291
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Әлжанова Э.Е. 1920-30 жылдардағы Оңтүстік Қазақстан облысының білім беру жүйесі туралы
2 кесте – Облыстар бойынша мектеп мекемелерінің дамуы және ондағы оқушылар
санының кескінді көрінісі берілген
Облыстар
Мектеп саны
Оқушылардың саны
1914
1939
Есе көп
1914
1939
Есе көп
Алматы
155
709
4.6
7505
109628
14.6
Жамбыл
55
345
6.2
3331
56863
17.1
Қызылорда
45
329
7.3
3655
54306
14.8
Оңтүстік Қазақстан
104
869
8.3
5336
128253
24.0
Қазақстан бойынша
(басқа облыстарды қоса
есептегенде)
2011
8381
4.2
105239
1132326
10.7
Келтірілген мәліметтер шын мәнінде, мектептік мекемелер желісінің
тұтастай Қазақстан бойынша да, жеке облыстар бойынша да жаппай даму
қарқын алғанын көрсетеді.
Өсім берудің ең үлкен пайыздық көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан және
Жамбыл облыстарында байқалды, бұл біздің ойымызша, ең алдымен,
тұрғындар санының көп болуымен байланысты. 1939-1940 жылдары
оқушылардың шектік саны бойынша да Оңтүстік Қазақстан және Алматы
облыстары алдыңғы қатарда болды.
Шын мәнінде жағдай анау айтқандай ойдағыдай, сәтті емес-ті. 1930
жылы Шымкентте бірінші баспалдақтық 25 мектеп, олардың ішінде 3 –
қазақша, 10 – өзбекше, 9 – орысша, 1 татар - башқұрт және 1 еврейдікі
болды. 25 мектепте 2035 оқушы оқыса, олардың 2119-ы ұл балалар және
1849 қыздар еді.
Бірінші баспалдақты мектептерде 11101 өзбек, 340 қазақ, 134 татар, 2209
орыс оқыды. Екінші баспалдақты екі мектепте – қазақша жетіжылдықта және
өзбек мектебінде 656 адам оқыды [5]. Бұдан өзге, қалада кәсіптік-техникалық
мектеп, мақта техникумы, кооператив техникумы, кеңес-партия мектебі,
сантонин зауыты жанынан ФЗУ (фабрика-зауыт) және бір тоғызжылдық
мектеп жұмыс істеді. Бірнеше жыл өткен соң да жағдай аздап қана
жақсарды. 1934 жылы 60 мың тұрғыны бар Шымкентте бар-жоғы 8
бастауыш мектеп, 4 толық емес орта мектеп, 3 орта мектеп, 3 ФЗУ мектебі,
3 техникум жұмыс істеді [6]. Ал, басқа қалаларда, тіпті ауылдық жерлерде
жағдай, білім берудегі берілген ойдағыдай емес, тіпті нашар болатын.
Мысалы, 1927 жылы 5 мыңнан астам тұрғыны бар Түркістанда тек 15 мектеп
болса, оның 2 мектебі ІІ баспалдақты, 8 мектебі І баспалдақты, 1
жасөспірімдер мектебі, 2 балалар үйі, кәсіптік-техникалық училище және
жанында қазақ балаларына арналған 2442 орындық жатақханасы бар Ленин
атындағы мектеп бар еді [7]. Қазалыда 1932 жылы бірінші баспалдақты 24
мектеп және 2 жетіжылдық мектеп жұмыс істеді.
Осы жағдайда қазақ мектептері орыс және аралас мектептерге қарағанда
аз болды. Көріп отырғанымыздай, әсіресе қазақ, өзбек және аймақта тұрып
жатқан өзге де ұлт өкілдеріне де мектептер саны жеткіліксіз болды.
292
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Әлжанова Э.Е. 1920-30 жылдардағы Оңтүстік Қазақстан облысының білім беру жүйесі туралы
Сондай-ақ, қазақ мектептері бірінші баспалдақтық негізгі мектептер болды,
осыдан туындайтыны, қазақ балаларына білім алуды бұдан әрі жалғастыру
өте ауыр болатын.
Сонымен қатар, әсіресе жұмысшы кадрларды және инженер-техник
жұмысшыларды даярлайтын іс-жүзінде барлық оқу орындарында сабақ орыс
тілінде жүргізіліп, білім алу үшін және өндірісте жұмысқа орналасу үшін
орыс тілін жақсы білу талап етілді. Осы мақсатта 1938 жылдың 5 сәуірінде
Қазақ ССР Орталық Атқарушы Комитеті және СовНаркомының «Қазақ
метептерінде орыс тілін оқытудың міндеттілігі туралы» қаулысы
қабылданған болатын. Бірақ, шешімде орыс мектептерінде қазақ тілін оқу
тармағы жоқ болатын. Бұл процесті біржақты етіп, қазақ мектептерінің рөлін
төмендетіп, қазақ тілінің қолдану аясын тарылтқан еді. Бұның бәрі ұлттық
мектептердің (ең алдымен қазақ мектептерінің) санының қысқару ағысынан
көрініс тапты. Мәселен, 1938 жылы 66 мектеп орыс мектебінің
бағдарламасына өткізілді [8].
Оңтүстік
Қазақстандағы
мектептік
мекемелердің
материалдық-
техникалық базасы өте төмен болып және әзірлеуге мүмкіндіктері жете
бермейтін, педагогикалық кадрлар мәселесі тіпті қиын еді. Мысалы, 1934
жылы Шымкент қаласында 21 мектеп болса, тек соның 6-ы ғана мектептік
типтегі ғимаратқа орналасты. Көптеген мектептер 2-3 аусыммен оқыды.
Мектептік бөлмелер сабақ өтуге нашар жабдықталған, әрі іс-жүзінде қажетті
оқу құралдарымен және құрал-жабдықтармен жарақтандырылған емес.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
ГАЮКО, Ф.83, Оп.1, Д. 37, Л. 18.
2.
2 ГАЮКО, Ф.83, Оп.1, Д. 54, Л. 7.
3.
ГАЮКО, Ф. 93, оп. 1,св.2, д. 20, л 6.
4.
ГАЮКО, Ф.1236, оп.1. св.1, д.1, л.1-2.
5.
ГАЮКО, Ф.147, оп.3, св.2, д.20, л.33
6.
6.АП РК, ф. 141, оп.1, д. 5667, л. 21.
7.
Сембаев А.И. История развития советской школы в Казахстане. -Алма-Ата: 1962.
8.
АП РК, ф. 141, оп.1, д. 10205, лл. 40-42.
293
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
М.М.БАХТЫБАЕВ
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ
Археология ғылыми-зерттеу орталығы
АРХЕОЛОГИЯ ӘУЕСҚОЙЛАРЫ ТҮРКІСТАН ҮЙІРМЕСІНІҢ
ҚҰРЫЛУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
В статье рассматриваются предпосылки образования Туркестанского кружка любителей
археологии на территории Туркестанского генерал-губернаторства.
This article concerns with the preconditions of formation of the Turkistan circle of archaeology fans
in the Turkistan province.
ХІХ ғ. ортасында Патша өкіметінің Оңтүстік Қазақстан өңірлерін
Ресейге қосу саясаты өрби түсті. Бұл саясат негізінен екі бағыт бойынша
жүргізілді: біріншіден – қазақ даласына ұйымдастырылған әскери, әскери-
тыңшылық әрекетер, екіншіден – стратегиялық жағынан қолайлы бекіністер
салу [1.370]. ХХ ғ. ортасында Сібір шебі жағынан Ақтау (1835 ж.), Ұлытау
(1835 ж.), Қапал (1846 ж.), Сергиополь (Аягөз, 1831 ж.), Верный (1854 ж.),
Қастек (1859 ж.) және т.б. бекіністер салынып, 1856 жылы Семей
облысының құрамына кіретін Алатау округі құрылды. Алатау округінің
орталығы бастапқы кезде Қапал бекінісі болды, ал 1862 ж. бастап Верный
бекінісіне ауыстырылды [2.85-86]. Ал, Сырдария жағынан Райым (1848 ж.),
Қазалы (форт№1) және Қармақшы (форт №2) бекіністері салынды [3.95-96].
1860 жылдан Патша өкіметі Қоқан хандығына қарсы белсенді әскери
әрекеттерін бастап, осы жылдың 26 тамызында Тоқмақ, 4 қыркүйегінде
Пишпек орыс әскерінің қол астына өтті [4.252-259].
1863 жылдың 20 желтоқсанында Ресей патшасы ІІ Александр әскери
министрі Д.А.Милютинің Ортаазия хандықтарына қарсы әрекеттер жайлы
бағдарламасын бекітіп, 1864 жылы Әскери министрлік Сібір мен Сырдария
шептерін ќосуды іске асырды [1.375]. Сібір мен Сырдария шептерін ќосу
саясатын іске асырудың нәтижесінде – 1864 жылы Мерке, Єулиеата, Созаќ,
Шолаќќорѓан, Т‰ркістан, Шымкент, Сайрам және 1865 жылы Ташкент,
Үржар, Ходжент, Жызақ қалалары Ресей патшалығының қол астына өтті
[1.379-380; 2.95-96.].
Жаулап алынған аймақтарда 1865 жылы Туркістан облысы құрылып,
1866 жылғы «Түркістан облысын басқару ережесі» атты жоба бойынша
облыс төрт округке бөлінді, олар Түркістан, Шымкент, Ташкент және
Задария округтері еді [5]. Түркістан округіне – Қазалы, Ақмешіт және
Түркістан, Шымкент округіне – Шымкент, Әулиеата және Тоқмақ, Ташкент
округіне – Ташкент, Зашыршық және Шардара, Задария округіне –
Ходжкент, Уратөбе, Заминск, Жызақ және Үрджар еңгізілуі ұсынылды. Бірақ
бұл ұсыныс өтпей, 1867 жылы ІІ Александр патшаның жарлығымен
Түркістан генерал-губернаторлығы құрылып [1.381], оның орталығы
Ташкент қаласы болып бекітілді. Түркістан генерал-губернаторлығына
Түркістан облысы, Ташкент ауданы, Сырдарияның сол жағасындағы жерлер
(1866 жылы жаулап алынған) және Семей облысының бір бөлігі (Тарбағатай
294
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Бахтыбаев М.М. Археология әуесқойлары Түркістан үйірмесінің құрылуының алғы шарттары
тауының оңтүстігіндегі жердер) беріліп, бұл жерлер екі – Жетісу және
Сырдария облыстары болып бөлінді [6.281-282].
1867 жылғы “Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару туралы
Уақытша Ереже” бойынша Түркістан генерал-губернаторлығы облыстар мен
уездерге бөлінді. Оның құрамындағы Жетісу облысы – Сергиополь, Қапал,
Верный, Ыстықкөл, Тоқмақ уездеріне, ал Сырдария облысы – Қазалы,
Перовск, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Ташкент, Ходжент және Жызақ
уездеріне бөлінді [1.418; 7.2-3]. 1867-1868 жж. «Уақытша ережелер» екі жыл
мерзімге тәжірибе түрінде енгізілген болатын. Бірақ бұл әкімшілік-аймақтық
жіктеу саясаты жергілікті халыққа теріс әсер етуі мүмкін деген қауіппен
жиырма жылдан астам уақытқа созылды.
1865-1886 жж. аралығында Қазақстан жері үш генерал-губернаторлық
құрамына еңді, олар Орынбор, Батыс-Сібір және Түркістан деп аталатын (1-
сурет).
1886 жылдың 2 маусымында қабылданған «Түркістан өлкесін басқару
туралы Ереже» және 1891 жылдың 25 наурызында қабылданған «Ақмола,
Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы Ереже»
бойынша Қазақстан территориясы екі генерал-губернаторлық құрамына еңді,
олар - Түрістан және Дала губернаторлықтары еді. Түркістан генерал-
губернаторлығының орталығы Ташкент қаласы болды, оның құрамына
Ферғана, Самаркан және Сырдария облыстары, ал Дала генерал-
губернаторлығының орталығы болып Омск қаласы бекітіліп, оның құрамына
Ақмола, Семей және Жетісу облыстары кірді [3.117]. 1897 жылы Жетісу
облысы қайта Түркістан генерал-губернаторлығына қайтарылды [1.430].
1-сурет. Түркістан картасы (Ю.М Шокальский бойынша)
295
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Бахтыбаев М.М. Археология әуесқойлары Түркістан үйірмесінің құрылуының алғы шарттары
Жаңа Ереже бойынша Сырдария облысы бес уезге бөлінді: Әулиеата,
Шымкент, Ташкент, Перовск, Қазалы және Амудария бөлімшесі.
Облыстардың жалпы территориясының аумағы 379 500 верст
2
(402 270
км
2
) болды [8.289]. Ал, Жетісу облысы Лепсі, Қапал, Жаркент, Верный,
Пішпек және Пржевальск уездеріне бөлінді. Облыстын жалпы аумағы – 353
430 верст
2
(374 636 км
2
) болды [9.271]. Олардың ішінде Оңтүстік Қазақстан
өңіріне - Лепсі, Қапал, Жаркент, Верный, Әулиеата, Шымкент, Перовск және
Қазалы уездері жатты.
Түркістан генерал-губернаторлығы солтүстікте Шу өзені бойымен
Ақмола обылысымен, солтүстік-шығыста Семей облысымен, шығыста,
оңтүстік-шығыста Қытаймен, оңтүстікте Ауғанстанмен, оңтүстік-батыста
Бұхара әмірлігімен, батыста Хиуа хандығымен және солтүстік-батыста
Торғай облысымен шекаралас болды.
1867-1917 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан өңірлері Түркістан
генерал-губернаторлығының, ал Қазан төңкерісінен кейін Түркістан АКСР-
ның құрамына еңді. Тек 1924-1925 жылдары аралығында Кеңес өкіметі
жүргізген ұлттыќ-аймаќтыќ межелеу саясатыныњ нєтижесінде Т‰ркістан
АКСР,
Б±хара
ХКСР,
Хорезм
ХКСР-ы
таратылып,
олардың
территорияларында Өзбек КСР, Тәжік АКСР, Түркмен КСР құрылды [10].
Ал, Т‰ркістан АКСР-ның басым бөлігі (қазіргі Оңтүстік Қазақстан өңірлері)
Ќазаќ АКСР құрамына енді.
Оңтүстік Қазақстан өңірі Ресейге қосылғаннан бастап осы өңірлердің
жер байлығын пайдалану, ресурстарын зерттеу мақсатында арнайы
экспедициялар ұйымдастырылды [1.687-688]. Бұл жұмыстармен негізінен
Ғылым академиясы, Императорлық орыс географиялық қоғамы, Таукен мен
Темір жол ведомстволары, Мемлекеттік мүлік министрлігі және Қазан
университеті жанындағы археология, тарих және этнография қоғамы
айналысты.
Патша өкіметі отарлау саясатын жүзеге асыру мақсатында Қазақстанның
көптеген қалаларында жергілікті өлкетану ғылыми ұйымдары – облыстық
статистикалық комитеттер, географиялық қоғамның бөлімдерін және т.б.
құрды.
Олардың
негізгі
мақсаты
географиялық,
статистикалық,
этнографиялық, жаратылыстану мен тарихи деректерді жинақтау, сараптау,
жариялау және ғылыми экспедициялар ұйымдастыру болып табылды [1.558].
Жинақталған материалдар жергілікті «Орал облыстық ведомості», «Семей
облыстық ведомості», «Сібір газеті», «Жетісу облыстық ведомості»,
«Сырдария облысына арналған статистика материалдары», «Түркістан
ведомості» және т.б. баспасөз беттерінде жарияланып отырды [1.559-561].
Орынбор қаласында Императорлық орыс географиялық қоғамының
бөлімі және Торғай ститистикалық комитеті ашылып, Қазақстаннның
экономикасы, халқының тұрмысы мен мәдениеті және этнографиясы жайлы
құнды деректер жинақтады. Сонымен қатар, Омск мен Ташкентте
Императорлық орыс географиялық қоғамының Батыс-Сібір мен Түркістан
296
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Бахтыбаев М.М. Археология әуесқойлары Түркістан үйірмесінің құрылуының алғы шарттары
бөлімдері ашылды. Батыс-Сібір өлкетану қоғамында белгілі ғалымдар
М.Чорманов, Ш.Уәлиханов, қоғам қайраткері Ә.Бөкейханов белсенді жұмыс
атқарды. Сонымен бірге, зерттеушілердің қатарында, Я.В.Ханыков,
М.И.Иванин, В.В.Григорьев, В.В.Вельяминов-Зернов, П.А.Юдин, Л.Мейер,
М.С.Бабажанов, Т.Сейдалин, Б.Даулбаев, С.Жантурин, Б.Наурызбаева және
т.б. болды [1.558-560]. С.Жантөрин қазақ халқының фольклоры,
Д.Беркінбаев қазақтын этноәлеуметтік жағдайы, Т.Сейдалин қазақтар
арасындағы егіншіліктің дамуы, М.С.Бабажанов қазақ этнографиясы жайлы
зерттеулер жүргізді.
Жергілікті өлкетану қоғамдарымен қатар осы өңірдің көне
ескерткіштерін зерттеуде орталықта орналасқан ғылыми ұйымдар тарапынан
қызыѓушылық пайда болды. Олардың қатарында: Императорлық археология
комиссиясы, Орынбор мұрағат ғылыми коммисиясы, Санкт-Петербург
университеті, Санкт-Петербург археология институты және т.б. болды. 1859
ж. құрылған Императорлық археологиялық комиссиясының негізгі мақсаты
көне жәдігерлерді іздестіру, ескерткіштер жайлы мәліметтер жинақтау және
жаңадан ашылған ескерткіштерді ғылыми тұрғыдан бағалау [11.108.; 12], ал,
1887 жылы құрылған Орынбор мұрағат ғылыми коммисиясының мақсаты
губерниялар тарихы жайлы мұрағаттарды жинақтау және жүйелеу, сонымен
қатар, археологиялық және этнографиялық деректер жинақтау болып
табылды [13; 1.690-691]. Орталықта орналасқан ғылыми ұйымдардың
қаржыландыруымен Оңтүстік Қазақстан өңірінің көне ескерткіштерін
зерттеу мақсатында бірнеше экспедициялар ұйымдастырылды [11.108-109].
ХІХ ғ. екінші жартысында әуесқой ѓалымдар - Н.А.Северцев [14.95-97],
М.Бекчурин [15.52-56], П.И.Лерх [16], А.К.Гейнс [17.263-266], И.И.Пашино
[18.59-66], П.И.Рычков [19.18-19] В.В.Верещагин [20], А.Л.Кун [21],
Н.И.Веселовский [22.137-138] жєне т.б. осы өңір мұраларын зерттеуге сүбелі
‰лес ќосты.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірлерінің табиғатын, географиясын,
тарихы мен этнографиясын Н.Жетпісбаев, Ш.М.Ибрагимов, Ә.Диваев,
Н.Н.Пантусов,
П.П.Семенов-Тян-Шанский,
Н.Л.Зеланд,
Н.А.Маев,
Д.Иванов, И.Гейер, Е.Смирнов және т.б. зерттеді [1.561].
ХІХ ғ. екінші жартысында Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірлері
Түркістан генерал-губернаторлығы құрамына еңіп, орталықта орналасқан
ғылыми ұйымдар өз бөлімдерін Ташкентте аша бастады. Солардың
қатарында, 1870 жылы Жаратылыстану, антропология және этнография
әуесқойлары Москва қоғамының Түркістан бөлімі, 1885 жылы Бағбаншылық
қоғамының Түркістан бөлімі [23.336]., 1879 жылы Жетісу облыстық
статистикалық комитеті, 1887 жылы Сырдария облыстық статистикалық
комитеті және т.б. болды [1.563]. Сонымен бірге, Ташкент қаласында
жергілікті басшылардың қолдауымен алғашқы аймақтық ғылыми ұйыдар да
ашыла бастады. 1871 жылы генерал-губернатор К.П.Кауфманның
қолдауымен алғашқы жергілікті ұйым – Ортаазиялық ғылыми қоғамы
297
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Бахтыбаев М.М. Археология әуесқойлары Түркістан үйірмесінің құрылуының алғы шарттары
құрылды. Қоғамның Жарғы жобасында оның негізгі бағыттары: «Қоғам
Орта Азияның тарихы, географиясы, статистикасы, этнографиясы, жер
байлығы, сауда және қәсіпорындары жайлы деректерді жинақтайды,
сараптайды және жариялайды» деп анықтаған [24.72]. Қоғам атқарған
жұмыстардың ішінде ерекше назар аударуға тұратыдығы Түркістан
халықтарының әдет-ғұрыптары жинағын даярлау жобасы және «Түркістан
өңірі жайлы деректер жинағы» атты кітапті баспаға даярлау болды [24.79].
Сонымен қатар, 1895 жылы Түркістан генерал-губернаторы барон
А.Б.Вревскийдің Императорлық орыс географиялық қоғамына Ташкент
қаласында Түркістан бөлімін ашу туралы өтініш білдіріп, 1896 жылдың 20
мамырында осы қоғамның Түркістан бөлімі Ташкентте ашылды [1.684-685].
Жоғарыда аталған жергілікті ғылыми ұйымдар арасында ерекше орын
алатыны Ташкент қаласында құрылған - Археология әуесқойларының
Түркістан үйірмесі болды.
1893 жылдың 11 желтоқсанында Императорлық Жаратылыстану,
антропология және этнография әуеқойлары қоғамының Түркістан
бөлімі
отырысында
Н.П.Остроумов
Түркістан
өңірінде
көптеген
археологиялық ескерткіштер орналасқанын, олардың тек қана аз бөлігінде
ғана қазба жұмыстары жүргізілгеніне тоқталып, сөз соңында осы өңірдегі
тарихи-мәдени мұраларды қорғауды қолға алуды ұсынды [25]. Ал,
В.В.Бартольд 1893 жылы атқарған археологиялық зерттеулеріне тоқталып,
жергілікті әуеқойлардың атқарған археологиялық зерттеулеріне үлкен баға
беріп, Трансоксианадағы отырықшылық мәдениет ескерткіштерін зерттеуге
жергілікті әуеқойлар қабілетті екенін атап өтті [26]. Н.П.Остроумов пен
В.В.Бартольдтің баяндамасы жан-жақты талқыланып, осы отырыста
Ташкент қаласында археологиялық үйірме құру туралы шешім қабылданды.
Аз уақыт ішінде үйірме жобасы мен Жарғысы даярланып, 1895 жылдың 31
қазанында үйірме Жарғысын Халыққа білім беру министрі бекітті [27].
1895 жылдың 11 желтоқсанында құрылтайшы-мүшелердің жалпы
отырысында Археология әуесқойлары Түркістан үйірмесінің ашылуы өтіп,
жиырма жылдан астам уақыт Түркістан өңірінде зерттеу жұмыстарын
атқарған алғашқы қоғамдық ғылыми-өлкетану мекемелерінің бірі болып
табылды.
Қорыта келгенде, үйірменің құрылуының алғы шарттары ретінде -
біріншіден, Оңтүстік Қазақтан өңірінің Ресейге қосылуы мен осы өлкенің
ХІХ ғ. соңындағы әкімшілік аймақтық құрылымының өзгеруін (Түркістан
генерал губернаторлығы құрамына еңу), екіншіден – ХІХ ғ. екінші
жартысында орталықта орналасқан ғылыми ұйымдар өз бөлімдерін Қазақ
жерінде, оның ішінде Ташкент қаласында да ашыла бастауы, үшіншіден ХІХ
ғ. 80-ші жылдары Ташкент қаласында жергілікті шенеуніктер, мүғалімдер
және т.б. арасынан Түркістан өлкесінің тарихи-мәдени мұрасын зерттеп
жүрген тобы белгіленіп, уақыт өте келе жергілікті әуесқой
298
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Бахтыбаев М.М. Археология әуесқойлары Түркістан үйірмесінің құрылуының алғы шарттары
өлкетанушылардың бірігіп, арнайы бағдарлама аясында бірлесе жұмыс
атқаруын атаймыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В пяти томах. Т.3. -Алматы: Атамұра,
2000. -768 с.
2.
Павлов Н. История Туркестана. -Ташкент: 1910.
3.
Кан Г.В. История Казахстана: Учеб. Пособие. -Алматы: ВШП «Єділет», 2000. -204 с.
4.
Терентьев М.А. История завоевания Средней Азии. Т.1. –Спб., 1906.
5.
Материалы относящиеся к проекту Положения об управлений Туркестанской областью. 1866 г. //
Национальная библиотека им.А.Навои. Отдел редких рукописей. ПУ 1608.
6.
Материалы по истории политического строя Казахстана. Т.1. -Алма-Ата: 1960.
7.
Проект Положения об управлении в Семиреческой и Сыр-Дарьинской областьях. –СПб., 1867. -74 с.
8.
Сырдарьинска область // Сибирский торгово-промышленный календарь на 1899 год. (данные за 1896
г.). –Томск, 1900.
9.
Семиреченская область // Сибирский торгово-промышленный календарь на 1899 год. (данные за
1896 г.). -Томск: 1900.
10.
Образование и развитие СССР как союзного государства. Сборник законадательных и других
нормативных актов. -М.: 1972.
11.
Бахтыбаев М.М. Түркiстан өњірініњ археологиялыќ ескерткiштерін есепке алу мен қорғау
мәселелері // Т±ран-Т‰ркістан: тарихи-мєдени сабаќтастыќ мєселелері. Ежелгі дєуір жєне
ортаѓасырлар / Т‰ркістан археологиялыќ экспедициясыныњ 10 жылдыѓына арналѓан халыќаралыќ
ѓылыми конференция материалдары, Т‰ркістан, 23-24 ќараша 2006 ж. -Т‰ркістан: 2006. -352-б.
12.
Умняков И.И. Охрана памятников старины и искусства в Советском законодательстве Средней Азии
// Известия Средне-Азиатского Комитета по делам музеев, охраны памятников старины, искусства и
природы (Среазкомстарис) /Выпуск 1. -Ташкент: Среазкомстарис, 1926.
13.
Протокол заседания Оренбургской УАК от 5 октября 1898 г. // Оренбургский листок. -Оренбург:
1898, №44.
14.
Северцев Н.А. Путешествия по Туркестанскому краю. -Москва: ОГИЗ гос.изд. Географической
литературы, 1947.
15.
Бекчурин М. Туркестанская область. Заметки статского советника Бекчурина. -Казань: 1872.
16.
Лерх П.И. Отчет о поездке в Среднюю Азию. Отчет археологической комиссии за 1867
г.//Туркестанские ведомости, 1867., №44.; Лерх П.И. Археологические исследования в Туркестанском
крае в 1867 г. // ОАК за 1867 г. – СПб., 1868.
17.
Гейнс А.К. Путешествие в Туркестан. Дневник 1866 г. // Собрание литературных трудов А.К.Гейнса.
Т.2. СПб, 1898.
18.
Пашино П.И. Туркестанский край в 1866 г. Путевые заметки -СПб., 1868. – 179 с.
19.
Рычков П.И. Топография Оренбургская, то есть обстоятельное описание Оренбургской губернии,
сочиненное коллежским советником императорской Академии наук корреспондентом Петром
Рычковым. -Оренбург: 1887.
20.
Верещагин В.В. От Оренбурга до Ташкента. /Всемирный путешественник. -М.: 1874. №5.;
Верещагин В.В. Еще о вновь открытом подземном городе Джанкенте //СПб. губ.вед.,1868, № 53.
21.
Туркестанский альбом. /Составленный по распоряжению генерал-губернатора К.Ф. Кауфмана.
Составитель А.Л. Кун //НБ РУз. им.А.Навой./ Отдел редких изданий и рукописей. Т.ІІ.
22.
Қожа М. Ортағасырлық Отырар: аңыздар, деректер, зерттеулер. -Түркістан: Тұран баспасы. 2006. -
238 б.
23.
Қазақ ССР тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. Т.ІІІ. -Алматы: Қазақ ССР-нің
«Ғылым» баспасы, 1982. -558-б.
24.
Лунин Б.В. Научные общества Туркестана и их прогрессивная деятельность. -Ташкент: 1962.
25.
ПТКЛА, І, 1896. Вкладной лист.с.1.
26.
Открытие Туркестанского кружка любителей археологии 11 декабря 1895 г. -Ташкент: 1895. С.4-5.
27.
Отношение Туркестанского генерал-губернатора по управлению учебными заведениями за №2831 от
4 декабря 1895г. / ЦГА УзР. Ф.71. оп.1, д.1, л.1.
Достарыңызбен бөлісу: |