Ғылыми жобаның мақсаты: Төрт түліктің қ



бет6/9
Дата27.02.2023
өлшемі1,6 Mb.
#70099
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Түйе өнімдері
Түйе сүтіТүйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінен әлдеқайда жоғары. Оның құрамында адам ағзасына қажетті нәруыз, дәрумендер мол.Сүті 24 сағатқа дейін ашымайды. Түйе сүттен шұбат дайындалады (қымыран деп те аталады). Шұбат өкпе, асқазан, ішек ауруларына бірден-бір шипа, қанды толықтырады. Шұбаттың радиацияға қарсы әсері болатыны да анықталған.
Түйе еті - түйе өнімінің бір түрі, бағалы тағамдық шикізат. Түйе етініңхимиялыққұрамымүйіздііріқара мал етінеұқсасжәнеқуаттыкеледі. Түйе етініңқасиетітолықзерттеліп бола қойғанжоқ, дегенмен, еліміздіңтүйеөсіретінаймағыныңжергіліктіхалқыоныдиеталық тағамдепбіліп, дерткедауасанайды
Шудасы Түйенің шудасы да қымбат бағаланады. Оны буын, құяң, бүйрек ауруларына және радиация сәулелеріне қарсы ем ретінде пайдаланады. Шудадан бағалы тоқыма бұйымдар жасалады.
Түйе жүнінен неше түрлі өрмек жіптерін иіріп, шекпен, қап, белбеу,  кілем, қоржын сияқтыларды тоқиды. Сол сияқты түйе жүні айыл-құйысқан, өмілдірік, ноқта жасауға және көген, бау-шу есуге өте қолайлы. Түйе жүні көрпеге салуға, шапанға тартуға өте жақсы, жеңіл, әрі жылы болады, қылшық шықпайды.
Қорытынды
Төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. Осы малдың сақтаушы иесін «Ойсылқара» деп атаған. Ойсылқара атауы ұғымдық жақтан түйе деген мағынаны білдіреді. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.). Тіпті түйенің шудасын да, қайнатып, емге пайдаланған. Осындай аса құнды мал болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп, айналып-үйірілген, еркелетіп отырған.

Сиырдың сүті – тілінде»
Сиырдың шығу тарихы
Сиыр, ірі қара, мүйізді ірі қара — сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Сиыр малы осыдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген.Қазіргі үй сиырларыныңшыққан тегі тур деп аталады.Тур деген жабайы сиырды қолға асырап, үйретілгеннен кейін үй сиыры пайда болған. Жабайы сиырлармен салыстырғанда, үй сиырларының аяқтары қысқа, денелері ірі, үлкен, шекелері кіші болып келеді. Бұл ірі қара әр түрлі тұқымдардың шағылысуы арқылы көптеген будандарға айналады. Мұндай сиырлар Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, т. б. туысқан республикаларда кең таралып өсті. Жергілікті сиыр тұқымдары көбейді.
Қазақстан сиырларының тұқымдары еттілік, сүттілік, көліктік жағынан ерекшеленіп, өсіп-өніп келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет