IN THE BOOK
SOMEBODY
WANTED TO…
BUT…
IN THE END
S/HE
124
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Zhanibekov M.Z.
The Importance Of Teaching Reading
READER EVALUATION – FINAL CHECK LIST (AFTER READING)
TITLE OF THE
BOOK
AUTHOR
PLOT
SETTING
CHARACTERS
MY COMMENT
I think, ,
SUMMARY
(10 / 15 Sentences)
THE NEW WORDS I
HAVE LEARNED
PAGE / LINE
ORIGINAL SENTENCE
MY EXAMPLE SENTENCE
REFERENCE
1.
Muaka A., Bernhardt E.B., Kamil M.L. (2000) Teaching Reading. IAE Educational Practices series Chicago,
USA
2.
Koç S., Bamber B. (1997) English Language Teaching, Ankara, Turkey
3.
Rinvolueri M. (2008) Story telling the language teacher’s oldest technique; internet material
www.techingenglish.org.uk/
4.
Çetin L.G. (2008) Table of reader Evaluation, Istanbul, Turkey
125
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Н.Ә.ДИДАРБЕКОВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ізденушісі
Т.АХТАНОВ КӨРКЕМ АУДАРМА МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
В статье рассматриваются взгляды Т.Ахтанова на проблемы литературного перевода.
The article presents some T.Akhtanov’s views on the problems of literary translation.
Әдебиеттің кемелденуінің бір көрінісі – көркем аударма өнерінің дамуы.
Аударма – мәдени маңызы бар зор іс болып саналады. Ол әдебиетті шеберлік
жағынан ғана жетілдіріп қоймай, сол халықтың рухани мәдениетін де
байытады.
Т.Ахтанов та «Көркем аударма көркі» проблемалық мақаласында (1961)
өз кезеңіндегі аударма жайына көңіл аударады. Мұнда аударма өнеріндегі
ізденіс-жетістіктермен қатар кемшіліктер, ортақ күрделі мәселелер,
теориялық және жақсы тәжіриебені белгілі бір жүйеге келтіру жайлары
айтылады. Сыншы ойын нақты шығармалар негізінде таратып баяндайды.
Сөз зергері Ғ.Мүсіреповтің Горький әңгімелерінің аудармаларын жақсы
бағалайды. Ұлы жазушының пафосын оқушысына суытпай жеткізе білген
бұл аудармалар, сыншының айтуында, өкінішке орай жалғастығын таппады.
Ал қазақ оқушысына Горький шығармаларының философиялық терең ойын,
өмірді сезінуін, өмір құбылысының сырын ашатын тамаша суреттерін
Ғ.Мүсіреповтей сөз зергері жеткізе түсуі аса қажет еді деп ой түйеді.
Сыншы сол кезде оқушының қолына тиіп жатқан В.Янның «Шыңғыс
хан», Гулияның «Сакендегі көктем», Л.Соболевтың «Теңіз жаны»,
Павленконың «Бақыт» туындылары аракідік кемшіліктері болғанмен,
негізінен алғанда жақсы аударылған дейді. В.Янның романын аударған
Мұхамбетжанов, Ысқақов автордың өзіндік стилін таба білген, көне
замандағы ескірген ұғымдарға лайықты сөз бояуын орнымен қолданған десе,
Гулияның шығармасын тәржімалаған Қ.Сатыбалдин Кавказ халқына тән
биязы юморды табиғи жеткізе алған деп, пікірін үзінділер келтіре отырып
дәлелді ұсынады.
Л.Соболевтің «Теңіз жаны» жинағына енген әңгімелерін аударған
Ғ.Орманов та теңізшінің ер мінезін, автор ойының астарын нәзік сезініп
әсерлі жеткізе білген деп бағалайды.
«Теңіз жаны» - өмірді барынша сүйгендік. Қорқақ адам өмірді сүймейді:
тек өмірден айрылып қалам ба деп шошиды... Теңізшілер ұрыс үстінде
өлетін болса, соның өзінде де жаудың зәресін ұшыра өледі: теңізші өз көзіне
түскен жаудың зәресін ұшыра өледі: теңізші өз көзіне түскен жаудың бәрін
өзімен бірге ала өледі» [1.268] – деген аударма үзіндісін келтіріп, осы аз ғана
сөзден соғыс кезіндегі теңізші бойындағы батырлықтың сыры
түпнұсқадағыдай әсерлі ашылып жатқан жоқ па деп сүйсінеді. «Сөз жоқ,
алғыр аударушы автор ойының барлық астарын, оның сезімін, стилін
түсінген де, бар жанымен тебіреніп сезіне аударған» [1.269] – деп Ғ.Орманов
аудармасына өз бағасын береді.
126
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Дидарбекова Н.Ә. Т. Ахтанов көркем аударма мәселелері туралы
Т.Әлімқұловтың аударған Павленконың «Бақыт» романын да негізінен
сәтті шыққан, түпкі нұсқаның көркемдік дәрежесін сақтай білген дейді.
Аудармашының автордың сезімін жақсы ұғынып, қазақ тілінде де сезім
тұтастығын шашыратпай жеткізуіне риза болады. Адам бейнелерін
суреттейтін тұста да Т.Әлімқұлов автор берген сипатты дәл, жанды түрде
келтірген.
«Комков сұңғақ бойлы, өндірдей кісі еді. Ол күлгенде бүкіл беті бірге
күледі.
Тіпті, үндемей отырғанның өзінде күлкілі бір нәрсе біліп, айтқысы
келмей тұрған адамдай болады да тұрады» [1.270] - деген аудармада да
бетіне күлкі табы кетпей, қуақы мінезі ылғи байқалып тұратын адам көзге
елестейтінін сыншы атап өтеді.
Түйіндей айтқанда, аударушы романның әңгімелеу ырғағын, оқиғаның
даму қарқынын, жазушының интонациясын дұрыс түсінген деп қорытады.
Мақалада Т.Ахтанов аударма өнеріндегі елеулі кемшіліктерге тоқталып,
нақты мысалдармен талдау жүргізіп, бұл саладағы шешімін таппай келе
жатқан күрделі мәселелерге көңіл аударады.
«Көркем аудармада азды-көпті жетістігімізбен қатар, ірі-ірі кемшілігіміз
бар. Көптеген аудармалардың көркемдік дәрежесі төмен, автордың ойы,
стилі бұрмаланып келеді. Содан барып, классикалық және совет әдебиетінің
таңдаулы шығармалары қазақ оқушыларына өзінің тамаша көркінен
айрылып, сиқы қашып, қансыз-сөзсіз түрде жетеді. Осыдан шығарманың
идеялық өткірлігі мұқалып, кейде тіпті бұрмаланып, көркемдігі құлдырап
төмендеп кетеді» [1.271] - дейді сыншы.
Алғашқы
кезекте
оның
мысалына
Н.Баймұхаметов
аударған
М.Шолоховтың «Тынық Донын», Е.Қойшыбаев аударған Бичер Стоудың
«Том ағайдың лашығын» келтіреді. Екі аудармада да: аудармашылар
автордың стилін, шығарманың идеялық мазмұнын ұғынбаған, орыс тілін
шала білгендіктен, түпкі нұсқаның көп жерін сорақы бұрмалаған, кейбір
тұстарын қалдырып кетіп отырған.
«Я, серейді. Аузын ырсита бергенше осысы тәуір» (392-б). «Ол
қырылдап әрең дем алып жатты; салалық (?) кеудесі анда-санда қимылдап,
бір көтеріліп, бір басылып жатты» (396-б) (Б.Стоу, «Том ағайдың лашығы»)
[1.272].
Сыншы оқырман осыдан не түсінеді, қандай көркемдік әсер алады, тіл
бүлдірудің нағыз «үлгісі» емес пе деп өткір сын айтады.
Л.Соболевтің «Теңіз жанынан» әңгімелер аударған Ғ.Дәулетовті де
құнсыз аудармасы үшін сынайды. Ойын орысша-қазақша үзінділерді қатар
алып, салыстыра отырып дәлелді ашады.
«Проза аудармасындағы екінші бір басты кемшілік – түпкі нұсқаның
көркемдік қасиетін жеткізіп бере алмау. Көп шығармаларда автордың әсерлі
тілі – тым салқын, жанды суреті сүреңсіз болып келеді де оқушыға әсерін
127
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Дидарбекова Н.Ә. Т. Ахтанов көркем аударма мәселелері туралы
азайтып, жарқын идеясын көмескілендіріп алады. Амал қанша күні бүгінге
дейін басылып шығып жатқан аудармалардың көпшілігі осы дәрежеде.
Мұндай аударушылар негізінен орыс тілін түсінеді, аса бұрмалап тексті
өзгертетін қателер де жібермейді, бірақ жазушылық таланты, аударып
отырған автордың стилі мен терең қабысатын шығармашылық үндестігі
болмағандықтан шығарманың стилін, оның көркемдік дәрежесін, тамаша
шығармалардың өзге кітаптарда қайталанбайтын ерекшелігін жойып
жібереді. Осыдан барып, тек негізгі сюжет желісі, оқиғасы, кейіпкерлерінің
әрекеті ғана болмаса, шығарманың рухы, тіл өзгешелігі көрінбей қалады»
[1.274] – дейді сыншы.
Мұның дәлеліне сыншы М.Горькийдің «Ана» романының қазақ тіліне
аударылуын келтіреді. Аударушы сөзді дұрыс түсініп аударғанмен, жазушы
стилінің өзіндік ерекшелігін, өмір құбылысын, адам мінезін, табиғатты
суреттегендегі философиялық терең ұғым беріп отыратынын аңғармаған
және тілінің мол байлығын меңгеріп жетпеген. Т.Ахтанов бұл пікіріне орай
мысалдар келтіреді.
Сыншы аудармадағы сөйлем сауатсыздығын, қысқа, жинақы берудің
орнына сөзді үнемдемей бейпіл жұмсап, көркемдігін нашарлатып алуын,
адамның психологиялық сәтінің дұрыс жетпеуін, сөйтіп айналып келгенде,
суретті жансыз беру жайларының ұшырасатынын нақты дәлелдермен
көрсетеді.
Т.Ахтановтың көрсетуінде, Х.Өзденбаев аударған М.Шолоховтың
«Көтерілген тың» романына да осындай кемшіліктер тән. Түпнұсқаның
мағынасын аударушы дұрыс бергенмен, Шолоховтың стилін, көркемдік
дәрежесін, тамаша юморын тиісті дәрежеде жеткізе алмаған. Сыншы мұның
мысалын романдағы Щукарь атайдың мінезінен, сөйлеген сөзінен мысалдар
келтіре отырып айтады.
Сыншы аударма өнеріндегі сөздің қолданылу жайына, әсіресе диалогтың
көркем образды ашудағы қызметіне айрықша мән береді.
«Жазушының ең негізгі құралы, табиғи адам бейнесін аудармай тірі
қалпында түсіретін барлық бояуы – сөз. Шығарма қамтыған өмір материалы
қаншалықты маңызды, үлкен болып келсе де, оны көркем шығармаға
айналдыратын айқын, әсерлі, тіл байлығы болмаса, шығарма шын
дәрежесінде құнды бола алмайды. Кейбір үлкен жазушылардың белгілі бір
сипатты, мінезді, көріністі дәл беретін жеке сөздерді таңдап, көп ізденіп
толғанатыны да осыдан. Автор суреттеуінен басқа адам образын терең ашуға
үлкен құрал болатын кейіпкердің тілі – диалог. Диалог кейіпкерлердің
сөзімен, кейбір жеке оқиғаларды баяндап қана қоймайды, сонымен бірге
оның ой-өрісін, мінез-құлқын, тәрбиесін, мәдениетін көрсетеді. Диалог нағыз
шебер түрде берілмесе, кейіпкердің образы терең ашылмай, ойсырап тұрады.
Ол жанды адамнан гөрі ойдан шығарылған жансыз схемаға айналады.
Диалогта кейіпкердің ой-пікірімен қатар, оның қуаныш, күйініш сезімі,
ішкі дүниесі әсерлі ашылуға тиіс. Қазақ тіліне
128
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Дидарбекова Н.Ә. Т. Ахтанов көркем аударма мәселелері туралы
аударылған шығармалардағы ең бір басты кемшілік кейіпкердің сөзін өзіне тән
ерекшелігімен әсерлі күйінде жеткізіп бере алмайтындығында. Бұл кемшілік,
тіпті, негізінен тәуір аударылған шығармаларда да жиі кездесіп отырады. Ал,
нашар аударылған шығармаларда кейіпкерлердің әсерлі сөзі барлық қасиетінен
жұрдай болып, өңі қашып, шытырман ауыр сөйлемге айналып кетеді» [1.278] -
дейді Т.Ахтанов.
Сыншы мұның көрінісін Гогольдің «Тарас Бульба» повесінің аудармасынан
үзінділер келтіре айтады. Мәселен, қарт Тарастың оқудан қайтқан балаларын
қарсы алудағы айтқан сөзінің бояуынан Запорожье казагының еркін кең мінезі,
ойынды-шынды қаталдығы шебер танылса, аудармада бұл көрінбейді. Диалог
қуанған сәттегі қарттың аузынан шығатын қарапайым ұшқынды сөздерден
құралмай, әсерсіз күрделі сөйлемдермен берілгенін баяндайды.
Сөзді өз орнында қолданбаушылық, әсіресе, Қ.Боранбаев аударған
Л.Соболевтің «Жекелеп ретін келтіру» әңгімесіне тән. Аударушы теңіз флотына
тән сөздердің мағынасын анықтап, түсініп алмастан, сол күйінде қоя салған. Ал,
шындығында, аудармашы сол сөздердің қолданылған мағынасын зерттеп,
ұғымды етіп беруі қажеттігін айтып, ізденістің кемдігіне көңілі толмайды.
Т.Ахтанов нақты жайлардың негізінде аударма өнеріндегі өзекті мәселелерді
көтереді.
«...Күні бүгінге дейінгі аудармада екі бағыт байқалады. Оның бірі түпкі
нұсқаны бір сөзін өзгертпей дәлме-дәл аудару. Мұндай аударма дәл болғанымен,
шығарманың көркемдігіне көп нұқсан келтіреді. Екінші бағытты ұстаушылар
«нағыз қазақшылауға» әйтеуір жатық, ұғымды болу қай аудармаға да керекті
шарт деп біледі. Бірақ мұндай аудармада түпкі нұсқаның ерекшеліктері, соны
картиналары жаңалығынан айырылып қалады. Сөз жоқ, әрбір талантты
жазушының өмірді көркем сурет арқылы қабылдауы әр түрлі. Сондай-ақ әр
шығарманың сөз бояуы да әр түрлі. Ал, осылардың бәрін бір қалыпқа салу –
үлкен қиянат» [1.281-282].
Жалпы еркін аударма жайына қатысты – шығарма қандай еркін аударылса
да, ең алдымен, автордың рухын, көркемдік даралығын сақтауы қажет деп түйін
жасайды. Мынандай ұсыныстар білдіреді:
аударма саласындағы үлкен принципті мәселелер болсын, ұсақ
тәжірибелік маңызы бар жайттар болсын теориялық тұрғыдан терең зерттеліп
шешілуі қажет;
көркем аудармамен айналысқан жазушының еңбегі шығармашылық еңбек
қатарына қосылсын;
жазушылар көркем шығарма аударуға қатысуы өте қажет: біріншіден -
көркем шығармаларды аударуда өздерінің ерекше талантын аңғартқан
жазушылар бар; екіншіден – ұлт жазушыларының шеберлікке жетілудегі негізгі
мектебі – орыс әдебиеті, үлгі тұтқан шығармасын аударса, одан ұтары көп;
нағыз маман профессионал аударушылар тобын құру қажет.
Орыс әдебиетінің әлемге кеңінен танымал классик жазушыларының бірі
А.Чехов туындыларының қазақ тіліне аударылуы жөнінде жазылған
Т.Ахтановтың «Ыстық жүрек керек» атты мақаласы да көркем аударманың
көкейкесті мәселелерін қозғауымен ерекшеленеді.
129
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Дидарбекова Н.Ә. Т. Ахтанов көркем аударма мәселелері туралы
Сыншы алдыңғы кезекте көркем аударма мәселесінің белгілі жүйеге, үлкен
арнаға түсіп келе жатқанын айтады. Бұрын жеке шығармаларды талғап аударып,
не болмаса кей туындыларды кездейсоқ аударып келсек, енді үлкен тұлғалардың
мұраларын жүйелі, таңдаулы көп томды етіп қазақ оқырмандарына ұсына
бастағанмен, көркем аударма мәселесі әлі кең талқыланып, белгілі бір талап
өлшемінің анықталмағандығына тоқталады.
14 томдық Чехов мұрасы көркем әдебиет баспасы дайындап жатқан үш
томдыққа сыймайтынын, сондықтан да жазушының шығармаларын құрастыруда
аса талғампаздық, ұқыптылық қажеттігін айтып, оқушыға ұсынылған екі
томдықта хронологиялық тәртіп сақталмағанмен, қаламгердің творчестволық
өсу жолын көрсетерліктей кезеңді туындылардың іріктеліп енгізілгенін
қуаттайды.
Туындылардың аударылу сапасына орай мынандай жайттарды атап өтеді:
аударманың бірінші томына көптеген адамдар қатысқан. Ысылған
тәжірибелілері де, кездейсоқ жүргендері де бар. Стилі, тәжірибесі әр алуан.
Сондықтан бірінші томда алалық көп байқалды. Жақсы аудармалармен қатар еш
көркемдігі жоқ, сөзбе-сөз, дәмсіз сіреспе аудармалар да болды;
екінші томда кемшіліктер болғанмен, ілгерілеушілік бар. Мұнда мағына,
ұғым жағынан жекелеген кейбір жаңсақ жерлер кездескенмен, түсінбей теріс
аударудан арылған;
бірінші томда көбірек ақсаған кей аудармашыларымыз (Қайнарбаев,
Дүйсенбаев) екінші томда біршама ысылғандары байқалады.
Дегенмен, бұл томда да ала қолдық бар деген сыншы Чехов туындыларының
аударылуының өзіндік сипатына тоқталады:
«Чехов шығармалары өзге тілге аударылғанда үлкен ұқыптылықпен бірге,
нәзік көркемдікті талап етеді. Өйткені Чехов әңгімелерінің көбі қым-қиғаш
сюжетке, қызық оқиғаға құрылмайды. Кей шығармаларда көркемдік бейнелеу,
тіл нашар болғанмен, оқиға желісінің өзі-ақ сүйреп шығатыны мәлім ғой. Ал,
Чехов шығармалары көбіне-ақ нәзік сезімге, адам характеріне, өмірдегі
болмашы оқиғаларға құрылады. Бұл әңгімелердің көбіне-ақ сыры астарында,
тереңде жатады. Оны ойлы, жіті көз көреді. Сондықтан да Чеховты өз
дәрежесінде аудару – жалпы көркем аударманың көп проблемаларын шешер
еді» [2.292].
Сыншы Чеховтың «Алтыншы палата», «Канден ерткен келіншек»
әңгімелерінің Ә.Нұрпейісов аудармасын жақсы бағалайды. Өз шығармасында
да тілге бай, сөзді әсем қолдана білетін жазушы аудармада сол өнерін іркіп
қалмаған, әр түрлі адам сипатының бояуын семдірмей, артық-кем түспей жеткізе
білгендігін атап өтеді.
Ғ.Ахметов, Ғ.Оспанов, Ф.Дінисламов шығармаларды жете түсініп, сөздің
мағынасын жеткізе аударады, бірақ үшеуінде де суреткерлік жетіңкіремейді
дегенді айтады.
Т.Ахтановтың «Сөз азабы» мақаласында орыс әдебиетінің ұлы жазушысы
Л.Толстой шығармаларының қазақ тіліне аударылуы қарастырылады. Орыс
тілінің мол байлығын, бар күш-қуаты мен сан қилы әсерлі бояуын еркін, шебер
меңгерген алып суреткерді қазақ тілінде сөйлету тәрізді аса қиын, құрметті істі
130
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Дидарбекова Н.Ә. Т. Ахтанов көркем аударма мәселелері туралы
мойнына алған Ғ.Ормановтың батылдығына сүйсінеді. Аударушының көп
ізденгені, көп ойланғаны айқын аңғарылады дей келіп, ірілі-ұсақты кемшілігіне
қарамастан, тұтас алғанда, аударма түпнұсқаға жетеқабыл және туындының
көркемдігін аңғартып, негізгі қасиеттерін жақсы жеткізе алған деп бағалайды.
Сыншы аудармадағы кемшіліктерді де нақты мысалдар негізінде тарата
айтады:
Толстой тіліндегі сурет пен әсерді дәл жеткізу үшін тың бояуларды
қажымай ізденіп аудармаға батыл, орынды енгізе білу қажет. Өкініштісі –
аударушы ылғи олай етпеген. Көп жерде әдеби суреттеулердің дайын үлгілерін
ала салған. Бұл Толстой бояуларын солғындатып жіберген;
аудармада көркемдік жағынан елеулі олқылықтар кездеседі. Шығарманың
көркемдік шоқтығы саналатын Левиннің Китиге деген өзіндік ерекше
ынтықтығы мен сан қилы нәзік сезімдері суреттелетін жерлерде, Анна мен
Вронский арасындағы психологиялық шытырман қатынастар бейнеленетін
тұстарда анық көрінеді. Ғ.Орманов барлық жерде бірдей автордың стилін аңғара
бермейді. Диалогтер бәсең тартып, интонация байлығы ұмыт қалады. Мұның
бәрі түпнұсқада ашылған кейіпкерлердің психологиялық кезеңдерін, жай-күйін
көмескілендіріп, яғни кейіпкердің ашу-ызасын, өкініш-күйінішін, ішкі толқуын
солғындатады;
түпнұсқаны шала түсіну, кейде, тіпті, қате түсіну аудармада ұшырасады.
Аудармашыны орыс тілін білмейді деуге болмайды, алайда Толстой тілін жете
түсінуде, оның алуан сырларын аңғартуда, астарларына ой жүгіртуде, ерекше
бір сәтте жаңа мағынамен айтылған сөздердің үнін естуде Ғ. Ормановтың қапы
түсетін тұстары бар.
Осындай және өзге де кемшіліктерді сыншы жалаң айтпай, пікірін көптеген
нақты мысалдармен тұжырымдайды. Бірақ тұтастай алғанда аударушының
еңбегін, ізденісін жақсы бағалайды.
Қорыта айтқанда, Т.Ахтановтың көркем аударма туралы сын мақалалары
объектіге алған шығарманың ғана аударылу сапасымен шектеліп қалмай, жалпы
аударма өнерінің теориялық-практикалық маңызды мәселелерімен шектесіп
жатады. Мұнда ол «кездейсоқ» аудармашыларға қарсы. Аударманы
шығармашылық қиын да жауапты жұмыс деп ұғынады. Кәсіби аудармашылар
тобын дайындау қажеттігін естен шығармайды. Аударма өнеріне аудармаға
бейімі бар ақын-жазушыларды тартудың маңыздылығын айтады. Біріншіден,
қарымды жазушы өзі ұнатқан, үлгі еткен үлкен дарын иесін аударса, шеберлік
жағынан үйренеді, екіншіден, қазақ оқушысына пайда келтіреді дейді. Жалпы,
мәдени, рухани-эстетикалық тұрғыдан кемелденуде көркем аударма өнерінің
орнын биік қояды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Ахтанов Т. Көкейкесті. -Алматы: Жалын, 1980. 360 б.
2.
Ахтанов Т. Бес томдық шығармалар жинағы. Т.5. -Алматы: Жазушы, 1985. 400 б.
3.
Егоров Б. О мастерстве литературной критики. Жанры, композиция, стиль. -Ленинград: Советский
писатель. 1980. 319 с.
4.
Сәтбаева Ш. Әдеби байланыстар. -Алматы: Жазушы, 1974. 216 б.
5.
Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Қысқаша очерк: Жоғары оқу орындарының
студенттеріне арналған оқу құралы. -Алматы: Білім, 2003. 224 б.
131
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Э.АДЫРБЕКОВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ізденушісі
М.ҚАБАНБАЕВ ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
В статье речь идет о творчестве казахского детского писателя Марата Кабанбаева. Писатель в
своих произведениях для детей использует как традиционные методы, так и новаторство.
The article deals with the creative activity of the Kazakh children’s writer Marat Kabanbayev. The
writer uses the traditional and innovational methods in his works for children.
Достарыңызбен бөлісу: |