Ғылыми жобаның мақсаты: Төрт түліктің қ



бет9/9
Дата27.02.2023
өлшемі1,6 Mb.
#70099
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жынысына қарай: теке, серке, лақты ешкі, ешкі, еркек марқа лақ, ұрғашы марқа лақ, еркек лақ, ұрғашы лақ деп те атайды


Қазақтың арқар-мериносы цигай қойы

Кавказ қойы Алтай қойы


Қаракөл қойыЕділбай қойы



Қой мен ешкінің қасиеті
Қазақ халқы қой мен ешкіні қосып «уақ мал» деп атайды.Ешкі- өте өсімтал мал,ал қой-төрт түлік мал ішіндегі ең жуасы. Қойдың еті, жүні, терісі пайдалы. Жүнінен киіз басады, түрлі киім-кешек тоқиды.
Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді. Оның түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті пайдаланылады. Ешкі бір – екі, кейде бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе жылына екі рет төлдейді. Ешкілерді көктемде, жылы аудандарда екінші рет тамыз – қыркүйек айларында қырқады. Текесінен 4 – 6 кг, ешкісінен 3 – 5 кг қыл алынады. Түбітті ешкіден 0,2 – 0,5 кг, кейде 2 кг түбіт алынады. Ешкі терісінен сафиян, шевро сияқты бағалы былғары жасалады.

Қой мен ешкі күтімі
Қой мен ешкі шаруашылығы - мал шаруашылығының бір саласы. Малды қыста қорада, қалған уақытта жайылым жерлерде бағады. Оларды азықтық дақылдармен қоректендіреді, мезгілімен дәрігерлік көмек көрсетіледі.
Қойдың салмағы тұқымына қарай әртүрлі болып келеді ал ешкі малы - текесі 60 – 65 кг-ға дейін, ешкісі 40 – 60 килограға дейін тартады. Жемденген ешкіден 20 – 28 кг ет, 4 – 6 кг май, жеті – он айлық лақтан 12 кг ет, 1,5 кг май алынады.Ешкі тұқымын асылдандыру, күтімі мен азықтандыруын дұрыс ұйымдастыру арқылы оның өнімділігін арттырады 
Қой мен ешкі өнімі
Қой мен ешкіні ет, сүт, түбіт, жүн, тері өндіру үшін өсіреді.Қой еті бағалы тағамдық шикізат. Қойдың еті – жылу мен әл-ауқатты арттырады, денедегі желді басады. Асқа тәбетті арттырады. Сүті қою, емдік қасиеті бар.
Қойдың жүнін «жабағы», «күзем жүні», «қозы жүні», «өлі жүн» және «шет-пұшпақ» деп бес түрге бөліп атайды. Қойдың жабағы жүнінен шидем шапан, күпі күседі, ішпек, терілік жасайды, тыстап күпсек (бөстек), көпшік, жеңіл байпақ тігеді, киіз жасайды.
 Ешкі еті әсіресе лақ, серке еті дәмді, сіңімді келеді. Сүті емшектегі балаға жұғымды, одан қаймақ, май, ірімшік, құрт, айран, т.б. тағамдар дайындалады.Ешкінің сүті ентікпеге ем.Өкпе ауруына, қан аздық, рахит, буын, тері ауруына шалдыққандарды әу бастан-ақ ешкі сүтімен емдегенТүбіті мен жүнінен жеңіл, әрі берік орамал, қолғап, басқа да киімдер тоқылады.
Қорытынды
Қой жүнінен киіз басар,
Арқан есіп, көрпе жасар.
Кисе –киім, жесе –тамақ,
Мал жоқ шығар қойдан асар - дегендей үй жануарларына адам қандай қамқорлық жасасақ, сондай пайда көріп отырмыз.Осы төрт түлік халқымыздың ең басты байлықтарының бірі екенін білгеніміз жөн.Өсіп келе жатқан мына біздер қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай тәжірибесін ұмытпауымыз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қ.Бозымов « Жылқы және түйе шаруашылығы» Алматы «Қайнар» 1993ж.
2. К.Мырзалиев «Қызыл кітап» Алматы «Жалпы» 1983ж.
3. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009
4. Қ. Дүйсенбаев, З.Сейітов, Ә. Хасенов «Қымыз» Алматы «Қайнар» 1968ж.5.ҚазақЭнциклопедиясы, 8 том6. Интернет ресурстары

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет