А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Сулейменова А.М. Особенности арбитражного разбирательства в международном частном праве
два данных правовых института имеют существенные различия, не
позволяющие отождествлять их.
Значительные различия в порядке изменения, расторжения и
недействительности
гражданско-правовых
сделок
и
арбитражного
соглашения вкупе с его правовой направленностью убедительным образом
доказывает процессуальную природу арбитражного соглашения.
Нормы же, закрепляющие недействительность арбитражного соглашения
как одно из оснований отмены арбитражного решения или отказа в его
признании, содержатся во многих внутренних законодательных актах о
международном коммерческом арбитраже зарубежных стран [15]. Как
правило, действительность арбитражного соглашения в соответствии с
внутренним законодательством определяется «по праву, избранному
сторонами к арбитражному соглашению (lex voluntatis) или по праву места
вынесения арбитражного решения (lex loci arbitri)» [16.85]. Однако
встречаются и иные подходы.
Необходимо добавить, что во всех упомянутых актах выделяется такое
основание
недействительности
арбитражного
соглашения,
как
недееспособность сторон, причем недееспособность сторон определяется по
праву, применимому к статусу сторон.
Хотя арбитраж – это самостоятельный механизм разрешения споров, и
государственные суды не вмешиваются в его процедуру, они осуществляют
ряд надзорных полномочий в отношении арбитража. Это обусловлено тем,
что государственные суды исполняют роль органов, способных принуждать
к исполнению решения, вынесенного международным коммерческим
арбитражем; они следят и за соблюдением арбитражами императивных норм
внутреннего законодательства. «Иное было бы, по меньшей мере, странно.
Ни в одной цивилизованной стране мира нет какой-либо власти, органа, суда
или лица, которое могло бы принимать решения, являющиеся
обязательными и влекущие юридические последствия для других, но
обладало бы, в свою очередь, иммунитетом от судебного надзора в случаях
неправомерного поведения, нарушения принципов правосудия или принятия
решений, не соответствующих системе права данного государства» [16.85].
ЛИТЕРАТУРА
1.
Богуславский М.М. Современные тенденции расширения сферы действия институциональных
арбитражных судов //Актуальные вопросы международного коммерческого арбитража / Ред.
А.С.Комаров. -М.: Спарк, 2002.
2.
См. подробнее: Самарходжаев Б.Б. Некоторые вопросы гарантий и мер защиты прав иностранных
инвесторов //Право и политика. 2003. № 8.
3.
Давид Р. Основные правовые системы современности. -М.: 1988.
4.
См. подробнее: Burnham W. Introduction to the law and legal system of the United States. –St.Paul, 1995.
5.
Принят 21.06.1985 г. на 18-й ежегодной сессии Комиссии ООН по праву международной торговли
(ЮНСИТРАЛ). Резолюцией Генеральной Ассамблеи ООН 40/72 от 11 декабря 1985 г. рекомендован
для учета всеми государствами при разработке или совершенствовании национального
законодательства.
341
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Сулейменова А.М. Особенности арбитражного разбирательства в международном частном праве
6.
Международное частное право: Учебник / Под ред. Дмитриевой Г.К. – М., 2000.
7.
Prof. Dr. Andrae M. Internationale Schiedsgerichtsbarkeit // Arbeitspapiere (IZVR). S.2. http://www.uni-
potsdam.de/u/lsandrae/izvr06.pdf
8.
См. также: Raeschke-Kessler Berger. Recht und Praxis des Schiedsverfahrens. – Köln, 1999. – S.17;
Mankowski P. Internationales Handelsrecht. S.19.
http://www2.jura.uni-hamburg.de/sipr/dateien/
dateien_mankowski/ihr2.doc
9.
Арбитражная оговорка – соглашение сторон, включенное в основной контракт и
предусматривающее возможность рассмотрения споров в связи с данным контрактом, которые
могут возникнуть между ними, в порядке арбитража.
10.
Арбитражный договор отличается от оговорки лишь тем, что он представляет собой соглашение,
заключенное отдельно от основного контракта. Он может быть заключен одновременно с основным
договором или после, но всегда до возникновения спора. Если же спор уже возник, то соглашение о
передаче его на рассмотрение арбитражного суда будет называться третейской записью.
11.
«Еще совсем недавно в законодательстве ряда стран (Испании, Португалии, Аргентины) эти два
самостоятельных вида арбитражного соглашения (имеется в виду арбитражная оговорка и
третейская запись) регулировались по-разному. Как правило, одного наличия арбитражной оговорки
признавалось недостаточно для наделения арбитража компетенцией. Необходимо было
дополнительно заключить третейскую запись, наличие которой и служило основанием компетенции
арбитража. Если сторона уклонялась от заключения третейской записи, то суд не мог принудить
сторону участвовать в арбитражном процессе, т. е. арбитражная оговорка, по сути, не обладала
исполнительной силой. В настоящее время положение, по которому требуется заключение
третейской записи дополнительно к арбитражной оговорке, сохраняется только в единичных
странах, например в Бразилии». См.: Шелкопляс Н. Арбитражное соглашение: теоретические
вопросы, имеющие практическое значение // Белорусский журнал международного права и
международных отношений. – 1998. – № 3. http://beljoulnal.by.ru
12.
Рожкова М. Материальные и процессуальные соглашения, поименованные в Арбитражном
процессуальном кодексе РФ // Хозяйство и право. – 2004. – № 1.
13.
Морозов М.Э., Шилов М.Г. Правовые основы третейского разбирательства. http://arbitrage.ru/
14.
Расторжение либо изменение арбитражного соглашения имеет место только при добровольном
согласии сторон соглашения.
15.
Например, см:. п. 2.1 ст. 34 Закона РФ «О МКА»; ст. 1065 «а» ГПК Нидерландов; ст. 1059, п. 2.1
ГПК Германии.
16.
Федоров А.Г. Международный коммерческий арбитраж.– М.: Издательский Дом «Дашков и К
о
»,
2000.
342
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Н.М.БАТЫРБАЕВ
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты
ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ҚОРҒАЙТЫН ҚҰҚЫҚ
НОРМАЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ ҚҰҚЫҒЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
В данной статье анализируются правовые нормы в области защиты особо охраняемых
природных территорий.
This article deals with the law norms in the field of protecting special guarding natural territory.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғайтын құқық нормаларының
экология құқығы жүйесіндегі орнын анықтаудың алдында, біз құқық жүйесі,
заң жүйесі, құқық саласы және құқық институты деген анықтамалардың
мәнін талдап өтейік.
Экологиялық құқық теориясында ғалымдар экологиялық құқықтық
нормаларды бір жүйеге келтіретін бірлігін қалыптастыруға ат салысты.
Құқық жүйесі, оның ішінде экологиялық құқықтың жүйесі туралы
зерттеулер жүргізіп үлкен жетістіктерге жеткен, маңызды тұжырымдар
жасаған еңбектер бар. Олардың ішінде Байсалов С.Б., Мұхитдинов Н.Б.,
Бектұрғанов Ә.Е., Әбдірайымов Б.Ж., Байдельдинов Д.Л., Батырбаев Н.М.,
Еркінбаева Л.Қ., Шайбеков К.А., Қосанов Ж.Қ., Мұстафаев С.Т. сияқты
ғалымдардың еңбектерінің маңызы зор. Осылардың ішінде әсіресе
экологиялық, табиғи ресурстар, табиғатты қорғау құқықтарының ара
қатынасын, құқықтың пәні, жүйесі және принциптерінің мәнін ашатын әрі
бүгіндегі экология құқығының құрылымдық белгілерін және бұл құқықтың
жетілуі үшін маңызды теориялық негіздерді қалыптастырған “Предмет и
система советского земельного право” деген, А.Е.Еренов, Н.Б.Мұхитдинов,
Л.В.Ильяшенколардың еңбегінің орны бөлек [1].
Жалпы жүйе философиялық ұғым бойынша – бір-бірімен байланысты
және бір-біріне әсер етуші бөліктерден тұратын бүтін бір құбылыс. Ал құқық
жүйесі объективтік заңдылықтар негізінде құралады.
Құқық жүйе ретінде келесі белгілермен сипатталады. Біріншіден, құқық -
кездейсоқ құқық нормаларының жиынтығы емес, бұл органикалық бүтін бір
құқықтық құбылыс, сонымен бірге ол объективтілігімен сипатталады. Құқық
жүйесіне оны құрушы нормалардың бірлігі және олардың өзара байланысы
тән. Олар жеке дара бір-бірінсіз әрекет ете алмайды.
Екіншіден, құқық жүйесі өзінің мазмұны және құрылымдық
элементтерінің көлемі бойынша біртектес емес, көп жақты құқықтық
құбылыс. Құқық жүйесі сонымен бірге құқық нормасына, құқық
институтына және құқық саласына бөлінеді.
Құқық жүйесі – бұл құқықтың жекелеген бөліктерге бөлінуіне қатысты
сонымен бірге мемлекеттегі күші бар құқық нормаларының бірлігі мен
келісімділігін білдіретін оның ішкі құрылымы [2.289-290].
"Жүйе" түсінігіне мынандай сипаттамалық белгілер тән:
1)
жүйеде ортақ белгісі бар бірнеше элементтердің болуы.
343
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Батырбаев Н.М. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғайтын құқық нормаларының...
2) жүйедегі элементтердің мазмұндас болуы. Әр түрлі мазмұндағы
элементтер жүйені құрамайды.
3) жүйе элементтері белгілі бір түрде өзара әсер ететін қосылыстар
болып табылады.
4) ортамен өзара әсерде жүйенің әрқашанда бірыңғай сапалық
айқындылықта болуы.
5) жүйеге енетін қосылыстардың шартты дербестігінің болуы.
Құқық жүйесі мен заң жүйесінің байланысына, арақатынасына,
айырмашылығына байланысты заңгер ғалымдар бір нақты тұжырымға
келген жоқ. Бірақ жалпы алғанда олардың тұжырымы бойынша құқық
жүйесі мен заң жүйесі бір феноменнің көрінісі. Бұған қосымша тағы да
құқық - норма жүйесі және заң да норма жүйесі деген көзқарастар да бар
[3.51].
Көптеген ғалымдар заң жүйесі заң актілерінің жиынтығы мен
нормативтік ұйғарымдардың реттеу объектісіне байланысты бөлінетін заң
саласы және институттарынан тұрады деп көрсетеді [4.181].
Құқық жүйесі кейбір ғалымдардың пікірінше құқықтан, құқықтық
идеялогия, құқық шығарушылық пен құқық практикасынан тұрады. Ал басқа
бір ғалымдар тобының айқындауынша, құқық жүйесі - құқық нормасынан,
құқық институтынан және құқық саласынан тұратын күрделі көп салалы
кешен болып табылады [5.180].
Барлық жүйе қалыптасу үшін белгілі бір негізге сүйенеді. Құқық
нормаларын жүйелеу, құқық жүйесінің қалыптасу негізінің қандай
критерилерге сүйенетініне байланыссыз кем дегенде мына екі талапқа сай
болуы тиіс. Біріншіден, жүйелеу ғылымға және практикаға қандай да бір
пайда әкелуі тиіс. Құқық нормаларын дұрыс жүйелеу, құқық саласының
құрылымдық бөлімдерінің дәлме-дәл қалыптасуына әсер етеді. Жүйелердің
келесі үлкен маңыздылығының бірі сонда, ол құқық нормаларының даму
тенденциясын қалыптастырады, заңның одан әрі дамуына және ғылыми
негізде кодификациялауға жол ашады. Қандай да бір қоғамдық қатынасты
реттеу үшін қабылданатын жаңа заңдар құқықтың белгілі бір саласындағы
жүйеге негізделеді.
Екіншіден, құқық нормаларын жүйелеу бір жағынан бір немесе басқа
қоғамдық қатынастардың түрін реттейтін құқық нормаларының бірлігін,
екінші жағынан – оларды әр түрлі топтарға бөліктерге бөлуді
(дифференциациялау) қамтамасыз етуі тиіс [1.52-53].
Заң – құқықты қорғау және оны айқындаудың формасы. Заң сонымен
бірге құқықтың сыртқы формасы. Сондықтан да біздің ойымызша құқық
жүйесі – құқық нормаларының, институттарының және салаларының
жиынтығы болып табылады. Құқық нормалары құқық жүйесі ретінде
нормативтік құқықтық актілерден бөлініп қарастырылады да, нормативтік
құқықтық актілер заң жүйесінен көрініс табады. Сондықтан да ерекше
344
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Батырбаев Н.М. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғайтын құқық нормаларының...
қорғалатын табиғи аумақтарды қорғайтын құқық нормаларының орнын заң
жүйесінде емес құқық жүйесінде қарау орынды деп есептеймін.
Құқық саласының тек заңдық белгілері ғана өздігінен құқық саласының
пайда болу кезеңдерін және қалыптасуын көрсете алмайды, сонымен бірге
шын мәнінде құқықтың жаңа саласы пайда болды ма, оның құрылысының
қалыптасуына бар құқықтық материалдар жеткілікті ме деген мәселелерді
шеше алмайды. Бұл сұраққа жауапты, яғни құқық жүйесінің динамикасын
(қозғалысын) жүйелік-құрылым тұрғысында жақындау, тану арқылы
білеміз. Сонымен бірге ол құқық саласын - әр түрлі деңгейдегі сала асты
салалардан (норма, институт) тұратын көп жүйелілік құрылым екендігін
көрсетеді. Құқық нормаларының белгілі бір топтарын құқық саласы деп тану
үшін кем дегенде бір-бірімен байланысты екі фактор болуы шарт:
біріншіден, өздерінің бірлігі арқылы жалпы құқық жүйесінің жеке элементі
бола алатындай норманың ішкі реттілігінің болуы, екіншіден, құқық
нормаларының осы тобының бір жүйедегі ұқсас элементтермен өзара
арақатынасқа түсе алу қабілеттілігінің болуы. Әрине бұл құрылымдық
белгілерді басқа белгілермен ауыстыру мүмкін емес. Сонымен бірге
құқықтық реттеудің пәні де кез келген құқық саласының қалыптасуының
негізгі факторы болып қала береді және бұған қосымша нормалар тобын
құқық саласы деп тануда құқықтық реттеудің әдісі, принциптері және
қызметінің де алар орны бар.
Экологиялық құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеу
аумағына байланысты институттарға және субинституттарға бірігеді, ал олар
өз кезегінде экология құқығының Жалпы, Ерекше және Арнайы бөлімдеріне
бөлінген құқық саласына бірігеді.
Қорыта келгенде, нормалар жиынтығы құқық саласы болуы үшін оның
құқықтық реттеудегі құрылымдық белгілері, әдісі, пәні, принципі және
атқаратын қызметі айқын болуы тиіс.
Біртектес қоғамдық қатынастардың өзі пайда болу уақыты, орнына
жағдайына байланысты қалыптасу барысында көптеген белгілер мен
ерекшеліктерге ие болады. Бұл жағдай сол әрбір типтегі қоғамдық
қатынастарды жан-жақты реттеу қажеттілігін тудырады. Сипаты бойынша
біртектес кез келген құқық саласының құқықтық реттеу пәні ішкі
біртектілігінің өзінде, қатысушылардың құрамына, қоғамдық қатынастарды
құқықтық реттеудің пәнінің пайда болу негізіне байланысты туындайтын
белгілі бір айырмашылықтарға ие болады. Демек бұл бір саладағы қоғамдық
қатынастардың құқықтық нормаларының біртектес болуымен қатар, олардың
да
белгілі
топтарға
бөлінетіндігін,
яғни
құқық
нормаларының
дифференциациясы
жүретінін
көрсетеді.
Құқық
нормаларының
дифференциациясы арқылы нормалардың топтастырылуы, яғни құқық
институттарының қалыптасуы жүреді [1.53].
345
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Батырбаев Н.М. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғайтын құқық нормаларының...
Құқықтық институт – қоғамдық қатынастардың ерекше топтарына
қатысты
қатынастарды
реттейтін
бір-бірімен
байланысты
құқық
нормаларының жүйесі.
Жалпы құқық институтының түсінігі көптеген жұмыстарда қайталанып
немесе мазмұндас болып келеді. Жоғарыда көрсетілген анықтамалардан
құқық институтының мынандай белгілерін анықтаймыз:
1. сол институттағы қоғамдық қатынастардың мазмұнының біртектілігі;
2. құқықтық нормалардың бірлігі;
3. құқық нормаларының ерекшелігі.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құқықтық қорғау – қоршаған
ортаны жалпы құқықтық қорғаудың құрамдас бөлігі және сонымен бірге
экологиялық құқық жүйесінде жеке институт болып табылады.
Бұл үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құқықтық қорғаудың
нормалары жеке институт ретінде жоғарыдағы белгілердің барлығына сай
келеді. Біріншіден, құқық институты ретінде ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарды қорғауға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. Бұл
қатынастар өз мазмұны бойынша біртекті әрі құқық институтындағы
нормалармен сәйкес келеді.
Екіншіден, құқық нормаларының заңдық бірлігі – бұл барлық құқық
институттарының басты белгісі болып табылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құқықтық қорғау – бұл
салааралық мәселе. Бұл мәселені шешу көптеген құқық салаларының
қатысуымен сипатталады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құқықтық
қорғау нормалары әр түрлі құқық салаларында орын алған. Яғни, ерекше
қорғалатын табиғи аумақтарды құқықтық қорғау - қоғамдық қатынастардың
пәнінің күрделілігіне орай бұл институттың күрделену, құқықтың жеке
саласы болып қалыптасу үстінде екендігін көрсетеді. Дегенмен соңғы
жылдары бұл институттың нормалары жүйеленіп, дербес құқықтық
нормативтік акті болып қалыптасты. Яғни «Ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.
Сонымен бірге, бұл заңдарды толықтыратын бірнеше заң асты актілері
бар. Демек, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құқықтық қорғаудың
нормаларының бірлігі қалыптасқан.
Үшіншіден, оның заңдық ерекшеленуі яғни ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарды құқықтық қорғау институтының экология құқығының басты
құрылымдық бөлігі ретінде экологиялық заңдар жүйесінде өз орны бар.
Олар жоғарыда аталып кетті.
Сонымен талдау жасай отырып, құқық жүйесінің құқық нормаларынан,
құқық институттарынан және құқық саласынан тұратынын айқындаймыз.
Құқық жүйесінде құқық нормасы оның құрылымдық элементі болып
табылады. Құқық институты – бір-бірімен байланысты дербес қоғамдық
қатынастардың немесе олардың қандай да бір құрамын реттейтін нормалар
жүйесі. Құқық саласы деп құқықтық реттеудің пәні мен әдісі негізінде
346
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Батырбаев Н.М. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғайтын құқық нормаларының...
бөлінетін бір-бірімен байланысты құқықтық институттардың жиынтығы
аталады. Өз кезегінде кейбір құқықтық институттар субинституттарға, ал
құқық саласы сала асты салаларына бөлінуі мүмкін.
Экология құқығы құқықтық реттеудің өзіне тән пәнімен әдісімен
сипатталатын жалпы құқықтың кешенді бір саласы болып табылады.
Сонымен бірге құқықтың жеке саласы ретінде экологиялық құқық, құқық
нормаларынан және құқық институттарынан тұрады.
Экологиялық құқықтық нормалардың тиімді жұмыс істеуі, атқаратын
қызметінің нәтижелі болуы, ол нормалардың қандай институтқа және салаға
жататындығы дәл айқындалуына байланысты.
Құқық жүйесінде бір-біріне қарама-қарсы екі бастама бар. Бір жағынан
құқық жүйесі тұрақты, ал екінші жағынан өзгермелі, қозғалмалы (динамика)
болуы тиіс. Барлық уақытта өзгеріп отыратын қоғамдық қатынастарға
негізделетін құқықтың қозғалысы (динамикасы), өз кезегінде оны
құрылымдық жүйесінің өзгеруіне әкеп соғады. Бұл эволюциялық жолмен,
яғни құқық институттары мен саласы бірде дифференциациялану, ал кейде
интеграциялану арқылы өзгеріп отырады.
Бүгінде экологиялық құқық жүйесінде де осындай эволюциялық процесс
жүріп жатыр.
Біздің ойымызша, құқық нормаларының құрылымдық белгілеріне
жоғарыда жасалған тұжырымдарға сай, бүгінде қоршаған ортаның әрбір
табиғи объектілеріне байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың
нормалары жалпы құқықтың жеке салалары болып табылады. Ал ерекше
қорғалатын табиғи аумақтарды қорғайтын құқық нормалары – экологиялық
құқықтың ерекше бөлімінің институтын құрайды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Еренов А.Е., Мухитдинов Н.Б., Ильяшенко Л.В. Предмет и система советского земельного право. -
Алма-ата. 1981. с.188.
2.
Хропанюк В.Н. Теория государства и права: Учебное пособие для высших учебных заведений //Под
ред. В.Г. Строкозова. М: 1998. с.289-290.
3.
Лившиц Р.З. Современная теория права. -М.: Юрист. 1992. с.51.
4.
Теория права и государства. -М.: изд. БЕК. 1995. с.181.
5.
Общая теория права. Учебник для юридических ВУЗов. //Под ред. А.С. Пиголкина. -М.: Изд. МГТУ
им. Н.Э.Баумана. -1995. с.180.
347
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
А.МҰРАТҚЫЗЫ
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты
ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАН АДАМДАРҒА ЗИЯН КЕЛТІРУ
АРҚЫЛЫ ҰСТАУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТАРИХИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ
В данной статье рассматривается история развития уголовного права в отношении лиц,
совершивших преступления через нанесение им вреда.
This article deals with the history of development of criminal law regarding civilians committed a
Достарыңызбен бөлісу: |