А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Жақсылықова Г.А. Қазақ халық әндерінің тәрбиелік мәні
Қазақтың халық әндерінің басты ерекшеліктерінің бірі – халықтығы, осы
жасаушы халықтың өзі және фольклордың өзге түрлері сияқты сол халықтың
ұжымдық іс-әрекеттінің жемісі болып табылады. Ғасырлар бойы ұрпақтан-
ұрпаққа тарату үстінде әр орындаушы өз әндерін жетілдіріп оның көркемдік
қасиеттерін байытып отырды. Сөйтіп, әндердің ең құндысы, ең озық үлгілері
халықтың жадында сақталып бүгінгі біздерге жетіп отыр. Соның
нәтижесінде халқымызға тән қонақ күтушілік, үлкенді құрметтеу,
бауырмалдық, өзара сыйластық, өзара қарым-қатынас, кішіпейілділік, аталы
сөзді қадір тұтып, уәдеде тұра білу сияқты игі-дәстүр, салт-сана ұнасымды
жалғасын таба білген секілді. Салт-дәстүрсіз халық болмайды. Ол халықтың
саналық қасиетінің, адамгершілік өмір сүру талабының басты өлшеуіші.
Жақсы дәстүр уақытты жатсынбайды, қайта уақыт тынысына, даму
диалектикасына орай жетіліп, ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып
отырады. Бұл аға ұрпақ үлгісін, ұрпақтар сабақтастығын, уақыт өлшемінен
өтіп, тұрмыс сынына төтеп берген қасиеттер мен салт-дәстүрімізді қастерлей
білгенімізді талап етеді. Халқымызда инабаты мол жасты «Көргенді елдің
баласы» деуі тегін емес. Сондықтан жастар тәрбиесінде бұрынғыдай жалаң
ұранды емес, ғасырлар бойы қалыптасқан үлгі-өнегені басшылыққа алуға
тиіспіз.
Қазақ тарихын білу арқылы халықтың дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын
үйрену оқушыларға ұлттық тәрбие береді, яғни ол тәрбие негізі. Мектеп
жасындағы оқушыларға мұғалім үйретуімен қатар ата-аналары да ертегі
кітаптарды, өсиет сөздерді сатып алып балаларына оқытып, оның мазмұнын
бірге талдаса, олардағы өсиет сөздер мен мақал-мәтелдердің неге
айтылғандығын ұғындырса, жұмбақ айтып, оны шешсе, осылай күніне бір-
екі сағат баланың бос уақытында тәрбиелік мәні бар талдау жұмыстарымен
айналысса, баланың ойлау қабілеті артып, ой-өрісі кеңейе түсер еді. Ата-
аналардың ертегі кітаптар, батырлар жыры, эпостық жырлар, шешендер
сөзі, айтыстар жазылған кітаптарды көптеп алып беріп, балаларына оқытуы
тәрбиеге табысты әсер етеді. Бұл арқылы бала өз Отанын, өз халқын
құрметтейтін нағыз ұлтжанды азамат болып қалыптасады. Мектеп пен ата-
ана байланысын, қарым-қатынасын нығайту-қазіргі заман талабы. Ол үшін
халықтың дәстүрін, үрдісін, асыл сөздерін үйрету мақсатында мектеп
бағдарламасында тәрбие сағаттарын, кештер, конференциялар, білім
сайыстарын, семинар сабақтар өткізудің тәрбиелік мәні зор деп білеміз [6].
317
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Жақсылықова Г.А. Қазақ халық әндерінің тәрбиелік мәні
Қазақ халық музыкасын оқытушыларға тыңдату арқылы мұғалім
оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, терең сезімін
оятып, музыкалық өнерге қызығушылығын, ынта-ықыласын тудырып,
рухани байлығын арттырып, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелейді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Назарбаев Н.Ә. Мәдени мұра» бағдарламасы // Егеменді Қазақстан 2003.
2.
Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім – тәрбиесі (оқу құралы) -Алматы: Санат, 1995.
3.
Ахметова М., Ерзакович Б., Жұбанов А. Советтік қазақ музыкасы. (Тарихи очерк). -Алматы: Ғылым,
1975.
4.
Жұмабаев М. Педагогика. -Алматы: Рауан, 1993.
5.
Қасенова Р.Қ. Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы. -Шымкент: 2002.
6.
Жұбанов А. Ән сапары. -Алматы: Өнер, 1963.
318
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
ҚҰҚЫҚТАНУ
Т.А.АҒДАРБЕКОВ
заң ғылымдарының докторы, профессор
А.Ясауи атындағы ХҚТУ
Н.Қ.ТЕМІРБАЙТЕГІ
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ БИЛЕРДІҢ БИЛІК ЖҮРГІЗУІ
В этой статье рассматриваются указы власти казахского народа, а также методы согласия
биев.
This article deals with decrees of authority of the Kazakh people and with methods of bijs’
agreement.
Қазақ халқы қай кезеңде де от ауызды, орақ тілді, қара қылды қақ жарған
әділ билерін, шешендері мен ақындарын ел билеген хандарынан бетер қадір
тұтқан. Олар айтқан бітімді, кесімді сөздер ұрпақтан-ұрпақка жетіп, тұтас бір
халықтың даналық мектебіне айналып отырған. Сондай-ақ, билер жөнінде
бірер сөз қозғау біздің дәстүрлік ерекшелігіміз:
«Өркенім өссін десең, кекшіл болма - кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең, өршіл болма, өскеніңді өшіресің» [1.61] – деген
Қазыбек би.
Ең алдымен өз халқын ынтымақ, татулыққа шақырып, бірлігі болмаған
елдің болашағы бұлыңғыр екеніне көп мән берген. Ел жастарына беретін
тәлім тәрбиеге толы, ереже сияқты өнеге болған асыл қазына қатарына енген
насихаттары бүгінде құндылығын жоймаған.
«Әділ билік болмаса халқыңды дерт алады» [2.77-79] – деген сөздері
бүгінгі сот төрелігін жүргізіп отырған барлық судьялар үшін басшылыққа
алып отыратын ең басты қағида. Ежелден бері қазақ халқы мемлекет тізгінін
билер көрегендігімен, әділ шешімдері арқылы басқара білген. Бүгінгі таңның
өзінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев жүргізіп отырған мәміле жолын
іздестіру, ұлттық мәселені әділетті шешу қоғамдық тұрақтылықты, заңның
үстемдігі мемлекеттік тәуелсіздікті нығайту, бірігу, ынтымақ саясаты –
осының бәрі де бұрынғы өткен ұлы билеріміздің сардар саясатының
жалғасы. Байтақ қазақ даласы бағы замандардан-ақ билер мектебінің алтын
бесігі еді. Көсем биліктің, дана шешендіктің дәстүрі ел құндылығында
сақталған, желісі үзілмеген, бабадан ұрпаққа, атадан балаға жалғасып
отырған.
Сан ғасырлар бойы біздің сол рухани қазынамыз өз халқына жат
саналып, қалың елге белгісіз болып келген. Бірен-саран ғылыми ізденіс
мақала жарық көргенменен, түпкілікті нақты зерттеулер жүргізілмеген.
Оның бірден-бір себебі кеңестік идеология заң орнына жүрген көне әдет-
ғұрыптарды кең зерттеп, терең талдауға мүмкіндік бермеді.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылды ұлттық тарих жылы, 1999
жылды ұрпақтар сабақтастығы жылы деп жариялауының өзін тарихымызды
319
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Ағдарбеков Т.А., Темірбайтегі Н.Қ. Қазақ даласындағы билердің билік жүргізуі
қайта жаңғырту, ата-дәстүрін, ұрпақтар жалғасының жарастығын арттыру
деп білгеніміз жөн [3.132]. Әдеп-ғұрып, салт-дәстүр, заң-жобаның озығы да,
тозығы да болатыны рас. Бүгінде қазақ елінің Ата заңы да, құқықты
қорғайтын өзге заң кодекстері де баршылық.
Өркендегісі келетін елдердің қай-қайсысы да қадым замандардан бергі
тарихын ерекше кастерлеп, дара тұлғаларын, ел болып еңсе көтерулеріне
еңбек сіңірген азаматтарын ардақ тұтқан. Елдігіміздің, ұлы бабалардың
аруағын ардақтай алатындығымыздың куәсі ретінде Ордабасыда халық
қамын жеген ұлы бабаларамызға ескерткіш орнатылды.
Сонау тас дәуірінен бері келе жатқан адамзаттың тіршілік түйткілдерін,
қоғамдық формациялардың болмыс-бітімін сараптай қарасақ, қазақ елінің
өзіне тән әдет-ғұрыптары, заң жобалары қоғам сипатына қарай дамып,
өркендеп отырған. Біздің дәуірге дейінгі жыл санауда және одан кейінгі
дәуірлердегі, жалпы, жер бетіндегі мемлекеттердің дамуы, қалыптасуы бір-
бірімен етене аралас өркен жайғанын тарих теріске шығармайды.
«Мына заман қай заман, бағы заман, баяғыдай болар ма тағы заман» деп
көз жасын көлдеткен кайран халқымыздың тұтастық туын қолға алған ұлы
билеріміздің даналығы әлі де терең зерттеуді қажет етері сөзсіз.
Қазақ халқының қоғамды бір тудың астына біріктіріп, ұстап тұрған билер
саясаты мен заңдары, оның жүріп өткен жолдары жайында арнайы жазылған
еңбек жоқтың қасы.
Би, судья – ел қамқоры, халық жанашыры әрі ақылшысы. Қазақ
қоғамына бір тұтастықты қалыптастырып, ынтымақ орнатқан ежелгі
ережелердің қайталанбас нұсқасы, халықтың тәртіп-низамының, салт-
дәстүрлерінің жүйелі жиынтығы - атақты «Жеті жарғы», дана бабаларымыз
«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» – осылардың бәрі де
көне кодекстеріміз, өмір зандары, тіршілік өлшемдері, коғамның шарттары,
мемлекет басқару мен ел билеудің қалыптасқан тәртіптері, кең даланың сол
замандағы тұрмыс-тіршілігінен, қоғамдық-әлеуметтік ахуалынан туған
заңгерлік ұлы мұраларымыз. Қазақта кезінде кең етек алған ар-намыс дауы,
құн дауы, жер дауы, жесір дауы дегендер болған. Солардың бәрінің де
түйінін «Тура биде туған жоқ» деп, қара қылды қақ жарған, заманының
шешен боп туған көсемдері. Халқына пана боп туған даналары,
әділеттіліктің ақ туын көтерген абыздары, шындықтың сөзін сөйлеген
мәмілегерлері шешкен. Олардың беделі, дәрежесі ел ішінде хандардан да,
бектерден де биік болған.
Қазақ соты тарихындағы билер үкімінің алар орны ерекше, тарихы тым
тереңде.
Қытайдың «Таңнама», «Ханнама» деген тарихи жылнамасында қазақ
сотының ереже үлгілеріне қатысты мынандай деректер бар: «Сақ, үйсін
елдерінде күңнің құны бір түйе, немесе он бір он-екі кез мата; құлдың құны
бір атан немесе бір ат болады екен... Ол елдің заңында бағып алған баланы
320
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Ағдарбеков Т.А., Темірбайтегі Н.Қ. Қазақ даласындағы билердің билік жүргізуі
құл етуге, сатып жіберуге, кепілге қоюға болмайды. Әрі оны ауыстыратын
зат құн емес, сүт ақы деп аталады», – деп түсінік берілген.
Қытай деректері көздерін түп негізімен анықтаған Дүкен Мәсімхан өзінің
«Ежелгі заңдар ережесі» деген мақаласында осы дерекке қоса аталған тарихи
жылнамадан мынандай заңдар үлгісін келтіреді: «...һұндер мен үйсіндерде
ағасы өлсе оның әйелін інісі, інісі өлсе жесіріне ағасы әмеңгерлік ететін
заңдары бар еді. Бұл олардың тұқым-жұрағатының құрып жоғалудың алдын
алуды, сондай-ақ, рулық түзімді қорғауды көздеген әлеуметтік заң-жарғы
еді. Олардың табиғатқа табынған, жазбаша іс-қағазға бой ұрмаған бейресми
заңдары болатын. Мәселен, кісі өлтіргенге тиісінше үкім шығару, айыбы
үшін мал-мүлкін алу, тәнін кесу сияқты жазалары бар еді...», – деген нақты
деректер келтіреді. Бұл екі мысалды автор бұдан 2200 жыл бұрын жазылған
«Таңнама» мен «Ханнама» жылнамаларынан алып отыр.
Көшпелі ғұмыр кешсе де өздерінің қоғамдық өлшеміне сай жасалған заң-
жарғыларын еш өзгеріссіз ұрпаққа үзбей жеткізіп отырған арғы ата-баба
бекзаттығы қайран қалдырады. Жоғарыдағы келтірілген заңдар үлгісінің XIX
ғасырдағы билер ережесінен айнымай орын алуы, ұлтымызға тән заңдардың
халық жадында мықты сақталғанын дәлелдейді.
Ал «Есім ханның ескі жолы» деген ауыздан-ауызға көшіп бізге жеткен
мәтел-қағидаға айналып кеткен азын-аулақ ереже қалдығы ғана. Мұндағы
«Қасқа жолға» қосылған жаңа ереже түзілімі: «Хан болсын, ханға лайық заң
болсын; Би болсын, би түсетін үй болсын; Абыз болсын, абыз сайлау парыз
болсын; Батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын» [4.102] – деген хандық
құрылым жүйедегі саяси-әкімшілік, әскери, рухани және сот істерін жөнге
салып отыратын басты-басты төртке бөлінген төрт тірек екенін танытады.
Және хандықтың өзін халық жіктеп баға бергендігінің көрінісі. Себебі
мемлекет атынан шығатын түрлі заң-жарғылар, үкімдер билер шешімімен
қабылданып, хан алдында бекітілген. Сондықтан да ел билігін ұстаған билер
мәртебесі халық алдында үстем болған, ғасырдан-ғасырға өнеге ретінде
үзілмей жалғасып отырған. Бұл мәтел қазақ хандарының халық арасындағы
беделі жоғары болуын меңзейді. Ал билеріміздің сөзі өтімді болып, екеуінің
дәрежесі тең түсерліктей болған, өйткені қазақ хандарымен билері бір
қабірге А.Ясауи кесенесінде қатар жерленген.
Бастау көзі сонау ғұн, үйсіндерден тікелей тартылатын осындай ғажап
дәстүр-салты жыл санауымыздың V ғасырындағы тарих сахнасына шыққан
түркілер өз заманында жаңаша жаңғыртып, дәуір тынысына сай қолдана
білді.
Түркілердің мемлекеттік тарихы, тегі, дәстүр-салты, мәдениеті туралы
толымды ойлар айтқан Еуразияға даңқы жайылған Лев Гумилев «Көне
Түріктер» деген көлемді еңбегінде заң орнына жүрген ережелер туралы
мынаңдай деректерді:
321
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Ағдарбеков Т.А., Темірбайтегі Н.Қ. Қазақ даласындағы билердің билік жүргізуі
«Түркілерде өте қатал, тіпті қатыгез құқық заңының өзі әйел затын
қолдап, қорғаған. Зинақорлыққа бой алдырған некелі отбасының шырқын
бұзған адам өлім жазасына кесілген. Әйелді зорлаған, көтеріліс жасаған,
опасыздықпен кісі өлтірген, тұсаулы атты ұрлаған ең ауыр жазалармен тең
қаралған» [4.238-240] – деген ереже-баптардың кемел оймен мысалға
келтіріп, көне түркілер дәуіріндегі зандардың қоғамдық рөлін жоғары
бағалаған. Жоғарыдағы сөзімізге арқау болып отырған екі деректі ғасырлар
тоғысына салып қарасақ, қазақ заңдарының өміршеңдігі жыл санаудан
бұрынғы дәуірден-ақ мемлекет қажетіне жарап, әр заманда өз сипатына
қарай өркендеп, молығып отырған. Бұған дәлел – осы аталған зандар
ережесінің XVIII ғасырдағы Әз Тәуке ханнын Ұлы үш кемеңгер – Төле би,
Қазыбек би, Әйтеке бимен ынтымақтаса отырып жазған «Жеті жарғыдағы»
құқықтық өлшемдермен мағыналас, мәндес келуі – халқымыздың өз ұлтына
тән заң Жарғылары әлімсақтан үзілмей келе жатқанын танытады. Өз
кезеніңде ұлттық рухты жоғары ұстау мақсатында өлім жазасы да қолданған.
«Қасым ханның қасқа жолы» заң жарғысындағы ерекше көзге түсіп
тұрған ереже – елшілік жоралары. Бұл Қасым ханның өзге мемлекет
қайраткерлерінен оқ бойы озық, терең ойлы ел билеуші екенін танытады.
Оның халықаралық қатынастарда елшілердің ерекше рөл атқаратынын,
алғыр ой, шешендік сөз, сыпайыгершілік пен әдептіліктің ел мен елдің
арасында ерекше маңызға ие екенін сұңғылалықпен түсіне білгенін жоғары
бағалау керек. Қазақтың «Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан»
деген халық мәтелінде осындай өрелі істің ой орамы жатыр емес пе!?
Мұндай елшілікке тән ереже-баптың халықаралық дәрежеде өркен жаюы -
біздің халық үшін ерекше мәртебе деп есептеген жөн.
Қазақ сотының тарихын талдап көрсеткенде, XVII ғасырдың соңында
қазақ мемлекетінің саяси құрылымында, басқару жүйесінде Әз Тәуке хан,
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би «Күлтөбенің басында күнде кеңес» құрып,
ұлттық мүддеге үйлесетін жаңаша заңдар ережесі – әйгілі «Жеті жарғыны»
өмірге әкелді [5.192]. «Жеті жарғы» – халық жадына терең сіңген, ұлттық
дәстүр-салтымызбен біте қайнасқан шоқтығы биік зандар ережесі. Өйткені
Есім хан тұсынан басталған ойрат-жоңғарлардың қазақ жерінің шұрайлы
қоныстарын басып алуы, ірі феодалдар иемденген мал жайылымдарының
тарылып кетуі қазақ қоғамындағы бұрыннан қолданылып келе жатқан бес
түрлі заңдарға қосымша тарау енгізуге себепкер болған. Шөбі шүйгін,
қойнауы құт құйқалы өрістерге талас-тартыстың барған сайын жиілей түсуі,
оның соңы кісі өлімімен аяқталуы – мемлекеттік тұрғыдан билік айтатын
билер үшін жаңаша заңдар үлгісін өмірге әкелу қажеттігін туғызды. Қасым
хан мен Есім хан тұсынан келе жатқан заңдар ережесін ой-сарабынан
өткізген Әз Тәуке хан үш жүздің ұлы билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке
бидің кемел ойлап, кең пішкен даналық ой жемісінің арқасында ежелден өзге
заңдармен тең қаралып келе жатқан жер дауын мүлік заңынан бөліп
322
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Ағдарбеков Т.А., Темірбайтегі Н.Қ. Қазақ даласындағы билердің билік жүргізуі
алып, жеке ереже ретінде билік нормасына енгізді. Бұл негізінен алғанда
феодалдық қоғамның мықтап дамыған тұсы болғандықтан «феодалдық
мүддені қорғаған заң» ретінде тарихта қалды. Бұл заң феодалдық
қондырғыға (базиске) қызмет атқарғандықтан сол қоғамдық меншікті
қорғауға, оны нығайтуға қызмет етті [6.44-88].
Бұл ережелерді дұрыс қолдану жөніндегі ұсыныс, ұйғарулар, билердің
сот ісіндегі билік істері де нақты көрсетілген. Тәуке ханнан тамыр тартқан
бұл заңдар ережесі кешегі Қазан төңкерісіне дейін келіп жеткенін ескерсек,
«Жеті жарғы» заңдар ережесінің баптары үш ғасыр ұлт мүддесі үшін өмір
сүргеніне әбден көз жете түседі.
Біз бір мақалада қазақ мемлекеті билерінің тарихын түгел қамти
алмаймыз, жалпақ далада қалың елге арашашы болып, әділеттілік орнатқан
билер мектебін терең ашу үшін үлкен зерттеу жобасын жасау керек. Мұны
егжей-тегжейлі зерттеу, келешек қоғам талабы.
Қазақ халқының еш мемлекетте болмаған заң, әділет тарихының байтақ
шежіресі бар екендігіне, оны жасаушы билердің дәстүрлі мектебі
болғандығын таныту басқа ұлттарға сабақ боларлықтай.
Біз ерте ғасырлардан бергі әр заманда өмір сүрген әрқалай билердің
есімін атап, қысқаша дерек бердік. Егер әрбір қазақ биінің өз өнегесі, өз
дәстүрі, өз мектебі болғандығын ескерсек, олардың қатарына билерден,
шешендерден, батырлардан ғана сайланатын болыстарды, датқаларды, аға
сұлтандарды қоссақ, онда қазақ халқының табиғатынан ақын әрі жырау,
шешен әрі көсем екендігінде еш күмән жоқ. «Қазақ халқы - табиғатынан
ақын әрі шешен, екінің бірі мақалдап, жұмбақтап, өлеңмен сөйлейді, шетінен
дала жыраулары», – деп талай тамсанып жазған батыс зиялыларының пікірі
бұл айтқандарымыздың анық айғағы бола алады. Сондықтан да байтақ
даланың даналық, кемеңгерлік, мәмілегерлік мектебін жасаған, әділеттіліктің
ақ туын көтерген билер мектебін айшықтау, олардың мұраларын жинап,
терең зерттеу, зерделеу, аруағын ардақтау, сөйтіп даналықтың байтақ
мұрасын келешек түркі дүниесінің ұрпақтарының санасына ұялатып, қанына
сіңдіру – барша зиялының, зерттеушілердің кезек күттірмейтін міндеті.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Нысаналы А. Үш пайғамбар. -Алматы: 1992.
2.
Төле би Әлібекұлы. Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. -Алматы: 1998.
3.
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. -Алматы: Атамұра, 2003.
4.
Зиманов С.З. Қазақтың ата заңдары. (Материалы, документы и исслледование) 10 томдық. -Алматы:
Жеті жарғы, 2005. 4-том.
5.
Нәрікбаев М. Ұлы билерімізден Жоғарғы Сотқа дейін. -Алматы: Атамұра, 1999.
6.
Төреқұлов Н., Қазбеков М. Қазақтың би-шешендері. -Алматы: 1993.
323
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Е.П.МЕРГЕНБАЕВ
заң ғылымдарының кандидаты
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы
Ж.А. ЖАКИПОВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты
МАЛ ҰРЛАУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ЖАҒДАЙЛАРЫН ТАЛДАУ
В этой статье рассмотрены особенности совершения кражи скота, а также исследования по
криминологической части.
This article deals with peculiarities of cattle theft and with research in the criminal part.
Қылмыстылықтың
себептері
жөніндегі
мәселе
криминология
ғылымының ең күрделі мәселелерінің бірі. Ол мәселе тек ғылымды ғана
емес, әр түрлі ғасырлардағы ойшылдар мен мемлекет қайраткерлерін де
қызықтырған. Олар тынбастан, бірқатар күрделі және өзара байланысты
сұрақтарға
жауап
іздеген.
Алайда,
қылмыстылықтың
себептерін
анықтамастан бұрын, себептілік санатының түсінігін анықтау қажет. Бұл
белгілі мөлшерде мәселенің философиялық жағына жатады.
Детерминация – латынның denermіnare (анықтау, айқындау) деген
сөзінен шыққан. Яғни детерминация – ол айқындау, анықтау процесі.
Дүниедегі барлық құбылыстар, бір-біріне тәуелді: бір құбылыстың пайда
болуы, дамуы, жойылуы өзгелеріне тікелей байланысты, соңғысының
тағдырын алғашқы құбылыстар айқындайды. Детерменизмнің негізгі
мазмұнын себептілік құрайды [1.151].
Себептілік – бұл заттар мен құбылыстардың арасындағы көптеген
байланыс түрлерінің бірі (30-ға жуық түрі белгілі). Бұл байланыс өндіруші
немесе генетикалық байланыс болып табылады, яғни нақты бір құбылыстың,
процестің пайда болуын анықтайтын байланыс. Себептілік жөнінде айтқанда
«себеп
және салдар» деген түсініктер қолданылады. Сондықтан,
себептіліктің мәні салдарды жүзеге асыру деп есептейді.
Себептілік өзге көптеген байланыс түрлерінен өзгеше. Себеп
байланыстардың ерекшеліктері келесі мәселелерге байланысты:
Біріншіден, себеп салдарды туғызады. Жағдайлар өздігінен салдарды
туғызуға қабілетті болмағанмен, себеп болу үшін белгілі бір жағдайлар
қажет. Олар, тек себеп бола бастағанда ғана қылмысты жасау мүмкіндігін
ақиқатқа айналдырады. Қылмыстың куәларының енжар көзқарасы -
қылмыстың себебі емес, қылмыстың нәтижесіне табысты түрде жету шарты
болып есептелінеді.
Себептердің әрекет ету аясы – бұл ниет пен мақсаттың құрылуы және
оған жету құрамдарын анықтау жөнінде сөз болғанда, ең алдымен ол
ниеттену және шешім шығару кезеңі болып табылады.
Екіншіден, себеп пен салдар белгілі бір уақытта кезектесіп отырады.
Уақыт аралығы өте қысқа болса да, уақыты бойынша себеп әрқашан
салдардың алдында жүреді.
324
Достарыңызбен бөлісу: |