Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009



Pdf көрінісі
бет36/47
Дата16.02.2017
өлшемі3,29 Mb.
#4226
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Мұса Қ.О. Оқытудың жаңа ақпараттық технологияларының даму кезеңдері     
 
 
(Германия),  Атабаска  университеті  (Канада),  Жапонияның  радио  университеті 
және  т.б.  Дәл 70-ші жылдары АҚШ  пен Еуропа  елдерінде  қашықтықтан  оқыту 
кеңінен таралды [5.23]. 

 
281 
 
80-ші  жылдарда  осы  елдердің  әскери  және  азаматтық  желілері  бір-бірімен 
әстін бірігіп, жаңа желілерді құрды. 1980 жылдың басында желілік қауымдастық 
әр  түрлі  желілер  арасында  ақпарат  алмасу  мүмкіндігін  қамтамасыз  ететін 
тұтастай  келісімдер  пакетін  қабылдады  және  бірігулер  Internet  деген  атауға  ие 
болды  деп,  –  Г.М.Аврам,  өз  зерттеулерінде  жазады  [6.22-27].  Алғаш  рет  осы 
кезеңде  қашықтықтан  оқыту  формасы  арқылы  инжeнер  кадрларын  даярлау 
әрекеті  жасалынды  (Ұлттық  Техникалық  Университет  (NTU)  1984  жыл). 
J.R.Verduin,  M.G.Moore  айтулары  бойынша,  (NTU)  бағдарламаларымен 
қашықтықтан  оқытудың  мұндай  формасын  коммерциялық  құрылымдар 
өздерінің  жұмысшыларын  оқыту  үшін  тиімді  қолдана  бастаған  дейді.  1989 
жылдан бастап АҚШ-та миллиондаған студенттерді біріктіретін және халықтық 
телекөрсетілім жүйесінен оқу  курстарын  қабылдайтын қашықтықтан оқытудың 
білім  беру  бағдарламасы  өрістей  бастады.  Оқу  курстары  бүкіл  елге  және  жер 
серігі арқылы басқа елдерге берілген. 
90-шы жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін жалғасып жатқан қашықтықтан 
оқыту жүйесінің дамуы мен жетілдірілуінде төртінші кезең басталады. Бұл кезең 
қашықтықтан  оқыту  мекемелерін  басқару  құрылымдарының  жаңалануын, 
пайдаланылатын  оқу-әдістемелік  материалдар  сапасының  жақсаруын,  әр  түрлі 
қашықтықтан  оқыту  мекемелерінің  біргей  әлемдік  білім  кеңістігіне  қосылуын 
болжайды. 
Қашықтықтан  оқыту  жүйесі  жер  серігі  арқылы  конференцияларды  өткізуге 
арналған  сыныптарға  негізделген  алдыңғы  кезеңге  қарағанда,  АҚШ-та  қазіргі 
уақытта  қашықтықтан  оқыту  жүйесінде  компьютерлік  желілерді  қолдану 
кеңінен  тарала  бастады.  I.Belov,  A.Dolgorukov,  S.Shennikov  мәліметтері 
бойынша  бұл  елде  қашықтықтан  оқыту  бағдарламасы  бойынша  бүгінде 
миллионнан астам студенттер білім алуда [5.23]. 
Әдебиеттердің  сараптамасы көрсеткендей, Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-
та қашықтықтан оқыту қырық жылдан бері өмір сүріп келеді, ал Ресей мен ТМД 
мемлекеттері үшін қашықтықтан оқыту  - оқытудың  жаңа түрі болып табылады 
және  ол  90-шы  жылдардың  орталарында  ғана  тарала  бастады.  1995  жылы 
“Ресейде  қашықтықтан  оқыту  жүйесінің  құрылуы  мен  даму  концепциясы” 
жасалынып  қабылданды  [7.45-50].  Бұл  концепция  біртіндеп  қаржыландыруды 
іске асыруды, қашықтықтан оқытудың керекті құрылымдарын қалыптастыруды, 
курстардың  алғашқы  қорын  құруды,  қашықтықтан  білім  беру  жүйесіне  қызмет 
көрсететін кадрларды даярлауды және т.б. талап етеді. Болашақта құжат Ресейде 
қашықтықтан оқытудың көп деңгейлі жүйесінің құрылуына және оның  өзін-өзі 
қамтамасыз ететін жүйе  тәртібіне өтуіне бағдарланған. 
Қазақстанның білім беру жүйесінде осыған ұқсас үрдістер орын алып жатыр
бұл бірқатар факторлармен байланысты: 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Мұса Қ.О. Оқытудың жаңа ақпараттық технологияларының даму кезеңдері     
 
 
-
 
біріншіден,  күн  санап  Internet  желісіне  қосылып  жатқан  жоғары  оқу 
орындарының  саны  артуда,  1996  жылы  Қазақстанда  олардың  саны  үшеу  ғана 
болса,  қазіргі  уақытта  республикамыздың  барлық  мемлекеттік  жоғары  оқу 
орындары жаһандық желінің қолданушылары болып табылады; 
-
 
екіншіден,  дербес  компьютерлердің  сатылуының  жылдық  өсімі 
айтарлықтай өсті, оның үстіне өсім негізінен жеке сектордың есебінен жүруде; 
-
 
үшіншіден,  қашықтықтан  оқыту  жүйесінің  артықшылықтары  мен 
кемшіліктерін  есепке  ала  отырып,  оны  ұйымдастырудағы  көпжылдық  әлемдік 

 
282 
 
тәжірибені  пайдалануға  мүмкіндік  бар,  бұл  қашықтықтан  оқытудың  таралу 
процесін күшейтуге мүмкіндік береді. 
Қазақстан  Республикасының  “Білім  туралы”  заңында  білім  беру  жүйесінің 
алдында  тұрған  мәселелердің  бірі  болып:  “оқытудың  жаңа  технологияларын 
ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық жаһандық коммуникациялық 
желілерге  шығу”  деп  жария  етілген  [8.7].  Жаңа  ақпараттық  технологиялар 
үйрену  үрдісін  біріктіруге,  оқу  материалының  меңгерілуін  бақылауға  және 
баянды  етуге,  білім  алушының  сөздік-логикалық  және  индуктивті  ойлауының 
тиімді  деңгейде  дамуына,  қызметтің  жеке  дара  стиліне  мүмкіндіктер  береді, 
сонымен қатар оқытудың әр түрлі формалары мен әдістерінің дамуы үшін үлкен 
мүмкіндіктерге жол ашады деп, Ж.С. Сарынбеков жазады [9.37-41]. 
Қашықтықтан  оқытудың  ұйымдастырылуының  техникалық  жағын  ерекше 
айта  кеткен  жөн.  Қашықтықтан  оқыту  технологиясы  студенттің  тұратын 
орнында,  қашықтықтан  оқыту  орталығымен  байланыс  жасауы  үшін  ең  кем 
дегенде  қажетті  компьютерлік  құрылғылардың  (процессор,  дыбыстық  карта, 
модем) болуын талап етеді. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, онда қашықтықтан 
оқытуды ұйымдастырып жатқан жоғары оқу мекемесінің жергілікті өкілдігіндегі 
компьютерлік сыныптардан  білім  беру қызметтері беріледі. Білім алушыларға 
ақпаратты беру келесі технологияларды қолдану арқылы орындалуы мүмкін: 
-
 
баспалық материалдар
-
 
электронды материалдар; 
-
 
аудио- және бейне - өнімдер; 
-
 
телекөрсетілімдік айдарлар; 
-
 
бейнеконференциялар; 
-
 
компьютерлік желілері арқылы материалдарды жөнелту. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Moore  M.G.,  Thompson  M.M.  The  effects  of  distance  learning  a  summary  of  the  literature.  –The  Pennsylvania  State  University,  American 
Center for the Study of Distance Education, 1997. 
2.
 
Гальперин П.Я. Формирование умственных действий /Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.В. Петухова.  -Москва: Педагогика, 1981. с.78-
86; Психология мышления и учение о поэтапном формулировании умственных действий. М.: Наука, 1966.  
3.
 
Computer in education //Proc. Of IFIF TC. 1985. V3.  
4.
 
John S.Daniel. Mega-Universities and Knowledge Media. Technology Strategies for High Education. -London: 1997. 
5.
 
Belov I., Dolgorukov A., Schennikov S. Education on the eve of the XXI  centure //Report on  Annual conference EDEN.  -8-10 July.  -1996.  -
Futuroscope? Poitiers, France. Proceeding of the Conference. Published by the EDEN Secretariat, UK. 1996. 
6.
 
Аврам Г.П. Перспективы создания информационной системы США //НТИ. Сер. 1, 1993. -Вып. 9.  
7.
 
Концепция создания и развития системы дистанционного образования в России //Вестник Высшей школы. 1995. №6.  
8.
 
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы /Қазақстан Республикасының заңдар жинағы. -1999. 
9.
 
Сарынбеков  Ж.С.  Информационная  инфраструктура  системы  образования:  проблемы  и  пути  реализации  //Вестник  Высшей  школы 
Казахстана. 1995. №1.  
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
А.АЛТЫНБЕКОВ 
 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің  магистранты 
 
ОҚУШЫ-ЖАСТАРДЫ  ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА  ТӘРБИЕЛЕУ 
 
В статье рассматриваются некоторые вопросы патриотического воспитания молодежи. 
 
This article deals with some matters of education of pupils in the spirit of patriotism. 
 
Қазіргі  кезеңде  адамның  кәсіби  шеберлігіне,  біліктілік  өресіне,  
зиялылық  пен  танымдық  деңгейіне  өмірдің  өзі  биік  талаптар  қойып  отыр. 
Қоғамдағы білім мен мәдениет, өнер саласында туындаған іргелі өзгерістер  
білім беретін оқу орындарында оқу-тәрбие үрдісін түбегейлі қайта қарауды, 
оны жүргізудің жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануды алға тартады. 

 
283 
 
Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы: “Біз  дұрыс 
жол  таңдай  білдік.  Бұған  бүгінгі  қоғамымыз,  жеткен  нәтижелеріміз  айқын  
дәлел  бола  алады.  Осы  негізде  өзіміздің  ілгері  басқан  жүрісімізді  одан  әрі    
жеделдете  түсуге  тамаша  мүмкіндігіміз  бар”,  –  деген  үмітін  іске  асырар 
ұлттық тұлға тәрбиелеу ісі, ұрпақ жадында білімді, ілімді ғылымды қордалау 
–  халық  педагогикасының негізгі  мақсаты [1]. 
Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында “ХХІ ғасырда  білімін  дамыта  
алмаған  елдің  тығырыққа  тірелері  анық.  Біз  болашақтың  жоғары    
технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар жасақтауға  
тиіспіз.  Осы  заманғы  білім  беру  жүйесінсіз    әрі    алысты  барлап,    кең 
ауқымда,  жаңаша  ойлай  білетін  осы  заманғы  басқарушыларсыз  біз 
инновациялық  экономика  құра  алмаймыз”  деп  атап  көрсетті  [1].  Ұрпақ 
тәрбиесіне, оның  рухани әлемінің кеңеюіне қазақ халқы ертеден ерекше мән 
берген.  Өйткені,  әрбір  ел  ұрпағының  мәдени  өресінің  биіктігі  сол 
мемлекеттің мәдени  құндылықтарының  бірі. Сондықтан да педагогикалық  
үрдістің  өте  маңызды    әрі  күрделі  мәселесі  –  ұрпақ  тағдыры  ұзақ  мерзімді 
қажет ететін этномәдениеттің құрамдас бөлігі, қоғамның іргетасы. 
Қазақ  халық  педагогикасын  зерттеуші  зерттеуші  ғалымдар  халықтық  
педагогика  мыңдаған  жылдар  бұрын  пайда  болып,  нақты  өмірдің  мәнін, 
оның даму заңдылықтарын танып-білуге бағытталған жеке ғылым болмаған, 
бірақ беретін мәні мен мағынасы аса бай, құны зор сала, оның мақсаты – жас 
ұрпақты  ата-бабалар  тәжірибесінің  ең  жақсы  мұраттарына  тәрбиелеу 
екендігін  айтады. 
Ұлттық  сананы  қалыптастыруда  оқушы-жастарды  патриоттық  рухта  
елжандылыққа  тәрбиелеудің  этнопедагогикалық  дәстүр  жалғастығында  
алатын  рөлі  айрықша.  Өйткені  жастарымыздың  патриоттық  рухта  
тәрбиеленуі  –  этнос  мәдениетін  қордалаушы,  сақтаушы  және  ұрпақтан-  
ұрпаққа  жеткізуші.  Сондықтан да оқушы-жастарға патриоттық тәрбие беру 
ұлттың  мәдени    сәулетінің  өзегі,  діні,  арқауы  болмақ.  ХХІ  ғ.  басындағы 
гуманитарлық  білімнің даму барысын айқындайтын өнерпаздық, шешендік,  
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Алтынбеков А.
 
 Оқушы-жастарды  елжандылыққа  тәрбиелеу    
 
 
ақындық, 
салауаттылық, 
имандылық, 
елжандылық, 
отансүйгіштік, 
тәлімгерлік сияқты ұлттық қасиеттерімізді тіл арқылы ұрпақ зердесіне сіңіру  
–  бүгінгі таңдағы   этнопедагогиканың  өзекті  мәселесі.     
Халық педагогикасы мен ұлттық педагогикалық ойлардан құралған қазақ 
этнопедагогикасы – жүйеленіп, қалыптасқан ғылым. Ол ұлттық мәдениеттің 
негізі  болып  табылады.  Этнопедагогика  –  ұрпақ  тәрбиелеудің  ұлттық 
жолдарын,  мәдениеттің  ұлттық  негіздерін  үйрететін  ғылым.    Осы    орайда 
оқушы-жастардың патриоттық рухта елжандылыққа тәрбиеленуі  көкейтесті  
мәселе қатарында күн тәртібіне қойылып отыр. 
Жалпы  білім  беретін  оқу  орындарының  алдында  өскелең  ұрпаққа    
берілетін  сапалы  білім,  саналы  тәрбиені  одан  әрі  жетілдірудің  айрықша    
міндеттері  тұр.  Оқушы-жастарға  патриоттық  рухта  тәрбие  берудің  негізі 
мектепте қаланатыны белгілі. Балалардың патриоттық құштарлықтары  мен 

 
284 
 
қажетсінулерін  қалыптастыру  –  бұл  көкейтесті  мәселелердің  жан  жүрегі    
десек артық айтқандығымыз болмас.   
Отанын,    туған    жерін,  елін    сүю,  тілін  құрметтеу,  тарихын  білу,  т.б.  – 
осы  орайдағы міндеттің  бірі. 
Жас  ұрпаққа  патриоттық  тәрбие  берудің  бағдарлы  идеялары  еліміздің  
Президенті  Н.Назарбаевтың  «Қалың  елім  –  Қазағым»  жинағында  
«...Қазақстанда  тұратын  әрбір  адам  өзін  осы  елдің  перзенті  сезінбейінше,  
оның        өткенін  біліп,  болашағына  сенбейінше  біздің  жұмысымыз  ілгері  
баспайды...» және «Біз қазақстандық патриотизмді Отанын,  жері  мен суын 
шексіз  сүю,  халқының  өнеге-дәстүрін,  әдет-ғұрпын,  елдің  тарихын  құрмет 
тұту,  мүддесін  көздеп  бостандығы  мен  құқын  қорғау,  әр  адамның  күш-
жігерін  ел  бірлігін  нығайтуға,  азаматтық  татулықты    баянды  етуге  және 
ұлтаралық татулықты тұрақтандыруға жұмсау» деп жазылғаны мәлім [1]. 
Мемлекеттік  «Білім»  бағдарламасының  «Тәрбие  жүйесін  жетілдіру»  
бөлімінде  «Мақсаты  –  қазақстандық  патриотизм,  азаматтық,  ізгілік  және    
жалпы  адамзаттық  құндылықтар  идеяларының  негізінде  тәрбиеленушінің    
жеке  тұлға  ретінде  сапа  қасиетін  қалыптастыру»  туралы  айтылған  [2]. 
Мұндай    мазмұндағы  мемлекеттік  талап-міндеттер  бүгінде  жастарды 
отансүйгіштік,    патриоттық  тәрбие  беру  ісінің  жалпы  ұлттық  сипатқа  ие 
болып    отырғандығын  көрсетеді. 
Патриотизм  гректің  patris    –  Отан,  ел  деген  сөзінен  шыққан.  Ол  отанға  
елге,    туған    жерге,    халыққа    деген  сүйіспеншілікті  білдіретін    жиынтық  
ұғым.  Педагогикалық  сөздікте  де  «...патриотизм  өз  халқына,  Отанға  деген  
сүйіспеншілік...»  деп көрсетілген. 
Адамның жеке психологиясының әскери қызметтегі маңызын аша келіп 
Б.Момышұлы  «патриотизм  –  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  жеке  адамның 
аман-саулығы, 
қоғамдық-мемлекеттік 
қауіпсіздікке 
тікелей  
байланыстылығын    сезіну,  өзінің  мемлекетке  тәуелді  екендігін,  мемлекетті 
нығайту  дегеніміз  жеке  адамды  күшейту  екенін  мойындау,  қысқасын 
айтқанда, патриотизм  дегеніміз мемлекет деген ұғымды, оны жеке адамның  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Алтынбеков А.
 
 Оқушы-жастарды  елжандылыққа  тәрбиелеу    
 
 
барлық  жағынан  өткені    мен  бүгінгі  күнімен  және  болашағымен  қарым-
қатынасын  біріктіреді»  деп    терең,  жан-жақты  анықтама  берген.  Сонымен 
бірге,  осы  тұста  Қаһарман  жазушының  «ұлттық  патриотизм»  мен 
«қазақстандық  патриотизм»    ұғымдарына  философиялық  анықтама  беруге 
ұмтылғанын аңғарамыз  [3].     
Қазақ халқы сан ғасырдан бергі даму тарихында өз ұрпағына патриоттық  
тәрбие  берудегі  баға  жетпес  тәрбиелік  мүмкіндігі  зор  рухани,  мәдени 
мұраның  мол  тәжірибесін  жинақтаған.  Бұл  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін  
патриоттық  тәрбие  жөнінде  халықтық  қағидалар  және  әдіс-тәсілдер 
қолданылған.   
Патриотизмнің  мәнін  ашу  барысында,  ең  алдымен,  осы  патриотизм  
идеяларының ерте замандарда туып, қалыптасқанын айта кеткен жөн. 
Ежелгі  руна  («құпия»)  жазуымен  тасқа  жазылған  шығармалар:  
«Күлтегін»,  «Білге    қаған»,  «Ежелгі  Руно»,  «Тоныкөк»  жырлары  халықты  
бірлікке  шақырып,  жастарды  ерлікке  тәрбиелейді. 

 
285 
 
«Күлтегін»  жырындағы  «Тізеліні  бүктірдік,  Бастыны  еңкейттік.  Еліміз    
қайта  ел  болды.  Халқымыз  қайта  халық  болды»  деген  жыр  тармақтары  
ерлік,  бейбітшілік,  бірлік,  тәуелсіздік  туралы  тәрбиені  толғап,  жастарды  
ерлікке, елді сүюге тәрбиелеп  тұр. «Күлтегін» жырындағы әрбір сөз кейінгі    
ұрпаққа үлгі-өнеге  болып, тасқа қашалып жазылған. 
Орхон  жазба  ескерткіштерінің  бірі    «Тоныкөк    жыры»  да  «Күлтегін»  
жырына  ұқсас,    мұндағы  даналық  тұжырымдар  жастарды  ұлағаттылыққа,  
сергектікке,  бірлікке,  батылдық  пен  ерлікке  үндейді.   
Түркі  Бәрі  қаған  үшін, 
Түркі  Білге    қаған  үшін, 
Қапаған  қаған  үшін, 
Қызыл    қанымды    төктім,  –  деп    өзінің  ерліктерін  жырмен  жеткізе  
отырып,    Тоныкөк жастардың патриоттық  сезімдерін оятуды  көздеген. 
VІІ-VІІІ  ғасырда  өмір  сүрген  Қорқыт  атаның  12  жырдан  тұратын    
қолжазбасының  жастарды  ерлікке,  адамгершілікке,  елін  қорғауға, 
әдептілікке,  имандылыққа үндеуі  –  өте  құнды мұра. 
 «Қорқыт  ата  кітабы»  дүниежүзіне  таралған.  «Бәмсі-Байрақ»    атты  
батырлық        жырында  ақын  жастарды  еліне  деген  сүйіспеншілікке,  ерлікке 
шақырып,  әділетті, адал, мейірман азамат болуға баулиды. 
Түркі тілдес халықтардың ХІ ғасырдағы аса көрнекті ақыны, данышпан,    
шежіреші ғалым  Жүсіп Баласағұнның  жастарға  отансүйгіштік  рухта  тәрбие  
беруге арналған тағылымдық еңбектері өте бай және көркем жазылған. Бізге  
жеткен  «Құдатғу  біліг»  («Құтты  білік»)  дастанының  тәрбиелік  маңызы  зор.    
Дастанда  жастарды  ерлік,  кісілік,  сөз  өнері  секілді  жақсы  қасиеттерге  
тәрбиелеу туралы баяндалған. 
Жас  ұрпақты  өткен  ата-бабаларымыздың  ерлік  дәстүрлері  арқылы 
тәрбиелеу  патриотизмге  тәрбиелеудің  ең  негізгі  факторларының  бірі  екені 
анық.  Патриотизм  мен  халықтың  өткен  тарихы  арасындағы  байланысты  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Алтынбеков А.
 
 Оқушы-жастарды  елжандылыққа  тәрбиелеу    
 
 
үзбеу  керек.  Ол  сол  халықтың  мақтаныштарымен,  ерлік  істерімен 
толықтырылып отырылуы  қажет. Өйткені тарихты, өткенімізді біліп, соның 
қадір-қасиет    тұтпай  тұрып,  біз  ешқашан  Отаншылдық  сезімді  тәрбиелей 
алмаймыз. 
Жасөспірімдердің  бойында  патриоттық  тәрбиені  қалыптастыру  үшін 
ұлттық  рух,  ұлттық  идея  басты  орынға шығады.  Тұла  бойында  ұлтқа  деген 
сенім,  ұлтқа  деген  сүйіспеншілігі  басым  адамның  ар-намысы  да  жоғары 
болмақ.  Яғни  ұлттық  рух  болмаса,  діни  наным-сенім  болмаса  адамзаттың 
Отанға  деген  сүйіспеншілік сезімінің болуы  да күмәнді  нәрсе екені    қазіргі 
кезде айқындалып отыр.   
Патриотизмнің  маңызды  элементтерінің  бірі  –  ұлттық  рух  пен  ұлттық    
патриотизм жөнінде айтып өту қажет. Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм – 
бұл  ұлттың  ішіндегі  жеке  адамның  асыл  белгісі  мен  қасиеті,  өз  халқына    
деген сүйіспеншілігі. 
1986 жылы  желтоқсан айының 17-18 күндері Алматы мен Қазақстанның  
басқа  қалаларында  тоталитарлық  жүйенің  әділетсіздігіне  қарсы  тұтанған    
Желтоқсан  оқиғасы  күллі  қызыл  империяны  дүр  сілкіндірді.  Көп  ұзамай  
мұндай жағдай Балтық жағалауындағы және Кавказдағы елдерде орын алған 

 
286 
 
толқуларға ұласты. Ақырында желтоқсанның жойқын желі құлдық бұғауды 
үзіп, отаршылдықтан босаған жаңа егеменді мемлекеттерді дүниеге келтірді. 
Сол  кездегі  кеңестік  озбыр  саясатының  кесіріне  болған  мұндай  көтеріліс 
қашанда отаншылдық рухтың жоғары екенін және дәлелдеп берді. 
Қазақ  жастарының  ұлттық  намысының,  туған  елге  сүйіспеншілігінің    
жоғары  екендігін  Елбасы  Н.Назарбаев  жиі  айтады.  1986  жылғы  Желтоқсан 
оқиғасы  қазақ  жастарының  сана-сезімін  қаншалықты  өскендігін  көрсетті. 
Олар  100  жылға  жуық  уақыт  бойы  халықты  казармалық  тәртіпте  ұстап 
келген тоталитарлық жүйенің алдында бірінші болып айылдарын жиған жоқ. 
Жастар  бұдан  әрі  кез  келген  ұлтқа  тән  ұлттық  мақтаныш  сезімін  қорлауға 
жол бермейтінін өз халқының атынан ашық мәлімдеген еді. 
Ә.Нұршайықов, 
З.Ахметова, 
Ж.Кенжалин, 
т.б. 
қазақстандық  
патриотизмді Отанымыздың тәуелсіз мемлекет болуымен байланыстырады.   
Туған  халқымыздың  өткен  тарихына  көз  жіберсек,  отансүйгіштіктің  
(патриотизмнің) керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күнгі егеменді ел болып  
қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ    
ерлігінің  арқасы.  Тарихи  мәліметтерден  байқайтынымыздай,  жоңғар  
шапқыншылығы  кезі  мен  одан  бертіндегі  ұлт-азаттық  көтерілісін  алып  
қарасақ,  ондағы  батырлардың  ешқайсысы  бүгінгідей  (кеңес  дәуіріндегідей)  
жүйелі  патриотизмге  тәрбиелеудің  тезіне  салынбаған.  Бірақ,  елін,  жерін,    
Отанын  қорғауда  жанын,  тәнін  аяп  қарап  қалмаған.  Осындай  көптеген 
тарихи  тәжірибелерден,  сол  кездегі  отбасы  тәрбиесіндегі  отансүйгіштік 
сезімнің  қалыптасуына  ата-ана,  ауыл-аймағының  ықпалының  күшті 
болғанын     көреміз.     Өсіп    келе    жатқан    жас    буындардың     бойында  

 
287 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Алтынбеков А.
 
 Оқушы-жастарды  елжандылыққа  тәрбиелеу    
 
 
Отансүйгіштік  сезімнің  қалыптасуына  отбасындағы  тәрбиенің  ықпалын 
елемей қоюға болмайды.   
Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі – Отан. Ал оның мазмұны 
туған  жер,  табиғат,  оның  байлықтары,  тіл,  дәстүр,  тарихи  ескерткіштер, 
туған  өлкедегі  киелі  орындар  –  жалпыұлттық  құндылықтармен 
толықтырылады.  Олардың  адам  көкірегіне  жылылық,  жақындық, 
туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы 
патриотизмге  тәрбиелеудің  арқауы.   
Жалпы  патриоттық  сезімнің  қай-қайсының  болсын  қалыптасуы  отбасы    
тәрбиесінен 
(балабақшадан) 
бастау 
алатыны 
белгілі. 
Сондықтан 
халқымыздың  қаһарман  батыр  ұлы  Б.Момышұлы  мен  жазушы    
Ә.Нұршайықов,  келіні  З.Ахметова,  т.б.  пікірлеріне  сүйене  отырып, 
отбасында  патиротизмге  тәрбиелеу,  ана  тілін  үйрету,  ұлттық  мінез-құлық  
қалыптастыру,  ұлттық  салт-дәстүрді  сақтау,  шыққан  ата-тегін  білу  және 
сезінуден басталып, халқына сүйіспеншілік, тарихи дәстүрлерді сақтау, одан 
соң туған жеріне,  Отанына деген сүйіспеншілік өсе келе мектепте ары қарай 
дамып қалыптасуына шарт түзілуі тиіс. 
Адамды  тәрбиелеу  процесі  –  өте  ұзақ  күрделі  процесс.  Жеке  бастың  
қалыптасуы,  оның  рухани  жағынан  дамуы  дегеніміз  –  ұжымның    ықпалы  
мен    адамның  өз  мінез-құлқын  өзі  тәрбиеленуінің  табиғи  жағынан 
байланысты    процесі.  Адамның  жеке  басының  қалыптасуы,  оның  рухани 
оянуы бала  кезінен басталады. Жас шыбық иілуге қандай икемді болса, жас 
адам да  тәрбиені  қабылдауға сондай  бейім. 
Адамның ішкі әлеміне әсер ететін нәрсе, біріншіден, ауқаттануы, екінші 
–    естіген  сөзі  мен  әуені,  үшінші  –  көргені,  төртінші  -  үйренгенін  істеуі, 
бесінші  –  жұмыс,  оқу,  жазу,  т.б.  сияқты  ортаның  әрекеттері  жатады.  Ал 
қоғам  ішкі    әлеміне    жататындар:    біріншіден,    оның    жері,    екінші  –  тілі, 
үшінші  –  тарихы,  тұрмыс-тіршілігі,  төртінші  –  өнер  адамдары,  бесінші  – 
дана  ақылды    ойшылдары    жатады.  Халық  даналығында:  ”Байлық  –  қолға 
ұстаған мұз: ериді  де кетеді. Бақыт – басқа қонған құс: күте алмасаң, жериді 
де кетеді. Ал бала – артта қалған із: атыңды өшірмейді, жақсы ісіңді жария 
етеді” деп  қолданылған. 
Қорыта  айтқанда,  оқушы-жастарды  патриоттық  рухта  елжандылыққа  
тәрбиелеу  алдымен  жастардың  сана-сезіміне,  одан  соң  іс-әрекетін  
ұйымдастыруға  ықпал етуден  басталатыны белгілі. Осы мәселе әлі  де болса  
тарихи-педагогикалық тұрғыдан тереңірек зерттеуді қажет ететіні даусыз. 
 ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Назарбаев Н. Президенттің Қазақстан халықна арнаған Жолдауы //Егемен Қазақстан, 2007 жыл, ақпан.  
2.
 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. 2005 
жыл. 
3.
 
Момышұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы. –Т.1. Алматы: Жазушы, 2004. 
 
 

 
288 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет