Ғылыми жобаның мақсаты: Төрт түліктің қ



бет7/9
Дата27.02.2023
өлшемі1,6 Mb.
#70099
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Сиырдың түрлері
Қазіргі кезде дүние жүзінде сиырдың 250-ге жуық түрі бар.Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады. Сүт бағытындағы Сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады. Ет бағытындағы Сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған.
Сүтті бағыттағы қолтұқымдар
Бұл бағытта өсірілетінірі қара қолтұқымдарынан сүт алу мақсаты көзделеді. Қазақстанда қырдың (даланың) қызыл сиыры, әулиеата, алатау, қарала, симменталъ қолтұқымдары өсіріледі.

Әулиеата сиыры ақбас бұқасы



Алатау сиыры Қызыл сиыр


Қарала сиырлар Әулиекөл тұқымы


Ақ маңдайлы бұзау

Қазақ ақбас сиыры
Сиырдың өмір сүру кезеңі
Сиырлар 5 жасқа дейін өсіп жетіледі, кейбір кеш жетілетін тұқымдары 6 - 7 жасында өсуін тоқтатады. Ұрғашысы 20 — 35 жыл, бұқасы 15 — 20 жыл тіршілік етеді.Ересек Сиырдың салм. 250 — 600 кг, ең таңдаулысы 1000 кг; бұқасы 300 — 900 кг; ең таңдаулысы 1600 кг-нан асады.
Сүт бағытындағы Сиырдан 9 — 12 жыл жақсы өнім алынады, бұдан кейін олардың тісі қажалып, өнімділігі төмендейді. Сиырды жасына қарай:

  • Бұзау

  • Торпақ

  • Танаайынша

  • Қашар

  • Құнажын

  • Дөнежін

  • Сиыр

  • Өгіз

  • Бұқа деп атаған.

Сиырды күту

Шаруашылықта малды қолда және жайылымда үстайды. Қолда бағу кезеңінде мал қора — жайда, ал жайылым кезеңінде табиғи өрісте ұсталады.  Жаз айларында көк шөп құрама жем, қыста сүрлем, пішендеме береді. Бұзауларды сүтпен қоректендіреді.



Сиырдың қасиеті
Сиыр малы момақан,көп күтімді талап етеді.Қазақта: «Сиыр малы-үйдің асыраушысы» деп тегін айтылмаған. Себебі: сиыр сүтінен қаншама тағам түрі жасалады. Ертеде қазақ халқы сиырдың терісінен құдықтан су тартатын ыдыс қауғалар, қымыз ашытатын сабалар мен сусын құятын торсықтар жасады.Сиырдың тезегін отын ретінде пайдаланды.Кейбір тұқымдардың бұқалары мен өгіздерін арба, шана тартуға пайдаланған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет