Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009



Pdf көрінісі
бет39/47
Дата12.02.2017
өлшемі3,7 Mb.
#3948
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Әріпбаева Л.Ш. Күй - ұлттық  өнердің  бастауы   
 
 
Үрмелі аспап сыбызғыға арналған шығармалар одан да аз. Бақташының 
қолданылатын  аспабы  ретінде  ел  арасына  онша  көп  тарай  қоймаған. 
Сыбызғыда  қарапайым  әуен,  мақамдар  ғана  ойналған.  Осы  кішкене 
сыбызғымен  адам  жанын  тербеткен  атақты  күйшілер  Саймақ,  Баян  батыр, 
Тайлақбай есімдерін атау қажет. 
Дегенмен    де  осы  күнімізге  бұйырып,  ұрпақтан-ұрпаққа  көшіп  келген 
халықтық 
күй 
өнері 
бүгінде 
жаңа 
орындаушы, 
сазгерлердің 
шығармашылығы мен ұштасып даму үстінде. Осы төл мұрамыздың әлі күнге 
дейін ашылып, болмаған сырлары бар. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. -Алматы: Жазушы. 1975. 
2.
 
Есенұлы А. Күй тәңірдің күбірі. -Алматы:  «Дайк пресс» 1996. 
3.
 
Марғұлан Ә. Ежелгі жыр аңыздар. -Алматы:  «Жазушы» 1985. 
4.
 
Мерғалиев Т., Бүркіт С., Дүйсен О. Қазақ күйлерінің тарихы. -Алматы:  2000.                  
 
 
 
 
 

308 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 
Г.К.ШҮКІРОВА  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы, 
ҚР Мәдениет қайраткері  
 
ВОКАЛДЫҢ ОҚУ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МІНДЕТТЕРІ 
 
В  этой  статье  рассматриваются  учебно-педагогические  задачи  и  воспитание  пения  и  слуховых 
навыков. 
 
The article deals with educational and pedagogical aims of singing and it also deals with training aural skills. 
 
Мамандық  бойынша  оқыту  оқушылардың  вокалдық,  жалпы  музыкалық 
және  көркемдік  дамуының,  олардың  мәдени  деңгейінің  артуының  бірлігі 
негізінде іске асырылады.  
Осы  процестің  нәтижесінде  оқушыларда  музыка  мен  вокалдық  өнерге 
деген  саналы,  шығармашылық  қатынас  қалыптасады,  тұрақты  вокалдық 
дағдыларды  орындау  шеберлігінің  элементтерімен  үйлестіре  иелену 
қамтамасыз  етіледі,  алуан  түрлі  жанрлық  репертуарды  меңгеру  процесі 
жүреді.  Оқыту  процесінде  оқушыларда  музыкалық  мәнерліліктің 
құралдарын таңдау және орындау, орындалатын шығармалардың мазмұнын 
түсіну  мен  тыңдармандарға  жеткізу  шеберлігі  пайда  болады,  көпшілік 
алдында орындауға дағдыланады [1.10]. 
Оқу-педагогикалық  жұмыс  негізінде  балалар  мен  жасөспірімдердің 
қолайлы  ортада  дұрыс  жұмыс  істеуіне,  оқушылардың  мықты  дауыс 
аппаратын  дамытуға  және  сақтауға  мүмкіндік  беретін  ән  салу  дауысы  мен 
есту қабілетін тәрбиелеу жүйесі қамтылады.  
Мамандық  бойынша  оқыту  тарихи-теориялық  кезеңінің  пәндері 
бойынша  дәрістермен,  хор  мен  ансамбльде  ән  салумен,  нотаны  қағаздан 
оқумен, фортепианодан жалпы курс бойынша сабақтармен тығыз байланыса 
отырып жүзеге асырылады. Оқушыларда вокалдық есту қабілетін, мағыналы 
интонациялауды,  зейін  мен  сананы,  сөйлеуді,  қиялды,  ойлаудың  бейнелі 
құрылымын,  төзімділікті,  еңбекқорлықты  дамытатын  шығармашылық 
тапсырмалар кеңінен пайдаланылады.  
Шығармалардың ноталық және әдеби мәтіндерімен тереңдетілген өзіндік 
жұмыс  дағдыларын  дамытуға,  орындау  дағдыларын  тұрақты  жетілдіруге, 
концерттік қойылымдарды дайындауға аса көңіл бөлген жөн. 
Ән  сабағының  белгілі  дәрежеде  дәстүрлі  және  міндетті  педагогикалық 
тәсілдер  кешенін  қамтитын  ескішіл  процес  екенін  ескере  отырып  кейде 
олардан ауытқып, әдеттегі тәжірибені өзгертіп, оқушыларды заманауи оқыту 
үрдісіне жекелей тартқан дұрыс. 
Бұл  жағдай  зейінді,  сананы,  музыкалық  және  вокалдық  есту  қабілетін, 
ырғақ  сезімін  және  алуан  түрлі:  эмоциялық,  бұлшық  ет,  акустикалық  және 
интонациялық  сезімді  тәрбиелеудің  жеке  әдіс-тәсілдерін  іздестіруге  алып 
келеді. 

309 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 Шүкірова Г.К. Вокалдың оқу-педагогикалық міндеттері 
 
 
Осы  қасиеттер  мен  дағдыларды  қалыптастыру  жолын  (ал  бұлардың 
барлығы күрделі процес екені белгілі) қатаң жаттығудан ғана емес, ойыннан 
және  затқа,  сонымен  қатар  ең  маңыздысы  сол,  негіздердің  негізі ретінде  
сабақ  процесінің  өзіне  деген  тұрақты  қызығушылықты  қалыптастырудан 
бастаған абзал.  
Музыкалық-бейнелі  ойлауды  тәрбиелеу  оқу-тәрбиелік  міндеттің  өзге  де 
маңызды  түрі  болып  саналады,  өйткені  вокалдық  техниканың  көптеген 
элементтерін  меңгеру  вокализ  бен  вокалдық  жаттығулармен  (шырқау)  қоса 
жұмыс  жүретін  шығармалардың  музыкалық-бейнелі  қатарымен  тікелей 
байланысты [2.12]. 
Ән  шырқау  жаттығулары  оқушының  логикалық  санасына  жететіндей, 
естуге  жеңіл  қабылданып,  біртіндеп  күрделенетіндей  болуы  тиіс.  Оқушы 
дыбыстану мен дыбыс мәдениетінің элементтерін меңгерген соң, шамамен 2-
3  жыл  оқытқаннан  кейін  қарапайым  жеңіл  жаттығулармен  және 
вокализдермен жұмыс жасаған дұрыс. Бастапқыда вокализ есебінде балалар 
әнінің әуендерін пайдалануға болады. 
Негізінде  оқу-тәрбие  жұмысында  шартты  түрде  төрт  негізгі  кезеңді 
қарастыруға мүмкіндік бар:  
-  оқушылармен  жақын  танысу,  олармен  байланыс  орнату.  Оқушыны 
психикалық  және  физикалық  күштен  арылту.  Оқушылардың  қажетті  бағыт 
сілтейтін, теориялық мәліметтер мен терминдерді меңгеруі; 
- ән салу мақсаты мен алғашқы практикалық дағдылар ұғымын түсіну; 
-  меңгерілген  ән  салу  дағдыларын  нығайту,  аталмыш  мәліметтерді 
дамыту, алғашқы орындау дағдыларын игеру
-  аталғандарды  одан  әрі  дамыту;  вокалдық  және  орындау  техникасын 
жетілдіру. 
Қарапайымнан  бастап  күрделіге  жақындай  отырып  музыкалық 
туындыларды  орындау  шығармашылық  нәтиже,  оқушылардың  музыкалық 
ойлауының,  олардың  музыкаға  және  осы  туындылардың  мазмұнына  деген 
эмоциялық  қатынасының  бейнесі  болып  табылатындай  жағдайға  ұмтылу 
қажет. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР  
 
1.
 
Левидов И.И. Вокальное воспитания детей. -Ленинград: 1936. 250 с. 
2.
 
Шукина Г.И. Возростные особенности школьника. -Ленинград: 1955. 188 с. 

310 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 
Г.А.ЖАҚСЫЛЫҚОВА  
Академиялық инновациялық университетінің оқытушысы 
 
ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ӘНДЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 
 
В  статье  рассматриваются  казахские  народные  песни  и  их  роль  в  воспитании  гуманности, 
дружелюбия и патриотизма. А также прививание у учеников эстетического воспитания и развитие 
их мировоззрения путем уважения традиций и обычаев предков. Песнопение рассматривается как 
продолжение национальных традиций.  
 
This article deals with the role of Kazakh national songs in the bringing up of humanity, friendliness 
and patriotism. The author of the article presents some ways of introducing aesthetic education of pupils 
and  the  development  of  their  world  outlook  through  the  respect  of  traditions  and  customs  to  ancestors. 
Singing is presented here as the sequel of national traditions. 
 
Қай  заманда  болмасын  адамзат  алдында  тұратын    міндеттердің  ең 
бастысы  –  өзінің  ісін,  өмірін    жалғастыратын  салауатты,  ұрпақ  тәрбиелеу. 
Өйткені  қоғамның  алға  басуы  көп  ретте  бүгінгі  ұрпақтың  қандай  дәрежеде 
білім  алып,  тәрбиеленуіне  тікелей  байланысты.  Тәуелсіз  мемлекетіміздің 
өсіп-өркендеуі, әл-ауқатының  артуы  ұлттық  мәдениет пен білімді дамытуға 
кеңінен  жол  ашты.  Қазақ  халықының  бай    тарихын,  мәдени 
құбылыстарының  сан қилы ерекшеліктерін  білмей, бүгінгі тәрбие жүйесін 
қалыптастыру мүмкін емес. 
Елбасы 
Н.Ә.Назарбаев 
Ұлттық 
кеңестің  мәжілісінде 
жасаған 
баяндамасында «Мәдени мұраларымызды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, 
сақтау,  одан  әрі  дамыту  ісіне  кең  көлемде  білек  түре  кірісетін  кез  келді. 
Ұлттық  мәдениетіміздің  ұлықтап,  бар  мен  жоғымызды  түгендеп,  жүйелеп, 
келер ұрпаққа аманат ету – «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты 
болуы  тиіс»  –  деп,  болашақ  жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  қазақ    халқының 
ғасырлар  бойы  жинақталған  аса  бай  мәдени  мұрасы  мүмкіндігінің  жоғары 
екендігіне айырықша назар аударады [1]. 
Осыншама  тарихы  бар  халқымыздың  салт-дәстүрі,  әдет-ғұрыпы  соның 
ішінде,  музыкалық  бай  мұрасы  арқылы  болашақ  ұрпақты  тәрбиелеу  біздің 
қасиетті борышымыз. 
Халық  шығармашылығын,  соның  ішінде,  музыкалық  өнердің  тарихын, 
рухани  мұрамызды  зерттеуде  ең  алдымен    Әбу  Насыр  әл-Фараби,  Махмут 
Қашғари,  Юсуф  Хос  Хожиб,  Әбу  Райхан  әл-Беруни,  Әбу-Әли  Ибн-Сина, 
Кейқауыс,  Әбдірахман  Жәми,  Дербіш  Али,  Әбубәкір  Диваев,  Шоқан 
Уалиханов,  Ыбырай  Алтынсарин,  Абай  Құнанбаев,  Ж.Аймауытов,  Ахмет 
Байтұрсынов,  Әлекей  Марғұлан,  Мағжан  Жұмабаев  және  т.б.  классик 
ғалымдардың  еңбектері  ауыз  толтырып  айтарлықтай  құндылық  болып 
табылады. 
Демек,    оқушыларды    жан-жақты  қабілетті  азамат  етіп  өсіруде  ұлттық 
құңдылықтарымыздың тәлім-тәрбиелік, білімдік, танымдық маңызы зор.  
Қазақтың халық әндері ғасырлар  бойы халықпен  бірге жасасып, тарихи 
- әлеуметтік өмірі мен толғаныс-тебіреністерін үздіксіз жырлап  келе жатқан 
рухани    мол    қазына.  Адамзат  дамуының  философиялық,  эстетикалық  
заңдылықтарына  сүйенсек,  жеке  тұлғаның  рухани  дамуына  көркем  өнер  
 
 

311 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Жақсылықова Г.А. Қазақ халық әндерінің тәрбиелік мәні 
 
 
мен    мәдениеттің    ықпалы    туралы    мағлұматтар    сонау    ерте    заманнан  
бастау  алды.  
Қазақ  даласындағы  ұлы  ғұламалары    музыка  өнерінің  теориялық  және 
тәжірибелік  негіздерін  дамытуда  маңызы  зор  еңбектер  қалдырды.  Олар 
болашақ  ұрпақты    имандылық,  эстетикалық,  ақыл-ой    сияқты  қасиеттерге 
тәрбиелеуге зор еңбек сіңірді. 
Адам  өмірі  мен  бүкіл  тіршіліктің  музыка  әлемімен  тығыз 
байланыстылығы  философиялық  ой  түйіндейді.  Қазақ  әндеріндегі 
философиялық  ой  тереңдігі  үнемі  дидактикалық  мәселелермен  қапсырыла 
қалыптасқан.  Қазақ  әндерінің  қай  жанрын  алсақ  та,    құлаққа  қонымды, 
жүрекке  жақын,  өнегелі  өсиет  арқылы,  ізгілікті  мейірбандылыққа,  татулық 
пен  бірлікке,  адамгершілікке,  ақылдылыққа  насихаттап  отырады    және  де 
қазақ  халқының  тарихын,  өмір  сүру  тіршілігінің  сан  қилылығын,  қоғамдық 
көзқарастарын, ақыл-ойының жиынтығын танытады [2]. 
 Орта  ғасырдың  аса  көрнекті  ғалымы  және  философы  Әбу-Насыр  әл-
Фараби  «Музыканың  адамға  емдік  қасиетін,  жағымды  әсерін  сондай-ақ, 
оның  адамның  жан  дүниесіне  әсер  ететін,  тәрбиелік  мәні  зор»  деп 
тұжырымдаса, Абай: 
   «Құлақтан кіріп бойды алар
   Жақсы ән мен тәтті күй. 
   Көңілге түрлі ой салар, 
   Әнді сүйсең менше сүй», – дейді. 
  Әр  ұлттың  өзіндік  болмысын  ерекшелейтін  тұстары:  салт-дәстүрі, 
тұрмыс-тіршілігі  – осыған орай бедерленетін мәдениеті, өнері. Қазақ халқы 
небір  тағдырды  бастарынан  кешірді.  Сонда  да  рухтары  биік,  санасы 
салихалы,  салауатты,  армандары  асқар,  көкіректері  ояу,  көздері  ашық 
болған.  
Қазақ музыкасының тарихы ғылым ретінде қалыптасуы 1920  жылдардан 
басталады.  Бұған  осы  уақытқа  дейін  қазақ  музыкасы  жөнінде  этнографтар 
мен    саяхатшылар  жазып  қалдырған  еңбектер  үлкен  септігін  тигізді.  Бұлар 
Ш.Уәлиханов,  Г.Потанин,  Н.Красовский,  А.Алекторов,    В.Карлсон, 
А.Ивановский,  А.Эхгорн,  Н.Савичев,  Б.Асафьев  және  В.Затаевичтің 
қалдырған  “Қазақ  халқының  1000  әні”  және  “500  қазақ  әндері”  атты 
еңбектері бүкіл ұлтымыз үшін баға жетпес мұра болып саналады.  
Халқымыздың  музыка  өнерін  зерделі  де  терең  зерттеген,  талмай 
насихаттаған  адам  –  өнертану  ғылымдарының  докторы,  академик 
А.Қ.Жұбанов еді. Ол мыңнан аса қазақтың әндерімен күйлерін жинап нотаға 
түсіріп,    құнды  еңбектер  жазып,  өнер  сүйер  қауымның  игілігіне  ұсынды. 
А.Қ.Жұбанов  халқымыздың  телегей  теңіз  рухани  байлығының  терең 
талдаумен  қатар  біртуар  өнерпаздарының  сан-қырлы  өнерлерін  ғылыми  
еңбектерінде  тамаша сипатттап берді. Әсіресе «Ғасырлар пернесі»,  
 
 
 
 

312 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Жақсылықова Г.А. Қазақ халық әндерінің тәрбиелік мәні 
 
 
«Замана  бұлбұлдары»  атты  монографиялары  сөзсіз  қазақ  халқының  музыка 
мәдениетінің ескерткіштері болып табылады. 
Қазақ  өнерін  кәсіби  бағытқа  бет  бұруға  академик    Ахмет  Жұбановтың 
рөлі  ерекше.  А.Қ.Жұбановтың  тамаша  зерттеулерінен  халық  әндерінің 
көркемдік  ерекшеліктері  жайында  құнды  пікірлер  табуға  болады.  Жазба  
мәдениеті  жоқ    қазақ  өнерінің  халықтық  мектебі  «құйма  құлақ»,  есту,  есте 
сақтау  қабілеті  арқылы  өте  жоғары  сатыда  дамығандығын  зерттеу 
материалдары  дәлелдейді. 
Әрбір  әнші  жөнінде  жеке  монографиялары,  жеке  тұлғалардың  
портреттері,  ғылыми  дәлел,  танымдама  ғибраттамалары  –  қазақ  өнеріндегі 
өлшеусіз еңбек. А.Жұбанов Кеңестер одағын,  Қазақстанның түкпір-түкпірін  
түгел аралады. Одақ бойынша мұрағаттарды ақтарды, зиялы қауым көрнекті 
өкілдермен  үзеңгілесе  жүріп,  қазақ  өнерінің  ғылыми  жағын  да,  танымдық 
жағын да қалыптастырды. 
Қазақ  әндерінің  қалыптасу  заңдылықтары,  интонациялық,  өлшеулік, 
ырғақтық,  ладтық  құрылымындағы  локальдық  ерекшеліктері  Т.Бекқожина, 
С.А.Еламанова, А.Тлеубаева, А.З.Темірбекова, К.Т.Жүзбасов, К.Ж.Төлеутаев 
сияқты музыка зерттеушілерінің көзқарастарынан сырт қалмаған. 
Қазақ  халық  әндері  әсерлілігімен,  тартымды  образдылығымен,  жүрек  
тебірентетін  нақышымен  қымбат.  Қазақ  халқы      қашаннан  әнді  сүйетін 
ардақтайтын. Кезінде екі ауыз өлең білмейтін қазақ болмаған.  «Бүкіл қазақ 
даласы  ән  салып  тұрғандай»  деген  пікірге  ие  болған,  әншілігі  аңызға 
айналған, өнер десе ішкен асын жерге қоятын сауыққой халықпыз. Ән айту, 
ән салу – ұлттық дәстүріміздің жалғасы.  
Әннің  әсерлі  үні,  нақышы,  ырғақты  сазы  әрбір  жүрекке  жол  таба 
білгендіктен,  жанға  жылы  әсер  етеді.  Ән  –  оқушылардың  жан  дүниесін 
нұрландырып, кісілікке, адамгершілікке тәрбиелейді, эстетикалық қуанышқа 
бөлеп  рухты  көтереді.  Музыка  пәнінің  мұғалімі  қазақ  халық  әндерін    айту, 
тыңдау,  музыка  сауатын  меңгерту  тәрізді  сабақтың  «дәстүрлі  бөлімі» 
шеңберінің құрсауында қалмай, оны нақтылы өмір шындығымен, қоршаған 
орта туралы түсініктермен ұштастыра білуі тиіс.  
Қазақ халық әндері – оқушыларды Отаншыл, туған жерін сүюге,  ұлтына 
адал болуға, адамгершілігі мол, білімді, парасатты болуға, сонымен қатар ана 
тілін  қастерлейтін,  ата-бабасының  әдет-ғұрпын,  салт-дәстүрлерін  бойына 
сіңіруге  тәрбиелейтін  құрал [3]. 
Тіршілік әлеміндегі ең жоғарғы ақыл иесі адам «Адамзат – «дене» және 
«жан» аталатын екі бөлімнен тұрады, тәрбие дегеніміз сол жан иесінің дұрыс 
өсуіне көмек көрсету деген сөз» – дейді Мағжан Жұмабаев [4]. 
Ал, тәрбиенің аса маңызды құралы – ән. Оның ішінде өте кең, сан қырлы 
ұғымды қамтитын музыкалық өнер.  
Ән  –  адамзаттың  рухани  азығы,  жан  серігі  және  тілмен  айтып  жеткізе 
алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезімі.  Ол өзінің көркемдігі мен нәзіктігімен  
 
 
 

313 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Жақсылықова Г.А. Қазақ халық әндерінің тәрбиелік мәні 
 
 
адам жанын баурап, олардың ақыл-ой, сана-сезімінің кеңейіп, жақсы мінез-
құлықтарының қалыптасуына әсер етеді. 
Оқушыларға  халық  әндерін  түсіндіріп  қабылдауда,  талғампаздығын 
тәрбиелеуде, эмоциялық сезімталдығын қалыптастыруда, білімді, мәдениетті 
болып өсуіне әсер етуде мектептегі музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше. 
Музыка  тәрбиесінің  музыкалық  негізі  музыкатану  болып  табылады. 
Музыкатану  ғылым  ретінде  музыканың  даму  және  тарихи  қалыптасу 
ерекшеліктері мен заңдылықтарын, музыка теориясын зерттейтің ғылым. 
Музыка  тәрбиесі  оқушыларды  биік  мәдениетті,  жан  дүниесі  бай,  ой-
парасаты кемелденген, білімді маман етіп тәрбиелей алады.  
Музыкалық бейнелерді қабылдау тыңдаушының өзіндік шығармашылық 
іс-әрекетіне  байланысты  жүзеге  асырады,  өйткені  ол  өзінің  тәжірибесін 
енгізеді.  Нәтижесінде  шығарманың  идеясы  ерекше  қабылдайды.  Сол 
себептен де музыканы тек естіп қана қоймай, оны жүректен, ақылмен және 
шығармашылықпен тыңдау керек.  
Басқа  да  жанрлар  сияқты  қазақ  халқының  ән  шығармашылығының  да 
жанрлары  сан  алуан.  Қазақ  халық  әндерінің  тәрбиелік  мүмкіндіктерін 
талдағанда, педагогикалық мақсатпен жүйелеп, мазмұнды пайдаланған жөн. 

 
Тұрмыс салт әндері (бесік жырлары, балалар мен жастар әндері); 

 
Еңбек,  шаруашылық,  кәсіп  әндері  (бақташылық,  төрт  түлік  мал 
туралы әндер, диқан, егіншілік әндері, жұмысшы әндері); 

 
Үйлену  әндері (той бастар, жар-жар,беташар, қоштасу, сыңсу); 

 
Жаназалау  әндері (естірту, жұбату, көңіл айту); 

 
Нақиялы әндері (алғыс, бата, тілек, жұмбақ, күлдіргі мысқыл әндер); 

 
Қиял  ғажайып әндер (аңыз әндер, өтірік өлеңдер); 

 
Сатиралық  юморлық әндер (әзіл-қалжың, мысқыл,күлдіргі әндер); 

 
Тарихи әндер; 

 
Эпикалық шығармалар; 

 
Айтыс  әндер; 

 
Лирикалық әндер. 
Тұрмыс салт әндері адам баласының өмірге келіп ержетіп, есеюі  сияқты 
елеулі кезеңдерге, уақиғаларға байланысты туындаған.  
Еңбек,  шарушылық,  кәсіп  әндері  мазмұны  жағынан  бірнеше  түрге 
бөлінеді. Қазақ халқының негізгі кәсіпшілігі төрт түлік  малмен байланысты 
болғандықтан,  төрт  түлік  малды  құт  санаған  және  Шопан  ата  –  қойдың, 
Жылқышы  ата  –  жылқының,  Сексек  ата  –  ешкінің,  Ойсыл  қара  –  түйенің, 
Зеңгі  баба  –  сиырдың  пірі  деп  ұғынған.  Жігіттің  арманы  болған  жүйрік  ат, 
қыран бүркіт, сұлу қызға деген ғашықтық сезім арқау болып, мінсіз сұлулық, 
шынайы  мөлдір  сезім,  жан-жануар,  табиғат  сұлулығын  дәріптейді. 
Жұмысшы әндері Қарағанды, Қарсақбай, Жезқазған, Риддер шахталары мен 
рудниктерінің    ауыр  еңбектері,  көрген  зорлықтарының  тақырыптары  арқау 
болған. 
 
 
 

314 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Жақсылықова Г.А. Қазақ халық әндерінің тәрбиелік мәні 
 
 
Үйлену  әндер  –  қазақ  халықының  от  басының  тағдырына,  арман-
қайғысына ортақ әндер. Әдет-ғұрыпқа байланысты бұл әндердің өзі жар-жар, 
сыңсу, қоштасу, жұбату, беташар, той бастар түрінде айтылады. 
Жаназалау  әндері  –  тарихи  оқиғаларға,  адам  қазасына  байланысты 
туындап,  ел  аузында  сақталған  естірту,  көңіл  айту,  жоқтау  сияқты  салт 
әндері.  Адамның  көңіл-күйін,  өмір  құбылыстарын  терең  толғайтын 
жаназалау әндерінің тәрбиелік мәні бар. 
Нақиялы  әндерге  алғыс-бата,  тілек,  әндері  кіреді.  Бұл  әндерде  халық 
педагогикасының  ең  құңды  жинақтары  бар.  Салт-дәстүрлердің  сәнін  мәнін 
арттыра түсетін ән үлгілері – бата,  тілек әндері. 
Нақлият  әндерде  аса 
бағалы дидактикалық бай тағлымдық қазына жатыр, қоғамдағы адам өмірін 
бағыттайтын  жақсылық  пен  жамандықтың,  әсемдік  пен  парсыздықтың, 
моральдық,  этикалық  ұғымдарды  жырлаған.  Нақлият  әндерінің  бір  түрі  – 
мысал  әндер.  Мысал  әндерінде  параллелизм  мен  символика  астасқан  түрде 
де  пайдаланылады.  Мысалы  аққу-сұлулық  символы,  сұңқар  –  батырлық,  
көгершін – бейбітшіліктің, қарлығаш – достықтың, өгіз – еңбекқордың, түйе 
– дала кемесінің символы ретінде берілген. 
Қиял-ғажайып әндердің қатарына аңыз-әндері, өткір өлеңдері де жатады. 
Олардың сюжеттік мазмұны әр түрлі болғанымен, негізінен халық өмірінен 
алынады. Қарапайым адамдардың  болашаққа деген үміт-арманы, бақыт пен 
шыншылдық,  ақиқат  туралы  сенімі  арқау  болып  ән  соңында  дидактикалық 
ой-тұжырым мен байқаулар жасалып отырады. 
Сатиралық-юморлық әндерде жақсы әзіл, сын, сарказм, ирония кезігеді. 
Сатиралық  әндерде  адамдардың  ақылы  тарлығы,  тәрбиесіндегі  сорақы 
мінездерін әжуалап, арсыздықты, жалқаулықты мінеген. 
Тарихи әндер болашақ ұрпақтарымызға тарихи жайлар ұмыт қалмай, ұл-
қыздарымызды  тарихи  оқиғалармен  таныстырып,  елін-жерін  сүюге, 
ұлтжандылыққа  тәрбиелейді.  Тарихи  әндердің  бір  түрі  –  шежіре  әндер, 
шежіре  әуендерінде    айбынды  аталарымыздың  кімдер  екенін,  кім-кімнен 
тарайтындығын анық көруге болады. Ержүрек батырларға құрметпен қарауға 
тәрбиелеп, әділдікпен адалдыққа үндейді.  
Эпикалық  шығармаларда  философиялық  сөздер  жиі  ұшырасады. 
Батырлар жырында кездесетін афоризмдер елге үлгі боларлықтай  ерлік істі, 
қаһармандықты  бейнелесе,  ғашықтық  жырларындағы  қанатты  сөздер, 
жырдың ішкі мазмұнына сай әр алуан лирикалық сезімдерге құрылған. Бұған 
Асан,  Қазтурған,  Бұхар  жыраулардан  бастап,  Махамбет,  Базаржырау, 
Қашаған,  Нұрым,  Майлықожа,  Нұралы,  Жамбыл,  Мұрын,  Тұрмағамбет 
секілді сөз жүйріктерінің туыдыларынан мол мысал келтіруге болады. 
 Терменің  ұлы  міндеті  –  елге  ізгі  ұғымдарды  тарату,  халықты  тарихтың 
тағылымы  арқылы  рухани  жетілдіру,  әрі  эстетикалық  ләззат  беру.  Терме 
өнері  тыңдаушының  құлағын  елітіп,  жүрегін  билейтін  сазы,  әуені,  өздеріне 
лайық  мақамы  мен  ырғағы  бар.  Өзінің    халыққа  ерекше  ұнамдылығымен, 
ғасырдың  көркемдік  даналығын  таза  қалпында  бүгінгі қауымға жеткізуге 
 
  

315 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Жақсылықова Г.А. Қазақ халық әндерінің тәрбиелік мәні 
 
 
мүмкіндігі  молдығымен,  өткен  өмірдің  ең  жүрек  жарды  өсиетін,  ата-
бабалардың өмір сабағын, дүние танымдылық құбылыстарға берген бағасын, 
үміті  мен  арманын  айта  алатындығымен,  терме  өнері  –  рухани 
байлығымыздың,  мәдениетіміздің  заңды  мұрагері.  Жас  буындарды 
парасатқа, адамгершілікке, әдептілікке, ата-бабаның  үлгі-өсиетін, қағидасын 
қадір  тұту  кең  ойлап  үйреншілік,  дүниетанымдық  рухтарында  тәрбиелеуде 
қызметі ерекше.  
Толғау  –  қазақ  фольклорының  көп  тараған  жанры,  түрі  мен  мазмұны 
жағынан термеден үлкенірек те, дастанға қарағанда шағындау болып келеді. 
Толғау  –  дала  өмірінің  дидактикалық,  педагогикалық  дастаны деуге  келеді. 
Дәстүрлі философиялық толғау Асан қайғы шығармасымен байланысты. Ел 
қамын  ойлап,  толғауларда  не  жақсы,  не  жаман  деген  ұғым  төңірегінде 
философиялық пікір тастаушы Асан қайғы ой пікірлері  – жастар үшін мән-
мағынасы жойылмаған дидактикалық қасиеті күшті тәрбиелік құрал. 
Айтыс  - «айту», «айтысу» деген  сөздерден туған, эпостық жырларда көп 
кездесіп отырады. 
Лирикалық    әндер  –  қазақ  музыкасында  ең  бай  мұрасы.  Адамзаттың 
қуаныш-мұңы,  өкініші,  махаббаты,  табиғат  сұлулығы,  жан-жануар  әлемі, 
өкінішті өмір т.б. туралы сан қилы болады. Лирикалық әндердің поэтикалық 
мазмұны  музыкалық  әуенмен  тамаша  үйлесіп,  көркем  тоғысады.  Сонымен 
бірге  интонациялық  ерекшелігі  мен  мәнерлік  қасиеті  сұлу  сомдалады. 
Қайырмаларында  «Ай-ай»,  «Беу-беу»,  «Ей»,  «Ахау»,  «Қарағым-ау», 
«Сәулем-ай»,  «Шіркін-ай»  сияқты  әсем  әуен  қозғалыстарымен  көмкеріліп 
әдемі көрік береді [5].  
Халық  әндерінің  келесі  ерекшелігі  –  оның  тарихилық  сипаты.  Ән 
мазмұнынан  елдің  әдет-ғұрпын,  салт-санасын,  эстетикалық-адамгершілікті 
сезімдерін  танумен  бірге  сол  елдің  басынан  кешкен  оқиғасын,  тұрмыс-
тіршілігін  танып  білуге  болады.  Халық  әндерінің  тағы  бір  ерекшелігі  ән 
нұсқаларының  көп  варианттылығы  болып  табылады.  Оған  мысал  ретінде 
поэтикалық  мазмұны  ортақ,  ал  әуені  түрліше  болып  келетін,  халық 
композиторларының  шығармаларын  келтіруге  болады.  (Ы.Сандыбаев 
“Гәкку”,  М.Байжанов  “Ақ  сиса”,  Майра  “Майра”).  Сондай-ақ  поэтикалық 
және  музыкалық  мазмұны  да  бір-біріне    ұқсамайтын  бір  аттас  әндер  жиі 
ұшырасады.  Халық  әндері  “Сәулем-ай”,  “Жиырма  бес”,  Естайдың  әні 
“Қорлан”,  Балуан  Шолақтың  әні  “Ғалия”,  Жаяу  Мұсаның  әні  “Хаулау” 
тағысын тағылар.  
Ән  –  синкреттік  өнер.  Оның  бойында  сөз  өнері,  би,  музыка  өнері, 
сахналық артистік өнер біртұтас бірлікте сомдалған. Ән өнерінің әсер етуші 
механизмінің  күрделілігі,  біздіңше  оның  негізгі  ерекшелігі  синкреттілігіне 
байланысты.  Қазақ  халық  әндері  адамгершілікке,    елін  сүюге,  достыққа 
тәрбиелейді.  Туған  жеріне,  еліне  деген  сүйіспеншілік  сезімін  оятуда  халық 
әндерінің құңдылығы орасан зор.  
 
 
 

316 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет