А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Мергенбаев Е.П., Жакипова Ж.А. Мал ұрлаудың себептері мен жағдайларын талдау
Үшіншіден, салдар себептің себебі болуы мүмкін емес.
Төртіншіден, себеп пен салдардың арасында біркелкі қатынас бар: бірдей
жағдайдағы әрекеттер әркезде бірдей салдарды туғызады. Егер бірдей
жағдайларда себеп деп танылған ахуал бір кезеңде қылмыстық іс-әрекетті
туғызып, ал өзге кезеңде туғызбаса, ол қылмыспен себепті байланыста
болмайды.
Бесіншіден, себепті салдарға қосуға болмайды. Салдар себепті
қайталамайды. Ол - объектінің өзгеруінің нәтижесі [2.86].
Жалпы алғанда, өз әрекеттерімен қылмыстылықты туғызатын белсенді
күштерді қылмыстылықтың себептері деп есептеуге болады. Ал субъектіде
қылмысты жасауға қызығушылық пен ниетті туғызатын белсенді күшті
нақты бір қылмыстың себептері деп есептеуге болады.
Сонымен, дүниеде себепсіз салдар болмайтындығы ақиқатты нәрсе.
Жалғыз себеп салдарды туындатпайды, ол үшін себептердің қажетті кешені
керек. Себептердің саны мен маңызы қажетті кешенге жақындаған сайын
салдар туындау ықтималдығы да арта береді. Ықтималдықтың ең шарықтау
шегі қажеттілік болып табылады. Қылмыстылықтың себептері жөніндегі
мәселе – криминология ғылымының орталық және жоғарыда айтып
кеткеніміздей,
күрделі
мәселелерінің
бірі.
Қылмыстылық
және
қылмыскердің қылмыстық іс-әрекеті жөніндегі әр түрлі тарихи ілімдердің
жиынтығын
сынай
отырып
зерттеу,
криминологияның
тұрақты
дәстүрлерінің бірі болып табылады. Бұл дәстүр құбылыстардың мәнін
ұғынуға деген құлшынысты білдіреді және қылмысқа тиімді әсер ету үшін
қылмыстылықтың заңдылықтарын ашуға ұмтылыстан пайда болған.
Қылмыстылық пен өзге де әлеуметтік патологиялардың себептілік
шарттылығымен зерттеудің туынды әдістемелік алғы шарты – кез келген
процестің даму көзіне қарама-қайшылық жататындығы болып табылады.
Қылмыстылықтың себептері де әлеуметтік құбылыс ретінде, қоғамдық
дамудың қарама-қайшылығында жатқандығы түсінікті. Осыдан кейін, біздің
ойымызша, қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын әлеуметтік
қарама-қайшылықтарды
таңдай
отырып,
қылмыстылық
жөніндегі
статистикалық деректерге және криминогендік жағдайларға сүйене отырып,
өтпелі
кезеңнен
нарықтық
қатынастардың
құрылу
күрделілігін,
экономикалық, әлеуметтік және құқықтық реформалардың қателіктері мен
келеңсіздіктерін ескере отырып ашқан абзал.
Сонымен қатар, нақты жағдайда болатын қылмыстылықтың негізгі басты
себебінің болмайтындығын есепке алуымыз қажет.
Криминология
оқулығының
авторлары
жазып
көрсеткендей
“қылмыстылықтың барлық заманға, барлық халықтарға тән бірыңғай бейнесі
болмайды” [3.26].
Сондықтан,
себептердің
сан
қырлы
бір
каталогын
жасап
шығаратынымызға сенудің қажеті жоқ.
325
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Мергенбаев Е.П., Жакипова Ж.А. Мал ұрлаудың себептері мен жағдайларын талдау
Қылмыстылықтың себептеріне қатысты әр түрлі көзқарастарды қысқаша
талдай отырып, неғұрлым жалпылама қорытынды ретінде мыналарды
атауымыз керек.
Кез келген құбылыс әрқилы. Ол – мыңдаған байланыстар мен мыңдаған
өзара байланыстардың түйіні. Қылмыстылықта да ол өзгеше емес нақ сол
түйін. Оның үстіне, олар – ең күрделі құбылыстар.
Мұны мойындау оларды жан-жақты түсіндірудің мүмкіндігі мен
қажеттілігін алға тартады, сондықтан, жалпы алғанда, соның төңірегіндегі
барлық ұсыныстар өміршең болуға құқылы.
Қылмыстылықтың себептері жөніндегі мәселені жан-жақты зерттеуге
болады. Біздің міндетіміз, әр түрлі мән-жайлардың барлық көлемінің
әрқайсысына орын бере отырып, олардың күрделі пирамидасын – салмағы,
түрі және әрекет ету күшіне сәйкес құрастыру.
Себептің “жеке бір” құбылысқа қатысты ғана шешуші маңызы бар екенін
ескеруіміз қажет. Сондықтан себептің барынша айқын анықтамасы жеке
қылмыстық іс-әрекетке қатысты шығарылуы керек [4.100].
Криминологиялық әдебиеттерде, қылмыстылықты туғызатын неғұрлым
кең тараған немесе үйреншікті жағдайлары жөніндегі деректер келтірілген.
Алайда, мойындау керек, өздерінің әр түрлі жиынтығында және көрінісінде
аталған жағдайлар әр түрлы қылмыстылықты туғызуы мүмкін, оның сапалық
және сандық көрсеткіштерін әр түрлі анықтауы мүмкін.
Сондықтан, қылмыстылықпен күрсеуді ұйымдастыру үшін тек қана
қайсыбір жағдайлардың қылмысты әрекетпен байланысын анықтау ғана
емес, сол байланыстың сипатын анықтау да маңызды.
Нақты қандай тұрғыда, қандай мән-жайлармен біріге отырып белгілі бір
жағдай қылмыстық іс-әректті тудырады. Осының өзі нақты жағдайларды,
орны мен уақытын есепке ала отырып, нақты алдын алу шараларын ойлап
табуға жол береді.
Осылайша, себепті байланыс дегеніміз - бұл заңда өзара байланыстардың
ерекше түрі, мұнда құбылыстың пайда болуы айқындалады. Алайда, бұл
процестің іздестіруші факторларына себептер де, жағдайлар да жатады.
Әдебиеттерде себептер мен жағдайлардың жалпы бөлінуін мына
өлшемдер бойынша жүргізеді:
а) әрекет механизмі бойынша;
б) қызмет ету деңгей бойынша
Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын мазмұны бойынша
(әлеуметтік-экономикалық, идеологиялық, саяси, әлеуметтік-психологиялық,
мәдени-тәрбиелік, ұйымдық-басқару және т.б.) және табиғатына қарай да
(объективтік, субъективтік) бөледі.
Авторлардың бір тобы, қылмыстылықтың себептерін оларды үш санатқа
бөле отырып топтастырады:
326
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Мергенбаев Е.П., Жакипова Ж.А. Мал ұрлаудың себептері мен жағдайларын талдау
а) барлық қылмыстардың себептері;
б) қылмыстың жекелеген түрлерінің себептері;
в) нақты қылмыстардың себептері ретінде.
Қылмыс – бір факторлы құбылыс емес екені даусыз. Бұл жерде біз
құбылыстар кешенінің арақатынасын кездестіреміз. Олар нақты қоғамдық-
экономикалық
жағдайлармен
анықталатын
экономикалық,
саяси,
идеологиялық және психологиялық сипаттағы құбылыстар. Алайда, кез
келген қылмыстың себептерінің қарапайым құрылымы еріктілік кезеңінен,
қоғамға қарсы көзқарастардың, әдеттердің нақты өмір жағдайларымен
жанасуынан немесе өзара қатынасынан және жеке тұлғаның қалыптасуының
келеңсіз жағдайларынан тұрады.
Қылмыстылықтың себептерін талдау объективтік және субъективтік
сипаттағы құбылыстарды есепке алуды қажет етеді. Мұнда объективтік
себептер дегеніміз – адамнан тыс өмір сүретін себептер, ал субъективтік
себептер дегеніміз – жеке тұлғаның өзіне қатысты, не болмаса белгілі бір
субъектілер қызметінің жағымсыз жақтарына қатысты себептер.
Бұл ережені негізге ала отырып, профессор А.А.Герцензон себептер мен
жағдайларды тек екі топқа бөледі:
а) сыртқы (объективтік) сипаттағы себептер мен жағдайлар;
б) ішкі (субъективтік) сипаттағы себептер мен жағдайлар. Сонымен
қатар, А.А.Герцензонның пікірі бойынша, олардың біріншісі, қылмыскердің
жеке басында қалыптасқан, құралған, дамыған белгілі бір бағыттардан
(тәжірибесі, тұрмыс жағдайы, еңбек жағдайы және т.б., және де қылмыстың
жасалуына тікелей әсер еткен барлық сыртқы жағдайлар) тұратын сыртқы
жағдайларды сипаттайды. Екіншілері сыртқы жағдайлардың әсерінен
қалыптасқан жағдайларды сипаттайды [5.161].
Себептер мен жағдайлардың тікелей және кері әсер ететіндері болады
(оларды “+” немесе “-” деп белгілейді) және де олар функционалды
(тәуелсіз) немесе коррелециялық (тәуелді) байланыста болады.
Біз зерттеп отырған саланың себептік кешені, барынша күрделі құрылым.
Меншік қатынастарының саласындағы қылмыстылық факторларына
(детерминанттарына)
мыналарды
жатқызуға
болады:
әлеуметтік-
экономикалық, құқықтық, әлеуметтік-психологиялық және өзге де мән-
жайлар.
Мүліктік қатынастардың себептері мәселесін талдай отырып, оларды
қандай нәрселер құнарландырып және алға тартып отыратындығын білуіміз
қажет. Және де ішкі игеруші күштерге жеке тұлғаның, қылмыстық
топтардың және құрылымдардың пайдакүнемдік-ниеттену бағыттылығын
жатқызуға болады. Ол сыртқы қоғамда қалыптасып келе жатқан жалпы
әлеуметтік-экономикалық
қатынастар.
Қылмыстық
мінез-құлықтың
мотивациясы заңға қайшы қылықты жасаудың саналы түрткісі ретінде
қалыптасу процесі болып табылады. Қылмыс жасау механизмінің әр
сатысында сыртқы орта жауап беріп отырады, ал тұлға болса, өз кезегінде
327
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Мергенбаев Е.П., Жакипова Ж.А. Мал ұрлаудың себептері мен жағдайларын талдау
осы жауаптарға қатысты шешім қабылдайды. Бұдан көретініміз қылмыстың
ең бастауы, түбірі ниет сияқты болып көрінеді. Қылмыстық құқық та
қылмыс ниетін қарастырады және оны қылмыстық субъективтік жағының
қосымша белгісі ретінде белгілейді. Шынында да ниет бір әрекеттің
бастауы болып табылады, ниеттің өзінің қалыптасуына да бірнеше
факторлар ықпал етеді. Әлеуметтік субъект ретінде адамда ниеттің әр түрлі
қайнар көздері пайда болады. Олар, өмірлік жоспарлар мен проблемалық
жағдайлар болуы мүмкін. Осыдан келіп мүдде туындайды.
Мүдде мұқтаждықпен тығыз байланысты. Мүдде санатының әлеуметтік,
философиялық және құқықтық мағыналары бар. Өз кезегінде мұқтаждық
мүддеге айнала алады. Мүдде сонымен бірге, мұқтаждық, құндылық тағы да
басқа қоғам дамуының қозғаушы күштерінің қатарына жатады. Қоғам
дамуының секірістері үшін әлеуметтік қайшылық және оны шешуге
ұмтылыс қажет. Осы қайшылықтарды шешуге ұмтылған әлеуметтік
субъектілердің прогрессивтік әрекетіне түрткі болатын, олардың мұқтаждық-
мүдделері және тағы басқа итермелеуші күштер.
Адам белсенділігін оятушы күшке әр түрлі мұқтаждықтар жатады.
Дәлірек айтсақ, қанағаттандырылмаған мұқтаждықтар, ал бұларды
қанағаттандыру мүмкіндігі әлеуметтік қатынастармен, қоғамдық өндірістің
жүйесіндегі индивидтің орнымен анықталады.
Мүліктік қатынастардың негізгі себебі ретінде адамдардың әлеуметтік
рәсімделген сұраныстары мен оларды қанағаттандырудың әлеуметтік
құпталған мүмкіндіктерінің арасындағы қарама-қайшылықты тануға болады.
Сондықтан,
кейбір
авторлар,
“пайдакүнемдік
қылмыстылықтың
детерминациясында
шешуші
жағдайға
материалдық
мұқтаждықты
қанағаттандырудың деңгейінің өзі ғана емес, әр түрлі және әлеуметтік
топтардың қанағаттандыру деңгейі де, яғни мүліктік теңсіздік жатады” деп
дұрыс атап көрсеткен [6.10].
Бөтеннің мүлкін ұрлауға тікелей септігін тигізетін жағдайлар алуан
түрлі. Олардың көпшілігі ұйымдық және тәрбиелік қызмет процесінде жоққа
шығарылуы мүмкін субъективтік сипаттағы құбылыстар.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. -Алматы: Жеті жарғы, 2005. – 151 б.
2.
Криминология / Под ред В.Н.Бурлакоав, Н.М. Кропочеав СПб, 2002. 86 б
3.
Қайыржанов Е.І. Криминология: Общая часть. 2-е изд. -Алматы: 2000 26б.
4.
Жұмағали А. Криминолгия (Жалпы бөлім). -Алматы: ШЖК Издательства LEM, 2003. 100 б.
5.
Криминология. -М.: 1966. 161 б.
6.
Кудрявцев В.Н .Генезис преступления. -М.: 1998. 10 б.
328
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Ғ.Б.ЕРНАЗАРОВ
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ізденушісі
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ПАЙДАҚОРЛЫҚ
ҚЫЛМЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОДАН САҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
В этой статье рассматриваются проблемы состояния и динамики корыстной преступности
несовершеннолетних и их профилактика.
This article deals with the problem of sordid motives of crimes of minors and problems of their
preventive treatment.
Қазақстан Республикасы өз тарихының күрделі кезеңін бастан кешіруде.
Соңғы оншақты жылда орын алған қайта құру процесі әлеуметтендірудің
барлық институттарының функционалдық мүмкіндіктерін күрт төмендетті.
Әлеуметтік-экономикалық ауыр жағдайға, ресми идеологияның ауысуына,
дәстүрлі құндылықтардың құнсыздануына байланысты отбасы, білім беретін
мекемелер, жастар мен балалар бірлестіктері, еңбек ұжымдары жеткіншек
жастарды тәрбиелеудегі өздерінің бұрынғы рөлін жоғалтып алды.
Бұл, әрине, кәмелетке толмағандар қылмыскерлігінің жайы мен
динамикасына әсерін тигізді [1.56].
А.А.Ескендіровтың зерттеулері кәмелетке толмағандардың, әдетте,
пайдақорлық және пайдақорлық-зорлықты қылмыстарды: ұрлық, тонау,
қарақшылық жасайтындығын көрсетіп отыр. Кәмелетке толмағандар жасаған
адам өлтіру, бұзақылық сияқты қылмыстардың етек алуы қоғамды
алаңдатып отыр.
Ал олардың мұндай қылмыстарының алдын алуда қандай да бір оң
нәтижеге жету үшін бұл қылмыстарға итермелеп отырған факторларды білу
керек. Елдегі демографиялық жағдайдың нашар екендігі даусыз, бірақ оны
жақсарту мақсатында қарастырылып жатқан шаралар ойдағыдай емес,
ауылдық жерлерде мүлде назардан тыс қалған. Белгілі бір кезеңде қоғамдық
қатынастарға теріс ықпал ететін кейбір криминогендік факторларға ұзақ
уақыт көңіл бөлінбейді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыскерліктің алдын алу мәселесі
жалпы қылмыстан сақтандыру қызметінің ең маңызды аспектісі болуға тиіс.
Ақыл-ойы, күш-қуаты жетіле қоймағандықтан, әлеуметтік мәртебесі толық
болмағандықтан кәмелетке толмағандар айрықша көңіл бөлуді, көмекті
қажет етеді. Сондықтан да олардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау
және жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында қоғам арнайы іс-
шаралар жүргізуге тиіс. Мұны біз Қазақстан Республикасының халықаралық
міндеттемелерінен, халықаралық құқықтың көпшілік таныған принциптері
мен нормаларынан көріп отырмыз.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстарымен күресудің теориясы мен
практикасын жетілдіру мәселесімен айналысқан ғалымдардың ғылыми
еңбектері де аз емес. Атап айтар болсақ: Е.И.Қайыржанов, Н.М.Абдиров,
Е.О.Алауханов, С.Б.Бимурзин, У.С.Жекебаев, Р.Е.Джансараева,
329
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Ерназаров Ғ.Б. Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстары және одан сақтандыру...
А.А.Ескендіров, М.К.Ынтықбаев, И.В.Корзун, А.Н.Ли, Г.С.Мәуленов,
А.Х.Миндагулов, А.А.Смағулов, Н.Султанова, К.Ш.Уканов, А.С.Чокморова,
Д.С. Чукмаитов, З.А.Ажиметова, Д.Бұғыбайқызы, Л.Ерімбетова, сияқты
ғалымдардың еңбегін айрықша атап өту керек. Қазақстанда тұңғыш рет
пайдақорлық-зорлық қылмыстардың алдын алу мәселелерімен проф.
Е.О.Алауханов зерттеген.
Пайдақорлық – ол алуға, баюға деген құштарлық. Пайдақорлық
Қылмыстық заңның жиырма бір бабында келтірілген. Жалпы бөлімде жаза
тағайындауға байланысты (мүлікті тәркілеу) айтылып өтсе, тоғыз
қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі ретінде қарастырылған
(135,139,198, 225, 271, 307, 314, 315, 380-баптар), ал қалған жағдайларда
ауырлатылған қылмыс құрамдарында қарастырылған (96-баптың 2-бөлігі “з”
тармағы, 125-баптың 2-бөлігі “з” тармағы, 126-баптың 2-бөлігі “з” тармағы,
127-баптың 2-бөлігі “а” тармағы, 134-баптың 2-бөлігі, 200-баптың 2-бөлігі,
234-баптың 2-бөлігі “и” тармағы, 238-баптың 2-бөлігі “д” тармағы, 324-
баптың 2-бөлігі, 351-баптың 2-бөлігі, 352-баптың 2-бөлігі).
Пайдақорлық қылмыстылық жалпы қылмыстылық санының ішінде
экономикасы дамыған мемлекеттерде 90%-ға дейін үлес алса, дамушы
елдердің жалпы қылмыстылығының 60%-ды құрайды [2.234].
Өзінің жеке басын байытуға ұмтылыс деп пайдақорлықты теріске
шығарсақ, онда біз жеке меншік идеясын да теріске шығарған боламыз.
Меншік иесі өз мүлкін сақтап қалуға және молайтуға әрқашан да ұмтылады.
Орыстың көрнекті философ-құқықтанушысы профессор И.Л. Ильин былай
дейді: «... жеке меншік идеясын сараң, дүниеқұмар адамдар ойлап тапқан
жоқ, ол адам бойына туа бітетін қасиет. Шаруашылық процесінен инстинктік
әрекет бастауын, жеке мүдделілік бастауын, рух бостандығы бастауын, затты
қастерлеу бастауын алып тастасақ, онда формалды және сатқын
бюрократизмнің ықпалына ұшыраймыз, бойымызды жауапсыздық билейді,
шаруашылық күйрейді» [3.56].
Жеке басына пайда келтіруге ұмтылу – адам жаратылысының негізін
құрайтын қасиеттердің бірі, бірақ ол кейде пайдақорлық, сараңдық,
иемденуге құштарлық түрінде көрініс табады. Егер пайдақорлық ниетті іске
асыру зорлық көрсету сияқты дөрекі әрекеттермен ұштасып жатпаса ол басқа
қылмыстар (бұзақылық, өш алу) сияқты қатаң жауаптылыққа алып келмейді.
Себебі, пайдақорлық, жеке басының баюына ұмтылу – қоғам
мүшелерінің басым көпшілігінің, оның ішінде заң бұзбайтын адамдардың да
көкейіндегі ой, дегенмен, кейбіреулерді ашкөзділік жеңіп кетеді.
Байлық пен мол табыс, көбіне, басқа біреудің еңбегінің нәтижесін
иеленуден барып туындайды (оны маркстік теорияда қанау дейді) [4.264].
Пайдақорлықты адамның бойына туа біткен қасиет, жеке меншік
институтының салдары деп танысақ, онда оны қоғамдық қатынастың
арылуға болмайтындай теріс жағы деп те мойындау керек. Сондықтан да
330
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Ерназаров Ғ.Б. Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстары және одан сақтандыру...
қоғам мен мемлекет ондай ұмтылыстың қарқынын тежеудің жолдарын
барлық уақытта қарастырып келді. Қылмыстық-құқықтық тыйымдардың
едәуір бөлігі осыған арналған [5.71].
Айта кетелік, Ресейдің революцияға дейінгі криминологиясы
«пайдақорлық қылмыстылық» ұғымын білмеген, ал кеңестік кезеңнің екі
алғашқы «Криминология» оқулықтары (1966 және 1988 жылдарғы)
пайдақорлық қылмыстылықты зерделеу және алдын алу объектісі ретінде
қарастырылады.
Қылмыстық іс-әрекетке қарау – объект, субъект, объективтік жақ
(объективтік мазмұн), субъективтік жақ (субъективтік мазмұн) сияқты
дербес элементтерді бөліп алу керектігін көрсетті.
Салалық-практикалық қызметте субъектіге қарсы тұрғандар объект
болып табылады. Ол объективтік шындықты білдіріп ғана қоймайды, оның
бір бөлігі ретінде субъектпен өзара байланыста болады.
Таным объектісін бөліп алу практикалық қызметтің қоғамда қалыптасқан
және объективтік шындықты көрсететін формаларының көмегімен жүзеге
асырылады.
Меншік қатынастарын пайдақорлық қылмыстық іс-әрекет объектісі деп
алуға болады, ол мүлік және мүліктік құқық түрінде іске асады. Ол
субъектінің материалдық пайданы бөтен мүліктің (мүліктік құқықтың)
есебінен алатындығын білдіреді.
Субъект дегеніміз – салалық-практикалық қызмет пен таным таратушы,
объектіге бағытталған төменділік көзі. Салалық-практикалық және
танымдық қызмет әлеуметтік жүйеде объективтік жақтың қасиетін алып,
соның арқасында субъект объектіге ықпал етеді.
Қылмыс субъектісіне қарағанда қылмыстық іс-әрекет субъектісі жеке
адам да, топ та болуы мүмкін. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары,
көбіне, топтасып жасалынады, оған кейде ересектер де қатысады.
С.Б.Бимурзиннің деректеріне сүйенсек, қала жастары жасаған
қылмыстардың 80%-ы топтасып жасалынады екен [6.84].
А.С.Чокморованың зерттеуіне сәйкес, кәмелетке толмағандарды
қылмыстық әрекетке тартқан ересек адамдардың:
- 30%-ы – 20-25 жасар;
- 27%-ы – 25-30 жасар;
- 21%-ы – 30-40 жасар;
- 17%-ы – 18 жасар;
- 5%-ы – 40-50 жасар екен.
Бұлардың барлығының 93%-ы еркектер көрінеді.
Егер де бұл ұйымдастырушылардың (арандатушылардың) білім деңгейін
алатын болсақ, олардың:
- 29%-ында – орта білім;
- 21%-ында – толық емес орта;
- 20%-ында – толық емес жоғары;
331
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Ерназаров Ғ.Б. Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстары және одан сақтандыру...
- 19%-ында – арнайы орта;
- 11%-ында – жоғары білім бар екен.
А.С.Чокморованың мәліметтеріне қарағанда, бұл қылмыстық топтардағы
ересектердің көпшілігі бұрындары қоғамға жат өмір кешкен.
Мысалы, олардың 65%-ға жуығы – жұмыс істемеген және оқымаған,
37%-ы – бұрын әкімшілік құқық бұзғандар, 29% – сотты болғандар.
Қылмыстылықтың алдын алу дегеніміз – бұл мемлекеттің, қоғамның,
жеке және заңды тұлғалардың қылмыстылыққа жаңа адамдардың
тартылуына, жаңа қылмыстық іс-әрекеттердің жасалуына, қоғамдық
қатынастардың ары қарай криминалдануына жол бермеу мақсатында
қылмыстылықтың детерминация және себептілік процесіне мақсатты ықпал
етуі.
Біз бұрындары қылмыстылық дегеніміз – күрделі әлеуметтік құбылыс,
сондықтан да оның себептерін ең тиімді қылмыстық саясат та жоя алмайды
деп санағанбыз. Қылмыстық заң жүйесі қандай да бір қылмыстың алдын алу
мақсатында қылмыскерге, сондай-ақ азаматқа ықпал жасай алады, жасауға
тиіс те. Әңгіме – сол ықпалдың неге тұратындығында, қаншалықты және
қандай әдістермен жасалатындығында. Бұл мәселелерде маңызды саяси-
әлеуметтік және идеологиялық мазмұн бар. Қылмыстық саясат құралдары
қылмыстылықтың субъективтік және бірқатар жақындау объективтік
себептеріне және оларға мүмкіндік тудыратын жағдайларға ғана ықпал
жасай алады.
Профессор Е.О.Алаухановтың пікірінше, «таза» түрде қылмыстың алдын
алу дегеніміз – криминогендік факторларды жою және қылмысқа дейінгі
кезеңде адамның мінез-құлқын түзету арқылы қылмыстың жасалуына жол
бермеу [7.279].
Ал профессор Е.І.Қайыржановтың ойынша, қылмыстың алдын алу
мақсатында ықпал жасалынатын объект «өте күрделі құбылыс», оған жеке
адам, адамдар тобы, оларды қоршаған орта (оның ішінде тікелей қоршаған
орта) және әртүрлі «заттар» – факторлар, себептер мен жағдайлар, мән-
жайлар, т.б. жатады [8.24].
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, қылмыстылықтың алдын алуға
анықтама берсек, ол – қылмыстылықтың себептерін және оған мүмкіндік
тудыратын жағдайларды анықтау және жою мақсатында мемлекеттік,
қоғамдық және басқа ұйымдардың жүргізетін, өзара байланыстағы әр түрлі
шараларының жиынтығы.
Қорыта келе кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының
алдын алуға жеткіншек ұрпақты жан-жақты дамытуға кепілдік болатын
тұрмыс деңгейі негіз бола алады. Профилактиканың басты бағыттарына
білім беру, құқықтық және өнегелік тәрбие, отбасындағы кикілжіңді жеңу,
тәрбиедегі олқылықтың орнын толтыру, жеткіншектердің мазмұнды
демалысын ұйымдастыру, олардың оқумен және жұмыспен айналысуын
қамтамасыз ету жатады. Жеткіншектердің рухани және өнегелік ахуалын
332
Достарыңызбен бөлісу: |