жылқының қасиеті Төрт түліктің ішіндегі ең таза мал – жылқы.Оның тазалығы соншалық – суды да кешіп барып, таза жерден ішеді. Ол өте сезімтал мал. Қолға тез үйренеді.Бір ғажабы жылқыда өт болмайды.Төрт түліктің ішінде жылқыны өсіру жеңіл. Себебі жылқыны бағуда артық шығын кетпейді.Жылқы-жеті қазынаның бірі. Ол сезімтал, талғампаз жануар.
Жылқыны күту, тамақтандыру Тау бөктері аймақтары мен қуаңшылық жерлерде ауа райы жылы болғандықтан жылқыны жыл бойы жайылымда бағады. Бұл жерде жылқы шаруашылығы ет алу мақсатында ұйымдастырылған. Жылқыны бағудың бірнеше әдістері бар: үйірлеп бағу, бос бағу, табындап бағу.
Бос бағуда жылқыны жыл бойы жайылымда болады.Қатты боран немесе көк тайғақ болғанда пішен, жем беріледі. Табындап баққанда жылқы жынысына жне жасына қарай табынға бөлінеді.Боран және аяздан қорғау үшін қора, қолқа, ықтасынсалынады, Құдық қазылады, суаттар жасалады.
Жылқы өнімі Еті мен сүтінің адам ағзасына пайдасы Қазақ халқыүшін жылқы қасиетті мал. Оның еті мен сүті өте шипалы. Еті жесең қорытуға жеңіл, сіңуі тез, өте пайдалы.Жылқы етінің басты қасиеті : жүрек, қан, тамыр ауруларына, бүйрек жұмысын жақсартуға , буын сүйектерді жібітуге т.б. қолданылады. Сондай ақ ірі қара малдың асқазаны ауырғанда, балапандар мен тауықтардың ащы шегінде қабыну белгілері байқалғанда қолдануға болады.Міне бұл кеңестерді үнемі жаныңызға жинап, қажетіңізге жаратуға болады.
Биенің сүтінен қымыз ашытады. Қымыз ауырған адамға ем, ал сау адамға қуат береді. Бие сүтінде қант көп болады.Жаңа сауған сүтттің дәмін татып көрсеңіз байқайсыз. Құрамында «С» дәрумені көп болады.Қымыздың емдік қасиеттері әсіресе туберкулез ауруын емдеу үшін пайдалы. Қымыз қазақ халқының сүйіп ішетін сусыны. Биеден күніне 10-12, кейбіреулерінен 15-17 литрге дейін сүт сауылады.
Жылқының жал-құйрығын «қыл» деп атайды. Жал-қүйрық көбінесе арқан-жіп есуге, сүзгі тоқуға, тұзақ есуге, жұмсалады. Жылқы қылын терімен қаптап көпшік, жастың, бөстек жасауға, қобызға тағуға пайдаланған.
Қорытынды : Жылқы біздің ұлттық мәдениетіміз, тарихымыз. «Ер қанаты - ат» деген қанатты сөзді халық жадында сақтап келеді.Осы қағиданы берік ұстаған бабаларымыз жылқы өсіруге ерекше ден қойған. Жылқы еркіндіктің, тұрақтылықтың белгісі. Қазақстан Республикасының елтаңбасында бейнеленген алтын қанатты тұлпар аттар еркіндікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың белгісі болыпбіздерді жарқын болашаққа жетелейді.