Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009



Pdf көрінісі
бет35/47
Дата12.02.2017
өлшемі3,7 Mb.
#3948
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 Битұрсын Ғ.Ш. Қазақ билерінің шешендік сөздерін пайдалану арқылы заңгерлердің кәсіби...  
 
 
кемшіліктерін жою үшін қалай күрескендігі жайында былай деп әңгімелейді:  
«Демосфен  өзге  әйгілі  шешендерден  оларды  ынтамен  тыңдауды,  солардың 
сөзіндегі  логикаға  мән  беруді  үйреніп,  шешендердің  сөйлеген  сөзіндегі 
жетістіктер  мен  кемшіліктерді  түртіп  жазып  отырған.  Өзгелер  не,  өзі  сәтті 
қолданған  сөздер  мен  сөйлемдерді  есінде  ұстаған  да,  кейін  өз  сөзінде 
қолданып  отырған,  бір  ойды  бірнеше  вариантпен  айтып  жаттығу  жасаған, 
жетілдірген,  артығын  алып  тастаған,  сөйтіп  ең  артық  вариантын  таңдаған»     
[1.503].  Плутархтың әңгімесінен көне грек шешені Демосфеннің тумысынан 
шешен  болмағанын  шешендік  қасиетті  меңгеруге  білімі  мен  бар  күш 
қайратын  жұмсағанын  және  қажырлығының  арқасында  қол  жеткізгенін 
білуге болады. 
Плутархтың  пайымдауынша  көне  Римнің  қайталанбайтын  өзгеше 
білімдар,  жан-жақты  әбден  төселген  майталман  шешені  Цицерон.  Тағы  бір 
әңгімесінде  Плутарх  Цицеронның  баға  жетпес  шешендік  қасиетін  былай 
келтіреді:  бір  күні  Афинаның  шешені  Аполлоний  римдіктердің  тілін 
білмегендіктен,  Цицероннан  грек  тілінде  сөйлеуді  өтінеді.  Цицерон 
Аполлоний  сөзімдегі  кемшіліктерді  айтып  жөндер  деген  оймен  келіседі. 
Цицерон  сөзін  аяқтағанда,  елдің  бәрі  оған  таң  қалып,  мадақтайды.  Тек 
Аполлоний  ғана  ешнәрсе  айтпайды,  үнсіз  отырып,  ойланып  қалады. 
Ақырында  Цицеронның  жабырқау  тартқанын  көріп  Аполлоний  өз  ойын 
айтады:  «Цицерон,  сенің  өнеріңе  қатты  сүйсінемін,  мадақтаймын,  бірақ 
Греция үшін менің жаным қатты күйзеліп ауырады, біздің артықшылығымыз 
және соңғы мақтанышымыз болып есептелетін – білімдарлық пен шешендік 
– сенің кінәңнан римдіктерге көшіп жатыр» [1.524].  
 «Шешендер  туралы»  деген  еңбегінде  көне  Римнің  әйгілі  данышпаны 
Цицерон шешеннің үш түрі бар екенін айтады: Олар: 
1. 
Айтылмақ 
ойын 
қатаң 
тәртіппен, 
байыпты 
талдаумен, 
«салқынқандылықпен» ұсынатын шешен; 
2.  Тыңдаушының  сезіміне  әсер  етуді  мақсат  етіп,  белгілі  бір 
ассоциациялар  тудыратын  көркемдеуіш-бейнелеуіш  элементтерді  көбірек 
пайдаланатын қызуқанды шешен; 
3.  Сөз  сөйлеу  ретіне  қарай  жоғарыдағы  екі  стильдің  де  элементтерін 
шебер қолданатын шешен [2.152]. 
Заңгерлердің  кәсіби  сөйлеу  мәдениетін  жетілдіру  барысында  сөйлеу 
әрекетіне талдау жасай білуі – шешендік тәсілді меңгерудің бір жолы болып 
табылады.  Жиналыс,  конференцияларда,  лекцияларда  сөйлеген  немесе 
радио,  теледидардан  тыңдаған  шешендердің  сөзінің  мазмұнына  ғана  көңіл 
аударып қана қоймай, материалдарды беру тәртібіне, тілдік шеберліктеріне, 
шешендік әдістеріне де көңіл бөлген жөн. Шешеннің сөйлеуінде не ұнайды, 
не  ұнамайды,  қандай  әрекеттері,  қандай  тәсілдері,  қай  сөздері  сәттілікке 
жеткізді,  қайсысы  сәтсіздікке  ұшыратты  деген  сауалдарға  талдау  жасаған 
дұрыс.  Әсіресе  шешеннің  халық алдындағы құқықтық қарым-қатынасына,  
 
 
 

277 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 Битұрсын Ғ.Ш. Қазақ билерінің шешендік сөздерін пайдалану арқылы заңгерлердің кәсіби...  
 
 
өзін-өзі  ұстауына  назар  аудару  керек.  Мысалы:  грек  шешені  Демосфенді 
шешендік  өнермен  айналысуға  жетелеген  Каллистрат  шешеннің  Ороптың 
қылмыстық  ісі  бойынша  сотта  сөйлеген  сөзі  еді.  Каллистрат  істе  жеңіп 
шығып,  халық  оны  зор  сүйіспеншілікпен  қаумалап  үйіне  дейін  шығарып 
салады.  Қылмыстық  ісі  бойынша  сотта  Каллистраттың  Оропты  ақтап 
шыққан. 
Шешен  сөзінің  күшіне  таң  қалған  Демосфен  балалық  ойынының  бәрін 
тастап,  сөйлеу  өнеріне  өзін-өзі  жаттықтырған.  Шешендердің  сөзін  көп 
тыңдады,  естіген  сөздерін  жүйесін  бұзбай  қайта  айтып  шығатын  болған.  
Кейде  өзіне  ұнамаған  тұстарын  өзгертіп,  өзінің  сөйлеу  қабілеті  шегінде 
баяндаған. Өзі тыңдаған шешендердің сәтті қолданған сөздерін жазып алып, 
кейін өз сөзінде пайдаланған.   Сәтсіздікке ұшыраған шешендердің сөздеріне 
талдау  жасап,  себебін  анықтап  отырған.  Осылайша  шешендердің  сөйлеу 
әрекетіне талдау жасай отырып, көне грек мемлекетінің шешеніне айналған.  
Жаңа білім-ғылымға үнемі құштар болу, өзіне-өзі үнемі қанағаттанбау – 
шешенді табысқа жеткізетін бірден-бір құрал. Ломоносов сөзімен айтқанда, 
шешендік-рухани қабілет, айқын, күшті дауыс, рух, кең кеуде тәрізді табиғи 
ерекшеліктер.  Осы  жерде  қазақ  биі  Қаз  дауысты  Қазыбектің  табиғи 
ерекшелігін  айтып  кетуге  болады.  Қалмақ  ханы  Қоңтажыдан  мал-мүлкін 
оған қоса бір топ ұл-қыздарын қайтарып алуға қазақтың бір топ билері бас 
қосып қалмақ жұртына елшілікке барғанда, Қазыбек қалмақ ханы Қоңтажыға 
қарсы тура қарап тұрып: 
- Ел ебелек емес, ер кебенек емес, дат! – дейді. 
- Өй, өзің жөніңді айтшы, атың кім? – депті хан. 
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек. Халқым – қазақ, руым – қаракесек, - деп 
жауап береді. 
-  Даусың  қаздың  даусындай  қаңқылдап  тұр  екен,  ал  датыңды  айтшы  – 
дейді хан. Сонда Қазыбек: 
- Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан 
елміз.  Елімізден  құт-береке  қашпасын  деп,  жеріміздің  шетін  жау  баспасын 
деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан 
сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген 
елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, 
құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды.  Ұл 
мен  қызды  қаматып  отыра  алмайтын  елміз.  Сен  қалмақ  болсаң,  біз  қазақ, 
қарпысқалы  келгенбіз,  сен  темір  болсаң,  біз  көмір,  еріткелі  келгенбіз.  Сен 
қабылан  болсаң,  мен  –  арыстан,  алысқалы  келгенбіз.  Жаңа  үйреткен  жас 
тұлпар  жарысқалы  келгенбіз.  Берсең  жөндеп  бітіміңді  айт,  не  ұрысатын 
жеріңді айт!  –  депті.  Сонда  жас  баланың  батыл  да  білгір, сыпайы  да    суық 
уәжді  сөздері  ханның  басынан  асып,  хан  не  дерін  білмей  тосылып  қалады. 
Қазақ  елшілері  аттануға  дайындалып  жиыла  бастағанда,  барлық  қалмақ 
жиылып, ханның қасына келіп: 
 
 
 

278 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 Битұрсын Ғ.Ш. Қазақ билерінің шешендік сөздерін пайдалану арқылы заңгерлердің кәсіби...  
 
 
-  Бір  жұдырықтай  баладан  қара  терге  түсіп  осынша  дірілдеп  кеткеніңіз 
не? – деседі. Сонда хан былай дейді: 
-  Сендер  ештеңе  сезбедіңдер  ме?  –  сөзді  өңменімнен  сұққылап  тұрып 
айтқан  кезде,  жас  баланың  екі  иығынан  екі  арыстан  аузынан  от  шашып: 
«Тыпыр етші осыдан, көріп алайын!» – деп тұрды. Мінеки, мен содан қатты 
сескендім.  Сендерге  көрінбегенмен,  маған  солай болып көрінді.  Менің енді 
бұған  қайтарып  айтар  сөзім  жоқ,  мал  мен  жанын,  сұрағандарын  есептеп, 
санап, алдына салып беріңдер, – дейді.  
Қазақ биі Қазыбектің сөйлеу мәдениетін кәсіби шырқау шегіне  шығара 
білгені соншалық, оның аузынан шыққан әрбір сөзі ханның жүрегін жарып 
өтіп,  ханның  барлық  құзырлы  құқықтарын  құндақтап,  оған  мейлінше 
міндеттер  жүктей  білген.  Қазыбек  би  ханның  алдында  тапқыр  да  шешен 
сөйлей  білмегенде,  сөз  құдіреті  сөз  түсінген  адамның  санасын  билеп  өз 
әмірін жүргізе алмағанда, қазақ елшілерін еліне қалай қайтару қалмақ ханы 
Қоңтажының  құзырындағы  мәселе.  Қазақ  халқы  «Бас  кеспек  болса  да,  тіл 
кеспек  жоқ»  деп,  ердің  басын  кескен  қылыштың  сөз  құдіретіне  жүзі 
батпайтынын айтып кеткен. Қазыбек биге қалмақ ханы Қоңтажының: –  «Сен 
қазақтың Қазыбегі емес, қаз дауысты Қазыбексің», – деп таңырқай есім беруі 
тегіннен тегін емес, қазақ биінің шешен сөйлеу шеберлігін шыңдап,  межеге 
жетер сөздің  мәнерлі мәдениетін меңгергеннен болар. 
Қазыбек  бидің  жаугершілік  замандағы  елге  тигізген  пайдасы  бірнеше 
құқықтық,  саяси  және  әлеуметтік  жағдайлармен  астарласып  жатыр. 
Қалмаққа  қолды  болған  мал-жандарын  қайтаруға  сол  кезде  қазақ  әскерінің 
құлдыраған кезі болатын.  Қазақ қол жинаған күнде де, қантөгіс болып, адам 
шығыны  орын  алар  еді.  Елдестірмек  елшіден,  жауластырмақ  жаушыдан  
дегендей  елшілікке  барып,  өз  қызметін  ел  игілігі  үшін  тиімді  де  ұтымды 
пайдаланып, даулы мәселені дипломатиялық жолмен шеше білуі көрегендік. 
Кәсіби  сөйлеу  мәдениетіне  ие  болу  –  адамның  жер  бетіндегі  тіршілік 
атаулының  бәрінен  жоғары  сатыда  екендігін  танытатын,  адамды  адам  етіп 
тұрған  адамзат  баласының  ұлы  қабілеттерінің  бірі.  Ал,  болашақ  заңгер 
мамандарының кәсіби сөйлеу мәдениетінің қалыптасуы – егеменді, тәуелсіз 
құқықтық  мемлекетіміздің  әлемдегі  дамыған  өркениетті  елдер  қатарына 
енудің алғышарттарының бірі болып табылады.   
Бақырып сөйлегеннің сөзі, естілер де қалар
Мәдениетті сөйлегеннің сөзі, көкейге кеп қонар
Екі ауыз сөзбен ердің құнын шешкен, 
Жетім менен жесірдің мұңын шешкен
Қазақта  ешкім  болмас  биден  озар,  –  деген  қазақ  нақылынан  қазақ 
қоғамындағы  билердің  көрегендігін,  данышпандығы  мен  шешендігін  және 
кәсіби  сөйлеу  мәдениетін  өз  заманында  шарықтау  шегіне  жеткізіп, 
меңгергендігін байқаймыз. 
 
 
 
 

279 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 Битұрсын Ғ.Ш. Қазақ билерінің шешендік сөздерін пайдалану арқылы заңгерлердің кәсіби...  
 
 
Заңгер  ғалым  Б.Ж.Қуандықов  Әйтеке  бидің  қазақ  қоғамындағы  «Билер 
кеңесіндегі» беделді қызметін зерттей келе, былай дейді: «Әйтеке би және оның 
қанаттас, қатарластарының арқасында қазақ әдет-ғұрып құқығы шырқай дамып, 
келелi жаңалықтарды бойына жиып ажарлана түстi. Бұл өз кезегiнде қазақ әдет-
ғұрып  құқығын  әлемдiк  құқық  жүйелерiнiң  iшiндегi  өзiндiк  орны  бар,  бет-
бейнесi дараланған, дәстүрлi құқық жүйелерінің қатарына көтердi» [3.112]. 
Ұлы бабамыз Абай Құнанбаевтың: 
Балам закон білді деп, 
Қуанар ата-анасы. 
Баласының ісі жоқ, 
Шариғаттан  шаласы,
  –  деп  өз  заманындағы  заңгерлердің  даулы  мәселелерді 
шешуде  және  олардың  даулы  мәселелер  барысында  сөйлеген  сөздері  сол 
мерзімдегі  қабылданған  заң  аясында  ғана  өрбігенін  меңзейді.  Абайдың 
законшыларға  неге  қарны  ашады?  Заңгерлердің  ісіне,  сөйлеу  мәдениетіне  неге 
көңілі  толмайды?  Себебі  законды  меңгерді  деп  қуанған  заңгерлері  сол 
замандағы Ресей мемлекетінің заңдары мен құқықтық актілеріне сүйене шешім 
шығарған.  Заңгерлердің  сөйлеген  сөзінен  қазақ  халқының  рухани  құндылығын 
көре де сезіне де алмайды. Ұлы бабамыздың шариғатты айтып отырғаны қазақ 
халқының  рухани  құндылықтары,  мәдениеті,  әдет-ғұрпы,  салт-дәстүрі  мен 
заңдар жинағы шариат заңдарынан бастау алатынын айтқан. Заңгерлердің кәсіби 
сөйлеу  мәдениеті  халқымыздың  санғасырлық  рухани  құндылықтарымыздан 
бастау алу керектігін нұсқайды.  
Қазақ  қоғамында  «Төтенше  билер  съезі»  құрылып  көлемді  ережелер 
қабылданған.  Атап  айтар  болсақ:  «Қарамолда»,  «Шұбарағаш»,  «Абакум»  және 
«Қашқар»  ережелері.  «1985  жылғы  «Қарамолда»  ережесін  жасауға  қазақтың 
белгілі ақыны Абай Құнанбаев та қатысты» – деп жазды Н.Коншин [4.115-116]. 
«Үш күннен кейін уез барлық елді жинап алып, Абайдың жазған жаңа заңын 
оқытты. Барлығы 74 статья екен. Көпшілік түгел мақұлдады, бір ауыз сөз қосқан 
жан болмады» [5.3], – деп жазады «Қарамолда» ережесін жазуға қатысушылар.  
Абайдың жазып отырған заңы осы 74 баптан тұратын «Қарамолда» ережесі. Бұл 
ереже  қазақ  әдет-ғұрып  құқығының  негізгі  салаларын  түгел  қамтыған.  Оның 
ішінде  құн  дауы,  жесір  дауы,  мал  дауы,  дауларды  шешу,  айғақтау  жүйесі,  сот 
жүргізу тәртібінің ерекшеліктері осы Ережеге енген. Абайдың ереже жазу ісінен 
оның тек ақын, философ қана емес, сонымен бірге көрнекті құқықтанушы, мол 
тәжірибелі би екенін танимыз. 
Қорыта  келе,  тәуелсіз  демократиялық  құқықтық  мемлекетіміздің  болашақ 
заңгер мамандарының кәсіби сөйлеу мәдениетін көне грек, римдік шешендердің 
жазбаша  жазу  әдісімен  жетілдіре  отырып,  қазақ  билерінің  рухани  баға  жетпес 
мұраларын  жаңа  заман  талабына  сай    жаңғырту  жолымен  қалыптастыруға 
тиіспіз.  
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Плутарх И. Избранные жизнеописания. -М.: 1987. 
2.
 
Цицерон М. Три трактата об ораторском искусстве. -М.: 1972. 
3.
 
Қуандықов Б.Ж. Әйтеке бидің би ретіндегі қызметі. -Алматы: 2001. 
4.
 
Коншин Н. Что могут дать Семипалатинские Архивы. Выпуск ХVІ, 1927. 
5.
 
Әуезов М. Қарамолда ережесі.  Абай. №1, 1993.  
 
 
 

280 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 
З.М.КУБЕНОВА  
Отырар институтының  магистранты 
 
МҰҒАЛІМ   ШЕБЕРЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
 
В статье рассматриваются  профессионализм и  мастерство учителя. 
 
This article deals with the ways of improving teacher’s skills. 
 
Еліміздің  нарықтық-экономикалық  және  әлеуметтік-саяси  өзгерістерге 
байланысты  ғылым  мен  өндірістің  барлық  саласында  жұмыс  істейтін 
мамандарды  даярлаудың  сапасын  жетілдіруде,  оқу-тәрбие  мәселелеріне 
байыпты  қарауда  ұстаздық  шеберліктің  ерекше  маңызы  бар.  Сондықтан 
студенттердің  алған  білімі  олардың  өмірге  дайындығына  ертеңгі  күні 
қоғамды жоғары дәрежеде басқара білу қабілетіне тікелей байланысты. 
Тұлғаны  дамыту  –  күрделі  үрдіс.  Жеке  тұлғаның  бойындағы  ерекше 
қасиеттерін  ажырата  біліп,  оқу  дағдысы  мен  қабілетін  дамыту  –  мұғалім 
алдындағы басты міндет. Ол үшін мұғалім қазіргі заманғы ғылым негіздері 
жайында  жан-жақты,  терең  біліммен  қарулануға,  оқу  пәнінің  мазмұнын 
мүлтіксіз  білуге,  өз  мамандығымен  байланысты  басқа  білім  салалары 
жөнінде  де  хабардар  болуға,  өз  жұмысына  берілген,  ынталылық  пен 
табандылыққа үйренген, өз мамандығына құштар болса ғана өз тәжірбиесін 
тұлғаға жеткізе алады. 
 Мұғалім  еңбегі  үздіксіз  ізденіcті,  өз  білімі  мен  тәжірбиесін  жетілдіріп 
отыруды  талап  етеді.  Мұғалімнің  іскерлік  негіздерін  меңгеруі,  өз  бетінше 
білім  жетілдіруі,  осы  саладағы  озат  тәжірбиені  қолдануы,  оны  өзгелерге 
насихаттауы, жаңашылдық танытуы – педагогикалық шеберлікке жеткізудің 
бір  жолы  болып  саналады.  Мұғалімнің  жеке  басын  сипаттайтын  қасиеттер: 
кәсіби  бағыттылығы,  ғылыми  көзқарасы,  идеялық  сенімі,  белсенділігі, 
адамгершілік – ізгілік қатынасы. 
XXI    ғасыр  педагогтары  біріншіден,  жеке  көзқарасы  бар  және  соны 
қорғай  білетін  жігерлі  тұлға  болуы  қажет.  Зерттеушілік,  ойшылдық  қасиеті 
бар  мұғалім  жалтақ  болмайды.    Өз  ісін  жетік  біліп,  табанды  жүргізетін 
мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Ондай  мұғалім әрбір күніне 
есеп беріп отырады, азаттық ар-ожданын қорғай алады. 
Екіншіден,  мұғалім  педагогтық    білімін  күнделікті  ісінде  шебер 
пайдалана  білетін  болуы  керек.  Дүниежүзінде  ғаламтану  үрдісі  жүріп 
жатқандықтан,  ақпараттар  ағыны  көбейді.  Мұғалім  қандай  пәннен  сабақ 
бермесін, ол өмірдің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге 
дайын  болуы  керек.  Әр  мұғалімнің  педагогикалық  ойлау  қабілеті  ғылыми 
түрде  қалыптасуы  тиіс.  Психологиялық  басты  заңдылық  –  адам  өзінің 
шығармашылық  өзгерушілік  қызметі  арқылы  адамдармен  қарым-қатынас 
жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады. Көп 
білу  үшін  көп  ойлану,  оқу  керек.  “Интернет”  жүйесімен  жұмыс  істей  білу 
керек. 
 
 
 

281 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Кубенова З.М. Мұғалім   шеберлігін арттыру жолдары 
 
 
Үшіншіден,  мұғалім  ұйымдастырушылық  қабілетімен  қатар  өз 
бойындағы  педагогикалық  жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды  талдай 
білуі  және  солардың  пайда  болуының  себеп-салдарын  анықтай  білуге  де 
бейім болуы шарт. Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын 
дәрежеге жетуі мүмкін. 
Төртіншіден,  мұғалімнің  адамгершілік,  саяси-идеялық  ұстанымы 
жұмысында  көрініс  тауып,  ол  ұстанымды  бала  тәрбиесіне  негіз  етіп  алу 
шарт. Балаға ықпал етуші обьект ғана емес, ынтымақтаса қызмет ететін жеке 
тұлғаға айналдыруы керек [1]. 
Бұл  іске  студенттерге  психология,  педагогика  пәндерінен  жүйелі  білім 
беру,  педагогикалық  шеберлік  негіздері,  көрнекі  және  жаңашыл 
педагогтардың  іс-тәжірбиесі  бойынша  арнаулы  курстар  ұйымдастыру, 
оларды  ғылыми–зерттеу  жұмыстарына  тарту  оқу  дағдысын  арттыру,  өз 
бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында мұғалімнің атқаратын ролі 
ерекше. 
Мұғалімнің шеберлігі тұлғаның танымын, көзқарасын, оқу дағдысы мен 
белсенділігін дамыту әдістемесін білуді қажет етеді. Жеке тұлғаның білімді 
саналы түрде өздігінен игеруіне жол көрсетіп, шығармашылықпен ізденуіне 
бағыт беру мұғалімнің кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты болады. 
Мұғалімнің  шеберлігін  шыңдаудағы  басты  бағыттары  болып,    жеке  
тұлғаның  психикалық  әрекеттеріне  басшылық  жасай  білу;  студенттердің 
білімі мен оқу дағдысын түсінуіне жол ашу; жеке тұлғаға танымдық мәселені 
шешуде  қиындық  келтіретіндей  тапсырма  беріп,  оның  ойлау  қызметін 
жоғары  арттыру;  жеке  тұлғаның  білімін  жоғары  байытуына  көмектесе 
отырып, проблеманы шешудің ұтымды жолдарын іздеуге бағыт-бағдар беру; 
тапсырманы  жеке  тұлғаның  өзіндік  көзқарасын  тудыратындай  деңгейде 
жүйелі  беру;  теориялық  материалдарды  практикамен  байланыстыруда  жеке 
тұлғаның  дербестігін  ескере  білу;  жеке  тұлғаны  тыңдау,  өзіндік  пікірін 
білдіру  мәдениетін  меңгеру;  жеке  тұлғаның  өз  жұмысын  тексере  білуіне, 
өзгенің еңбегін бағалай білуге назар аудару; педагогикалық әдеп және қарым 
–  қатынас  мәдениетін  ұстана  білу;  шығармашыл  және  кәсіптік  қабілеттерін 
өз бетінше үздіксіз дамыту болып саналады [2]. 
Студенттердің  шығармашылық  қабілеттерін  жетілдіруге,  олардың  оқу 
дағдыларын  дамытуға,  танымдық  белсенділіктерін  арттыруға  негіз 
болатындай жүйеде таңдалынуы тиіс. 
Қазіргі  кезеңде  оқу-тәрбие  процесін  жүзеге  асырудың  шығармашылық 
жолдарын,  өзін  қоршаған  ортаны,  өзгелермен  қарым-қатынасты  ізгілікті 
негіздерде жаңғыртып, өзгертіп отыруға қабілетті, ой-өрісі, көзқарасы, жеке 
басының  мәдениеті  жоғары,  педагогикалық  кәсіби  шеберлігі  жан-жақты 
дамыған ұстаздар қажет. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Рахмет Ү. Қазақ халық педагогикасы. -Түркістан: 1999, 159 бет. 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 

282 
 
ТАРИХ, САЯСАТТАНУ 
  
 
Р.Б.НҰРЛАНБЕКОВА 
тарих ғылымдарыныѕ кандидаты, доцент 
А.Ясауи атындаєы ХЌТУ 
 
ТҮРКІСТАН ЖӘНЕ ТУРИЗМ 
 
В  исторических  реалиях  Великий  Шелковый  путь  являлся  ключевым  социально-
экономическим  звеном  Европы  и  Азии.  С  открытием  новых  морских  путей  в  XV  веке  он 
постепенно теряет былую значимость. В связи с этим в данной статье делается попытка освещения 
роли Великого Шелкового пути в развитии туризма в Казахстане.  
 
Historically the Great Silk Road was a very important social and economic link between Europe and 
Asia. Little by little with the discovery of new sea routes in the 15-th century it had been loosing its past 
significance. In connection with this the author of this article makes an attempt to cast a new light on the 
role of the Great Silk Road in the tourism development in Kazakhstan.  
 
Өткен  тарих  ќұндылыќтарын  ой  елегінен  өткізу,  оларды  жан-жаќты 
пайымдау   негізінде бүгінгі тәуелсіз Ќазаќстан халќының жаңа ғасырының 
талабына сай  келетін  жаңа заман ќұндылыќтарын жасауға негіз болуға тиіс. 
Ескіні  игеріп,  оны  жаңаша  түйсініп,  ұлттыќ  рухани  жаңа  игіліктерді  жасау 
үшін  мемлекеттік  ќолдаудың  біртұтас  бағдарламасын  ќалыптастыру 
көзделеді. 
Елбасының Ќазаќстанның әлемдегі бәсекеге ќабілетті елу елдің ќатарына 
ену  стратегиясына  орай  республикада  туристік  индустрияны  өрістетуде 
ежелден арасы үзілмеген бүтін тарихтың үндестігі сияќты Ұлы Жібек жолын 
ќайтадан жаңғырту ќұптарлыќ жайт. 
Ұлы Жібек жолы маң-маң басып – асыл тастар мен жібектер, жіп тоќыма 
бұйымдар,  алтын  мен  күмістер,  оңтүстіктің  экзотикалыќ  ќұстары  мен 
жануарларын  артќан  түйелер  керуені  Ќытайдан  Таяу  Шығыс  және  Еуропа 
елдеріне  алып  баратын  басты  сауда  желісінде  Киелі  Түркістан  топырағын 
талай рет басып өткен. 
Ќазіргі  таңда  Ќазаќстан  –  Орталыќ  Азия  елдері  ішінде  ќауіпсіз  саяхат 
ұсына  алатын  бірден-бір  мемлекет.  Кейінгі  жылдары  елімізде  туризмді 
дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Бұл саланы дамыту үшін 2004 жылы 
13 маусымда «Ќазаќстан Республикасындағы туристік ќызмет туралы» жаңа 
Заң  ќабылданды.  Ол  туристік    ќызметтің  ќұќыќтыќ,  экономикалыќ, 
әлеуметтік және ұйымдыќ негіздерін Ќазаќстан Республикасының экономика 
салаларының бірі ретінде аныќтайды. 
Туристік  ќызметтің  Ќазаќстанда      нарыќтыќ    экономика  негізіне  өтуі 
туризм  саласын  жаңадан  реттеуді,  мемлекеттің  бұл  саланы  дамыту 
маќсатында ерекше көңіл аударуды, ќолдау көрсетуді талап етуде. Ол үшін 
мемлекет  туризм  саласына  ең  алдымен  экономикалыќ  ынталандыру 
шараларын жүргізуді жүзеге асыруы тиіс. Өйткені, туризм саласын дамыту, 
оған мол инвестицияны салуды және  үлен ќаржы бөлуді ќажет етеді. Біраќ  
оның    жоғары  тәуелділігін  ескере  отырып,  оны  жүзеге  асыру  оңай  емес 
екендігін айта кету керек. 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 

283 
 
Нұрланбекова Р.Б. Түркістан және туризм 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет