Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009



Pdf көрінісі
бет34/47
Дата12.02.2017
өлшемі3,7 Mb.
#3948
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Абдуллина Г. Ауыл мұғалімдерінің мәдени-ағарту мекемелеріндегі қызметі 
 
 
Ауыл-село  м±ѓалімініњ  халыќпен  мєдени  ќауышуы  к‰рделі  себептер 
мен  µзгерістердіњ  жиынтыѓы  екен.  Оныњ  нєтижелі  болуы  ќоѓамдаѓы 
с±раныс пен ±сыныстан ѓана емес, осы екеуініњ шендесуі ‰шін туѓызылѓан 
ахуалѓа  да  ‰лкен  талаптар  ќояды.  Біраќ  б±дан  ауыл-село  м±ѓалімі  мєдени 
процестіњ  болымсыз  тетігі  ретінде  ж‰рді  деген  пайымдау  жасалмайды. 
Ќашанда ќай істіњ таѓдырын адам шешеді: с±ранысты д‰ниеге єкелетін де, 
оны  µтеуге  жол  ашатын  да  адам,  оныњ  саналы  іс-єрекеті.  Ендеше, 
±стаздардыњ 
мєдени-аѓартушылыќ 
ќызметіндегі 
объективті 
жєне 
субъективті  факторлардыњ  ењ  жауаптысы,  ењ  бастысы  –  м±ѓалімдердіњ 
µздері,  м±ѓалімдердіњ  ќоѓамдаѓы  орны  мен  уаќыт  алдарына  тартќан 
міндетке деген  ниеті маңызды болмақ.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Розенберг Ц.Р. Научно-техническая революция и интеллигенция. -Алма-Ата: 1979.    
2.
 
Народное образование и наука в Казахской ССР //Вестник статистики. 1981, №1.  
3.
 
Р‰стемов  Л.З.  Подготовка  педагогических  кадров  в  условиях  развитого  социализма.  -Алма-Ата: 
1985. 
4.
 
Народное хозяйство Казахстана в 1985 г. Статистический ежегодник. -Алма-Ата: 1986, 253-254-б;  
5.
 
Колхозы СССР. Краткий стат.сборник. -М.: 1989. 
 
 

269 
 
 А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 
Б.Б.КЕНДЖАЕВА  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ізденушісі 
 
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
В  статье  поднимаются  вопросы  формирования  компетентности  студентов  высших  учебных 
заведений.  Вместе  с  этим  рассматриваются  обязанности  педагогического  общества,  в  которые 
входит  воспитание  всесторонне  развитого,  открытого  для  всего  нового,  креативного  молодого 
поколения. 
 
This  article  deals  with  the  problems  of  formation  of  students’  competence  in  higher  educational 
institutions.  At  the  same  time  some  obligations  of  teachers,  whose  aim  is  training  the  highly  developed 
creative young generation, have been presented in this article. 
 
Қазіргі  кезде,  еліміздің  білім  беру  жүйесіндегі  реформалар  мен  саясат, 
өзгерістер мен жаңалықтар педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, 
болашағы  жайлы  толғануына,  жаңа  идеялармен  және  жаңа  жүйелермен 
жұмыс жасауына негіз болары анық.  
Қазақстан  Республикасының  президенті  өз  жолдауында:  «Қазақстан 
дамуындағы  жаңа  серпіліс  қарсаңында.  Әлемнің  бәсекеге  қабілетті  елу  ел 
қатарына қосылу стратегиясында, білім реформасы – Қазақстанның бәсекеге 
қабілетті  ел  болуын  қамтамасыз ететін ең  маңызды  құралдардың  бірі.  Бізге 
экономикалық  және  қоғамдық  модернизацияның  талаптарына  жауап  бере 
алатын заманға сай білім жүйесі» керек екендігін айрықша атады [1.11]. 
Әдебиеттерді  теориялық  тұрғыдан  талдау  арқылы  «маманның  кәсіби 
құзырлылығы» ұғымы, оның мәні алуан түрде бірнеше көрініс бере отырып, 
түрлі терминдермен аталғанына қарамастан ертеден белгілі және ұдайы даму 
үстінде  екендігіне  көз  жеткізуге  болады.  Платонның  оқытудағы  жоғары 
деңгейді  айқындауы,  Аристотельдің  жалпы  кең  білім  беру  мен    кәсіпке 
үйретуді  байланыстыру  негізінде  жоғары  білімнің  нақтылығы  ұстанымын 
дамытуы,  ХVIII-XIX  ғасырда  зайырлы    кәсіби  мектептерді  жоғары  оқу 
орындары  етіп  қайта  құру,  қазіргі  көпсатылы  жоғары  білім  берудің 
қалыптасуы  сияқты  тарихи  ілгерілмелі  өзгерістер  барысында  жоғары  оқу 
орындарының  кәсіби  құзырлы,  бәсекеге  қабілетті  маман  даярлау 
бағытындағы ғылыми ізденістері осының дәлелі бола алады. 
Құзырлылықтың  сипаты  қандай?  Кейбір  сөздіктерде  құзырлылыққа 
белгілі  бір  зат,  құбылыс  жөнінде  пайымдауға,  салмақты  да  беделді  пікір 
айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру ретінде түсіндірме берілген. Ал, қазір 
құзырлылық дербес және жауаптылықпен әрекет етуге белгілі бір жұмысты 
орындауға  қабілеттілік  пен  икемділікті    меңгеруге  жол  ашатын 
психологиялық ахуал, психикалық сапалардың қосылымы ретінде белгіленіп 
жүр. Құзырлы болу мен құзырсыз болу, ол  – адамның жеке тұлға ретіндегі 
ахуалы,  эмоциясының  тұрақтылығы  мен  айнымалылығы,  денсаулығының 
жақсы-жамандығы, т.б. байланысты болады. 
 
 
 
 
 

270 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Кенджаева Б.Б. Жоғары оқу орнында студенттердің құзырлылығын қалыптастыру мәселелері 
 
 
Европада  құзырлылық  ыңғайға  бағдарланған  сұрақтар  қазіргі  заманғы 
білім  беру  жүйесінің  ертеңгі  күнінің  сұранысына  сәйкес  келуі  мәселесімен 
байланысты.  
Педагог  ғалымдардың  құзырлылық  тәсіл  туралы  көзқарастарын 
жалпылай келе, біз кілттік құзырлылықтың келесі қасиеттерін сипаттаймыз: 
-  мәдениет  пен  қызметтердің  (ақпараттық,  құқықтық  және  т.б.)  кеңінен 
қолданылу саласына қатысты өзара жақын немесе біртекті біліктіліктер мен 
білімдерді біріктіретін интегративтілігі; 
-  күнделікті  өмірдің  түрлі  мәселелерін  шешуге  мүмкіндік  беретін 
көпфункциялылығы; 
- түрлі өндірістік жағдайларда қолданылу мүмкіндігі; 
- интеллектуалдық дамуды қажет етуі;  
-  ақыл-ой  үдерістері  мен  интеллектуалдық  біліктіліктер  белгілерін 
қамтитын көпөлшемділігі. 
Барлық құзырлылықтар мынадай: 
-
 
автономды және рефлексивті әсер ететін
-
 
түрлі орталарды интерактивті пайдаланатын; 
-
 
әлеуметтік-гетерогенді  топтарға  еніп,  сіңе  алатын  әрекет  түрлерін 
қажет етеді. 
Құзырлы  болу  берілген  жағдайда  алынған  икемділіктер  мен 
тәжірибелерді жинақтау қабілетін білдіреді [2.3-13]. 
Құзырлылық  –  бұл  нақты  өмірлік  іс-әрекетті  іске  асыру  қабілеті  [3.38-
46]. 
Құзырлылық – бұл тұлғаның іс-әрекетке кірісу сәтінде алынған біліктілік 
сипаты.  Кез-келген  іс-әрекет  екі  аспектілі:  жинақталған  деректерді  және 
өнімді, ал құзырлылықтың дамуы дерек-қордың өнімге айналуын анықтайды 
[4.47-50]. 
Ендеше, әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін 12 жылдық білім 
беру  жүйесі,  жалпыға  емес,  жекеге  негізделген  білім  бағыты  жоғары  және 
кәсіптік  орта  білімді  мұғалімдерді  даярлайтын  оқу  орындарын  айналып 
өтпейтіні белгілі.  
Бүгінгі  оқу  орнын  бітіргелі  отырған  жас  маман  мемлекетіміздің  кадр 
саясатындағы  мақсаттарына  сайма-сай  болып  шығуы  қажет,  яғни  олар 
еліміздің әлеуметтік экономикалық жоғарғы қарқынмен дамуын қамтамасыз 
етуге  қабілетті,  интеллектуалдық  ойлау  белсенділігі  жоғары  тұлға 
тәрбиелейтіндей кадр болып шығуы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. 
Дәстүрлі  білім  беру  жүйесінде  мамандықтар  даярлаушы  кәсіби  білім 
беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықты игерту ғана болған 
болса, ал қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға 
дайындау  үшін  адамның  құзырлылық  қабілетіне  сүйену  арқылы  нәтижеге 
бағдарланған  білім  беру  жүйесін  ұсыну  негізгі  мақсат  болып  отырғаны 
баршамызға аян.  
 
 
 

271 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Кенджаева Б.Б. Жоғары оқу орнында студенттердің құзырлылығын қалыптастыру мәселелері 
 
 
«Құзырлылық»  ұғымы  жайлы  К.С.Құдайбергенова  «Құзырлылық 
табиғаты – тұлғаның өзіндік дамуында» атты еңбегінде былай деп көрсетті: 
«Құзырлылық  ұғымы  соңғы  жылдары  педагогика  саласында  тұлғаның 
субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған 
ұғым.    Құзырлылықтың латын  тілінен аудармасы  «competense»  белгілі  сала 
бойынша жан-жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай 
да  бір  сұрақтар  төңірегінде  беделді  түрде  шешім  шығара  алады  дегенді 
білдіреді»  [5.45-47]  десе,  бұл  жайлы  Б.А.Тұрғынбаева  «Мұғалімдердің 
шығармашылық  әлеуетін  біліктілікті  арттыру  жағдайында  дамыту» 
еңбегінде «...өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік 
мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» [6.32-33] 
деп  анықтаса,  Ресей  ғалымы  Н.В.Кузьминаның  көзқарасы  бойынша 
«Құзырлылық дегеніміз – педагогтың басқа бір адамның дамуына негіз бола 
алатын білімділігі мен абыройлылығы» [7.47-50] деді. 
Құзырлылықты игеру нақты жағдайға меңгерілген білім мен тәжірибені 
қолдану 
қабілеттілігін 
білдіретіндіктен 
құзырлылықтың 
маңызды 
құраушысы  дағдыға  негізделген  біліктілік  болып  табылады.    Іс-әрекеттік 
біліктілік (дағды) өзі іске асырылатын  құзырлылық шеңберінен оқшаулана 
алмайды. Бұл осы немесе басқа практикалық жағдайларға сәйкес келуге тиіс 
тұлғалық  маңызды  позициялар  мен  қарым-қатынастарды,  игерілген  білімді 
белсендендіреді. 
Осы 
көпкөлемді 
және 
кең 
табиғатына 
орай, 
А.В.Баранниковтың пікірінше: “Құзырлылық құрылымындағы дағдының іс-
әрекетін  анықтау  қиын,  бірақ  соңында  құзырлылыққа  дәл  осы  дағды 
практикалық сипат береді”. 
Ю.В.Громыконың жұмысында “құзырлылық” түсінігін екі түрлі тұрғыда 
қарастыру  ұсынады.  Біріншіден,  “құзырлылық  деп  рефлексивті  логикалық-
философиялық  және  іс-әрекеттік,  тұлғалық-гуманитарлық  мәдениетті  қажет 
ететін ойлау қабілеті деп танылады”. Екіншіден, құзырлылық ретінде арнайы 
құрылған  тестілермен  анықталатын,  әлеуметтік  жағдайға  тез  бейімделу 
біліктілігі  анықталады.  Ю.В.Громыконың  пікірінше  екінші  бағытты  іске 
асыру  метапәнділік  пен  тәртіптілікті  талап  етіп,  білім  берудің  жаңа 
құндылықтарын  қалыптастыруды,  мазмұнды  жасау  формаларын  өзгертуді 
ұйғарады [8.17]. 
Формальды  білім  беруде  кілттік  құзырлар  мен  құндылықтар 
қалыптасатындықтан үздіксіз білім беру жүйесінің бөлігі ретінде формальды 
білім  беру  жүйесінде  алынған  білімдер  мен  біліктіліктер  негізінде  дәстүрлі 
басқаруды  жалғастыра  беруі  мүмкін.  Бұл  сүлбедегі  басым  орын  кілттік 
құзырларға  қатысты.  Жоғарыда  айтып  өткендей  “құзыр”,  “кілттік  құзыр” 
түсініктеріне сәйкес әр түрлі авторлар түрлі пікір білдіреді. 
Кілттік  құзыр  –  бұл  өзіндік  сипаты  мен  қолданылу  дәрежесі  бойынша 
әмбебап анықтаушы құзыр. 
 
 
 
 

272 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Кенджаева Б.Б. Жоғары оқу орнында студенттердің құзырлылығын қалыптастыру мәселелері 
 
 
Кілттік  құзырлар    –    білім  беру  аймағында,  жұмыс  орнында    немесе 
кәсіптік  даярлық  алу  іс-әрекетін  жүзеге  асыруда  күнделікті  өмірде 
пайдаланылатын  маңызды  ерекше  құзырлар.  Кілттік  құзырлар  кез  келген 
адамға  тән.  Олар  әр  түрлі  іс-әрекеттің  түрлерін  іске  асыру  арқылы  алынуы 
мүмкін, мысалы тұрақты жұмыс орнында қызметтік міндеттерді орындауда, 
кәсіптік  даярлық  бағдарламаларынан  өтуде,  білімнің  кез  келген  формасын 
алуда.  
Біз кілттік құзыр ретінде басты әмбебап біліктерді, ықпалды әсер етуді, 
түрлі  жағдайларға  білімді  қолдануға  өзін-өзі  білімдендіру  дайындығын 
түсінеміз. 
А.Ю.Уваров негізгі ақпараттық құзырларды жинақтай келе: “Ақпараттық 
қоғамның білімді мүшесі ақпараттардың жалпыға ортақ көздері бар екендігін 
білуі тиіс және оны пайдаланып, мәліметтердің вербальды, графикалық және 
сандық  формаларда  бейнелену  тәсілдерін  түсінуі  қажет,  қолда  бар 
мәліметтерді  талдау  және  жалпылау  тәсілдерін  меңгеруі,  оларды  түрлі 
тәсілде бағалауы, нақты практикалық есептерді шешу үшін пайдалана білуі, 
коммуникативтік дағдыларды меңгеруі қажет” деп атап көрсетеді [9.58]. 
Студент 
шығармашылық 
тапсырмаларды 
орындау 
барысында 
ақпараттық  көздерінен  алынған  мәліметтерді  пайдалана  отырып  өмірден 
көрген практикасымен байланыстыру арқылы  сұрақтардың шешімін табуға 
жол ашады.      
Студенттердің  осындай  жолмен  орындаған  тапсырмалар  жүйесінің  өзі 
шығармашылық ұғымымен сәйкес. Ендеше кеше ғана студент жаппай білім 
алу  барысында  кейбіреулері  өз  мүмкіндіктерін  өзі  ашқан  болса,  кейбірі  
«жабулы қазан жабулы күйінде»  өмір ағымымен кете барды. Кешегі біздің 
білім  алған  оқытушыларымыз  білім  беруші  ақпарат  көзі  ғана  болды. 
Мәселенің дұрыс-бұрыстығын саралаушы да тек қана сол оқытушы еді. 
Ал  қазіргі  оқытушы  студенттерді  дұрыс  ұйымдастыра  отырып,  бағыт- 
бағдар  беру  арқылы  өздігінен  жұмыс  жасауға  үйрету  нәтижесінде,  жаңа 
идеялар  мен  жаңалықтар,  болжамдар  мен  нәтижелер  әкелетіндей  тұлға 
даярлап шығуды көздеуде. Оқытушы қауымнан студенттер тек білімге ғана 
емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр.  
Жеке  тұлғаны  білімге,  өмірге  бағыттауға  тәрбиелеу  үшін  студенттердің 
өз  бойынан  дәл  осындай  жұмыс  түрлерін  өткізгенде  ғана  нәтиже  берері 
анық. 
Олай  болса,  студенттердің  коммуникативтік  құзырлылық  қабілеттерін 
дамыту мақсатында төмендегідей тәжірибе жинақтадым. 
Ең  әуелі  білім  стандартына  сай,  шет  тілі  (ағылшын  тілі)  пәнінің 
бағдарламалары 
мен 
жоспарларын, 
әдістемелік 
нұсқаулары 
мен 
оқулықтарын  жете  зерттей  отырып,  шет  тілі  сабағында  әрдайым 
пайдаланылып отыратын мәтіндер (мысалы, My family, Seasons, Kazakhstan, 
т.б)   бойынша,   әр   студентке  жеке  тұлға  ретінде  қарау  мақсатында  шет  
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Кенджаева Б.Б. Жоғары оқу орнында студенттердің құзырлылығын қалыптастыру мәселелері 

273 
 
 
 
тілінде сөйлеуге деген қызығушылығын ояту, ізденіс жұмыстарын жасау, әр 
студенттің  жаңаға  ұмтылу,  жаңаны  сезіну  деңгейін  жетілдіру  үшін 
шығармашылық сұрақтар жүйесі жасалынды. Шығармашылық сұрақтардың 
жалпы  мазмұны,  көтерген  мәтіндер  жайында  жан-жақты  ізденуге, 
толықтырулар  жасауға,  болжамдар  айтуға,  өз  идеяларын  ағылшын  тілінде 
ортаға салуға, еркін сөйлеуге негізделді.  
Әрбір  сабақтан  кейін  студенттер  өзінің  ой-толғанысын  әр  түрлі 
сұрақтарға  жауап  беру  арқылы  білдіріп,  бөлісіп  отырғаны  абзал.  Осындай 
тәжірибелер  арқылы,  қазіргі  оқытушы  студенттердің  ішкі  мүмкіндіктерін 
ашу арқылы: 

 
олардың шығармашылық қабілеттерін тани білуге

 
студенттерді шет тілінде сөйлеуге дағдыландыруға; 

 
өзге мәдениетпен танысуға; 

 
 жаңашыл іс-әрекет жасауға; 

 
білімге деген жетіспеушілігін сезіп білуіне

 
өмірде кездесетін көптеген жағдаяттарды шеше білуге;  

 
жаңаны  танып  білуге  деген  құлшынысын,  қабілеттерін  оята  білуге 
тәрбиелесе  ғана  заман талабына сай педагог «жасап шығаруға» мүмкіндік 
туады деп есептеуге болады.  
Қазір төрткүл дүниедегі өзгерістер, ақпараттық құралдар арқылы барлық 
адамзатқа хабардар болып отырғаны белгілі.  
Ендеше,  біздің  тәрбиелеп,  оқытып  жатқан  педагогтарымыз  осы 
ақпараттық қоғамнан қалыспай: 

 
жан-жақты ойлаушы;  

 
коммуникативті;  

 
ерекше ұйымдастырушылық қабілетті; 

 
 нақты бағыт-бағдар беруші болып шығуы – заман талабы. 
Осындай  жағдайда  ғана  еліміздің  ертеңін  құрушы  ұрпақтарымыз  жан-
жақты  дамыған,  шығармашыл  интеллектуалды  қабілеті  оянған,  жеке  тұлға 
болып қалыптасуы сөзсіз деп ойлаймын.  
Расында да, ертең мұндай өндірістерді дамытатын бүгінгі ұрпақтарымыз 
заман  талабына  сай  жан-жақты,  жаңашыл  да,  жаңаны  ойлап  тапқыш, 
жаңалыққа ұмтылушы, бір сөзбен айтқанда, креативтілік жағынан толысқан 
ұрпақтар  тәрбиелеп,  дайындап  шығару  педагог  қауымы  біздің  міндетіміз 
екені белгілі.  
Мысалы,  ағылшын  тілі  сабағында  студенттерге  өмірмен,  күнделікті 
тіршілікпен,  тіпті  қарапайым  ауа-райын  шет  тілінде  сұрау  арқылы 
студенттерді:  

 
сол тілде ойлауға;  

 
өз ойын айтуға;  

 
өзге мәдениеттен хабардар болуға;   

 
берілген тапсырмаға тереңірек бойлауға;  

 
білімге деген жетіспеушілігін сезінуге (дискомфорттық);  
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Кенджаева Б.Б. Жоғары оқу орнында студенттердің құзырлылығын қалыптастыру мәселелері  
 

274 
 
 

 
белгісізге қарай табысты түрде қадамдар жасай білуге  
үйрете отырып, олардың бойларына құзырлылық қасиеттердің белгілерін 
қалыптастыратындай орта жасауға  болады екен деген пікір жасауға болады.  
 Міне,  құзіреттілік  қалыптастыру  дегеніміздің  өзі  студенттердің 
шығармашылық  қабілеттерін  дамыта  отырып,  ойлаудың,  интеллектуалдық 
белсенділіктің  жоғары  деңгейіне  шығу,  жаңаны  түсіне  білуге,  білімнің 
жетіспеушілігін 
сезінуге 
үйрету 
арқылы 
ізденуге 
бағыттауды 
қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ.  
Олай  болса  тұлғаның  құзырлылық  қабілеттерінің  артуына,  өзін-өзі 
дамытуына,  жаңалық  ашып  ізденуіне  педагогтың  кәсіби  құзырлылығын 
қалыптастыру,  кәсіби  әрекетке  даярлау  аса  өзекті  күрделі  мәселе  екендігін 
көрсетеді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі 
бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. -Астана: Елорда, 2006.  
2.
 
Рыжаков  М.В.  Российская  система  образования  состояние   и   перспективы  //  Стандарты  и 
мониторинг в образовании. 2006.  № 5.  
3.
 
Братченко  С.Л.,  Миронова  М.Р.  Личностный  рост  и  его  критерии.  Психологические  проблемы 
самореализации личности. 1998.  
4.
 
Эльконин  Б.Д.,  Леонтьев  А.Н.,  Гальперин  П.Я.  Реформа  школы  и  задачи  психологии  //  Вопросы 
психологии. 1959. № 1.  
5.
 
Лебедев О.Е. 0Компетентностный подход в образовании // Школьные технологии 2004, №5. 
6.
 
Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту. 
-Алматы: 2005. 
7.
 
Кузьмина Н.В. Акмеологическая теория повышения качества подготовки специалистов            
образования. -М.: Наука, 2001.       
8.
 
Громыко Ю.В. Проектное сознание: руководство по программированию и   проектированию в 
образовании для систем стратегического управления. -М.: 1997.  
9.
 
Уваров  А.Ю.  Новые  информационные  технологии  и  реформа  образования  //  Информатика  и 
образование, 1994, №3.  
 

275 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 
Ғ.Ш.БИТҰРСЫН  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ізденушісі 
 
ҚАЗАҚ БИЛЕРІНІҢ ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ 
ЗАҢГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ЖЕТІЛДІРУ 
 
В  статье  рассматривается  развитие  культуры  профессионального  общения  юристов  с 
помощью использования выражений ораторского искусства казахских судей – биев. 
 
This  article  deals  with  the  improvement  of  culture  of  professional  communication  of  lawyers  by 
means of expressions of oratorical skills of Kazakh judges-bijs. 
 
Қазіргі  таңда  бәсекеге  барынша  қабілетті  50  елдің  қатарына  ену  үшін 
тәуелсіз  құқықтық  мемлекетіміздің  барлық  саладағы  қызметшілері  сапалы 
қызмет  ету  аясын  барынша  кеңейтіп,  атсалысуда.    Бәсекеге  барынша 
қабілетті 50 елдің қатарына енудегі басты талаптың бірі – білімді,  болашақ 
кәсіби  мамандар даярлау. Кәсіби жас кадрлардың біліктілігі мен мәдениеті 
және дүниетанымы бүкіләлемдік стандарт талаптарын қанағаттандыруы тиіс. 
Бүгінгі  таңда  құқықтық  мемлекетімізде  барлық  қоғамдық  келелі  мәселелер 
мемлекетаралық  келісім,  халықаралық  шарттар  сияқты  заң  шеңберінде 
шешілгендіктен,  бәсекеге  барынша  қабілетті  болашақ  заңгер  мамандарды 
даярлау  оларды  даярлап  қана  қоймай,  кәсіби  сөйлеу  мәдениетін  жетілдіру 
құқықтық  мемлекетіміздің  кезек  күттірмес  өзекті  мәселелерінің  біріне 
айналып  отыр.  Ата-бабаларымыздан  мұра  болып  келе  жатқан  рухани 
құндылықтарымыз,  яғни  халықтық  педагогика  элементтерін  жаңа  заман 
талабына  сай  жаңғырта  отырып,  оның  ішінде  қазақ  билерінің  шешендік 
сөздерін  пайдалану  және  шешендік  өнерді  қалыптастыру  әдіс-тәсілдерін 
қолдану  арқылы  бәсекеге  барынша  қабілетті  болашақ  заңгерлердің  кәсіби 
сөйлеу мәдениетін жетілдіруді ұсынып отырмыз. 
Кез келген адам шешен бола ала ма? Біреулер ол Алланың берген сыйы, 
таланты,  жаратылысынан  болады  десе,  екіншілері  шешенге  қажетті 
қасиеттерге дамытумен, тәрбиемен, көп оқумен жетуге болады дейді.  
Көне  Римнің  мыңдаған  жылдар  бұрынғы  әйгілі  шешені  және  теоретигі 
Марк Туллий  Цицерон шешендік  өнер  туралы  «Ақын  болып  туады, шешен 
болып шығады» («поэтами рождаются, ораторами делаются»).  Ұлы шешен 
ақындыққа талантты болып туу керек екенін, ал шешендікке көп оқып, көп 
ізденіп, көп сөйлеп жаттығып, күш-қуат жұмсаудың қажеттігін айтқан. 
А.Ф.Конидің  пікірінше,  шешендік  пен  көпшілік  алдында  сөйлей 
алушылық  –  екі  түрлі  нәрсе.  Шешендік,  қызыл  тілге  жүйріктік  адамның 
табиғатынан  бар  талант  болса,  көпшілікке  сөйлей  алушылық,  яғни 
ораторлық  қасиет  күнделікті  сөйлеу  тәжірибесінен,  үздіксіз  сөйлеп 
жаттығудан пайда болады.  
Шешендік  өнердің  тарихына  үңілсек,  көне  грек  шешені  Демосфен 
шешен дәрежесіне зор күш-қайрат жұмсаудың арқасында замандастарының 
арасында табысқа жеткен.  
Ертедегі  грек  тарихшысы  Плутарх:  «Избранные  жизнеописания»  деген 
еңбегінде  Демосфеннің  өз  әлсіздігімен,   өзіне   кедергі   жасайтын   табиғи  
 
 

276 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет