Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет36/47
Дата12.02.2017
өлшемі3,7 Mb.
#3948
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47

 
Туризм  индустриясы,  туристік  маќсатпен  келген  шетел  туристерінің 
саны  Ќазаќстаннан  шетелге  шығатын  туристерге  ќарағанда  жоғары  болған 
жағдайда  ғана  тиімді  болады.  Бұл  үшін  Ќазаќстанның  туристік,  мәдени-
тарихи,  табиғи  ќұндылыќтарын,  туристік  мүмкіншіліктерін  ќазаќстандыќ 
азаматтарға  да, шетел азаматтарына да таныту, жарнамалау, имиджін көтеру 
шаралары жүргізілуі тиіс. 
Туризм термині әлемнің түрлі халыќтарының тілінде ХІХ ғасырға ќарай 
ғана тұраќтанды. Көне және орта ғасырларда адам  «саяхат» деген терминді 
ќолданып келді.    Саяхат   –   адамның   күрделі   де   сан-салалы   іс-әрекеті,   
сондыќтан  да  «саяхатшы»,  «жаЋангер»  болып  көне  заманнан  бері 
саудагерлер,  ќажылыќќа  барушылар,  теңізшілер,  зерттеуші  ғалымдар,  т.б. 
саналған. 
 «Туризм»    және  «турист»  ұғымдары  ќоғамдыќ  санада  ХVIII  ғасырдың 
соңы  –  ХІХ  ғасырдың  басында    орныќты.  Францияда  француз  тілінің 
сөздігінде  «турист»  ұғымына  «ќызығушылыќтан  туындаған  саяхатпен 
уаќытты  өткізу»  деген  аныќтама  берген.  1838  жылы  Ф.Стендальдың 
«Туристің  жазбалары»  деген  еңбегі  шығады,  сондыќтан  да  «турист»  деген 
сөзді ойлап тапќан сол болып саналады. 
Орта  ғасырлардағы  Еуропада  адамдардың  жаппай  орын  ауыстырулары 
крест  жорыќтары  кезінде,  яғни  еуропалыќ  рыцарьлар  мен  саудагерлердің 
басќалардың  байлыќтары  мен  жерлерін  басып  алу  маќсатындағы 
ќимылдарымен  байланысты  болды.  Одан  кейін  шығысќа  ќарай  кезбелер 
тобырына ілескен  миссионерлер мен  дін иелері ќозғалды. 
Алғашќы  ќажылыќ  саяхаттардың  ұйымдастырылуы  әлемдік  төрт  діннің 
ќалыптасуына  ќатысты.  Әуелде  жеке-дара,  келе-келе  топ-топ  болып 
ќажылыќ саяхат жасау соңғы 1300 жылда халыќаралыќ туризмнің ерекше бір 
түріне  –  ќажылыќќа  айналды.  Бұл    процестің  ерекше  ќарќындауына  ислам 
дінінің пайда болуы әсер етті. 
Кейін келе, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының басшылығымен 
1975 жылы әлемдегі шетелдік туризмнің басын біріктіретін арнайы  бірден-
бір ұйым – Бүкіләлемдік туристік ұйым жасаќталды. Бас штабы Испанияның 
астанасы  Мадрид  ќаласында  болды.  Ұйымның  жарғысы  1975  жылы  27 
ќыркүйекте  ќабылданды.  1980  жылдан  бастап  бұл  күнді  бүкіл  әлем  туризм 
күні ретінде мерекелейді.          
Бүгінгі  күні  Еуропаның  ірі  ќалаларын  шетел  туристерінсіз  көру  мүмкін 
емес.  Батыс  Еуропаның  кейбір  ќалаларында  туристердің  маусымдыќ 
айларында  келуі  соншалыќты,  жергілікті  халыќты  ығыстырады.  Бұл 
туризмге  миллиондаған  адамдардың  ќатысуына  байланысты.  Олардың  көбі 
жаз  айларында  өз  үйлерін  тастап,  басќа  елдерді  тамашалауға  саяхатќа 
шығады. Өркениет дамыған сайын шетелге шығу жыл санап даму үстінде. 
Туримзнің дамуы ќұрылыстан бастап, тағам өндірісіне дейін материалды  
өндірістік   салалардың   барлығын   ќоса   дамытады.  Әлемнің  
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Нұрланбекова Р.Б. Түркістан және туризм 

284 
 
 
 
көптеген елдерінде халыќаралыќ туристік айырбас дамуының экономикалыќ 
және  әлеуметтік  салдарын  зерттеу  бойынша  ғылыми-зерттеу  орталығы 
ќұрылған. 
1993  жылы  Ќазаќстадағы  туризм  индустриясын  дамытудың  ұлттыќ 
бағдарламасы  жасалды  және  осы  жылдан  бастап  Ќазаќстан  Бүкіл  Әлемдік 
туристік ұйымның (БТҰ) мүшесі болды. 
Ұлттыќ туризм индустриясында келешекте жоғарғы көрсеткіштерге ќол 
жеткізу  үшін  іскерлікпен  бірге,  мол  тәжірибе,  біліктілік  те  ауадай  ќажет. 
Алдағы  2010  жылы  Орталыќ  Азия  аймағында  Ќазаќстанды    туризм 
орталығына  айналдыру  сияќты  ауќымды  маќсат  тұр.  Оны  дәйектілікпен  
жүзеге  асыруда  туристік  саланы  2006-2010  жылдары  дамытудың 
мемлекеттік бағдарламасы жобасы дайындалуда. Республика бойынша   бұл 
салаға  ќолайлы  әрі  лайыќты  аймаќтар  мен  елді  мекендер  аныќталып, 
бірќатар  іс-шаралар  ќолға  алынды.  Елдің  туристік  әлеуетін  белсенді  түрде 
дамыта  отырып,  кең-байтаќ  Ќазаќстанды  әлемге  танытудың  ең  тиімді 
жолдарын  іздестірген  жөн.  Бұл  орайда  тартымды  және  көпшілік  назарын 
аударатын  жарнамаларды  пайдаланудың  маңыздылығы  жоғары.  Ќазаќстан 
сияќты  табиғаты  сұлу  елде  тарихи-мәдени  туризммен  ќатар,  экологиялыќ 
туризмді кеңінен дамытуға да мүмкіндік мол [1]. 
Алдағы  20  жылда  туризмнің  танымдыќ  түрлері  –  экологиялыќ,  тарихи, 
мәдени туризмдердің ќанат жаю белсенділігі артады деген болжам бар. 
Жалпы,  экотуризм  Ќазаќстанда  туристік  бағыттардың  ішінде  болашағы 
бар  сала  ретінде  ќарастырылады.  2003  жылы  Еуразия  ќоры  Еуропалыќ 
Ќауіпсіздік  Ынтымаќтастыќ  Ұйымымен  (ЕЌЫҰ),  Ќазаќстандағы  Шетел 
компаниясы  тобымен  және  Халыќаралыќ  Волонтерлік  ќызметпен  бірлесе 
отырып  экотуризмді  дамытуға  ќатысты  4  жобаны  ќаржыландырды.  Лепсі 
(ОЌО),  Жабағылы  (ОЌО),  Ќатонќарағай  (ШЌО)  және  Ридерге  (ШЌО) 
бөлінген бұл ќаржы өңірде туристердің келіп-кетуіне жағдай жасауға, ќазіргі 
заманғы  ќұрал-жабдыќтарды  алуға,  мәдени  алмасуларды  ұйымдастырып, 
маркетингтік  материалдарды  шығаруға  бағытталған.  Сол    Еуразия  ќоры 
Алматыда    ұйымдастырған  экотуризм    жөніндегі  аќпараттыќ-ресурстыќ 
орталыќ аз уаќыт ішінде ОЌО, ШЌО, Алматы мен Аќмола облыстарында 28 
ќонаќүй іске ќосылған [2].            
Көне  Әлем  тарихында  ќазіргі  Ќазаќстан  территориясындағы  алғашќы 
ұйымдасќан  саяхаттар  басты  туристік  нысан  –  б.з.д.  ІІ  мыңжылдыќтың 
ортасында ќалыптасќан Ұлы Жібек жолымен байланысты.  
Ќазаќстанда  атаќты  Ұлы  Жібек  жолының  туристер  үшін  ќайтадан 
жаңғыруын, яғни 2003 жылдан бастап жүзеге асырылған «Жібек Жолы інжу 
маржаны»  маршрутын  Австрия,  Германия,  Швейцария  елдері  туристері 
жоғары  бағалауда.  Бұл  жоба  Ќазаќстан,  Өзбекстан,  Түркменстан  сияќты 
мемлекеттердің  тарихи  орындарына  жол  ашты.  Сауда  және  туристік 
ќызметті  реттеу  жөніндегі  комитеттің  мәліметі  бойынша  өткен  жылы 
Ќазаќстан шекарасынан 4,3 миллион адам өткен. Елімізді әлемге танытумен  
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Нұрланбекова Р.Б. Түркістан және туризм 
 

285 
 
 
бірге  туризмді  табыс  көзіне  айналдыру  үшін  алда  әлі  атќарылар  іс-шара 
жеткілікті [3]. 
Мәдениетімен,  салт-дәстүрімен,  діни  нанымымен,  ғылыми  және 
техникалыќ  жетістіктерімен  өзгешеленетін  әр  түрлі  өркениет  Шығыс  пен 
Батыс  осы  Ұлы  Жібек  жолында  түйісіп,  онда  Оңтүстік  Ќазаќстан  өңірі 
айрыќша  табиғатымен,  тарихи  ќалаларымен,  мәдениетімен, архитектуралыќ 
мұражайларымен өз сипатын берген. 
Мәселен,  Алтынемел  ұлттыќ  табиғи  саябағы  Алматы  облысының 
Кербұлаќ  ауданының  аумағында  1996  жылы  ұйымдастырылған.  Саябаќ 
археологиялыќ  ескерткіштерімен    ежелгі  таңбалар  және  суреттер  салынған 
үңгірлер  мен  тастарға  бай.  Саќ  дәуіріндегі  салынған  «Бесшатыр» 
обаларының  маңызы  үлкен.  Шоќан  Уәлихановтың  тарихи  меморалдыќ 
мұражайы  осында  орналасќан.  Саябаќта  өсімдіктердің  1800  түрі,  Балќаш 
сексеуілі, шырша, ќылша, арша, үйеңкі, ќызыл тал, жиде, жыңғыл т.б. өседі. 
Ал  жануарлар  әлемінде  алуан  түрлі:  ќұлан,  ќараќұйрыќ,  арқар,  түлкі,  ќоян, 
ќасќыр  т.б.,  ќұстардың  15  түрі  бар:  бүркіт,  ителгі,  тазќара,  т.б.  кездеседі. 
Ќазіргі  кезде  жан-жаќты  жабдыќталған  17  ќорыќша  бекеті  және  3  туристік 
маршруттар жұмыс істейді. 
Тянь-Шань  тауы  Орталыќ  Азиядағы  альпинизм  ең  жаќсы  дамыған 
аймаќ. Бұл тау Ќазаќстанның ең биік нүктесі Хан Тәңірі (7010 м.) шыңымен 
әйгілі.  Сонымен  ќатар  пирамидаға  ұќсайтын  мәрмәр  шыңы  да  бар.  Тауды 
«Тәңір тауы», яғни ќұдай тауы немесе оның шыңдарындағы ќызыл жолаќќа 
ќарап  «ќанды  тау»  деп  те  атайды.  Хан  Тәңірі  альпинистер  және  оќиға 
туризімін жаќсы көретіндер үшін ең ќызыќ жер. 
Тағыда  бір  табиғаттың  сұлу  көрінісі  Алматы  ќаласының  шығысында 
4855  га  жерді  алып  жатќан  Шарын  Шатќалы  (Каньоны).  АЌШ-тың 
Колорадо штатындағы Үлкен Каньонмен салыстырғанда екіншісі. Ќұмтастан 
салынған  әр  түрлі  формадағы  табиғи  мүсіндер,  ќорғандарды        көргенде 
басќа  әлемде  жүргендей  сезінесің.  Бұл  ќұмтастан  салынған  ќорғандардың 
биіктігі 130-300 м болады.  
Осы  сияќты  Түлкібас  ауданындағы  Талас  Алатауының  солтүстік  батыс 
бөлігі  мен  Өгем  жотасының    солтүстігін  алып  жатќан  Аќсу-Жабағылы 
ќорығы. Батыс Тянь-Шань табиғи кешенін сол ќалпында саќтау маќсатында 
1926  жылы  ќұрылған  тұңғыш  ќорыќ.  Аќсу,  Жабағылы,  Майдантал 
өзендерінің алабында орналасќан. Ќазір Аќсу-Жабағылы  ќорығы ЮНЕСКО 
жасаған  дүниежүзілік  ќорыќтар  тізіміне  енген.  Ќорыќ  бірнеше  биіктік 
белдеуде  жатыр.  Мұнда  өсімдіктер  дүниесі  әр  алуан:  мүк,  ќына,    бидайыќ, 
боз  жусан,  ќылша,  арша,  сасыр,  иманжапыраќ,  түйежапыраќ,  рауғаш, 
жабайы  алма,  шетен,  ќараќат,  бүлдірген,  талас  ќайыңы,  томағашөп,  т.б. 
Ќорыќ  жануарлар  әлеміне  де  бай:  арқар,  таутеке,  марал,  барыс,  ќоңыр  аю,   
борсыќ,   т.б.,   ќұстардан:   гималай   ұлары,   кекілік,   бүркіт,    ителгі;   
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Нұрланбекова Р.Б. Түркістан және туризм 
 
 

286 
 
бауырымен 
жорғалаушылардан: 
жылан, 
сары 
бауыр 
кесіртке, 
ќалќантұмсыќты  ќара  шұбар  жылын  т.б.  тіршілік  етеді.  Ќорыќта  ғылыми-
зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі.  
Әлемдегі    жетекші  орталыќтар  Аќсу-Жабағылы  ќорығын  туризмді 
дамыту үшін аса ќолайлы аймаќ  деп бағалауы тектен-тек емес.  
Түркістан  ќаласы  мен  онда  тұрған  Ќожа  Ахмет  Ясауи,  Арыстанбаб 
кесенелері,  сондай-аќ,  Отырар  ќаласының  орнын  айтуға  болады.  Бұлардың 
бәрі  тарихи  ескерткіштер,  сондыќтан  оларды  шетел  туристерінің  ќызыға 
тамашалайтыны сөзсіз.                     
Оңтүстік  Ќазаќстан  өңірінің  көне  ќалаларының  бірі  –  Яссы  ќазаќ 
хандарының көне астанасы, экономикалыќ орталығы болған, ал ќазіргі кезде 
Түркістан  түрік  тілдес  елдердің  рухани  астанасына  айналып  отыр.  Ислам 
мәдениетін  ќалыптастырушы  және  таратушы  оќымыстыларымен,  діни 
ќайраткерлерімен,  ќолбасшыларымен  ерекше  тарихи  орны  бар  Түркістанда 
сопылыќ  аќын,  философ,  түркі  халќының  рухани  тәлімгері  Шейх  Ќожа 
Ахмет  Ясауи  өмір  сүрген.  ХІV  ғасырдың  соңында  Әмір  аќсаќ  Темірдің 
бұйрығы  бойынша  орта  ғасыр  сәулет  өнерінің  кереметі  Ќ.А.Ясауи  кесенесі 
салынды.  ХХІ  ғасырдың  зәулім  сарайлары  мен  майоликтерден  жасалған 
түрлі-түсті  мозайкаларын,  шебер  салынған  өрнектерінің  биік  талғамдарын, 
тарихи-мирас  ќорларын  әлемге  паш  ету  үшін  «Түркістан-1500  жыл  мерей 
тойымен әлемге есік ашты. 
Ќазіргі кезде Ќ.А.Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның тарихи ескерткіштерінің 
бірі ретінде әлемге танылған. Түркістан ќаласында Дүниежүзі ќазаќтарының 
бірінші  ќұрылтайы  1992  жылы  және  екінші  ќұрылтайы  2002  жылы 
өткізілген. 
2004 жылдың ќазан айында Түркістан ќаласындағы Ќ.А.Ясауи атындағы 
Халыќаралыќ  Ќазаќ-Түрік  университетінде  «Бірінші  Халыќаралыќ  түркі 
дүниесінің  туризм  бойынша  ќұрылтайы»  өтті.  Бұнда  Ќазаќстан,  Түркия, 
Ќырғыстан 
және 
Өзбекстан 
елдерінен 
ғалымдар 
және 
Туризм 
Ассоциациясының    -  ќұрылуы  және  оның  орталығы  Түркістан  ќаласында 
болуы туралы шешім ќабылдаған болатын. 
Бұдан  басќада,  Түркістан  аумағында  ислам  мәдениетінің  129  рухани 
ескерткіштері бар. Солардың бірќатарына тоќталып кетсек. 
ХІІ ғасырда өмір сүрген атаќты дін ќайраткері Арыстанбаб туралы түркі 
халќы бас иетін діни наным, халыќ аузында аңыз ретінде бүгінгі күнге дейін 
зиярат  ету  салт-дәстүрінде  саќталып  келеді.  Олар  рухани  саяхаттарында  ең 
алдымен  Ќ.А.Ясауи  ұстазы  Арыстан-Баб  зияратының  басына  барып,  содан 
соң Ќ.А.Ясауи зияратына келеді. Бұдан түркі халыќтарының шәкірті ұстазын 
ќұрметтеуі психологиялыќ көзќарасының ертеден ќалыптасќанын танып, сол 
кезеңдегі адамдардың ғылыми талпыныстарын көруге болады.                                        
Көне ќала Отырар ірі сауда орталығы болған. Оның атаќты кітапханасы 
ең  атаќты  Александр  және  Карораген  кітапханаларынан  кем  түспеген.  Бұл 
ќалада  бүкіл  әлемге  танымал  ортағасыр  ойшылы  Әл-Фараби өмір сүрген.  
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Нұрланбекова Р.Б. Түркістан және туризм 
 
 

287 
 
ХІІІ ғасырдың соңында моңғол әскерлері бұл керемет ќаланы жермен жексен 
еткен.  Сауран,  Домалаќ-Ана,  Үш  арыс  мешіті  т.б.  рухани  ескерткіштерге 
ыќыласың ауады. 
Сонымен, Ќазаќстанда туризм индустриясы ретінде тарихи туризм, діни 
туризм,  экологиялыќ  туризм,  экскурсиялыќ  туризм,  саятшылыќ  туризм 
түрлерін  дамытуға  болады.  Еліміздегі    туризм  индустриясындағы 
мүмкіншіліктер  аумаќтыќ  туризмді  ғана  емес,  халыќаралыќ  туризмді 
дамытуға болатынын көрсетеді. 
Халыќаралыќ  сарапшылардың  бағалауы  бойынша  туризмді  дамыту 
жөніндегі  мемлекеттік  бағдарламадағы  көрсетілген  шаралар    сәтті  іске 
асатын  болса,  онда  2011  жылдың  соңына  ќарай  елімізде  сырттан  келетін 
туристер    санын  2,5,  ішкі  туристер  санын  2  есе  арттыруға  болады  екен. 
Осылайша,  бұл  Ќазаќстанның  Орталыќ  Азия  аймағында  туризмнің  
орталығы атануының наќты мүмкіндіктерін  арттыра түспек. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Нұраќым Р. Туризм – ќаржының бір көзі  //Аќиќат №6, -Алматы: 2005.                
2.
 
Тұтќабаев Ф. Мен ќазаќстанға экотуристік сапар шегіп барамын //Еуразия №5 (112). -
Түркістан: 2007. 
3.
 
Балғарина Б. Туризмнің  тиімді тетігі. //Егеменді Ќазаќстан №105, 13 мамыр 2006  
4.
 
Байпаков К.М., Нұржанов А. Ұлы Жібек  жолы және орта ғасырлыќ Ќазаќстан. -Алматы: 
Ќазаќстан, 1992. -203 б. 
5.
 
Табыстың көзі – табиғатта.  //Жас Ќазаќ. «Аймаќ» 7 б. 27 сәуір 2007. 
6.
 
Сартаев Ә. Туризм және студент.  //Оңтүстік Ќазаќстан. №91. 12 маусым 2007. 
 
 
 
 
 
 

288 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
 
Э.Е.ӘЛЖАНОВА 
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент 
 
1920-30 ЖЫЛДАРДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН  
ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ 
 
В статье речь идет об уровне образования населения, о школьных учреждениях и подготовке 
педагогических кадров в Южном Казахстане в начале 1920-х годов. 
 
This  article  deals  with  the  level  of  education  of  population,  with  school  institutions  and  training 
pedagogical personnel in South Kazakhstan at the beginning of 1920-ies.  
 
Әлеуметтік  көрсеткіштердің  ең  маңыздыларының  бірі  тұрғындардың 
білім алу және мәдени деңгейі болып табылатыны белгілі. Елдегі оқу-ағарту 
және  мәдениет  салалары  ойдағыдай  дамымайынша,  халықтың  жалпы 
жағдайы туралы сөз қозғаудың өзі артық.  
20-жылдардың  басында  барлық  жерлерде  тұрғындардың  білім  деңгейі 
өте  төмен  болатын.  Сондықтан  да  социалистік  модернизацияның  негізгі 
басымдықтарының  бірі  сауатсыздықты  жою  және  мәдени-білім  деңгейін 
едәуір  көтеру  мақсатында  мәдени  төңкеріс  жасау  болатын.  Мәдени 
төңкерісті  жасай  отырып,  большевиктік  партия  модернизацияның  түпкі 
мақсаттарын  түбегейлі  бекітіп  алды.  Экономикада  жасалған,  яғни 
бұрынғыларды  түбегейлі  қирату  жолымен  ұрпақтар  сабақтастығын  аяққа 
таптап  және  орталықтан  тікелей  үстемдік  ету  секілді  тектес  әдістермен 
ұлттық 
мәдениет 
құрылысының 
да 
мәселесі 
шешіле 
бастады. 
Жаңашылдыққа  өткізуші  ретінде  қазақтардың  ұлттық  өмірлік  мектебі 
қолданылмай,  оның  орнына  аспандатылған  орыстың  мәдени-өркениеттік 
үлгісі  алынды.  Этникалық  көп  түрліліктің  кемелденген  индустриалды 
қоғамға ыңғайласуы тәртіптің саяси ой жоспарын қанағаттандырмады.          
Мәдени  төңкерістің  шарттарының  орындалуы  бірқатар  бағыттар 
бойынша  өрістеді.  Орта  және  аға  буын  өкілдерінің  сауатсыздығын  жою 
мақсатына  қоғамды  жұмылдыру,  халық  ағарту  мекемелерін  кеңейту  және 
олардың  жұмыстарының  сапасын  жақсарту,  клубтар  желісін,  мәдениет 
үйлерін жан-жақты көбейту, кинодағы, әдебиеттегі, поэзиядағы, музыкадағы 
әлемдік  және  отандық  сахнаның  тамаша  шығармаларын  театрдың 
көпшілікке  насихаттауы.  Аталған  мәдениет  құрылысының  бағыттарының 
қызметтерін  қамтамасыз  ету  ауқымында  кітапханалар,  оқырман  мүйістері 
және басқа да мекемелер ұлғайтылды. Мәдени төңкерістің бірінші дәрежелі 
мәселесі, жалпыға бірдей білім беруді ендіру және сауатсыздықты жоюдың 
кең  көлемді  шарасын  ұйымдастыру  болды.  Осы  мақсатта,  іс-шараның 
негізіне  1-баспалдақты  мектептері  мен  жоғарылатылған  мектептер  түрін 
кеңінен  тарату  және  сауатсыздықты  жою  орталықтарын  ашу  мәселелері 
қойылды.  Сауатсыздықты  жою  екпінді  қарқындармен  жүргізілді.  Тұтастай 
республика  бойынша  сауатсыздықты  жою  барысында,  ВКП  (б)  ОК  1929 
жылдың  мамырындағы  қаулысының  негізінде      атқарылған        шара    
бойынша   бастапқыда   жарты   миллиондай  

289 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Әлжанова Э.Е. 1920-30 жылдардағы Оңтүстік Қазақстан облысының білім беру жүйесі туралы  
 
 
ересектерді  қамтыса,  ал  1936  жылы  тұрғындардың  65%  бастауыш 
арифметика мен жазуды меңгергені туралы айтылды [1]. 
Оңтүстік  Қазақстан  облысында  сауатсыздықты  жоюдың  ауқымды 
шарасы белсенді өрістеді. Мәселен, 1923 жылы барлық болыстықтарда 30-35 
адамдық топтардан тұратын ересектер арасындағы  сауатсыздықты жоюдың 
кешкі курстар ұйымдастырылды. Тек Нарын халық ағарту Инспекциясының 
өзінде  сауатсыздықты  жоюдың  47  кешкі  мектебі  ұйымдастырылды  [2]. 
Нәтижесінде  30-жылдардың  ортасына  қарай  сауатсыздықты  жою  ісінде 
бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді.             
Жаңа,  орасан  көлемдегі  мектептер  жүйесін  қалыптастыру  мәселесі  о 
бастан-ақ  кадрлардың  жетіспеушілігінен  күрделене  түсті.  Төңкеріске  дейін 
мұндай  мәселелер  елдің  орталық  аймақтарының  ЖОО  және  гимназияның 
жоғары  сынып  түлектері  есебінен  шешілетін.  Енді  мәселені  педагогикалық 
техникумдары    арқылы  шешу  мәселесі  көтерілді.  Олар  қажеттіліктің  тек 
10%-ын  ғана  жапты.    Қазақ  педтехникумдары  мен  қазақ  мектептері  үшін 
үлкен күрделі мәселе туындатқан араб алфавитін қолдану болды. Тек  1924 
жылы  қазақ  ұлты  зиялыларының  көрнекті  өкілі  А.Байтұрсынов  күн 
тәртібіндегі  талаптарға  және  қазақ  алфавитінің  сөзінің  ерекшеліктері 
талабына жауап беретін жаңа алфавит түзді. Оның ендірілуі баяу жүрді. Ал 
1928 жылы Одақтық және жергілікті биліктің шешімімен ұлттық мектептерді 
латын  графикасына  өткізу  басталды.  Ол  орыс  алфавитіне  құрылған  қазіргі 
графика  әрекетке  түскенше,  яғни  1940  жылға  дейін  өмір  сүрді.  Бұл 
алфавитке  қайта-қайта  жасалған  өзгертулер  қазақ  тілі  жазбасының  дамуын 
қиындатып  және  мектеп  қызметін  күрделендіріп,  әрі  қазақ  тілінде  оқудың 
нәтижелілігін төмендетті.   
20-жылдары мектеп жүйесі өскелең ұрпақты өнімді кәсіби еңбекке жедел 
даярлауға  бағыт  бұрды,  кең  жайылған  бастауыш  сыныптар  желісіне 
негізделді.  Бұл  оқушы  балалар  қамтудың  пайызын  бес  есе  арттыруға,  яғни 
1923  жылғы  18%-дан  1935  жылы  96%-ға  жеткізуге  мүмкіндік  берді.  Жас 
ұрпақ  мектепте  жалпыға  ортақ  білім  алумен  қатар,  фабрика-завод 
мектептерінде (ФЗУ), училищелерде, қысқа мерзімдік курстарда білім алды, 
бірақ  бұл  мәселенің  күрделіліктен  сақтағанымен,  оны  толығымен  шешіп 
берген  жоқ.  Халық  ағарту  мәселесін  шешуді  барынша  жеделдету  30-
жылдардың  екінші  жартысында,  индустриаландырудың  алғашқы  кезеңінің, 
ұжымдастырудың  және  1931-1932  жылдардағы  аштық  “эпопеясының” 
салдарлары еңсерілгеннен кейінгі кездері байқалды.   
Үлкендер  арасындағы  сауатсыздықты  жоюдан  өзге,  мәдени  төңкерістің 
маңызды  бағыттарының  бірі  жаппай  мектептер  ашу  және  оған  мектеп 
жасындағы  барлық  балаларды  тарту  болды.  Бұл  жұмыстар  барысының 
нәтижесі  аса  табысты  бола  қоймағанын  мойындау  керек.  Мысалы,  1921 
жылдың өзінде Түркістан уезінде 17 мектеп мекемесі қызмет етті [3].   
       
 
 
 
 

290 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Әлжанова Э.Е. 1920-30 жылдардағы Оңтүстік Қазақстан облысының білім беру жүйесі туралы  
 
 
Кесте 1 – 5.12.1921 жылғы Түркістан уезіндегі балалар мекемесінің саны 
 
Мектептердің аталуы 
Орналасқан жері 
Ашылған 
уақыты 
Оқушы саны 
№ 1 Чехов атындағы орыс мектебі 
№ 2 Абай атындағы қазақ мектебі 
№ 7 қазақ мектебі 
№ 14 қазақ мектебі 
№ 6 мұсылман қыздар мектебі 
№ 9 еврей мектебі 
№ 8 өзбек мектебі 
 № 15 өзбек мектеп-интернаты 
№ 35 өзбек мектебі 
№ 3 мектеп коммунасы 
№ 5 мектеп коммунасы 
№ 4 балалар үйі 
№ 1 балабақшасы (орыс) 
№ 2 балабақшасы (мұсылман) 
Оқушыларды қолөнеріне 
оқытатын аудандық шеберхана  
Музыка сыныбы 
Метеорологиялық станциясы 
Түркістан  
Түркістан  
Түркістан  
Түркістан  
Түркістан  
Түркістан  
Түркістан  
Қарнақ ауылы 
Қарнақ ауылы 
Түркістан  
Түркістан  
Түркістан  
Түркістан  
Түркістан  
Түркістан  
 
Түркістан  
Түркістан  
1918 
1895 
1913 
1920 
1918 
1918 
1918 
1907 
1921 
1918 
1919 
1921 
1919 
1920 
1919 
 
1919 
1919    















 


 
Көріп  отырғанымыздай,  1921  жылдың  өзінде  балалар  мекемесінің  саны 
төңкеріске  дейінгімен  салыстырғанда  едәуір  өсіп,  балалар  бақшасы, 
коммуна-мектептері  секілді  жаңа  мекемелер  пайда  болып,  болашақтағы 
шеберхана-ұсталық  училищелер  мен  арнайы  мектептердің  алшақы  түрлері 
секілділер  көрініс  берді.  Солай  болай  тұра,  оқушылардың  саны  аз  болды, 
1921 жылы Түркістан уезінің барлық білім беру мекемелерінде барлығы 48 
оқушы болды.  
Мектеп мекемелерінің тез өсуі мен ондағы оқушылардың санының артуы 
Қазақстанның  барлық  облыстарында  өзінше бір  білім  «үдерісі»  болған  шақ 
30-жылдары байқалды.   
2-кестеде  мектеп  саны  мен  оқушылар  санының  1939-1940  жылдағысын 
1914-1915  жылдармен  салыстырғандағы  қанша  есеге  артқан  көрсеткіші 
келтірілген [4].  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет